Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 270 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 29 қыркүйекте N 5-16-114 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қарашадағы N 323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012.11.13 N 323 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабының 1 тармағына, 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін (әрі қарай - Нұсқаулық).
      2. «Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ.Ж. Атықанов) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеуді және тағайындауды Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Аудан әкімі                                Е. Текешов

Бекітілді
Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 270 қаулысына
қосымша

Үйде оқылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық
қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығы

      Осы Нұсқаулық 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына, 13 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының  14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау

      1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындауды ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілдерінің өтінішімен мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
      2. «Тарбағатай, Зайсан, Жарма аудандарына арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесінің берілетін мүгедек баланың үйде оқытылуын немесе тәрбиеленуін қажет ететіні туралы қорытындысы өтінішке қоса ұсынылады.
      3. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек ведомствоаралық психологиялық–медициналық- педагогикалық комиссиясымен берілетін мерзімнен және өтініш түскен айдан бастап тағайындалады.
      4. Материалдық көмекті төлеу немесе тағайындауды қайта жаңартуға немесе тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда (баланың қайтыс болуы, интернатқа жіберу, басқа мекенжайға кету), материалдық көмекті төлеу тоқтатылады немесе сәйкес жағдай болған айдан кейінгі айда қайта жаңартылады.
      5. Материалдық көмекті алушылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көмек алудың құқықтарына әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабардар етеді. Материалдық көмекті алушылар өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      6. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш пен барлық қажетті құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні мерзімінде қаралады.
      7. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебі және шағымдану тәртібі көрсетілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі өтініш берушіге барлық құжаттармен қайтарылады.
      8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешіміне сот тәртібімен шағымдана алады.
      9. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш пен барлық құжаттар, сонымен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау туралы шешімі алушының жеке ісіне сақталады.
      10. Материалдық көмек көлемі 7 айлық есептік көрсеткіш көлеміне тең.

2. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу және қаржыландыру

      1. Мүгедек балаларға материалдық көмек төлеу алушының шотына аудару жолымен екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      2. Материалдық көмекті төлеу ағымдағы айда төленеді.

Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Постановление акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 14 сентября 2011 года N 270. Зарегистрировано Управлением юстиции Тарбагатайского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 29 сентября 2011 года за N 5-16-114. Утратило силу - постановлением акимата Тарбагатайского района от 13 ноября 2012 года N 323

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Тарбагатайского района от 13.11.2012 N 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 16пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 11статьей 13 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», в целях оказания помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, акимат Тарбагатайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Согласно приложению утвердить Инструкцию назначения и выплаты материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому (далее - Инструкция).
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Тарбагатайского района» (Атыканов Г.Ж) обеспечить назначение и выплату материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, в соответствии с Инструкцией.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Азимханова С.Ш.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким района                                Е. Текешов

Утверждено
Приложение к постановлению
районного акимата № 270
от 14 сентября 2011 года

Инструкция
назначения и выплаты материального обеспечения на
детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

      Настоящая инструкция разработана в соответствии со статьей 16,  пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 11статьей 13 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» и подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».

1. Назначение материального обеспечения

      1. Назначение материальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, производится районным отделом занятости и социальных программ по месту жительства ребенка-инвалида по заявлению одного из родителей или его законных представителей.
      2. К заявлению прилагается заключение о необходимости воспитания или обучения ребенка-инвалида на дому, которое выдается государственным учреждением «Психолого-медико-педагогическая консультация» для Тарбагатайского, Зайсанского и Жарминского районов.
      3. Материальная помощь детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, назначается с месяца, в котором подано заявление о назначении этой помощи и на срок, указанный в справке межведомственной психолого-медико-педагогической комиссии.
      4. При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение или возобновление назначения и выплаты материальной помощи (смерть ребенка, определение в дом-интернат, переезд на другое место жительство), назначение и выплаты материальной помощи прекращается или возобновляется с месяца, следующего за тем месяцем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      5. Получатели материальной помощи извещают районный отдел занятости и социальных программ обо всех изменениях, влияющих на право получения помощи. В случае не представления получателями материальной помощи сведений о произошедших изменениях, полученные суммы подлежат возврату в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      6. Заявление со всеми необходимыми документами о назначении материальной помощи рассматривается районным отделом занятости и социальных программ в течение 10 рабочих дней со дня его поступления.
      7. В случае отказа в назначении материальной помощи районный отдел занятости и социальных программ после вынесения решения с указанием причин отказа и порядка обжалования, возвращает заявителю все документы.
      8. Решение районного отдела занятости и социальных программ может быть обжаловано в судебном порядке в соответствии с действующим  законодательством Республики Казахстан.
      9. Заявление о назначении материальной помощи со всеми необходимыми документами, а также решение районного отдела занятости и социальных программ о назначении материальной помощи детям-инвалидам хранятся в личном деле получателя.
      10. Размер материальной помощи равен 7 месячным расчетным показателям.

2. Финансирование и выплата материального обеспечения

      11. Выплата материальной помощи детям-инвалидам осуществляется через банки второго уровня путем зачисления на счета получателей.
      14. Выплата материальной помощи производится за текущий месяц.