Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7690 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 120 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6935 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусым № 247-248 (26646) жарияланған).
      2. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К.Орынхановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы               М. Орынханов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының  
2012 жылғы 4 мамырдағы 
№ 198 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленген.
      Қағидалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орыннан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне олардың бейініне, кадрлық әлеуетіне, материалдық-техникалық базасына, ақпараттық ресурстарына сәйкес, сондай-ақ олардың ғылыми-білім беру қызметінің ұлттық және халықаралық танылу көрсеткіштерін ескере отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін реттейді.
      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080  қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
      Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші мектепке дейінгі ұйымда баланың нақты болған уақытына және дәлелді себептермен жоқ болған балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын төлейді: баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2013 № 77 бұйрығымен (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы елдің индустриалдық-инновациялық дамуының, кадрларға салалық және өңірлік қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құрылады және орналастырылады.
      4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы елдің индустриалдық-инновациялық дамуының, кадрларға салалық және өңірлік қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес өңірлік жоо мен ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) құрылады және орналастырылады.
      5. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.
      6. Магистрлер мен философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды, оның ішінде өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мақсатты даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан базалық жоғары оқу орындарында орналастырылады.
      7. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарында орналастырылады.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қалалық (аудандық) білім бөлімдері балалар құрамын топтастыруды жүргізеді.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар құрамын топтастыруда білім бөлімдері кезек тізімін басшылыққа алады.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары конкурс өткізеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2013 № 77 бұйрығымен (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгі қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.07.2014 № 295 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін комиссия жаңа орындарға конкурстық негізде қалыптастырады.
      Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астана) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;
      2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
      4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
      5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.07.2014 № 295 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2013 № 77 бұйрығымен (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
      1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2013 № 77 бұйрығымен (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      13. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатыспай отырыс хаттамасына кіргізіледі.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілген шешім хаттама түрінде рәсімделеді.
      Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
      1) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосу туралы;
      2) осы Қағиданың 10-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосудан бас тарту туралы.
      Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.
      Хаттаманы хатшы рәсімдейді, комиссия төрағасы және хатшы қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2013 № 77 бұйрығымен (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімге
мемлекеттік тапсырысты орналастыру

      14. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
      Қатысуға өтініш берген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
      Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға немесе ЖАО-ға мынадай құжаттар пакетін ұсынады:
      1) еркін нысанда комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
      2) берілген СТН-мен бірге белгіленген үлгідегі заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері;
      3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;
      4) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 23.08.2013 № 353 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
      2) басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын қамтамасыз етуге арналған жағдайлардың болуы (жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері);
      3) еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі - жалпы бітірушілер санынан кемінде 78 % (бұйрықтардың, жұмысқа орналастыру туралы жеке шарттардың көшірмелері, жұмыспен қамтылудың түрлері бойынша анықтама);
      4) практикадан өту үшін білім алушыларға жұмыс орнын ұсыну бойынша кәсіпорындармен шарттардың болуы.
      Уәкілетті орган және ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды, комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Мемлекеттік тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия шешімінің негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімін бекітіледі.
      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 23.08.2013 № 353 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім өкілетті органдар мен ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
      16. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия өкілетті органның немесе ЖАО-ның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатарынан құрылады.
      17. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.
      18. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру

      19. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жоғары оқу орындарының арасында конкурс жариялайды.
      Конкурс өткiзу туралы шешiм және конкурстық құжаттамалар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
      20. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.
      21. Конкурс өткiзу үшiн құрамы Министрдiң немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекiтiлетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Комиссия төрағасы Министр болып табылады. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен құрылады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады.
      22. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.
      23. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
      24. Конкурстық өтінімге енетін құжаттарға ұйымның бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен расталуы және конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген тәртiпте ұсынылуы қажет.
      25. Конкурстық өтiнiмдi білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген сағат пен күннен кешiктiрмей қабылдауы тиiс. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
      26. Комиссия конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қарастырады, олардың конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестігі деңгейін анықтайды және оларды бағалауды жүргізеді.
      27. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді басшылыққа алады:
      1) білім беру процесін кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуі және педагогикалық қызметкерінің біліктілік деңгейі;
      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және басқа да ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;
      3) ғылыми әлеуеті мен жүргізген ғылыми зерттеулерінің деңгейі;
      4) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі;
      5) аттестатталған, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
      6) бітірушінің жұмыспен қамтылуы және қажеттілігі;
      7) инновациялық білім беру технологияларын енгізуі.
      28. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін базалық жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді басшылыққа алады:
      1) ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми басылымдарда ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ басқа елдердің ғалымдарымен белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатуда тәжірибесі, ғылым докторы/философия докторы (Phd)/бейіні бойынша доктор/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері бар ғылыми жетекшінің болуы;
      2) шетелдік әріптес ЖОО-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу;
      3) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      4) ғылыми-білім беру процесін кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      5) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу;
      6) аттестатталған, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
      7) инновациялық технологияларды енгізу;
      8) жоғары оқу орындарының халықаралық және ұлттық рейтингілеріне қатысу;
      9) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындау;
      10) халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қатысу;
      11) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі.
      29. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді басшылыққа алады:
      1) білім беру үдерісінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі;
      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және басқа ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;
      3) жоғары оқу орнында білім алушыларға жатақханада орынның, қоғамдық тамақтану орнының және медициналық қызмет көрсету орны мен спорт залы мен жабдықтарының жеткілікті болуы.
      30. Конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша бөлек өткізіледі.
      31. Комиссия бағалау негізінде және конкурстық өтінімді салыстыра келе тізбе бойынша шешім қабылдайды:
      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары оқу орындары;
      2) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындары;
      3) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде, оның ішінде магистрлерді және философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын базалық жоғары оқу орындары.
      32. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен:
      1) жоғары білімі бар кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбелері;
      2) мамандық бөлінісінде, оның ішінде магистрлерді және философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын базалық жоғары оқу орындарының тізбесі;
      3) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын үшін жоғары оқу орындарының тізбесі бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 198. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июня 2012 года № 7690. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 29.01.2016 № 122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 43) статьи 5 Закона Республики Казахстан «Об образовании» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 120 «Об утверждении Инструкции о размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6935 и опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 18 мая 2011 г. № 159 (26580)).
      2. Утвердить прилагаемые Правила размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений.
      3. Департаменту высшего и послевузовского образования (Жакыпова Ф.Н.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Орунханова М.К.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              М. Орунханов

Утверждены                    
приказом и.о. Министра              
образования и науки                
Республики Казахстан               
от 4 мая 2012 года № 198            

Правила
размещения государственного образовательного заказа на
дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с
техническим и профессиональным, послесредним, высшим и
послевузовским образованием, а также на подготовительные
отделения высших учебных заведений

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила о размещении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании».
      Правила регламентируют порядок размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений за счет средств республиканского бюджета в соответствии с их профилем, кадровым потенциалом, материально-технической базой, информационными ресурсами, а также с учетом показателей национального и международного признания их научно-образовательной деятельности.
      2. Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение размещается в организациях образования независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности, типов и видов, за исключением дошкольных организаций автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».
      В объеме государственного образовательного заказа возмещаются текущие затраты дошкольной организации по воспитанию и обучению в расчете на одного ребенка в рамках Государственного общеобязательного стандарта дошкольного воспитания и обучения, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080 (далее - Стандарт).
      При подушевом финансировании заказчиком государственного образовательного заказа оплачивается стоимость услуг на дошкольное воспитание и обучение детям, фактически пребывающим в дошкольной организации, и отсутствующим детям по уважительной причине: болезнь, лечение и оздоровление ребенка в медицинских, санаторно-курортных и иных организациях, предоставление одному из родителей трудового отпуска и оздоровление ребенка в летний период сроком до 2-х месяцев.
      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 06.03.2013 № 77 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      3. Государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием формируется и размещается в учебных заведениях технического и профессионального образования независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности, в соответствии с приоритетами индустриально-инновационного развития страны, отраслевой и региональной потребностью в кадрах.
      4. Государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием формируется и размещается в высших учебных заведениях (далее - вуз) в соответствии с приоритетами индустриально-инновационного развития страны, отраслевой и региональной потребностью в кадрах, в том числе с учетом потребностей региональных вузов и научных организаций в научно-педагогических кадрах.
      5. Государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием размещается в вузах независимо от формы собственности в виде образовательных грантов по результатам конкурса, проводимого уполномоченным органом в области образования.
      6. Государственный образовательный заказ на подготовку магистров и докторов философии (PhD)/докторов по профилю, в том числе на целевую подготовку для региональных вузов и научных организаций, размещается на конкурсной основе независимо от формы собственности в базовых высших учебных заведениях.
      7. Государственный образовательный заказ для обучения слушателей на подготовительных отделениях размещается в вузах по результатам конкурса, проводимого уполномоченным органом в области образования.

2. Размещение государственного образовательного заказа
на дошкольное воспитание и обучение

      8. Для размещения государственного образовательного заказа отделами образования городов (районов) проводится комплектование контингента детей.
      При комплектовании контингента детей по государственному образовательному заказу отделы образования руководствуются списком очередности.
      Для размещения государственного образовательного заказа районными и городскими отделами образования, управлениями образования области (города республиканского значения, столицы) проводится конкурс.
      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 06.03.2013 № 77 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      9. Организации дошкольного образования независимо от формы собственности включаются в перечень поставщиков услуг по дошкольному воспитанию и обучению для размещения в них государственного образовательного заказа при соблюдении норм и правил деятельности дошкольных организаций, утвержденных Типовыми правилами деятельности дошкольных организаций образования, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499.
      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.07.2014 № 295 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Перечень частных дошкольных организаций образования формируется комиссией на конкурсной основе на новые места.
      К участию в конкурсе допускаются частные дошкольные организации, подавшие заявку на участие. Форма заявки произвольная.
      Для участия в конкурсе частные организации дошкольного воспитания и обучения в районные и городские отделы образования, управление образования области (города республиканского значения, столицы) представляют следующие документы:
      1) заявление на имя председателя комиссии в произвольной форме;
      2) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица с присвоенным бизнес-индентификационным номером, устава, справки из банка об отсутствии задолженности, справки из налоговых органов об отсутствии задолженности;
      3) копия правоустанавливающих документов на недвижимое имущество (собственное или арендуемое), используемое под организацию дошкольного воспитания и обучения;
      4) копия о наличии лицензии на медицинский кабинет или договор на обслуживание с поликлиникой с учетом места закрепления;
      5) обязательства поставщика о принятии детей по государственному образовательному заказу исключительно по направлению органов образования и установлении размера родительской платы на содержание ребенка по государственному образовательному заказу, не превышающего тарифа родительской платы, в соответствии с Законом «Об образовании» Республики Казахстан от 27 июля 2007 года. Форма обязательств поставщика произвольная.
      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.07.2014 № 295 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. В случае превышения количества предложений со стороны частных организаций дошкольного образования над количеством мест по государственному образовательному заказу поставщики отбираются Комиссией на конкурсной основе.
      12. Дополнительными критериями при конкурсном отборе поставщиков являются:
      1) доля воспитателей высшей и первой категории не менее 10 % от их общего числа;
      2) наличие опыта по предоставлению услуг государственного образовательного заказа.
      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 06.03.2013 № 77 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      13. Комиссия после дня заседания в течение 3 рабочих дней выносит решение о включении в перечень дошкольных организаций, в которых будет размещен государственный образовательный заказ с указанием количества мест.
      Организации дошкольного образования с ранее размещенным государственным образовательным заказом включаются в протокол заседания без прохождения конкурса.
      Решение комиссии с указанием максимально возможного количества мест для размещения государственного образовательного заказа оформляется в виде протокола.
      Комиссия выносит одно из следующих решений:
      1) о включении в перечень на размещение государственного образовательного заказа в частной дошкольной организации образования;
      2) об отказе включения в перечень на размещение государственного образовательного заказа в частной дошкольной организации образования в случае несоответствия пункту 10 настоящих Правил.
      Большинством голосов членов комиссии путем открытого голосования решение считается принятым.
      Протокол оформляется секретарем, подписывается председателем и секретарем комиссии. Заседания комиссии проводятся ежемесячно и считаются действительными, если на них присутствуют более половины от общего числа ее членов.
      Сноска. Пункт 13 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 06.03.2013 № 77 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

3. Размещение государственного образовательного заказа
в организации технического и профессионального,
послесреднего образования

      14. Уполномоченный орган и местные исполнительные органы области, городов Астаны и Алматы (далее - МИО) размещают государственный образовательный заказ на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием среди организаций технического и профессионального, послесреднего образования.
      К участию в конкурсе допускаются организации технического и профессионального, послесреднего образования, подавшие заявку на участие. Форма заявки произвольная.
      Для участия в конкурсе в уполномоченный орган или МИО представляют следующий пакет документов:
      1) заявление на имя Председателя комиссии в произвольной форме;
      2) копии справки о государственной (учетной) регистрации или перерегистрации юридического лица установленного образца с присвоенным БИН, устава, справки из банка, справки из налоговых органов об отсутствии задолженности;
      3) копии правоустанавливающих документов на недвижимое имущество (собственное или на праве хозяйственного ведения (оперативного управления);
      4) предложения на размещение государственного образовательного заказа.
      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 23.08.2013 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      14-1. При определении учебных заведений технического и профессионального, послесреднего образования для размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием комиссия руководствуется следующими основными критериями, а также информацией, подтверждающей:
      1) наличие лицензии на право ведения образовательной деятельности по специальностям технического и профессионального, послесреднего образования;
      2) наличие условий для обеспечения проживания иногородних обучающихся (копий технического паспорта общежития или договора на аренду площади);
      3) доля занятых и трудоустроенных выпускников - не менее 78 % от общего количества выпускников (копий приказов, индивидуальных договоров о трудоустройстве, справок по видам занятости);
      4) наличие договоров с предприятиями о предоставлении обучающимся рабочих мест для прохождения практики.
      Уполномоченный орган и МИО устанавливают сроки проведения конкурса, создают комиссию и утверждают ее состав. В состав комиссии по размещению государственного образовательного заказа входят представители отраслевых государственных органов, маслихатов и акиматов, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан, общественных организаций. На основании решения комиссии утверждается перечень организаций технического и профессионального, послесреднего образования.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 14-1 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 23.08.2013 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      15. Решение о размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием публикуется на интернет-ресурсах уполномоченного органа и МИО.
      16. Для размещения государственного образовательного заказа создается Комиссия по размещению государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием (далее - Комиссия), состав которой утверждается уполномоченным органом и МИО.
      17. Заседания Комиссии проводятся по плану, утвержденному ее председателем и считаются действительными, если на них,присутствуют более 2/3 от общего числа ее членов.
      18. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Комиссии и оформляются протоколом заседания, который подписывается председателем. При равенстве голосов состава Комиссии голос председателя Комиссии является решающим.

4. Размещение государственного образовательного заказа на
подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием,
а также на подготовительные отделения высших учебных заведений

      19. Для размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием уполномоченный орган в области образования ежегодно объявляет конкурс среди вузов.
      Решение о проведении конкурса и утверждение конкурсной документации оформляются приказом Министра или лицом, исполняющим его обязанности.
      20. Объявление о проведении Конкурса публикуется на интернет-ресурсах уполномоченного органа в области образования.
      21. Для проведения Конкурса создается Комиссия по размещению государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием (далее - Комиссия), состав которой утверждается приказом Министра или лицом, исполняющим его обязанности.
      Председателем Комиссии является Министр. Комиссия формируется из числа сотрудников уполномоченного органа в области образования, других заинтересованных государственных органов и ведомств, общественных организаций. Количество состава комиссии является нечетным, включая его Председателя.
      22. Заседания Комиссии проводятся по плану, утвержденному ее председателем, и считаются действительными, если на них присутствуют более 2/3 от общего числа ее членов.
      23. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Комиссии и оформляются протоколом заседания, который подписывается председателем. При равенстве голосов состава Комиссии голос председателя Комиссии является решающим.
      24. Документы, входящие в конкурсную заявку, подписываются первым руководителем вуза, заверяются печатью и представляются в порядке, указанном в объявлении о проведении конкурса.
      25. Конкурсная заявка должна быть получена уполномоченным органом в области образования не позднее часа и даты, указанных в объявлении о проведении конкурса. Конкурсная заявка, поступившая по истечению срока подачи конкурсных заявок, независимо от причин опоздания, не рассматривается. Внесение каких-либо изменений в конкурсные заявки после истечения срока их подачи не допускается.
      26. Комиссия рассматривает конкурсные заявки в течение 20 календарных дней со дня подачи заявки, определяет степень их соответствия требованиям конкурсной документации и проводит их оценку.
      27. При определении вузов и размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим образованием Комиссия руководствуется следующими основными критериями:
      1) кадровое и материально-техническое обеспечение образовательного процесса и уровень квалификации педагогических работников;
      2) обеспеченность учебной, учебно-методической литературой и иными информационными ресурсами;
      3) научный потенциал и уровень проводимых в вузе научных исследований (для вузов);
      4) наличие мест для проживания обучающихся в общежитии, пунктов общественного питания и медицинского обслуживания, спортивных сооружений и залов;
      5) наличие аттестованных, аккредитованных образовательных программ;
      6) востребованность и трудоустройство выпускников;
      7) внедрение инновационных образовательных технологий.
      28. При определении базовых вузов и размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с послевузовским образованием Комиссия руководствуется следующими основными критериями:
      1) наличие научных руководителей из числа профессорско-преподавательского состава высшего учебного заведения с учеными степенями доктора наук/доктора философии (PhD)/доктора по профилю/кандидата наук, имеющих научные публикации в зарубежных научных изданиях с ненулевым импакт-фактором, а также опыт международного сотрудничества с учеными других стран;
      2) выполнение с зарубежными вузами-партнерами (научными организациями) совместных научно-образовательных проектов;
      3) наличие договоров с аккредитованными научными организациями-партнерами о выполнении совместных научных проектов и предоставлении исследовательской базы;
      4) кадровое и материально–техническое обеспечение научно-образовательного процесса;
      5) доступ к мировым научным и образовательным ресурсам;
      6) наличие аттестованных, аккредитованных образовательных программ;
      7) внедрение инновационных технологий;
      8) участие в международном и национальном рейтингах вузов;
      9) выполнение научных и научно-технических программ и проектов по фундаментальным и прикладным исследованиям на основе грантового и программно-целевого финансирования;
      10) участие в международных образовательных и научных проектах;
      11) наличие в высшем учебном заведении мест для проживания обучающихся в общежитии, пунктов общественного питания и медицинского обслуживания.
      29. При определении вузов и размещении государственного образовательного заказа на обучение слушателей на подготовительном отделении Комиссия руководствуется следующими основными критериями:
      1) кадровое и материально-техническое обеспечение образовательного процесса и уровень квалификации педагогических работников;
      2) обеспеченность учебной, учебно-методической литературой и иными информационными ресурсами;
      3) наличие в вузе достаточного количества мест для проживания обучающихся в общежитии, пунктов общественного питания и медицинского обслуживания, спортивных сооружений и залов.
      30. Конкурс для вузов проводится раздельно по каждой специальности высшего и послевузовского образования.
      31. Комиссия на основе оценки и сопоставления конкурсных заявок принимает решение о перечне:
      1) вузов, в которых по условиям конкурса размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием;
      2) педагогических вузов, в которых по условиям конкурса размещается государственный образовательный заказ на подготовку педагогических кадров с высшим образованием с указанием объема в разрезе специальностей;
      3) базовых вузов, в которых по условиям конкурса размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с послевузовским образованием с указанием объема в разрезе специальностей, в том числе для целевой подготовки магистров и докторов философии (PhD)/докторов по профилю.
      32. По результатам работы конкурсной комиссии приказом Министра или лицом, исполняющим его обязанности, утверждаются и публикуются на интернет-ресурсах уполномоченного органа в области образования:
      1) перечень вузов, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с высшим образованием;
      2) перечень базовых вузов, в которых размещается государственный образовательный заказ на подготовку кадров с послевузовским образованием с указанием объема в разрезе специальностей, в том числе для целевой подготовки магистров и докторов философии (PhD)/докторов по профилю;
      3) перечень вузов, в которых размещается государственный образовательный заказ для обучения слушателей на подготовительных отделениях вузов.