Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 ақпанда № 7446 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 23.09.2016 № 796 бұйрығымен.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі бекiтілсін.

      2. "Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7074 болып тіркелген).

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілген

Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі

      1. Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту шарттары мен тәртібін айқындайды.

      2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) дегеніміз жекеше нотариус пен оның үй-жайының орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында нотариаттық палатаға мүшелікке енген адамдарды аумақтық әділет органында есепке қою.

      3. Нотариаттық палатаның мүшелігіне енген адам есептік тіркеуден өтуі үшін аумақтық әділет органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

      2) аумақтық нотариаттық палата басқармасының оны нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдағаны туралы шешімінен үзіндісі;

      3) аумақтық әділет органының тиісті нотариаттық округтың есептік тіркеуінен шығару туралы бұйрығының көшірмесі (егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызметті жүзеге асырған болса);

      4) жекеше нотариустың меншік құқығын және үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаты қоса беріледі.

      Есскерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.08.31 № 310 (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың есептік тіркеуге өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның үй-жайының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы "31" қаңтар № 29 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген) Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарына (бұдан әрі - Талаптар) сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.

      5. Аумақтық әділет органы өтінішті қараудың нәтижесі бойынша өтініш берушіні есептік тіркеуге қою туралы бұйрық шығарады және нотариаттық палатамен бірлесіп оның қызмет ететін аумағын белгілейді.

      6. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған немесе жекеше нотариустың үй-жайы Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аумақтық әділет органы есептік тіркеуге қоюдан бас тарту туралы бұйрық шығарады.

      7. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою және оның қызмет етуіне аумақты белгілеу туралы мәліметтер Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі жекеше нотариустарды есептік тіркеуге қою туралы мәліметтердің электрондық тізіліміне (БНАЖ электрондық тізілімі) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізіледі.

      8. БНАЖ электрондық тізілімін аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      9. БНАЖ электрондық тізіліміне енгізілетін мәліметтердің толық, дұрыс және уақтылы болуын аумақтық әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның бұйрығымен белгіленген аумақтық әділет органының қызметкері қамтамасыз етеді.

      10. Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның телнұсқасын алған жағдайда аумақтық әділет органы жекеше нотариустан тиісті ақпарат түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей БНАЖ электрондық тізіліміне өзгерістерді енгізеді.

      Бұл ретте, жекеше нотариус аумақтық әділет органына өзінің деректерінің өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса ұсынады.

      Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бұрын берілген мөрін алып қояды және жояды.

      Бұл ретте жекеше нотариус жаңа мөрді дайындап болған соң нотариаттық іс-әрекеттер (өзгертілген деректерімен) жасайды.

      Есскерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.08.31 № 310 (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      11. Жекеше нотариустың белгіленген аумақтағы үй-жайының орналасқан жері өзгерген жағдайда ол туралы аумақтық әділет органын осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.

      Аумақтық әділет органы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жекеше нотариустың үй-жайының Талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізеді.

      Жекеше нотариустың үй-жайының орналасқан жері белгіленген аумақ ішінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркеу талап етілмейді.

      12. Жекеше нотариустың үй-жайы Талаптарға сәйкес келген кезде аумақтық әділет органы БНАЖ электрондық тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.

      Бұл ретте жекеше нотариус жаңа орналасқан жері бойынша БНАЖ электрондық тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілген соң ғана нотариаттық іс-әрекеттер жасайды.

      13. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш берген кезде үш жұмыс күні ішінде нотариатық палата аумақтық әділет органын ол туралы хабарландырады.

      14. Аумақтық әділет органы хабарлама түскеннен кейін бір айлық мерзім ішінде мынадай шараларды жүзеге асырады:

      1) жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру;

      2) жекеше нотариустың мөрін алып қою және жою;

      3) жекеше нотариустың лицензиясын алып қою және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберу (лицензияның қолданысы Заңның 12-бабының 2)-7) тармақшаларындағы негіздер бойынша тоқтатылған болса).

      Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп айлық мерзім ішінде нотариаттық құжаттарды қабылдауды және жекеше нотариаттық мұрағатқа табыстауды жүзеге асырады.

      Осы тармақта көзделген іс-шараларды жүргізу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда аумақтық әділет органының басшысы, не оның міндеттерін атқарушы тұлға және нотариаттық палатаның төрағасы оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      Есскерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.08.31 № 310 (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      15. Осы Ережеде көзделген іс-шараларды жүргізудің нәтижелері бойынша аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды шығарады.

      Шығарылған қорытындының негізінде аумақтық әділет органы жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық шығарады.

      16. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы мәлімет БНАЖ электрондық тіркеліміне енгізіледі.

  Жекеше нотариустардың
есептік тіркеуден өту ережесін
ережесіне 1-қосымша

      Нысан

      _________________(қаласы) облысы

      Әділет департаментінің бастығына

      _______________________________

      ___________________________-дан

      _______________________________

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

       (нотариаттық округтің әкімшілік аумақтық бірлігі көрсетіледі)

      __________________________________________ жекеше нотариусы

      ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын.

      Осы өтінішке қоса беріледі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________ _______________________________________

       (Қолы) (аты-жөні)

      20 __ жылғы "____"_______________

  Жекеше нотариустардың
есептік тіркеуден өту ережесін
ережесіне 2-қосымша

      Нысан

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі
________________________ (қаласы) облысы
жекеше нотариустарын есептік тіркеу туралы
электрондық тізілімі

Рет

Жекеше нотариустың аты-жөні

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, күні

Мемлекеттік лицензияның нөмірі, берген күні

Нотариаттық палатаға мүшелікке кірген күні

Есептік тіркеуге қойылған күні

Жекеше нотариустың қызмет ететін аумағы

1

2

3

4

5

6

7

 
 
 


       кестенің жалғасы

Жекеше нотариуcтың орналасқан үй-жайы

Жекеше нотариустың тұратын мекенжайы

Нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған күні

Есептік тіркеуден шығарылған күні

Жазбаны енгізген тұлғаның аты-жөні (лауазымы)

Ескертпе

8

9

10

11

12

13







  Жекеше нотариустардың
есептік тіркеуден өту ережесін
ережесіне 3-қосымша

      Нысан

      ________________ (қаласы) облысы бойынша

       Әділет департаментінің бастығы

      ________________________________________

      ________________________________________

      ____________________________________-тан

Хабарлама

       Мен, жекеше нотариус ___________________________________,

       (нотариустың аты-жөні. Лицензиясының нөмірі мен берген күні)

      өз үй-жайымның орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлаймын

      ___________________________________________________________________,

       (үй-жайының өзгеру себебін көрсетсін)

      ______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан.

      (үй-жайының орналасқан мекенжайын көрсетсін)

      Аумақтық әділет органының көрсетілген үй-жайдың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы _____________ №_____ бұйрықпен бекітілген нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарына сәйкес келу мәніне тексеру жүргізуді сұраймын.

      Аталған мекенжай бойынша нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізіліміне өзгерістер енгізілген соң жасалатыны маған белгілі.

      Нотариус __________

  (қолы)
Күні
Жекеше нотариустардың
есептік тіркеуден өту ережесін
ережесіне 4-қосымша

      Нысан

      Есскерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.08.31 № 310 (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Келісілді Келісемін

      Нотариаттық палатаның _________ қаласы (облысы)

      Төрағасы Әділет департаментінің

      ______________ (округі) бастығы

      ______________ (аты-жөні) _________________________

      20__ ж. "____" __________ 20__ ж. "____" __________

Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды

      Әділет департаменті (қаланың, облыстық) нотариаттық палатамен (округтың атауы) бірлесіп нотариаттық практикамен айналысатын жекеше нотариустың (жекеше нотариустың аты-жөні) есептік тіркеуден шығару туралы ұсынған құжаттарын қарап шығып, мыналарды белгіледі.

      20__ жылғы "___" ____ (округтың атауы) нотариаттық палатасына жекеше нотариустың (аты-жөні) нотариаттық палатаның мүшелігінен шығу туралы оның өтініші түсті.

      (Округтың атауы) нотариаттық палатасы жекеше нотариус (аты-жөні), нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің отырысының хаттамасына (хаттаманың күні) сәйкес нотариаттық палата мүшелігінен шығарды.

      20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаментіне (округтың атауы) нотариаттық палатасының жекеше нотариус (аты-жөні) (округтың атауы) нотариаттық палатасы мүшелігінен шығару туралы хабарламасы келіп түсті.

      20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаменті жекеше нотариус (аты-жөні) жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына тексеру жүргізді, ол туралы тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген.

      Жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексерудің нәтижелері туралы актіге сәйкес жекеше нотариустың (аты-жөні) қызметінде бұзушылықтар анықталған жоқ (бұзушылық болған жағдайда оларды жою туралы іс-шараларды көрсету).

      (облыстардың, қаланың) Әділет департаменті жекеше нотариустың мөрін алып қою және жоюды 20__ жылғы "____" ______ актіге сәйкес жүргізді. Жекеше нотариустың құжаттары 20__ жылғы "____" ______ қабылдау табыстау актісіне сәйкес жекеше нотариаттық мұрағатқа берілді. Жекеше нотариус (аты-жөні) 20__ жылғы "____" ______ № ______ жекеше нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы алынды.

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде жекеше нотариус (аты-жөні) есептік тіркеуден шығаруға болады деп есептейміз.

      (аты-жөні, қолы, қорытынды жасаған тұлғаның лауазымы)

Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2012 года № 7446. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 23 сентября 2016 года № 796

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 23.09.2016 № 796.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 32 Закона Республики Казахстан «О нотариате» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила прохождения учетной регистрации частных нотариусов.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 264 «Об утверждении Положения об учетной регистрации частных нотариусов» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7074).
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Имашев

Утверждены      
приказу Министра юстиции
Республики Казахстан 
от 31 января 2012 года № 30

Правила прохождения учетной регистрации частных нотариусов

      1. Настоящие Правила прохождения учетной регистрации частных нотариусов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 32 Закона Республики Казахстан «О нотариате» (далее - Закон) и определяют условия и порядок прохождения учетной регистрации частных нотариусов.
      2. Учетная регистрация частных нотариусов (далее - учетная регистрация) заключается в постановке лица, вступившего в члены нотариальной палаты на учет в территориальном органе юстиции, с целью формирования сведений о частном нотариусе и месте расположения его помещения.
      3. Лицо, вступившее в члены нотариальной палаты, представляет для прохождения учетной регистрации в территориальный орган юстиции заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан;
      2) выписка из решения правления территориальной нотариальной палаты о принятии в члены нотариальной палаты;
      3) копия приказа территориального органа юстиции о снятии с учетной регистрации в соответствующем нотариальном округе (если заявитель ранее осуществлял нотариальную деятельность в другом нотариальном округе);
      4) документ, подтверждающий право собственности или право пользования на помещение частного нотариуса.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 31.08.2012 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Территориальный орган юстиции в течение пяти рабочих дней со дня поступления заявления о постановке на учетную регистрацию осуществляет проверку помещения частного нотариуса на его соответствие Требованиям к помещению нотариусов, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от «31» января 2012 года № 29 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7444) (далее - Требования).
      5. По результатам рассмотрения заявления территориальный орган юстиции выносит приказ о постановке заявителя на учетную регистрацию и совместно с нотариальной палатой определяет ему территорию деятельности.
      6. В случае представления неполного перечня документов, предусмотренного пунктом 3 настоящих Правил, или несоответствия помещения частного нотариуса Требованиям, территориальный орган  юстиции выносит приказ об отказе в постановке на учетную регистрацию.
      7. Сведения о постановке заявителя на учетную регистрацию и определенной ему территории деятельности заносятся в электронный реестр сведений об учетной регистрации частных нотариусов в Единой информационной нотариальной системе (далее - электронный реестр ЕНИС) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      8. Электронный реестр ЕНИС ведется территориальным органом юстиции.
      9. Полнота, достоверность и своевременность вносимых в электронный реестр ЕНИС сведений обеспечивается сотрудником органов юстиции, определенным приказом первого руководителя территориального органа юстиции или лица, исполняющего его обязанности.
      10. В случае изменения фамилии, имени, отчества частного нотариуса либо получения дубликата лицензии на право занятия нотариальной деятельностью территориальный орган юстиции вносит изменения в электронный реестр ЕНИС не позднее пяти рабочих дней со дня поступления от частного нотариуса соответствующей информации.
      При этом частный нотариус к своей информации об изменении своих данных представляет в территориальный орган юстиции копии документов, подтверждающих соответствующие изменения.
      Территориальный орган юстиции производит изъятие и уничтожение ранее выданной печати частного нотариуса.
      При этом частный нотариус совершает нотариальные действия после  изготовления новой печати (с измененными данными).
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 31.08.2012 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Частный нотариус для изменения местонахождения помещения в пределах определенной ему территории уведомляет об этом территориальный орган юстиции по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      После получения уведомления территориальный орган юстиции в течение пяти рабочих дней проверяет помещение частного нотариуса на предмет соответствия Требованиям.
      При изменении местонахождения помещения частного нотариуса в пределах определенной ему территории повторной учетной регистрации не требуется.
      12. При соответствии помещения частного нотариуса Требованиям  территориальный орган юстиции вносит соответствующие изменения в электронный реестр ЕНИС.
      При этом частный нотариус совершает нотариальные действия по новому местонахождению только после внесения соответствующих изменений в электронный реестр ЕНИС.
      13. При подаче заявления частного нотариуса о выходе из членов нотариальной палаты, в течение трех рабочих дней нотариальная палата извещает об этом территориальный орган юстиции.
      14. После поступления извещения территориальный орган юстиции осуществляет в месячный срок следующие мероприятия:
      1) проверку законности совершенных нотариальных действий;
      2) изъятие и уничтожение печати частного нотариуса;
      3) изъятие и направление в Министерство юстиции Республики Казахстан лицензии частного нотариуса (когда действие лицензии прекращается по основаниям подпунктов 2)7) статьи 12 Закона).
      Территориальный орган  юстиции совместно с нотариальной палатой в месячный срок осуществляет прием-передачу нотариальных документов в частный нотариальный архив.
      В тех случаях, когда необходимо дополнительное время для проведения мероприятий, указанных в настоящем пункте, руководителем территориального органа юстиции или лицом, исполняющим его обязанности, и председателем нотариальной палаты сроки продлеваются, но не более чем на один месяц.
      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 31.08.2012 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      15. По результатам проведенных мероприятий, предусмотренных настоящими Правилами, территориальный орган юстиции совместно с нотариальной палатой выносит заключение о снятии с учетной регистрации частного нотариуса по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      На основании вынесенного заключения территориальный орган юстиции издает приказ о снятии частного нотариуса с учетной регистрации.
      16. Сведения о снятии частного нотариуса с учетной регистрации заносятся в электронный реестр ЕНИС.

Приложение 1             
к Правилам прохождения        
учетной регистрации частных нотариусов

Форма     

Начальнику департамента юстиции
_________________(города) области
_________________________________
от_______________________________
_________________________________

Заявление

Прошу произвести учетную регистрацию в качестве
частного нотариуса_____________________________________________
            (указывается административно-территориальная единица
______________________________________________________________
нотариального округа)

К настоящему заявлению прилагаю:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

      _____________________________          ________________
         (Подпись)                               (Ф.И.О.)

      "____"_______________ 20__ года

Приложение 2            
к Правилам прохождения       
учетной регистрации частных нотариусов

Форма     

электронный реестр об учетной регистрации частных нотариусов
в Единой информационной нотариальной системе
______________________________ (города) области


п/
п

Ф.И.О
част-
ного
нота-
риуса

Номер,
дата
выдачи
доку-
мента,
удос-
тове-
ряю-
щего
лич-
ность

Номер,
дата
выдачи
гос.
лицен-
зии

Дата
всту-
пле-
ния в
члены
нота-
риа-
льной
пала-
ты

Дата
пос-
та-
новки
на
учет-
ную
ре-
гис-
тра-
цию

Тер-
рито-
рия
дея-
тель-
ности
част-
ного
нота-
риуса

Место-
распо-
ложе-
ния
поме-
щения
част-
ного
нота-
риуса

Адрес
про-
жива-
ния
част-
ного
нота-
риуса

Дата
иск-
люче-
ния
из
чле-
нов
нота-
риа-
льной
пала-
ты

Дата
сня-
тия
с
учет-
ной
ре-
гис-
тра-
ции

Ф.И.О.
лица,
вно-
сив-
шего
за-
пись
(дол-
жно-
сть)

При-
ме-
ча-
ние

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Приложение 3           
к Правилам прохождения      
учетной регистрации частных нотариусов

Форма     

Начальнику департамента юстиции
_________________(города) области
__________________________________
от________________________________
__________________________________

Уведомление

      Я, частный нотариус___________________________________________,
                     (Ф.И.О. нотариуса, номер и дата выдачи лицензии)
уведомляю об изменении местонахождения своего помещения ____________
                                                        (указать
_______________________________________________________________,
                    причину изменения помещения)
находящееся по адресу:______________________________________________.
                           (указать адрес местонахождения помещения)
      Прошу территориальный орган юстиции провести проверку указанного помещения на предмет соответствия его Требованиям к помещению нотариуса, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от _____________2012 года №_____.
      Мне известно, что нотариальные действия по указанному адресу совершается после внесения изменения в электронный реестр ЕНИС.

                                                Нотариус _________
                                                         (подпись)
                                                      Дата

Приложение 4         
к Правилам прохождения учетной
регистрации частных нотариусов

Форма           

      Сноска. Приложение 4 в редакции приказа Министра юстиции РК от 31.08.2012 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Согласовано
Председатель
Нотариальной палаты
____________ (округа)
______________ (Ф.И.О.)
«__» _________ 20__ года

Согласен
Начальник департамента юстиции
города (области)
______________ (Ф.И.О.)
«__» __________ 20__ г.

Заключение
о снятии с учетной регистрации частного нотариуса

      Департамент юстиции (города, области) совместно с нотариальной палатой (наименование округа), рассмотрев представленные документы частного нотариуса (Ф.И.О. частного нотариуса), занимающегося нотариальной практикой о снятии с учетной регистрации, установил следующее.
      «___» ________ 20__ года в нотариальную палату (наименование округа) поступило заявление частного нотариуса (Ф.И.О.) о выходе его из членов нотариальной палаты (наименование округа).
      Нотариальной палатой (наименование округа) частный нотариус (Ф.И.О), исключен из членов нотариальной палаты (наименование округа) согласно протокола заседания членов правления нотариальной палаты (дату протокола).
      «___» ________ 20__ года в Департамент юстиции (города, области) поступило извещение нотариальной палаты (наименование округа) об исключении частного нотариуса (Ф.И.О.) из членов нотариальной палаты (наименование округа).
      «___» ________ 20__ года Департаментом юстиции (города, области) проведена проверка законности совершенных нотариальных действий частного нотариуса (Ф.И.О.), о чем свидетельствует акт о результатах проверки.
      Согласно акта о результатах проверки законности совершенных нотариальных действий нарушений в деятельности частного нотариуса (Ф.И.О.) не выявлено (в случае выявления нарушений, указать мероприятия по их устранению).
      Департаментом юстиции (города, области) произведено изъятие и уничтожение печати частного нотариуса согласно акта от «___» ________ 20__ года. Документы частного нотариуса согласно акта приема-передачи от «___» ________ 20__ года переданы в частный нотариальный архив. Лицензия на право занятия частной нотариальной деятельностью за № ________ от «__» _________ года частного нотариуса (Ф.И.О.), изъята.
      На основании вышеизложенного, полагаю возможным снять с учетной регистрации частного нотариуса (Ф.И.О.).

      (Ф.И.О., подпись, должность лица, выносившего заключение)