Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 146-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7704 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің  15.05.2013 № 122-ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қондырғы паспортының нысаны бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 146-ө
бұйрығымен бекітілген   

Қондырғы паспорты 

1. Қондырғы паспортының тіркеу нөмірі (уәкілетті органмен
толтырылады) ________________________________________________________
2. Паспортты толтыру күні ___________________________________________
3. Ұйымның (қондырғы операторының) толық атауы ______________________
4. Ұйымның (қондырғы операторының) заңды мекенжайы __________________
5. Телефон __________________________________________________________
6. Факс _____________________________________________________________
7. Электрондық пошта ________________________________________________
8. Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________
9. Ұйымның негізгі қызмет түрі ______________________________________
10. Ұйым басшысының тегі, аты-жөні  _________________________________
11. Қондырғы паспортын даярлауға жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні
_____________________________________________________________________

12. Жауапты тұлғаның байланыстары ___________________________________
13. Қондырғылар бойынша мәліметтер:

Қондырғы №

Қондырғының атауы

Қызмет түрі

Географиялық орналасқан жері

Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік үдеріс түрі

Көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі парниктік газдар шығарындыларының базалық көлемі













Көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша шығарындыларының жалпы көлемі


14. Әр қондырғы үшін қолданылатын технология, қуат пен жұмыстың уақыт кезеңінің сипаттамалары (бу мен ыстық су өндіру үшін қазандықтар, түрлі технологиялық процестер үшін қажетті жылу энергия көздері, цемент немесе балқыту пештері, көміртегі шикізатты тасымалдау үшін стационарлық жүйелер, алауларда ілеспелі газды жағу, парниктік газдар шығарындыларымен байланысты технологиялық процестер және тағы басқа).
15. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдісін қоса алғанда, мониторинг жоспары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады