Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, 2011 жылғы 19 шілдедегі Өскемен қаласының ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес ШЕШТІ:
1. Ново-Явленка ауылының маңындағы 28-тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Мұстафа Шоқай;
2) Сарыарқа;
3) Ер Жәнібек;
4) Хасен Оралтай;
5) Бәйтерек;
6) Алаш;
7) Жас Ұлан;
8) Береке;
9) Шаңырақ;
10) Бай өлке;
11) Нұр бесік;
12) Қыран;
13) Достық;
14) Шарапат;
15) Үміт.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының
Меновной ауылдық
округінің әкімі Е. Нұралдинов