Ескерту. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012.06.26 N 4/8-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы,
Зырян ауданының
мәслихат хатшысы Г. Денисова
Зырян ауданы мәслихатының
2011 жылғы 15 қарашадағы
№ 40/3-IV шешіміне қосымша
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және
спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек көрсету бойынша
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық әлеуметтік көмектің төлемін, сондай- ақ ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға шығындарын өтеуді реттейді.
2. Нұсқаулықты қабылдау үшін құқықтық негіз "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы болып табылады.
3. Отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) Зырян ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік сала мамандары) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына жыл сайынғы біржолғы төлемақы түрінде 7200 (жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерінде төленеді.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау
4. Әлеуметтік көмек әлеуметтік сала мамандарына «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тағайындалады. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттар ұсынады:
1) өтiнiш;
2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) тұратын мекенді растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
5) жұмыс орнынан анықтама;
6) екiншi деңгейдегi банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоты бар екендiгiн растайтын құжат.
5. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқасы тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Нұсқаулықтың әрекеті таратылатын екі немесе бірнеше адам бірге тұратын болса, әлеуметтік көмек әрқайсысына тағайындалады.
3. Қаржыландыру және төлемдер
7. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмекті қаржыландыруы осы мақсаттарға қаржылық жылында қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
8. Төлем екiншi деңгейдегi банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдардағы жеке шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.