"Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeсінің 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 146 (1569) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылтай құжаттарының, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;"
4) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі Р. Түсіпбеков