Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5761 болып енгізілді.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.07.2019 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.07.2019 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша
  Нысаны
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
__________________________
басшының аты-жөні, тегі (бар
болғанда)(бұдан әрі – А.Ж.Т.)
__________________________
(ұйым атауы, қызметі,
басшы А.Ж.Т.)
Реквизиттері: ______________
(заңды мекен-жайы,
байланыс телефоны)

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 11.06.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын

      _________________________________________________________________________

      (ұйым орналасқан мекен жайы)

      орналасқан, тіркеу нөмірі

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)

      БСН:

      __________________________________________________________________________

      (ол бар болған жағдайда)(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)

      ұжымдық басқарудың келесі саласында

      __________________________________________________________________________

      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес)

      Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар Тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;

      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;

      8) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын мәліметтер.

  Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйым аккредиттеуден өту
үшін ұсынатын
құжаттар тізбесіне
қосымша
  нысан

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер

      1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару үшін жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      2) Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерінің пайдаланушылармен жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі

      _______________________________________________________________________________;

      4) Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін Қазақстанның қажет аймақтарында мұндай

      ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер ___________________________;

      5) Интернет-ресурсы бар туралы мәліметтер ____________________________________;

      6) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы мүліктік құқықтарды

      ұжымдық негізде басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы

      мәліметтер______________________________________________________________________;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады