Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 100 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7606 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрлігі


Министр

Б.Жәмішев

2012 жылғы 16 наурыз



      Қазақстан Республикасы

  Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілді

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидалары

      1. Осы Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарының (бұдан әрі - Ұйым) алуы тиіс кірістерін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында (бұдан әрі - Банктер туралы заң) рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ұйымның негізгі қызметі - бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерінің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған қызметі;

      2) Ұйымның негізгі емес қызметі - негізгі қызметіне қатысты емес өзге қызметі;

      3) негізгі қызметі бойынша активтер - болашақта экономикалық пайда алу күтілетін, өткен оқиғалар нәтижесінде Ұйым бақылайтын ресурстар;

      4) Ұйымның кірістері - есепті кезең ішінде активтердің әкелінуі немесе өсуі немесе капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарына байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы нысанындағы экономикалық пайданың өсуі.

      3. Ұйымның негізгі қызметі:

      1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын сатып алу;

      2) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алу;

      3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдағы үлестерін сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (кеңшілік жасау немесе қамтамасыз ету ақысы) ретінде қабылдаған жағдайда оларды сатып алу;

      4) кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беру немесе осындай мүлікті ақылы уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану;

      5) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде сатып алынған (алынған) меншікті мүлікті өткізу;

      6) күмәнді және үмітсіз активтерді өткізу;

      7) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9468 тіркелген "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71 қаулысының, (бұдан әрі – № 71 Қағидалар) талаптарына сәйкес келетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде қарыз беру;

      8) күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ меншікті мүлікті лизингке (оның ішінде - қаржылық), жалға немесе мүлікті ақылы уақытша пайдаланудың өзге нысанына табыс ету;

      9) күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритизациялау бойынша операциялар жүргізу;

      10) жер учаскелері және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілері түріндегі күмәнді және үмітсіз активтер бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысына, құрылысын аяқтауға және (немесе) пайдалануға қосуға бағытталған қызметті жүзеге асыру;

      11) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру;

      12) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша кепілге салынған мүлікті өткізу;

      13) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, тәуелсіз бағалаушы компаниялардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) жөніндегі қызметтерін сатып алу;

      14) бас банктің немесе бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарының кепіліндегі акцияларды және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу, басқару және (немесе) өткізу;

      15) осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген акциялар және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері бойынша дивидендтерді алу;

      16) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдары № 71 Қағидаларда көрсетілген және бас банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйымға ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтер ретінде сатып алған мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (лицензияланатын қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіру және өткізу.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ұйым бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдары алуы тиіс кірістерді жатқызуды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) Ұйымның уәкілетті органы:

      Ұйымның негізгі қызметіне байланысты активтердің ішкі тізілімін жүргізуді;

      негізгі қызметі бойынша активтердің сапасын жақсарту мақсатында Қағидаларға сәйкес жүргізілетін операциялардың түрлерін, сондай-ақ операция немесе оқиға жасалуының және оны жасауға құқығының құжаттамалық куәлігі болып табылатын бастапқы құжаттардың тізбесі мен түрлерін;

      Ұйымның негізгі қызметі бойынша активтердің сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды жүргізуден Ұйым алатын кірістердің түрлерін;

      олармен операциялар жүргізуден алынатын активтер мен кірістерді Ұйымның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінде көрсету шарттарын көздейтін ішкі құжатты бекітеді;

      2) Ұйым активтердің ішкі тізілімінде көрсетілген активтерді қалыптастыруды және олардың № 71 Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі бойынша ай сайынғы тексеруді қамтамасыз етеді;

      3) Ұйым операция немесе оқиға жасалуының және оны жасауға құқығының құжаттамалық куәлігі болып табылатын бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінде негізгі қызметі бойынша активтермен жасалатын операциялардан есептелген кірістерді Ұйым негізгі емес қызметі шеңберінде жүргізілетін операциялардан алатын кірістерден бөлек есепке алады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Ұйым негізгі қызметі бойынша активтердің тізілімін, негізінде аталған активтермен операциялар жүргізілген бастапқы құжаттарды, сондай-ақ негізгі қызметі бойынша активтер бойынша алынған кірістер туралы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесіндегі мәліметтерді Ұйымның жұмыс істеген кезеңі бойы сақтайды.

Об утверждении Правил отнесения подлежащих к получению дочерней организацией банка, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка, доходов к доходам от осуществления видов деятельности, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о банках и банковской деятельности

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 100. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2012 года № 7606. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.03.2018 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила отнесения подлежащих к получению дочерней организацией банка, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка, доходов к доходам от осуществления видов деятельности, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о банках и банковской деятельности.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко

"СОГЛАСОВАНО"


Министерство финансов


Республики Казахстан


Министр

Б. Жамишев

16 марта 2012 год



  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 100

Правила
отнесения подлежащих к получению дочерней организацией банка,
приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского
банка, доходов к доходам от осуществления видов деятельности,
предусмотренных законодательством Республики Казахстан о банках
и банковской деятельности

      1. Настоящие Правила отнесения подлежащих к получению дочерней организацией банка, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка, доходов к доходам от осуществления видов деятельности, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о банках и банковской деятельности (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и устанавливают порядок отнесения подлежащих к получению доходов дочерней организации банка второго уровня, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка (далее - Организация), к доходам от осуществления видов деятельности, разрешенных Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках).

      2. Для целей Правил используются следующие понятия:

      1) основная деятельность Организации - деятельность, направленная на осуществление мероприятий по улучшению качества сомнительных и безнадежных активов родительского банка;

      2) неосновная деятельность Организации - иная деятельность, не относящаяся к основной деятельности;

      3) активы по основной деятельности - ресурсы, контролируемые Организацией в результате прошлых событий, от которых ожидается получение будущих экономических выгод;

      4) доходы Организации - увеличение экономических выгод в течение отчетного периода в форме притока или прироста активов или уменьшения обязательств, которые приводят к увеличению капитала, отличному от увеличения, связанного с взносами лиц, участвующих в капитале.

      3. Виды основной деятельности Организации:

      1) приобретение сомнительных и безнадежных прав требования родительского банка;

      2) приобретение недвижимого имущества и (или) прав собственности на объекты незавершенного строительства, перешедшее в собственность родительского банка в результате обращения взыскания на заложенное имущество по приобретенным сомнительным и безнадежным правам требования;

      3) приобретение акций и (или) долей участия в уставном капитале юридических лиц в случаях принятия их в качестве залога (отступного или обеспечения) по приобретенным сомнительным и безнадежным правам требования;

      4) сдача в аренду недвижимого имущества, перешедшего в ее собственность в результате обращения взыскания на имущество, выступавшее в качестве залога, иного обеспечения или полученное в виде отступного по приобретенным у родительского банка сомнительным и безнадежным правам требования, а также имущество, указанное в подпункте 2) настоящего пункта, или использовать иную форму возмездного временного пользования таким имуществом;

      5) реализация собственного имущества, приобретенного (полученного) в результате осуществления мероприятий по улучшению качества сомнительных и безнадежных активов;

      6) реализация сомнительных и безнадежных активов;

      7) выдача займа в рамках реализации мероприятий, указанных в плане мероприятий по улучшению качества сомнительных и безнадежных активов, (далее - план мероприятий), соответствующем требованиям постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года № 71 "Об утверждении Правил деятельности дочерней организации, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9486 (далее – Правила № 71);"

      8) передача сомнительных и безнадежных активов, а также собственного имущества в лизинг (в том числе - финансовый), аренду или иную форму возмездного временного пользования имущества;

      9) проведение операции по секьюритизации сомнительных и безнадежных активов;

      10) осуществление деятельности, направленной на строительство, завершение строительства и (или) введение в эксплуатацию объектов недвижимости по сомнительным и безнадежным активам в виде земельных участков и (или) объектов незавершенного строительства;

      11) размещение временно свободных денег, полученных в результате погашения задолженности, в государственные ценные бумаги Республики Казахстан, а также во вклады (депозиты) в банках второго уровня Республики Казахстан;

      12) реализация в установленном банковским законодательством Республики Казахстан порядке заложенного имущества по безнадежным и сомнительным требованиям;

      13) приобретение услуг банков, других финансовых организаций, независимых оценочных компаний, профессиональных экспертов и международных аудиторов и аудиторских организаций по оценке, доверительному управлению, реструктуризации и восстановлению (повышению) стоимости сомнительных и безнадежных активов;

      14) приобретение, управление и (или) реализация акций и (или) долей участия в уставном капитале юридических лиц, находящихся в залоге у родительского банка или дочерних организаций банков второго уровня, приобретающих сомнительные и безнадежные активы родительского банка;

      15) получение дивидендов по акциям и (или) долям участия в уставном капитале юридических лиц, указанных в подпункте 14) настоящего пункта;

      16) производство и реализация товаров, работ и услуг (включая лицензионные виды деятельности), связанных с имуществом и (или) имущественным комплексом, приобретенных дочерними организациями банков второго уровня, приобретающими сомнительные и безнадежные активы родительского банка в качестве сомнительных и безнадежных активов, указанных в Правилах № 71 и предусмотренных планом мероприятий, представленным родительским банком в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 265 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      4. Организация осуществляет отнесение доходов, подлежащих к получению дочерними организациями банков второго уровня, приобретающими сомнительные и безнадежные активы родительского банка, в следующем порядке:

      1) уполномоченным органом Организации утверждается внутренний документ, предусматривающий:

      ведение внутреннего реестра активов, связанных с основной деятельностью Организации;

      виды операций, совершаемых согласно Правилам в целях улучшения качества активов по основной деятельности, а также перечень и виды первичных документов, являющихся документальным свидетельством совершения операции или события и права на ее совершение;

      виды доходов, получаемых Организацией от совершения операций по улучшению качества активов по основной деятельности Организации;

      условия отражения активов и доходов, получаемых от совершения операций с ними, в системе бухгалтерского учета и финансовой отчетности Организации;

      2) Организация обеспечивает формирование и ежемесячную проверку соответствия активов, указанных во внутреннем реестре активов, требованиям Правил № 71;

      3) Организация на основании первичных документов, являющихся документальным свидетельством совершения операции или события и права на ее совершение, учитывает в системе бухгалтерского учета и финансовой отчетности начисленные доходы от операций, совершаемых с активами по основной деятельности раздельно от доходов, получаемых Организацией от операций, осуществляемых в рамках неосновной деятельности.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 265 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. Организация осуществляет хранение реестра активов по основной деятельности, первичных документов, на основании которых совершались операции с указанными активами, а также сведения о доходах, полученных по активам по основной деятельности и содержащихся в системе бухгалтерского учета и финансовой отчетности, в течение всего периода деятельности Организации.