РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір теміржол станцияларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2562, 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Дидар", 2012 жылғы 10 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Өскемен-1-Риддер", "Өскемен-1-Зырян", "Өскемен-1- Жалаңашкөл", "Семей-Жалаңашкөл" маршруттары бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесі бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Головатюк |