Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 03 наурызда № 14864 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 2 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 43 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7551 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 369-374 (27448) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидалары және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды адамдары".

      Қағидаларға 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің үлгісі";

      Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 6-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. "Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 25-02-02/146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 396-400 (27474) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулардағы:

      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      17-тармақ алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8015 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) санында жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде (бұдан әрі – Үлгілер):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "2. Осы бұйрықта Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет), сондай-ақ оның аумақтық органдарының қызметкерлерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары деп орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін түсінеді.";

      орыс тіліндегі мәтіннің 4-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 6-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 9-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 21-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 24-25-тармақтарына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 37-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 39-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 40-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 43-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 55-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 58-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 71-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 72-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 75-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 78-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 86-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 90-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 100-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 103, 104, 105-тармақтарына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 108-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 111-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 118-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 120-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 124-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің 133-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      Үлгіге 23-қосымшада:

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас орман инспекторы.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік аға орман инспекторы.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшылары, сарапшылары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекторлары.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторлары.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшыларының орынбасарлары - тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторларының орынбасарлары.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік аға орман инспекторлары.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары – тиісті облыстардағы мемлекеттік орман инспекторлары.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидасында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарын нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары (бұдан әрі - нормалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-02/292 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11007 болып тіркелген) айқындалған.".

      4. "Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 237 (28715) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленді.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Таксациялық телімнің жағдайын көрсету қажет болғанда, оның жер бедері элементтеріне қатынасты орналасуымен сипатталады. Таулы жағдайда орман шаруашылығы шаралары жобаланатын телімдегі бөктердің экспозициясы, тіктілігі, теңіз деңгейінен биіктігі (бұдан әрі - ТДБ) көрсетіледі. Бөктерді тіктілік топтарына бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

      Жер бедері (жазық, таулы) бүтіндей орам үшін көрсетіледі.";

      259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. Басып шығарылған хаттаманың жобасы кеңес өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) күн қалғанда:

      1) облыстың орман шаруашылығы уәкілетті органының қарамағындағы орман мекемелері бойынша:

      уәкілетті органға;

      облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына;

      орман иеленушіге;

      2) коммуналдық меншік қарамағындағы орман мекемелері бойынша:

      облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына;

      облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына;

      орман иеленушіге жіберіледі.";

      262-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары;";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Орман қорын сипаттайтын барлық кестелер үшін қадағалау деректері "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық бақылаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру бойынша нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 231 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13573 болып тіркелген) бекітілген орман қорының мемлекеттік есебінің нысандары болып табылады.";

      329-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "329. Басты пайдалану мақсатында кесу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Біртіндеп және таңдамалы кесулерді негіздеу кезінде төмендегілер есепке алынады:

      1) орман астарындағы табиғи жаңарудың болуы және жай-күйі;

      2) орманды молықтыру кезеңі;

      3) кесуді қабылдау саны мен қайталану мерзімі;

      4) орман қоры аумағы бойынша кесудің орналасуы;

      5) кесудің қарқындылығы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығындағы:

      көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшада:

      3-кесте осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 2-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 6-қосымшада:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облыс аумағындағы орман иеленушілердің орналасуы мен алаңы (әкімшілік аудандар бойынша мәлімет келтіріледі), облыс аумағының ормандылығы (орман иеленушілердің аумағы мен орталық усадьбалары көрсетілген облыстың карта-схемасы қоса беріліп отыр) Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 7-қосымшадағы 1-кестеге сәйкес толтырылады.

      Осында және бұдан әрі мәліметтер бағыныстылық бойынша келтіріледі - облыстық әкімдіктерге, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне, басқа да министрліктер мен ведомстволарға.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 7-қосымшада:

      1-кестеде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы орман мекемелері;";

      3-кесте осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; мынадай редакцияда жазылсын;

      23-қосымшадағы 53-кесте осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 148 (28626) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелерi бойынша орман иеленуші ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 231 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13573 болып тіркелген) бекітілген 4-ОШ нысаны бойынша кеспеағаштардағы сүрек қалдықтары және ағаш кесілген жерлерді тазарту туралы есеп береді.".

      6. "Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы 18-02/64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10464 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Орман өрттерін жердегі және авиациялық құралдармен сөндіру жұмыстарын орындаушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып жүргізеді.".

      7. "Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11326 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ережеде:

      18-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) орманшылықтардың мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiнiң орман шаруашылығы, орман дақылдарын өсiру, орманды қорғау, өртке қарсы және биотехникалық жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi оқуын ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 12665 болып тіркелген) бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқу мен нұсқама өткізеді;";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерлерiне лауазымдық міндеттерін саналы орындағаны, орындалған жұмыстардың, оның ішінде ерекше қиын және шұғыл жұмыстардың жоғары сапасы үшін "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес көтермелеу шаралары қолданылады.

      30. Жұмыстағы терiс қылықтары үшiн мемлекеттiк орман күзетiнің қызметкерлерiне 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.".

      8. "Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы 18-02/924 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 95546 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Орманды шолып, тексерулердің нәтижелері бойынша орман тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда орман күтушіге 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес тәртіптік жаза қолданылады.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

_______________________________
__
________________________________
________________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Төраға

Астана 20__



Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

Комитет лесного хозяйства и животного мира

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА

Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
______________________________
_
_______________________________
_______________________________
Председатель

Астана 20__

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағын, І, ІІ, ІІІ дәрежелі
"Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісін және Құрмет грамотасын
тапсыру және марапаттау хаттамасы

      ________________________________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және

      жануарлар дүниесі комитетінің 20___жылғы "__"_____________ № ____ бұйрығына сәйкес

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және

      жануарлар дүниесі комитетінің атынан:______________________________________________

      ("Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" атағы, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Биоәртүрлілікті сақтау

      ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі, құрмет грамотасы)

      _____________________________________________________________________ тапсырдым.

            (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Ұйым басшысы:__________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:

      ____________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
  Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және
құрмет грамоталарын беру
тәртібі қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

"Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы белгісі, І, ІІ, ІІІ дәрежелі
"Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      Куәлік көлемі 100 х70 миллиметрлік жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып,

      мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында

      мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан.

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ол ______________________________________________________________

      (құрметті атақпен немесе төсбелгімен)

      Тіркеу нөмірі ______________________________________________________________

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы биологиялық әртүрлілікті

      сақтауда және көбейтуді қамтамасыз етудегі табыстары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      саласындағы белсенді ынтымақтастық және ғылыми әзірлемелерді енгізгені үшін

      марапатталғаны жөнінде берілді.

      Төраға ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (марапатталған күні, айы, жылы)

      (мөр орны (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша
  Орман орналастыруды жүргізу
нұсқаулығына 1-қосымшаға
3-кесте

Далалық орман орналастыру жұмыстарының сапасын бақылау көрсеткіштері

Кім тексереді

Далалық кезеңдегі тексеру саны

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті орган

Өз шешімдері бойынша

Орман орналастыру ұйымының басшылығы

кемінде 2 орман орналастыру партиясы (әр партияда 1-2 маман)

Орман орналастыру партиясының бастығы

Барлық орман орналастыру мамандарын маусымына кемінде 2 рет

Орман иеленушілер бағынатын жоғарғы орган

Өз шешімдері бойынша

Орман иеленушілер

Объект аумағында жұмыс істейтін барлық мамандарды, маусымына кемінде 1 рет

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша
  Орман орналастыруды жүргізу
нұсқаулығына 2-қосымша

Көрсетілген қызметтер актісі

      Астана қаласы "___" ________ 20___ жыл

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитеті бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын

      _____________________________________________________________ атынан қолданыстағы

      _______________________________________________________________________ негізінде,

      және бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын ________________________________ атынан

      қолданыстағы ___________________________________________________________ негізінде,

      Көрсетілген қызметтер актісіне сәйкес 201_ жылғы _________

      осы Актіні төмендегідей құрды.

      Жеткізуші 201__ жылғы № ___ "____" _________ тапсырыс берушімен

      жасаған шартқа сәйкес қызметтерді көрсетті:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызмет атауы)

Қызмет атауы

Қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы, теңге

Сомасы теңге













      Қызметтің қосымша сипаттамасы, қызметті жеткізу жағдайлары________

      Көрсетілген қызметке шағым жоқ.

      (шағым болған жағдайда – атап шығу) ___________________________

      Тапсырыс беруші бір айда жалпы сомасы _______________ теңгеге қызмет қабылдады.

      Көрсетілген қызметтердің жалпы құны_________________________________________

      Айдың 1 күніне аванс сомасының қалдығы______________________________________

      Алдын ала актіленген сома ___________________________________________________

      Авансты өтеу ______________________________________________________________

      Төленетін сома_____________________________________________________________


Тапсырыс беруші:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
атқаратын лауазымы, қолы, мөр
таңбасы)

Жеткізуші:
___________________________________
___________________________________
_________________________________
(Т.А.Ә.) атқаратын лауазымы, қолы, мөр
таңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 6-қосымша
  Орман орналастыруды жүргізу
нұсқаулығына 7-қосымшаға
3-кесте

Орман қорын алқап түрлері бойынша бөлу

Алқап түрлерінің атауы

Мемлекеттік органдар

Облыс бойынша барлығы

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Облыстық әкімдік

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

алаңы, гектар

%

алаңы, гектар

%

алаңы, гектар

%

алаңы, гектар

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Деректер жиынтығы мемлекеттік органдар шегінде келтіріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 7-қосымша
  Орман орналастыруды жүргізу
нұсқаулығына 23-қосымшаға
53-кесте

Орман айналымдары мен орман мастерлік учаскелерінің оңтайлы ауданы мен санын мемлекеттік орман қоры санаттары мен орманшылықтар шегінде есептеу

      Ауданы, мың гектар

Мемлекеттік орман қоры (бұдан әрі – МОҚ) санаттары

Көрсеткіштер

Орманшылықтар

Орман мекемесі бойынша барлығы






1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Жасыл аймақтар

МОҚ санаттарының ауданы









Орман айналымының нормативтік алаңы









Орман айналымдарының нормативтік саны, дана орман шебер учаскесінің нормативтік алаңы







Орман шебер учаскелерінің нормативтік саны

2.

Тағы сол сияқты МОҚ барлық санаттары бойынша







      2-ші орман орналастыру кеңесінде қабылданған деректер енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді басшылыққа алу керек.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады