Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 сәуірде № 7-13-138 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 000 (он мың) теңге;
      соғыс жылдарында тылда еңбек еткен, ордендермен және медальдармен наградталған азаматтарға – 5 000 (бес мың) теңге;
      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге – 10 000 (он мың) теңге;
      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасіндегi апаттың сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар - 10 000 (он мың) теңге;
      2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне – 4 айлық есептік көрсеткіш;
      3) 90 жасқа толған және одан асқан азаматтарға туған күніне біржолғы көмек – 13 айлық есептік көрсеткіш;
      4) 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге – 10 айлық есептік көрсеткіш;
      5) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге жатқан және есепке тұрған қолданыстағы заңнамамен анықталған тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауратындарға, әлеуметтік көмек – 17 айлық есептік көрсеткіш;
      5-1) су тасқыны, өрттен және басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) өтініштері бойынша, бір жолғы - сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерінде;
      6) "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар отбасыларға (азаматтарға), сонымен қатар жалғыз тұратын зейнеткерлерге біржолғы төлем – 10 айлық есептік көрсеткіш;
      7) күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға, жерлеуге берілетін біржолғы төлемақыға өтініш, азамат қайтыс болған айдан кейін алты айдан кешіктірілмей берілген болса, азамат қайтыс болған сәтте тиісті қаржы жылына белгіленген кездегі 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем төленеді.
      8) Ұлы Отан соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2011.07.11 № 38-8, 2012.04.12 № 2-4, 2012.08.17 № 5-2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Б. Сұлтанғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады