Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8594 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 234 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:

      "В-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;

      "В-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;

      "ВВВ-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банктер "ВВВ-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні банкте осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бағалы қағаздары болған жағдайда, банк көрсетілген бағалы қағаздарды сатуды, сондай-ақ есеп саясатына сәйкес осы бағалы қағаздарды 39 "Қаржы құралдары: тану және өлшеу" Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда "өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары" санатына аударуды жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 294 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады