Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 38-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 шілдеде № 7-13-142 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі "Серпін" газетінде № 14 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге жатқан және есепке тұрған қолданыстағы заңнамамен анықталған тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауратындарға, әлеуметтік көмек – 17 айлық есептік көрсеткіш;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "5-1) су тасқыны, өрттен және басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) өтініштері бойынша, бір жолғы - сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Т. Уразов
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Малтиев

О внесении изменении и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 28 марта 2011 года № 37-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 11 июля 2011 года № 38-8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 26 июля 2011 года № 7-13-142. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 10 октября 2013 года № 17-3

      Сноска. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 10.10.2013 № 17-3

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Чингирлауского районного маслихата "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 28 марта 2011 года № 37-2 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-13-138, опубликовано 16 апреля 2011 года в газете "Серпін" № 14), следующие изменения и дополнения:
      1) в пункте 1:
      5) подпункт изложить в следующей редакции:
      "5) больным социально значимым заболеванием, согласно перечню, определенному действующему законодательству, находящимся на лечении и состоящим на учете в организациях здравоохранения единовременная выплата - 17 месячных расчетных показателей;";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) семьям (гражданам), пострадавшим от пожара, наводнения и другого стихийного бедствия природного и техногенного характера, по заявлению, единовременно – в размере, установленном соответствующей районной комиссией;".
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии              Т. Уразов
      Секретарь районного маслихата    М. Малтиев