Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 маусымда № 9486 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7541 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 18 шілдеде № 402-404 (27478) жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда "Заң газеті" газетінде № 85 (2286) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 9-тармағы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 71 қаулысымен
бекітілген

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін
еншілес ұйымның қызметі қағидалары

      Осы Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметінің тәртібін, еншілес ұйым иеленген күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын мерзімді, сондай-ақ ол иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге (бұдан әрі - активтер) қойылатын талаптарды белгілейді.

      1. Қағидалар мақсатында күмәнді және үмітсіз активтер деп мыналар түсініледі:

      1) барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ олар бойынша резервтердің мөлшері өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасының 5 (бес) және одан да көп пайыз деңгейінде қалыптастырылған шартты міндеттемелер;

      2) мүлік, оның ішінде бас банктің кепіл ұстаушының құқығын іске асыру нәтижесінде немесе күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлік және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығы.

      2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі күмәнді және үмітсіз активтерді иеленуді, өткізуді (сатуды), қайта құрылымдауды және (немесе) секьюритилендіруді қосқанда, оларды басқарудан басқа, өзге де функцияларды жүзеге асырумен және басқа да міндеттемелерді орындаумен байланысты емес.

      3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын иелену;

      2) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иелену;

      3) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша оларды кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілді өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайда акцияларды және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену;

      4) кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен мүлікті жалға беру немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану;

      5) күмәнді және үмітсіз активтерді, оның ішінде қарыз алушының (борышкердің) борышын азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау арқылы иелену;

      6) бас банктің кепіл ұстаушының құқығын іске асыру нәтижесінде немесе күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банктің меншігіне өткен жылжымалы мүлікті иелену;

      7) құру, оның ішінде заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталында қатысу үлестерін) азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен иелену, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталында қатысу үлестерін сату және басқару;

      8) меншікті мүлікті, сондай-ақ сатып алынған не күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде бас тарту төлемі ретінде алынған меншікті жалға беру немесе мүлікті қаржы лизингіне, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті уақытша пайдаланудың өзге нысанына беру;

      9) меншікті мүлікті, сондай-ақ сатып алынған не күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде бас тарту төлемі ретінде алынған мүлікті сату;

      10) азаматтық заңнамамен тыйым салынбаған мәмілелер жасау арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді сату (иелігінен шығару);

      11) Заңның 11-2-бабының 5-тармағында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде азаматтық заңнама бойынша қарыз беру;

      12) күмәнді және үмітсіз активтерді қаржы лизингіне, жалға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті ақылы уақытша пайдаланудың өзге нысанына беру;

      13) "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізу;

      14) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсартуға, оның ішінде үшінші тұлғалардан жер учаскелерін және (немесе) аяқталмаған құрылысты, құрылысқа және құрылысы аяқталмаған объектілерідің құрылысын аяқтауға және (немесе) жер учаскелері және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілері түріндегі күмәнді және үмітсіз активтер бойынша аяқталмаған құрылыс объектілерін пайдалануға қосуға байланысты жобалау, мердігерлік және өзге ұйымдардың қызметтерін сатып алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру;

      15) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны, жарғылық капиталға салым ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру;

      16) бас банк кепіл шарттары бойынша берген үмітсіз және күмәнді талаптар бойынша, сондай-ақ еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді басқару барысында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым өздігінен жасаған кепіл шарттары бойынша кепіл ұстаушының құқықтарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті және (немесе) талап ету құқығын сатып алу мақсатында сауда-саттыққа (аукционға) қатысу;

      17) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, тәуелсіз бағалаушы компаниялардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) бойынша қызметтерін иелену;

      18) осы тармақтың 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген акциялар және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері бойынша дивидендтер алу;

      19) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым Қағидаларда көрсетілген және бас банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтер ретінде иеленген мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (лицензияланған қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіруді және өткізу;

      20) бас банкке және (немесе) заңды тұлғаларға ақылы негізде (консультациялық, заңды, сот органдарында өзге уәкілетті органдарда және заңды тұлғаларда мүдделерін білдіру) күмәнді және үмітсіз активтерді иеленуге және басқаруға байланысты қызметтерді көрсету;

      21) өз қажеттілігі үшін үшінші тұлғалардан меншік құқығындағы немесе уақытша пайдаланудағы мүлікті және (немесе) талап ету құқықтарын, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) иелену.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым іс-шаралар жоспары болғанда, бас банктен активтерді иеленуді (қабылдауды) жүзеге асырады. Іс-шаралар жоспарында мыналар:

      1) активтердің және (немесе) қамтамасыз ету түрлері бойынша мынадай бөлінген күмәнді және үмітсіз активтердің түрлері:

      аяқталған коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлігі;

      салынып жатқан коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлігі;

      жер телімдері;

      заңды және жеке тұлғалар қарыз алушыларға талап ету құқықтары (бұл ретте, корпоративтік қарыз алушылар экономиканың түрлері (салалары) бойынша бөлінеді), сондай-ақ кепіл ретінде қабылданған және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның меншігіне және бас банктің меншігіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткен күмәнді және үмітсіз активтер;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтердің бағалау құны бойынша ақпарат;

      3) күмәнді және үмітсіз активтердің әр түріне қатысты бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның іс-әрекетінің кезеңдері;

      4) бас банк "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 62-баптарының талаптарын ескеріп, белгілеген активтердің әр түрін басқару мерзімі;

      5) активтің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралардың сипаты, оның ішінде, қайта құрылымдау, қосымша қаржыландыру және капиталдандыру, жобалық қаржыландыру және (немесе) инвестициялау аясында активтің құнын өсіру;

      6) активтерді иеленуден бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның кіріс алу көздері: өткізу, оның ішінде кепіл ретінде қабылданған және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның меншігіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткен активтерді сату, секьюритилендіру, жалға беру немесе ақылы уақытша қолданудың басқа да нысаны;

      7) дауларды сотқа дейін шешу, шағым-талап өндірісі және ықтимал құқықтық және өзге де тәуекелдер шеңберінде жүргізілетін бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның іс-әрекеттерін сипаттау;

      8) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның шығыстар мен кірістерін, сондай-ақ иеленген (өткізілген) активтер бойынша бас банк алдындағы міндеттемелерді өтеу (қамтамасыз ету) үшін арналған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысын болжау;

      9) әкімшілік шығыстардың, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды басқаруға және оның шаруашылық қызметіне тартылған бас банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы беру бойынша әкімшілік шығыстардың мөлшері;

      10) іс-шаралар жоспарын орындауға мониторинг жүргізу негізінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі жөніндегі есепті жасауға талаптар;

      11) бас банктің және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның мониторингке және іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлері жөніндегі ақпарат қамтылған.Іс шаралар жоспарын әрбір актив бойынша жеке қолданыстағы іс шаралар жоспарына қосымша ретінде ресімдеуге рұқсат беріледі.

      5. Іс-шаралар жоспарын бас банктің директорлар кеңесі мақұлдауы тиіс. Егер директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарын мақұлдамаса, активтер берілмейді.

      6. Бас банк күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, оның ішінде іс-шаралар жоспарының және бизнес-жоспардың орындалуын жыл сайынғы тексеру бойынша бас банктің еншілес ұйымының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      7. Бас банк іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, оның ішінде нақты кірістер мен шығыстар бойынша, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтер бойынша ақша қаражатының қоғалысы бойынша мәліметтерді қоса алғандағы, ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнге дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.

      Бас банк іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бас банктің директорлар кеңесі мақұлдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жаңартылған іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      8. Иеленген (иеленетін) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар:

      1) Қағидалардың 1-тармағына және 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған, іс-шаралар жоспарында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін ұйымның қызметі мерзімі ішінде оларды басқару нәтижесінде кезеңдікпен (екі жылдан кем емес) кіріс алуы болжанған күмәнді және үмітсіз активтер объект болып табылады;

      2) активті жақсартуды көздейтін, оның ішінде құрылысты аяқтауды не актив құнын өсіруге, сондай-ақ борышкерді сауықтыруға бағытталған жұмысты және (немесе) іс-шараны өткізуді аяқтау арқылы мыналар енгізілетін бизнес-жоспар бар:

      берешектің бөлігін есептен шығару бойынша өзге кредиторлар тарапынан қолдау жасау шаралары, төлемді өтеудің кестесін және кезеңділігін өзгерту, қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезеңді өсіру, инвестициялық фазаны аяқтау мақсатында жобаны қосымша қаржыландыру, сондай-ақ қарызды қаржыландырудың басқа да тәсілдері;

      қоғамның жарғы капиталын өсіру (капиталдағы қатысу үлесі) бөлігінде борышкердің меншік иелері тарапынан болатын қолдау шаралары, кредиторлар алдындағы қарызды толық өтегенге дейінгі борышкерлердің меншік иелері арасындағы борышкердің таза пайдасын бөлмеуі, борышкердің бизнес-процестерін оңтайландыру;

      борышкердің борышын капиталға конвертациялау бөлігінде стратегиялық инвестор тарапынан жасалатын қолдау шаралары, айналым капиталын және (немесе) барынша төмен инвестициялық капиталды ұсыну;

      3) құрылыс объектілері бойынша құрылыс шығыстарының болжамы және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде бағалау қызметімен айналысатын бағалаушы жүзеге асырған құрылыс аяқталғаннан кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің құнына талдау жасау бар;

      4) берілген талап ету құқықтары бойынша бір мезгілде төменде аталған кредиттік тәуекелді төмендетудің екіден кем емес талаптары (қажет болған жағдайда және осы аталған іс-шаралар бизнес-жоспарда көрсетілсе) орындалады:

      борышкерге берілген кредиттің жалпы мерзімін ұзарту;

      сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде осының алдында есептелген немесе капиталдандырылған, бірақ төленбеген сыйақыға қатысты төмендету;

      бас банктің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептен шығаруды жүзеге асыру.

      9. Бас банктің банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруі бойынша күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін еншілес ұйым банктік қарыз операциялары бойынша кредитор (қарыз беруші) болып танылады және бас банк күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін еншілес ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шарты бойынша белгіленген бас банктің барлық құқықтары мен міндеттерін иеленеді.

      10. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым осы активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін бас банктен қабылданған (иеленген) активтерін сатады. Осы талап орындалмаған жағдайда активтер бас банктің ішкі құжаттарына сәйкес қайтадан бас банкке жіберілуі тиіс.

      11. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым өз шығыстарын, оның ішінде әкімшілік шығыстардан жабу үшін заңды тұлғалардың жарғы капиталындағы акциялар және (немесе) қатысу үлесі бойынша алынған дивидендтерді, активтерді сатудан түскен оң айырма сомасын (осы актив бойынша бас банктің алдындағы күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін еншілес ұйымның олардың иелену құны мен берешек сомасынан активтерді сату құны артып кеткен кезде) пайдалану мүмкіндіктері бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады