Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7446 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269- 273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
      2) "Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 310 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7888 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                            М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады