Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингісін белгілеу туралы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 мамырда № 7666 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) мынадай бағалы қағаздармен:
      «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облицияларымен;
      «ВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша), не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жасайды деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі ұйым болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары деп танылады.
      Шетел эмитенттері және Қазақстан Республикасының эмитенттері облигацияларының рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендесе, банктер көрсетілген төмендеу болған айдан кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде осы тармақта белгіленгеннен төмен рейтингісі бар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды иеліктен шығаруы қажет.
      2. Банктер «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алады деп белгіленсін.
      Мемлекеттік бағалы қағаздарымен банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын елдердің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендесе, банктер көрсетілген төмендеу болған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде осы тармақта белгіленген рейтингіден төмен рейтингісі бар елдердің өздеріне тиесілі бағалы қағаздарын иеліктен шығаруы қажет.
      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), қайта құрылымдау шеңберінде сатып алынған, осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ облигациялары бар банктер қайта құрылымдау аяқталған жылдан кейінгі бес жылға дейінгі мерзімде көрсетілген облигацияларды иеліктен шығаруы қажет деп белгіленсін.
      4. Қолында осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ қайта құрылымдалатын облигациялары және (немесе) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі бар Қазақстан Республикасы эмитентінің өзге де міндеттемелері бар банктер қайта құрылымдау тоқтатылған айдан кейінгі он екі ай ішінде көрсетілген облигацияларды иеліктен шығаруы қажет деп белгіленсін.
      5. Банктің осы қаулы қолданысқа енгізілетін күні осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін рейтингілік бағалары жоқ бағалы қағаздары болған кезде, банк 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленгеннен төмен рейтингісі бар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды иеліктен шығаруы қажет.
      6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 176 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 ақпандағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5174 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5975 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6769 тіркелген).

Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 176. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2012 года № 7666. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 июня 2013 года № 141

      Сноска. Постановление утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.06.2013 № 141 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить, что банки второго уровня (далее - банки) осуществляют сделки купли-продажи со следующими ценными бумагами:
      облигациями иностранных эмитентов, имеющими рейтинг не ниже «ВВВ-» (по классификации рейтинговых агентств Standard & Poor' и Fitch) или не ниже «ВааЗ» (по классификации рейтингового агентства Moody's Investors Service);
      облигациями эмитентов Республики Казахстан, имеющими рейтинг не ниже «ВВ-» (по классификации рейтинговых агентств Standard & Poor's и Fitch) или не ниже «ВаЗ» (по классификации рейтингового агентства Moody's Investors Service), либо рейтинговую оценку аналогичного уровня по национальной шкале вышеуказанных рейтинговых агентств. Для целей настоящего абзаца облигации эмитентов Республики Казахстан, являющихся организациями более пятидесяти процентов долей участия в уставных капиталах либо размещенных акций, которых принадлежат Правительству Республики Казахстан, Национальному Банку либо национальному управляющему холдингу признаются как облигации эмитентов Республики Казахстан, обладающие суверенным рейтингом Республики Казахстан.
      При понижении рейтинга облигаций иностранных эмитентов и эмитентов Республики Казахстан ниже уровня, определенного настоящим пунктом постановления, банкам в течение шести календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, необходимо произвести отчуждение принадлежащих им ценных бумаг, имеющих рейтинг ниже установленного настоящим пунктом.
      2. Установить, что банки могут осуществлять брокерскую и (или) дилерскую деятельность с государственными ценными бумагами стран, имеющих суверенный долгосрочный рейтинг в иностранной валюте не ниже «ВВВ-» (по классификации рейтинговых агентств Standard & Poor's и Fitch) или не ниже «ВааЗ» (по классификации рейтингового агентства Moody's Investors Service).
      При понижении суверенного долгосрочного рейтинга в иностранной валюте стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут осуществлять брокерскую и (или) дилерскую деятельность, ниже уровня, определенного настоящим пунктом постановления, банкам, в течение трех календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, необходимо произвести отчуждение принадлежащих им ценных бумаг стран, имеющих рейтинг ниже установленного настоящим пунктом.
      3. Установить, что банкам, осуществляющим (осуществившим) реструктуризацию в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», имеющим в наличии облигации, приобретенные в рамках реструктуризации, не имеющие рейтинговых оценок, соответствующих требованиям пункта 1 настоящего постановления, в срок до пяти лет после года завершения реструктуризации, необходимо произвести отчуждение указанных облигаций.
      4. Установить, что банкам, имеющим в наличии реструктурируемые облигации и (или) иные обязательства эмитента Республики Казахстан, в отношении которого имеется решение суда о проведении реструктуризации, не имеющие рейтинговых оценок, соответствующих требованиям пункта 1 настоящего постановления, в течение двенадцати месяцев, следующих за месяцем, в котором была прекращена реструктуризация, необходимо произвести отчуждение указанных облигаций.
      5. При наличии у банка на дату введения в действие настоящего постановления ценных бумаг, не имеющих рейтинговых оценок, соответствующих требованиям пунктов 1 и 2 настоящего постановления, банку в срок до 1 июля 2013 года необходимо произвести отчуждение принадлежащих им ценных бумаг, имеющих рейтинг ниже установленного пунктами 1 и 2 настоящего постановления.
      6. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2012

      Председатель
      Национального Банка                        Г.Марченко

Приложение           
к постановлению Правления   
Национального Банка     
Республики Казахстан    
от 28 апреля 2012 года № 176

Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан,
признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 «Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4717).
      2. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 февраля 2008 года № 19 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 «Об установлении рейтинговых агентств и минимального рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5174).
      3. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 ноября 2009 года № 239 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 «Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5975).
      4. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 декабря 2010 года № 185 «О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 «Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6769).