"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8733 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 маусымдағы № 7690 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (27393) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
      Қатысуға өтініш берген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
      Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға немесе ЖАО-ға мынадай құжаттар пакетін ұсынады:
      1) еркін нысанда комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
      2) берілген СТН-мен бірге белгіленген үлгідегі заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері;
      3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;
      4) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс.»;
      келесі мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
      2) басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын қамтамасыз етуге арналған жағдайлардың болуы (жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері);
      3) еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі - жалпы бітірушілер санынан кемінде 78 % (бұйрықтардың, жұмысқа орналастыру туралы жеке шарттардың көшірмелері, жұмыспен қамтылудың түрлері бойынша анықтама);
      4) практикадан өту үшін білім алушыларға жұмыс орнын ұсыну бойынша кәсіпорындармен шарттардың болуы.
      Уәкілетті орган және ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды, комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Мемлекеттік тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия шешімінің негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімін бекітіледі.».
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады