Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 143-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7710 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемесі бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 143-ө
бұйрығымен бекітілген    

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде
субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі
әдістеме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) парниктік газдардың мониторинг жоспарларын әзірлеу әдістемесін анықтайды.
      2. Парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспарларын әзірлеу Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына жатқызылатын қондырғы операторларымен жүзеге асырылады.
      3. Парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға жатқызылатын қондырғы бойынша әзірленеді.
      4. Мониторинг жоспары Кодекстің 16-бабы 7-тармақпен сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу мерзімі шегінде қондырғының барлық пайдаланылу кезеңіне әзірленеді.
      5. Қондырғы оператор Мониторинг жоспарын өз бетімен немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарта отырып әзірлейді.
      6. Қондырғы операторымен дайындалған Мониторинг жоспары қондырғы паспортына енгізіледі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

2. Мониторинг жоспарының мазмұны мен құрылымы

      7. Мониторинг жоспары келесі ақпаратты қамтиды:
      1) қондырғы бойынша парниктік газдар мониторингі жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындылары көздерінің, отын, шикізат немесе өнім ағынының тізбесі;
      2) парниктік газдар мониторингі үшін пайдаланылатын әдістің сипаттамасы (есептеулер немесе өлшемдер негізінде);
      3) парниктік газдар бойынша қызмет туралы, жылу жіберетін нетто-мәндерінің, көміртегі құрамының, шығарындылар коэффициентінің, тотығу коэффициентінің, әрбір ағынның қайта құру коэффициентінің деректерін анықтайтын талдамалық тәсілдер немесе ақпарат көздерінің сипаттамасы;
      4) парниктік газдар шығарындыларының коэффициенттерін өз бетімен есептегенде өнім, шикізат немесе отын сынамаларын таңдау, көміртегі құрамын, жылу жіберетін нетто-мәндер шамасын, шығарындылар коэффициентін анықтауға арналған әдістерінің сипаттамасы;
      5) деректерді жинау және өңдеу, есептер және деректер сапасын бақылау бойынша рәсімдердің сипаттамасы;
      6) қондырғы деңгейінде мониторинг пен есептілікке жауаптыларды бөлу.
      8. Осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген ақпаратпен қатар, Мониторинг жоспарының коэффициенттерін есептеуді, зертханалық зерттеулерді және өлшеу жүйелерін пайдалануды өз бетімен жүргізгенде келесілерді қамтиды:
      1) техникалық өлшеу құрылғыларының ерекшелігін, орналасқан жерін, парниктік газдар, отын, шикізат немесе өнім ағындарын көрсете отырып, олардың сипаттамасы, мониторинг үшін олардың өлшеу ақаулары, өлшеу жүргізу үздіксіздігі немесе кезеңділігі пайдаланылады;
      2) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шаралар тізбесін қоса алғанда, тиісті талдау рәсімдерін және алдыңғы тармақта көрсетілген шаманы анықтау жөніндегі жұмыстарды орындайтын аккредиттелген зертханалардың тізбесі мен сипаттамасы;
      3) өлшеу тармақтарын, өлшеу жиіліктерін, пайдаланылған жабдықтарды, калибрлеу рәсімдерді, деректерді жинау мен сақтау рәсімдерін және шығарындылар коэффициенттерінің қызметтері бойынша есептеулерді өлшеу нәтижелерін қосымша растау бойынша тәсілдерді қоса алғанда, шығарындылар көздерін мониторингілеу үшін пайдаланылатын шығарындыларды өлшеудің үздіксіз жүйелерінің сипаттамасы.
      9. Парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспарының құрылымы осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

3. Мониторинг әдістемесін таңдау және негіздеу

      10. Қондырғы операторы Мониторинг жоспарында мониторинг әдісін, атап айтқанда парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша таңдалған әдістемеге сәйкес есептеу әдісін және құрылғылардың техникалық өлшеуін қолдануды негіздейді.
      11. Мониторинг әдісі қалыпты (тұрақты) өндірістік қызметтен, арнайы тәжірибеден (жіберу-жөндеу жұмысы, үдерісті тоқтату, жөндеу және техникалық қызмет көрсету) және авариялық жағдайлардан парниктік газдар шығарындыларын есепке алуын қамтамасыз етеді.
      12. Мониторинг әдістемесін өзгертуге егер де бұл өзгерістер есептік деректердің нақтылығын жақсартып және техникалық тұрғыдан жүзеге асқан жағдайда рұқсат етіледі. Мониторинг әдістемесіне маңызды өзгерістер енгізілген жағдайда қондырғы операторы Мониторинг жоспарына тиісті өзгерістерді енгізеді және ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

Парниктік газдар шығарындыларына 
квоталар бөлу кезінде субъектілердің
мониторинг жоспарларын әзірлеу  
жөніндегі әдістемеге       
қосымша                  

Парниктік газдар шығарындыларының
мониторинг жоспарының құрылымы 

      1. Қондырғы операторының сәйкестендірілген және байланыс деректері.
      2. Квоталанатын қондырғы бойынша парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қызметтің сипаттамасы.
      3. Мониторинг мақсаты.
      4. Мониторингке жатқызылатын және қондырғымен жүзеге асырылатын қызметтің және қондырғының сипаттамасы.
      5. Қондырғы бойынша парниктік газдар мониторингі жүзеге асырылатын отын, шикізат немесе өнім ағындарының, парниктік газдар шығарындылары көздерінің тізбесі;
      6. Парниктік газдар мониторингі үшін (есептеулер мен өлшемдер негізінде) пайдаланылатын әдістер сипаттамасы, соның ішінде:
      а) қайта түзу және тотығу, шығарындылардың коэффициенті, парниктік газдар жөніндегі қызмет туралы деректерді алуға арналған әдістемелердің деңгейлік тізбесі;
      б) қайта түзу және тотығу, шығарындылардың коэффициенті, парниктік газдар жөніндегі қызмет туралы деректерді анықтауға арналған әдістер сипаттамасы немесе ақпарат көздерін көрсету;
      в) шығарындылар коэффициентін, көміртегі құрамын, жылу жіберетін нетто-мәндер шамасын анықтау үшін отын, шикізат немесе өнім сынамалары әдістерінің сипаттамасы – егер де  бұл көрсеткіштерді қондырғы операторының өзі есептеген жағдайда;
      г) өлшеу жүйелерін пайдаланған жағдайда – олардың ерекшелігін, орналасқан жерін, парниктік газдар, отын, шикізат немесе өнім ағындарын көрсете отырып, олардың сипаттамасы, мониторинг үшін олардың өлшеу ақаулары, өлшеу жүргізу үздіксіздігі немесе кезеңділігі пайдаланылады;
      7. Деректерді жинау және өңдеу, есептер және деректер сапасын бақылау бойынша рәсімдердің сипаттамасы.
      8. Қондырғы деңгейінде мониторинг пен есептілікке жауаптыларды бөлу.

Об утверждении методики по разработке планов мониторинга субъектами при распределении квот на выбросы парниковых газов

Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 10 мая 2012 года № 143-ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июня 2012 года № 7710. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2016 года № 176

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 27.04.2016 № 176.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 94-11 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику по разработке планов мониторинга субъектами при распределении квот на выбросы парниковых газов.
      2. Департаменту низкоуглеродного развития направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Н. Каппаров

Утверждена       
приказом Министра   
охраны окружающей среды
Республики Казахстан 
10 мая 2012 года № 143-ө

Методика по разработке планов мониторинга субъектами при
распределении квот на выбросы парниковых газов

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика по разработке планов мониторинга субъектами при распределении квот на выбросы парниковых газов (далее - Методика) определяет методику разработки планов мониторинга парниковых газов.
      2. Разработка планов мониторинга выбросов парниковых газов осуществляется операторами установок, подпадающих под требования по квотированию выбросов парниковых газов в соответствии со статьей 94-2 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее - Кодекса).
      3. План мониторинга выбросов парниковых газов (далее – План мониторинга) разрабатывается по установке, которая подпадает под требования по квотированию выбросов парниковых газов.
      4. План мониторинга разрабатывается на весь период эксплуатации установки в пределах срока действия Национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов, утвержденного в соответствии с пунктом 7 статьи 16 Кодекса.
      5. Оператор установки разрабатывает План мониторинга самостоятельно или с привлечением независимой консалтинговой компании.
      6. Подготовленный оператором установки План мониторинга включается в паспорт установки и предоставляется на утверждение уполномоченному органу в области охраны окружающей среды при обращении за получением квоты на выбросы парниковых газов.

2. Содержание и структура Плана мониторинга

      7. План мониторинга включает следующую информацию:
      1) перечень источников выбросов парниковых газов, потоков топлива, сырья или продукта, по которым будет осуществляться мониторинг парниковых газов по установке;
      2) описание метода, который будет использован для мониторинга парниковых газов (на основе расчетов или измерений);
      3) описание источников информации или аналитических подходов к определению данных о деятельности по парниковым газам, теплотворных нетто-значений, содержания углерода, коэффициента выбросов, коэффициента окисления, коэффициента преобразования для каждого потока;
      4) при самостоятельном расчете коэффициентов выбросов парниковых газов описание методов отбора проб топлива, сырья или продукта для определения величины теплотворного нетто-значения, содержания углерода, коэффициентов выбросов;
      5) описание процедур по сбору и обработке данных, контролю качества данных и расчетов;
      6) распределение ответственности за мониторинг и отчетность на уровне установки.
      8. Наряду с информацией, указанной в пункте 7 настоящей Методики, при проведении самостоятельных расчетов коэффициентов, лабораторных исследований и использовании измерительных систем План мониторинга также включает:
      1) описание технических измерительных устройств с указанием их спецификации, места расположения, потоков парниковых газов, топлива, сырья или продукта, для мониторинга которых они будут использоваться, погрешностей измерения, непрерывности либо периодичности проведения измерений;
      2) перечень и описание аккредитованных лабораторий, которые выполняют работы по определению величин, указанных в предыдущем пункте, и соответствующих аналитических процедур, включая перечень соответствующих мер по обеспечению качества;
      3) описание непрерывных систем измерения выбросов, используемых для мониторинга источника выбросов, включая пункты измерения, частоту измерений, использованное оборудование, процедуры калибровки, процедуры сбора и хранения данных и подход по дополнительному подтверждению результатов измерений расчетами по деятельности, коэффициентам выбросов.
      9. Структура Плана мониторинга приведена в Приложении 1 к настоящей Методике.
      10. При описании метода мониторинга, который будет использован для мониторинга парниковых газов, оператор установки указывает сроки и периодичность проведения расчетов либо измерений.

3. Выбор и обоснование метода и методики мониторинга

      11. Метод мониторинга обеспечивает учет выбросов парниковых газов от нормальной (регулярной) производственной деятельности, специальной практики (пуско-наладочные работы, остановки процесса, ремонт и техническое обслуживание) и аварийных ситуаций.
      12. Оператор установки обосновывает в Плане мониторинга выбор метода мониторинга, а именно, метода расчета в соответствии с выбранной методикой по расчету выбросов парниковых газов и применение технических измерений устройств.
      13. Методика расчета выбросов парниковых газов, изложенная в Плане мониторинга, должна соответствовать методике расчета выбросов, сокращений выбросов и поглощений парниковых газов по соответствующему виду деятельности, утвержденной уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.
      14. Изменение методики мониторинга допускается, если это улучшает точность отчетных данных, и если это технически осуществимо. При существенном изменении методики мониторинга оператор установки вносит соответствующие изменения в План мониторинга и согласовывает их с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

Приложение 1    
к Методике     
по разработке планов
мониторинга субъектами
при распределении  
квот на выбросы   
парниковых газов   

Структура Плана мониторинга выбросов парниковых газов

      1. Идентификационные и контактные данные оператора установки
      2. Описание деятельности, являющейся источником выбросов парниковых газов по квотируемой установке.
      3. Цель мониторинга.
      4. Описание установки и деятельности, осуществляемой по установке и подлежащей мониторингу.
      5. Перечень источников выбросов парниковых газов, потоков топлива, сырья или продукта, по которым будет осуществляться мониторинг парниковых газов по установке.
      6. Описание метода, который будет использован для мониторинга парниковых газов (на основе расчетов или измерений), в том числе:
      а) перечень уровней методик, которые будут использоваться для получения данных о деятельности по парниковым газам, коэффициентов выбросов, окисления и преобразования;
      б) указание источников информации либо описание методов для определения данных о деятельности по парниковым газам, коэффициентов выбросов, окисления и преобразования;
      в) описание методов отбора проб топлива, сырья или продукта для определения величины теплотворного нетто-значения, содержания углерода, а также коэффициентов выбросов, если они рассчитываются самим операторам установки;
      г) в случае использования измерительных систем – их описание с указанием их спецификации, места расположения, потоков парниковых газов, сырья и материалов, для мониторинга которых они будут использоваться, погрешностей измерения, непрерывности либо периодичности проведения измерений.
      7. Описание процедур по сбору и обработке данных с указанием периодичности, обеспечению контролю качества.
      8. Распределение ответственности за мониторинг и отчетность на уровне установки.