Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012.08.17 N 1149 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27, 28, 30, 31 баптарына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шақыру комиссия құрылсын.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М. Д. Оңғаровқа төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;
3) шақырушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін бақылауға алу.
5. Курчатов қалалық полиция бөлімінің бастығына К. К. Искаковқа төмендегі ұсынылсын:
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
2) қалалық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, шақыру учаскесінде және облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
6. «Курчатов қаласының аумағында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 627 қаулысының (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 19 сәуірінде 5-3-104 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2011 жылдың 28 сәуірдегі 17(819) нөмірінде жарияланған);
«Курчатов қаласының аумағында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 627 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» әкімдіктің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 806 қаулысының (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 03 қарашадағы 5-3-109 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2011 жылдың 10 қарашадағы № 45 (847) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
КЕЛІСІЛДІ:
Курчатов қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы Н. РАХИМОВ
Курчатов қаласының полиция
бөлімінің бастығы К. ИСКАКОВ
«Курчатов қаласының қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын бас дәрігері М. ОҢҒАРОВ
Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «30» наурыздағы
№ 1002 қаулысына 1 қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы: |
Старенкова Елена Васильевна - Курчатов қаласының әкім орынбасары |
Төрағаның орынбасары: |
Рахимов Наиль Амирұлы - Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
Тәшімбетов Жүсіп Мейірбекұлы - Курчатов қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия хатшысы: |
Шакенова Эльмира Маратқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі (келісім бойынша) |
Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы "30" наурыздағы
№ 1002 қаулысымен бекітілді
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырмы жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№ р/с |
Жасөспірімдер санаты |
Барлығы |
Жасөспірімдердің саны |
|
Көктем (сәуір-маусым) |
Күз (қазан-желтоқсан) |
|||
1 |
Жұмыс істейтіндер |
70 |
20 |
50 |
2 |
Жұмыс істемейтіндер |
40 |
10 |
30 |
3 |
Барлығы: |
110 | 30 | 80 |
---|