Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі "Серпін" газетінде № 14 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге жатқан және есепке тұрған қолданыстағы заңнамамен анықталған тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауратындарға, әлеуметтік көмек – 17 айлық есептік көрсеткіш;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"5-1) су тасқыны, өрттен және басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) өтініштері бойынша, бір жолғы - сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Уразов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Малтиев