Жәнібек ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 209 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 қарашада № 7-6-130 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.03.20 № 53 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін мемлекеттік мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде квота белгiленсiн.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Есенғалиевке жүктелсiн.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады