Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2012.10.19 N 461 (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Глубокое ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін бір пайыз мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М. Ж. Асамбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі В. Кошелев