"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381, 386-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне автотұрақтар санатына қарай салынатын базалық салық ставкалары бойынша Жарма ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне 2-қосымшаға сәйкес ставка мөлшерлері белгіленсін.
3. Жарма ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Шар қаласы айқындалсын.
4. Жарма аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 31/236-ІV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Төлеутаев |
Мәслихат хатшысы | Д. Садықов |
Жарма аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 қазандағы № 33/252-ІV шешiмiне 1-қосымша |
Жарма ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу туралы
Рет № | Автотұрақтардың түрлері | Санаты |
1 | Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар | 1 санат |
2 | Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар | 2 санат |
3 | Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар | 3 санат |
Жарма аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 қазандағы № 33/252-ІV шешiмiне 2-қосымша |
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының санатына қарай мөлшері
Рет № | Автотұрақтардың санаты | ҚР Салық кодексімен белгіленген базалық ставкалар | ||
Шар қ. | кенттер | ауылдар | ||
1 | 1 санаты | 7,24 | 0,96 | 0,48 |
2 | 2 санаты | 7,24 | 0,96 | 0,48 |
3 | 3 санаты | 7,24 | 0,96 | 0,48 |