Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012.11.13 N 323 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабының 1 тармағына, 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін (әрі қарай - Нұсқаулық).
2. «Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ.Ж. Атықанов) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеуді және тағайындауды Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Е. Текешов
Бекітілді
Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 270 қаулысына
қосымша
Үйде оқылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық
қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына, 13 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау
1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындауды ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілдерінің өтінішімен мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
2. «Тарбағатай, Зайсан, Жарма аудандарына арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесінің берілетін мүгедек баланың үйде оқытылуын немесе тәрбиеленуін қажет ететіні туралы қорытындысы өтінішке қоса ұсынылады.
3. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек ведомствоаралық психологиялық–медициналық- педагогикалық комиссиясымен берілетін мерзімнен және өтініш түскен айдан бастап тағайындалады.
4. Материалдық көмекті төлеу немесе тағайындауды қайта жаңартуға немесе тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда (баланың қайтыс болуы, интернатқа жіберу, басқа мекенжайға кету), материалдық көмекті төлеу тоқтатылады немесе сәйкес жағдай болған айдан кейінгі айда қайта жаңартылады.
5. Материалдық көмекті алушылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көмек алудың құқықтарына әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабардар етеді. Материалдық көмекті алушылар өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
6. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш пен барлық қажетті құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні мерзімінде қаралады.
7. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебі және шағымдану тәртібі көрсетілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі өтініш берушіге барлық құжаттармен қайтарылады.
8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешіміне сот тәртібімен шағымдана алады.
9. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш пен барлық құжаттар, сонымен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау туралы шешімі алушының жеке ісіне сақталады.
10. Материалдық көмек көлемі 7 айлық есептік көрсеткіш көлеміне тең.
2. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу және қаржыландыру
1. Мүгедек балаларға материалдық көмек төлеу алушының шотына аудару жолымен екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады.
2. Материалдық көмекті төлеу ағымдағы айда төленеді.