Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қарашадағы N 323 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 қарашада N 2745 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 желтоқсандағы N 529 қаулысымен. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 желтоқсандағы N 529 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 03.12.2014 N 529 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына1516 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға ай сайын жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.
      3. Мынадай шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігін алып тастау), жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.
      4. «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ. Атықанов) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. «Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Қайсанова), жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 270 «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 29 қыркүйекте № 5-16-114 тiркелді, «Тарбағатай» газетінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 82 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкiмiнiң


      мiндетiн атқарушы

С. Жақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады