Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы № 69 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7758 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 12.01.2015 № 11 бұйрығымен (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2) тармақшасына сәйкес, белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есепке алынуын жүргiзуді жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есепке алуды жүргізу Ережесі бекітілсін.
      2. «Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 22 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4796 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) жұмыста пайдалану үшін және аумақтық органдарға орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                   А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2012 жылғы 1 маусымдағы  
№ 69 бұйрығымен бекiтiлген

Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке
қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу
ЕРЕЖЕСІ

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды бірыңғай есепке алу мақсатында енгізілген.
      2. Есепке алу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарының (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЕ ААЖ) енгізуі арқылы жүзеге асырылады.
      3. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері Комитеттің аумақтық органына Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – ҚР СО БААТЖ) арқылы ақпараттық есепке алу құжаттарының электрондық нұсқаларын (бұдан әрі – ЭАЕҚ) және адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін жолдайды.
      4. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты ұсынылған ақпараттың уақытылы орындалуын, толықтығын және дұрыстығын аудандық және оларға теңестірілген сот кеңселерінің меңгерушілері қамтамасыз етеді.
      5. Комитеттің аумақтық органдарының басшылары АЕ ААЖ-ға енгізілген мәліметтердің уақытылы орындалуын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      6. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аудандық және оларға теңестірілген соттары кеңселерінің, Комитеттің және оның аумақтық органдарының орындауы үшін міндетті.

2-бөлім. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі
шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу тәртібі

      7. Азаматты әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы сот шығарған және заңды күшіне енген шешім адамды есепке қоюға негіз болып танылады.
      8. АЕ ААЖ-ға енгізу ЭАЕҚ-ның және ҚР СО БААТЖ арқылы онкүндік сайын Комитеттің аумақтық органдарына келіп түскен азаматтық іс бойынша адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі (бұдан әрі – шешімнің көшірмесі) негізінде жүзеге асырылады.
      9. АЕ ААЖ-ға мәлімет енгізуді Комитеттің аумақтық органдары ЭАЕҚ-ның және сот шешімі көшірмесінің ҚР СО БААТЖ-ға ұсынылған уақытынан бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      10. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты АЕ ААЖ-ға енгізілген мәліметтерді түзету қажет болған жағдайда соттар ҚР СО БААТЖ арқылы Комитеттің аумақтық органдарына мәліметтерді түзету себептері мен растаушы құжаттарды көрсете отырып, АЕ ААЖ-ға өзгерістер енгізу туралы хабарламаны жолдайды.
      11. Комитет есептен шығаруды тұлғаның АЕ ААЖ-дағы мәртебесін «есепке алуда тұр» дегеннен «есептен шығарылды» дегенге Комитеттің аумақтық органдарының растаушы құжаттарды ұсынған хатының негізінде жүзеге асырады.
      12. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамды есептен шығару негіздері:
      - әрекетке қабілеттілігінің толық қалпына келуі туралы заңмен белгіленген тәртіптегі сот шешімі;
      - адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы сот шешімі;
      - әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамның қайтыс болуы.
      1 және 2 тармақшаларда көрсетілген құжаттарды соттар ҚР СО БААТЖ арқылы Комитеттің аумақтық органдарына ұсынады.

3-бөлім. Есепке алу мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығын
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

      13. АЕ ААЖ-ға әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты мәліметтерді енгізгеннен/түзеткеннен кейін Комитеттің аумақтық органы 3 жұмыс күнінен артық емес мерзімде электрондық поштамен Комитетке есепке қойылған/түзету енгізілген адамның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні көрсетілген тізімді жолдайды.
      14. Комитеттің аумақтық органы тоқсан сайын АЕ ААЖ-дағы есепке алу мәліметтеріне «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 2-есептің статистикалық ақпаратымен және ҚР СО БААТЖ деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді.

4-бөлім. Есепке алу бойынша тексеруге жататын адамдар санаты
және ол бойынша мәліметтерді сұратып алу тәртібі

      15. Есепке алу бойынша тексеру тексерілуші адамның әрекетке қабілетсіздігі туралы мәліметті алу мақсатында жүргізіледі.
      16. Комитеттің әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамдарды есепке алуына азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуге Казақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен уәкілеттілік алған мемлекеттік және басқа органдар және ұйымдар өтініш бере алады.
      17. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы соттардың қайталап шешім шығаруын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 302-бабы тәртібінде өтініш келіп түскен кезде Комитеттің аумақтық органы соттың сұрауы бойынша орталықтандырылған (республикалық) деректер банкі бойынша тексеруді жүзеге асырады және 5 жұмыс күні ішінде адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы ақпараттың болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
      Әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп есепте тұрған адамға сұрау келіп түскен жағдайда соттарға шешім шығарған сот, азаматтық істің нөмірі туралы хабарланады.
      18. Адамды әрекетке қабілетсіздердің, әрекетке қабілеттілігі шектеулілердің есебіне қою кезінде Комитеттің аумақтық органы осы адамға әрекетке қабілетсіздердің, әрекетке қабілеттілігі шектеулілердің есебі және іздестіру есебі бойынша тексеру жүргізеді.
      Адамды қайталап әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану деректері анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органы 1 жұмыс күні ішінде шешім шығарған сот органына және соған ұқсас, адам іздестіру есебінде анықталған жағдайда – іздестірудің бастамашысына дереу ақпараттық хат жолдауға міндетті.
      19. Адамдар туралы ақпаратты сұратып алу Комитетке және оның аумақтық органына әрбір тексерілуші адамға жеке ресімделген талаптарды жолдау арқылы жүргізіледі.
      Бланкі нысандары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2843 санымен тіркелген), оларды толтыру тәртібі және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдаулар, сонымен қатар орындау мерзімі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және қолдану Ережесімен белгіленген бланкі нысандарына, есепке алу бойынша тексеру үшін толтыру және жолдау тәртібіне, сонымен қатар орындау мерзіміне бірдей.
      Бұл ретте, талаптың «Қандай анықтама керек» 8-тармақтарында «тексерілуші тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы» белгіленеді.

Об утверждении Правил ведения учета лиц, признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 69. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 июня 2012 года № 7758. Утратил силу приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 12 января 2015 года № 11

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального Прокурора РК от 12.01.2015 № 11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования ведения учета лиц, признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными в соответствии с подпунктом 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года «О государственной правовой статистике и специальным учетам», руководствуясь подпунктом 4-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить Правила ведения учета лиц, признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными.
      2. Признать утратившим силу приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 7 июня 2007 года № 22 «Об утверждении Правил единого порядка ведения учета лиц, признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 4796).
      3. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) направить настоящий приказ:
      1) в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации;
      2) в Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан) для использования в работе и территориальные органы Комитета для исполнения.
      4. Контроль за исполнение настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
      Республики Казахстан                       А. Даулбаев

Утвержден приказом   
Генерального Прокурора 
Республики Казахстан  
от 1 июня 2012 года № 69

Правила
ведения учета лиц, признанных в установленном
порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения учета лиц, признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными (далее - Правила) вводятся в целях единого учета лиц, признанных недееспособными либо ограниченно дееспособными.
      2. Учет осуществляется путем ввода территориальными органами Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее - территориальный орган Комитета) сведений о лицах, недееспособными либо ограниченно дееспособными в автоматизированную информационную систему «Специальные учеты» (далее - АИС СУ) Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее - Комитет).
      3. Канцелярии районных и приравненных к ним судов направляют электронные варианты информационного учетного документа (далее – ЭИУД) и решения суда о признании гражданина недееспособным либо ограниченно дееспособным, вступившее в законную силу в территориальный орган Комитета посредством Единой автоматизированной информационно-аналитической системы судебных органов Республики Казахстан (далее - ЕАИАС СО РК).
      4. Заведующие канцелярией районных и приравненных к ним судов обеспечивают своевременность, полноту и достоверность представляемой информации в отношении лиц, признанных недееспособным либо ограниченно дееспособным.
      5. Начальники территориальных органов Комитета обеспечивают своевременность, полноту и достоверность сведений введенных в АИС СУ.
      6. Настоящие Правила обязательны для исполнения канцелярий районных и приравненных к ним судов Республики Казахстан, Комитетом и его территориальными органами.

2. Порядок ведения учета лиц,
признанных недееспособными либо ограниченно дееспособными

      7. Основанием для постановки на учет лица является вынесенное судом и вступившее в законную силу решение о признании гражданина недееспособным либо ограниченно дееспособным.
      8. Ввод в АИС СУ осуществляется на основании электронной копии ЭИУД и вступившего в законную силу решения суда о признании лица недееспособным либо ограниченно дееспособным, по гражданскому делу (далее – копия решения), поступающих в территориальные органы Комитета ежедекадно посредством ЕАИАС СО РК.
      9. Ввод сведений в АИС СУ осуществляется территориальными органами Комитета в течение 3-х рабочих дней с момента представления в ЕАИАС СО РК ЭИУД и копии решения суда.
      10. В случае необходимости корректировки сведений, введенных в АИС СУ в отношении лиц, признанных недееспособными либо ограниченно дееспособными, суды направляют в территориальный орган Комитета посредством ЕАИАС СО РК уведомление о внесении изменений в АИС СУ с указанием причины корректировки сведений и приложением подтверждающих документов.
      11. Снятие с учета осуществляется Комитетом путем изменения статуса лица в АИС СУ с «состоит на учете» на «снят с учета» на основании письма территориального органа Комитета с представлением подтверждающих документов.
      12. Основанием снятия с учета лица, признанного недееспособным либо ограниченно дееспособным является:
      1) решение суда о полном восстановлении дееспособности в установленном законом порядке;
      2) решение суда об отмене решения о признании лица недееспособным либо ограниченно дееспособными;
      3) смерть лица, признанного решением суда недееспособным либо ограниченно дееспособными.
      Документы, указанные в подпунктах 1) и 2) представляются судами в территориальные органы Комитета посредством ЕАИАС СО РК.

3. Меры по обеспечению полноты и достоверности сведений учета

      13. После ввода/корректировки сведений в отношении лиц, признанных недееспособными либо ограниченно дееспособными, в АИС СУ, территориальный орган Комитета в срок не более 3-х рабочих дней электронной почтой направляет в Комитет список с указанием фамилии, имени, отчества и даты рождения лица, поставленного на учет/откорректированного.
      14. Ежеквартально территориальный орган Комитета проводит сверки сведений учета в АИС СУ со статистической информацией отчета № 2 «О работе судов первой инстанции по рассмотрению гражданских дел» и данными ЕАИАС СО РК.

4. Категории лиц, подлежащих проверке по учету и порядок
истребования сведений

      15. Проверка по учету производится в целях получения сведений о дееспособности проверяемого лица.
      16. Обращаться к учету Комитета недееспособных и ограниченно дееспособных лиц могут государственные и иные органы и организации, уполномоченные нормативными правовыми актами Республики Казахстан на осуществление проверочных мероприятий в отношении граждан.
      17. В целях исключения повторного вынесения судами решений о признании лица недееспособным либо ограниченно дееспособным при поступлении заявления в порядке статьи 302 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, территориальный орган Комитета по запросу суда осуществляет проверку по централизованному (республиканскому) банку данных и в течение 5-и рабочих дней представляет сведения о наличии информации о признании лица недееспособным либо ограниченно дееспособным.
      При поступлении запроса на лицо уже состоящее на учете как недееспособное, ограниченно дееспособным, судам сообщаются сведения о суде вынесшим решение и номере гражданского дела.
      18. При постановке лица на учет недееспособных, ограниченно дееспособных, территориальный орган Комитета осуществляет проверку данного лица по учету недееспособных, ограниченно дееспособных лиц и розыскным учетам.
      В случае выявления фактов повторного признания лица недееспособным либо ограниченно дееспособным территориальный орган Комитета в течение 1 рабочего дня направляет информационное письмо в суд, вынесший решение, аналогично, в случае выявления лица на розыскном учете - инициатору розыска.
      19. Истребование информации о лицах производится путем направления в Комитет и его территориальный орган требования, оформленного на каждое проверяемое лицо отдельно.
      Формы бланков, порядок их заполнения и направления для проверки по учетам, а также сроки исполнения идентичны формам бланков, порядку их заполнения и направления для проверки по учетам, а также срокам исполнения, установленных Правилами ведения и использования отдельных видов специальных учетов, утвержденными приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 23 (з регистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2843).
      При этом, в пунктах 8 требования «Какая нужна справка» отмечается «о дееспособности проверяемого лица».