Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012.03.30 N 1002 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 19-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Курчатов қаласының аумағында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 627 қаулысына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 19 сәуірінде 5-3-104 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2011 жылдың 28 сәуірдегі 17(819) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
КЕЛІСІЛДІ:
«Курчатов қаласының қалалық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ
Курчатов қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 806 қаулысына қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссияның құрамы
Комиссия төрағасы: |
Рахимов Наиль Амирұлы – Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Төрағаның орынбасары: |
Старенкова Елена Васильевна – Курчатов қаласының әкім орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
Тәшімбетов Жүсіп Мейірбекұлы – Курчатов қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия хатшысы: |
Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі (келісім бойынша) |