Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7551 тіркелді.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Нысанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м. а.

Е. Аман


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрдің м. а.
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 25-02-01/115 бұйрығымен
бекітілген

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу
қағидалары және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет
грамоталарын беру тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және Құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағымен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды адамдары;

      2) Комитеттің қарауындағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері;

      3) үкіметтік емес ұйымдар;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ғылыми және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері марапатталады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы (бұдан әрі - құрметті атағы) Қазақстан Республикасының биологиялық әртүрлілігін сақтау және молықтыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ бұл саласының лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы белсенді ынтымақтастығы және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      Құрметті атақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгісі бойынша төс белгімен белгіленеді.

      4. "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің (бұдан әрі – төсбелгі) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі үш дәрежесі бар, оның ең жоғарғысы бірінші болып табылады.

      Төсбелгісімен марапатталуға осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы белсенді ынтымақтастық жасауда және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізуде табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ бұл саласының лауазымдарда мінсіз және толассыз жұмыс істеген қызметкерлердің кандидатуралары:

      кемінде 5 жыл – ІІІ дәрежелі төсбелгісіне;

      кемінде 10 жыл – ІІ дәрежелі төсбелгісіне;

      кемінде 15 жыл – І дәрежелі төсбелгісіне ұсынылады.

      5. Комитеттің, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысаны, Құрмет грамотасымен саналы жұмысы, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқан және осы ұжымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.

      6. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттау Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау үшін Комитетте комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның құрамына Комитеттің қызметкерлерінің кемінде 5 адам кіреді.

      8. Құрметті атағын, төсбелгімен наградтау және көтермелеуді ұсыну туралы шешімді Комиссия көпшілік дауыспен, ашық дауыс беріп қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      9. Ынталандырудың ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

2. І, ІІ, ІІІ дәрежелі төсбелгілермен және олармен
марапатталған тұлғалардың мәртебесі

      10. Төсбелгілер кеуденің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.

      11. Қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке ісіне марапаттау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.

3. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен
марапаттауға ұсыну тәртібі және оларды тапсыру

      12. Құрмет атағымен, төсбелгімен және Құрмет грамотасымен марапаттауға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұсынымды:

      1) Комитеттің құрылымдық бөліністері мен оның аумақтық органдарының;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының;

      3) табиғат қорғау ұйымдарының;

      4) үкіметтік емес ұйымдардың;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ғылыми және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Комитетке жолдайды.

      13. Ұсыным туралы (бұдан әрі – ұсыным) Комитетке, тиісті құжаттардың және жұмыстардың көшірмелерін қоса беріп, мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберіледі.

      14. Марапаттау туралы ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, ұйымдардағы жалпы жұмыс өтілі, нақты сіңірген еңбегі және жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      15. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алып отыруды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.

      16. Құрметті атақтарды, төсбелгілерін және олардың куәліктерін, сондай-ақ Құрмет грамоталарын тапсыру марапатталушы тұлға жұмыс істейтін Комитетте немесе ұжымда жүргізіледі.

      17. Құрметті атақ, төсбелгі, Құрмет грамотасын тапсыру кезінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша хаттама толтырылады.

      18. Құрметті атақ белгісі мен төсбелгі осы куәліксіз жарамсыз. Куәліктің сипаттамасы осы Қағиданың 6-қосымшасында көрсетілген.

4. Қорытынды ережелер

      18. "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағымен, сондай-ақ белгілі бір дәрежедегі төсбелгісімен екінші қайтара марапаттауға жол берілмейді;

      "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" белгісі, төсбелгісі немесе Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда көшірмелері берілмейді.

  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында ынталандыру
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және
Құрмет грамоталарын беру тәртібі
қағидасына 1-қосымша

"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағына төсбелгісінің үлгісі


      "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағына төсбелгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде – Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.

      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласында ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және Құрмет
грамоталарын беру тәртібі
қағидасына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің үлгісі

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      І, II, III дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" деген бедерлі жазу бар.

      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.

      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.

      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.

      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, саны белгінің дәрежесін білдіретін алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.

      Құрметті төсбелгісі мыс-никель құймасынан жасалады.

      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

_______________________________
__
________________________________
________________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Төраға

Астана 20__



Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

Комитет лесного хозяйства и животного мира

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА

Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
______________________________
_
_______________________________
_______________________________
Председатель

Астана 20__

 
  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласында ынталандыру
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және
Құрмет грамоталарын беру тәртібі
қағидасына 4-қосымша

      Нысан

Құрмет атағымен, төсбелгілермен иеленуге, ынталандыруға
ұсыным

       1. Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________

       2. Туған күні__________________________________________________

       3. Білімі______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (ЖОО атауы және оны бітірген күні)

       4. Жұмыс орны, атқаратын қызметі______________________________

      ____________________________________________________________________

       5. Жалпы жұмыс өтілі, саладағы жұмыс өтілі, осы еңбек

      ұжымындағы жұмыс өтілі______________________________________________

       6. Тәртіптік жазасы бар ма ___________________________________

      ___________________________________________________________________

       7. Мінездеме __________________________________________________

       (сіңірген нақты еңбегі көрсетіліп)

      ___________________________________________________________________

       ("Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" атағы, І, ІІ, ІІІ –

      дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі,

      Құрмет грамотасы) ұсынылады.

       Басшының қолы ______________

      М.О.

  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағын, І, ІІ, ІІІ дәрежелі
"Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісін және Құрмет грамотасын
тапсыру және марапаттау хаттамасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және

      жануарлар дүниесі комитетінің 20___жылғы "__"_____________ № ____ бұйрығына сәйкес

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және

      жануарлар дүниесі комитетінің атынан:______________________________________________

      ("Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" атағы, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау

      ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі, құрмет грамотасы)

      _____________________________________________________________________ тапсырдым.

            (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Ұйым басшысы:__________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:

      ____________________________________________________________

 
  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы белгісі, І, ІІ, ІІІ дәрежелі
"Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Куәлік көлемі 100 х70 миллиметрлік жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып,

      мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында

      мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан.

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ол ______________________________________________________________

      (құрметті атақпен немесе төсбелгімен)

      Тіркеу нөмірі ______________________________________________________________

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы биологиялық әртүрлілікті

      сақтауда және көбейтуді қамтамасыз етудегі табыстары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      саласындағы белсенді ынтымақтастық және ғылыми әзірлемелерді енгізгені үшін

      марапатталғаны жөнінде берілді.

      Төраға ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (марапатталған күні, айы, жылы)

  (мөр орны (бар болған жағдайда))

Об утверждении Правил поощрения и порядка присвоения почетных званий, нагрудных знаков и почетных грамот в области особо охраняемых природных территорий

Приказ И.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2012 года № 25-02-01/115. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 апреля 2012 года № 7551.

      В целях реализации подпункта 6-1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" от 7 июля 2006 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила поощрения и порядка присвоения почетных званий, нагрудных знаков и почетных грамот в области особо охраняемых природных территорий.

      2. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Е.Нысанбаев) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра

Е. Аман


  Утверждены
приказом и.о. Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 19 марта 2012 года
№ 25-02-01/115

Правила
поощрения и порядка присвоения почетных званий, нагрудных
знаков и почетных грамот в области особо охраняемых
природных территорий
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии со статьи 8 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" и определяют порядок присвоения почетных званий, нагрудных знаков и почетных грамот в области особо охраняемых природных территорий.

      2. Почетным званием "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері", нагрудным знаком "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" I, II, III степени и почетной грамотой, награждаются:

      1) должностные лица Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – Комитет) и его территориальных органов;

      2) работники природоохранных организаций;

      3) работники неправительственных организаций;

      4) работники организаций, осуществляющих научную и иную деятельность в области развития особо охраняемых природных территорий.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Почетное звание "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" (далее – почетное звание) присваивается высокопрофессиональным специалистам, внесшим значительный вклад в развитие особо охраняемых природных территорий, сбережение и увеличение биоразнообразия Республики Казахстан, за активное сотрудничество и внедрение научных разработок в области особо охраняемых природных территорий, а также безупречно и непрерывно проработавших на должностях в данной области более 15 лет.

      Почетное звание отмечается нагрудным знаком, по образцу согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Нагрудной знак "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" (далее – нагрудной знак) установленного образца, согласно приложению 2 к настоящим правилам имеет три степени, высшей из которых, является первая.

      К награждению нагрудным знаком представляются кандидатуры работников, указанных в пункте 2 настоящих Правил, добившихся значительных успехов в обеспечении сохранения и приумножения биологического разнообразия, за активное сотрудничество и внедрение научных разработок в области особо охраняемых природных территорий, а также безупречно и непрерывно проработавших на должностях в данной области:

      не менее 5 лет – к нагрудному знаку III степени;

      не менее 10 лет – к нагрудному знаку II степени;

      не менее 15 лет – к нагрудному знаку I степени.

      5. Почетной грамотой Комитета, установленной формы, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, награждаются работники за добросовестную работу, профессиональное мастерство, личный вклад в решении поставленных задач перед отраслью, и имеющие стаж работы в данном коллективе не менее 3 лет, а также трудовые коллективы за высокие показатели в работе.

      6. Награждение почетным званием, нагрудными знаками и почетной грамотой осуществляется в соответствии с приказом председателя Комитета.

      7. Для рассмотрения и подготовки предложений по награждению почетным званием, нагрудными знаками и почетной грамотой в Комитете создается комиссия (далее – Комиссия), в состав которой входят работники Комитета не менее 5 человек.

      8. Решение о присвоении почетного звания, награждении нагрудным знаком и поощрении, Комиссия принимает большинством голосов, открытым голосованием.

      При равенстве голосов, голос председателя Комиссии является решающим.

      9. Официальный текст поощрения составляется на государственном и русском языках.

2. Статус знака почетного звания и нагрудных знаков
I, II, III степени и лиц, ими награжденных

      10. Нагрудные знаки носятся на правой стороне груди.

      11. В трудовую книжку и личное дело работника вносится соответствующая запись с указанием даты и номера приказа о награждении и поощрении.

3. Порядок представления к награждению почетным званием,
нагрудным знаком и почетной грамотой и их вручение

      12. Представления согласно приложению 4 к настоящим Правилам, к награждению почетным званием, нагрудными знаками и почетной грамотой направляются в Комитет руководителями:

      1) структурных подразделений Комитета и его территориальных органов;

      2) местных исполнительных органов областей;

      3) природоохранных организаций;

      4) неправительственных организаций;

      5) организаций, осуществляющих научную и иную деятельность в области развития особо охраняемых природных территорий.

      13. Представление о награждении (далее – представление) направляется в Комитет не позднее 30 календарных дней до праздничных и юбилейных дат с приложением копий соответствующих документов и трудов.

      14. В представлении о награждении отражаются данные, характеризирующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в организациях, конкретные заслуги и сведения об эффективности и качестве работы.

      15. Учет всех видов поощрений работников и трудовых коллективов осуществляется кадровой службой Комитета.

      16. Вручение почетного звания, нагрудных знаков и удостоверения к ним, а также почетной грамоты производится в торжественной обстановке в Комитете или в коллективе, где работает награждаемое лицо.

      17. При вручении почетного звания, нагрудных знаков, почетной грамоты составляется протокол установленной формы, согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      18. Знак почетного звания и нагрудные знаки без удостоверения не действительны. Описание удостоверения приводится в приложении 6 к настоящим Правилам.

4. Заключительные положения

      19. Не допускается присваивать почетное звание "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері", а также награждать нагрудным знаком одной и той же степени повторно.

      При утере знака "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері", нагрудного знака или почетной грамоты дубликаты не выдаются.

  Приложение 1
к Правилам поощрения и порядка
присвоения почетных званий,
нагрудных знаков и почетных
грамот в области особо
охраняемых природных территорий

Образец
нагрудного знака к почетному званию
"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері"


      Нагрудный знак к почетному званию "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" имеет форму овального венка, образованного двумя ветвями дубового листа. Концы ветвей внизу увиты лентой. В середине венка помещен фигурный картуш с надписью названия почетного звания. Картуш венчает герб Республики Казахстан. Внизу картуша лист тополя и парящий беркут. Лицевая сторона знака выпуклая. Все изображения и надпись рельефные. На обратной стороне знака – винт для крепления к одежде.

      Размер знака: высота – 40 миллиметров, ширина – 30 миллиметров, изготовляется из серебра.

      На оборотной стороне нагрудного знака (реверс) выбит регистрационный номер.

  Приложение 2
к Правилам поощрения и порядка
присвоения почетных званий,
нагрудных знаков и почетных
грамот в области особо
охраняемых природных территорий

Образец нагрудного знака "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" I, II, III степени Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок Приложения 2 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      Нагрудный знак "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" I, II, III степени (далее – нагрудный знак) представляет собой металлический круг диаметром 34 миллиметра (далее – круг), на котором расположены три стилизованных элемента: лист тополя, парящий беркут и вода, внутри которого на белом фоне расположена выступающая надпись – "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін".

      Лист тополя символизирует леса и представляет собой изображения листа тополя, дерева, которое произрастает на всей территории Казахстана.

      Парящий беркут символизирует животный мир Казахстана, а также означает контроль за сохранением биологического разнообразия.

      Капля воды символизирует воду – основу жизни растительного и животного мира, а также водоохранную роль лесов.

      Круг с помощью ушка и кольца прикрепляется к колодке размером 55х34 миллиметров, обтянута голубой тканью, по краю которой идет золотая окантовка с полосками золотистого цвета, количество которых обозначает степень знака.

      Почетный нагрудный знак изготавливается из медно-никелевого сплава.

      На оборотной стороне нагрудного знака (реверс) выбит регистрационный номер.

  Приложение 3 к
Правилам поощрения и порядка
присвоения почетных званий,
нагрудных знаков и почетных
грамот в области особо
охраняемых природных
территорий
  Форма

      Сноска. Приложение 3 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
_______________________________
________________________________
________________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Төраға
Астана 20__


Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан
Комитет лесного хозяйства и животного мира
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
______________________________
_______________________________
_______________________________
Председатель
Астана 20__

 
  Приложение 4
к Правилам поощрения и порядка
присвоения почетных званий,
нагрудных знаков и почетных
грамот в области особо
охраняемых природных территорий

      Форма

Представление
к поощрению, присвоению почетных званий, нагрудных знаков

      1. Фамилия, имя, отчество __________________________________________

      2. Дата рождения ____________________________________________________

      3.Образование ______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (наименование и дата окончания ВУЗа)

      4. Место работы, занимаемая должность _______________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Общий стаж работы, стаж работы в отрасли, стаж работы в данном

      трудовом коллективе ________________________________________________

      6. Имеет ли дисциплинарные взыскания ______________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Характеристика ___________________________________________________

      (с указание конкретных заслуг)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Представляется к_____________________________________________________

       (званию "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері",

      нагрудному знаку "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" I,

       II, III степени, почетной грамоте)

       Подпись руководителя

       М. П.

  Приложение 5
Правилам поощрения и порядка
присвоения почетных званий,
нагрудных знаков и почетных
грамот в области особо
охраняемых природных
территорий
  Форма

      Сноска. Приложение 5 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

                                           Протокол
            награждения и вручения почетного звания "Қорық ісінің еңбек
            сіңірген қызметкері", нагрудным знаком "Биоәртүрлілікті сақтау
            ісіне қосқан үлесі үшін" I, II, III степени и почетной грамотой

      ________________________________________________________________________________
            (наименование города (села) дата, месяц, год вручения)
Мной, __________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя организации)
от имени Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан в соответствии с приказом председателя Комитета лесного хозяйства
и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
от "___"__________20____г. № _____ вручено
________________________________________________________________________________
(Знак "Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері", нагрудной знак "Биоәртүрлілікті
сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" I, II, III степени, почетная грамота):
________________________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность награжденного)
Руководитель организации:
________________________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись и печать организации)
Секретарь комиссии:
________________________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) и подпись награжденного:
________________________________________________________________________________

 


  Приложение 6
к Правилам поощрения и
порядка присвоения почетных
званий, нагрудных знаков и
почетных грамот в области
особо охраняемых природных
территорий
  Форма

      Сноска. Приложение 6 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

             Описание удостоверения знака почетного звания "Қорық ісінің еңбек сіңірген
            қызметкері", нагрудного знака "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне
                        қосқан үлесі үшін" I, II, III степени

             Удостоверение изготовляется в виде складной книжки зеленого цвета размером
100х70 миллиметров и выполняется из материала мундиор.
      На лицевой стороне по центру герб Республики Казахстан, снизу надпись:
      Куәлік

             Удостоверение

             На внутреннем левом вкладыше надписи:
      вверху – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

             Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
      №_____ Куәлік

             Удостоверение

             По центру листа эмблема Комитета лесного хозяйства и животного мира
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

             На правом вкладыше надписи следующего содержания:

             Настоящее удостоверение выдано в том, что он (она) награжден (а)
________________________________________________________________________________
                  (почетным званием или нагрудным знаком)

             Регистрационный номер ____________________________________________________
за достижение успехов в области развития особо охраняемых природных территорий, в
обеспечении сохранения и приумножения биологического разнообразия, активное
сотрудничество и внедрение научных разработок в области особо охраняемых природных
территорий.
Председатель ____________________________________________________________________
                        (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
________________________________________________________________________________
                              (дата, месяц и год награждения)

  место печати (при наличии)