Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы N 461 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қарашада N 2722 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 27.03.2013 N 206 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-2)14-3 тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2)5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар және сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамту үшін жұмыс орындардың жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде;
      3) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындардың жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде.
      2. «Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1511 қаулысының (2012 жылғы 6 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-163 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 13 санында, «Ақ Бұлақ» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 13 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданының әкімі                   Н. Шерубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады