Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және "Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі N 9-56 ұсынбасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 5 мамырдан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Б. Түсіпқалиевке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов
Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
N 2371 қаулысына
қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша егiс жұмыстарының басталуы
мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдер
N |
Өсімдік шаруашылықтарының атауы |
Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
Жаздық бидай |
15.05.11 |
25.05.11 |
2 |
Күздік бидай |
25.08.11 |
10.09.11 |
3 |
Күздік қара бидай |
05.08.11 |
20.08.11 |
4 |
Тары |
15.05.11 |
25.05.11 |
5 |
Арпа |
05.05.11 |
10.05.11 |
6 |
Сұлы |
05.05.11 |
10.05.11 |
7 |
Ноқат |
10.05.11 |
15.05.11 |
8 |
Күнбағыс |
10.05.11 |
15.05.11 |