Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Меновной ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 5-1-174 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, 2011 жылғы 19 шілдедегі Өскемен қаласының ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес ШЕШТІ:
      1. Ново-Явленка ауылының маңындағы 28-тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
      1) Мұстафа Шоқай;
      2) Сарыарқа;
      3) Ер Жәнібек;
      4) Хасен Оралтай;
      5) Бәйтерек;
      6) Алаш;
      7) Жас Ұлан;
      8) Береке;
      9) Шаңырақ;
      10) Бай өлке;
      11) Нұр бесік;
      12) Қыран;
      13) Достық;
      14) Шарапат;
      15) Үміт.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының
      Меновной ауылдық
      округінің әкімі                            Е. Нұралдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады