Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.03.20 № 53 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін мемлекеттік мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде квота белгiленсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Есенғалиевке жүктелсiн.
Аудан әкімі Р. Өтешев