Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қаблеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 22 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4796 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы № 69 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2012.06.01 № 69 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың бірыңғай есебiн жүргiзу мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі жөнiндегi қоса берілген Ереже бекітілсін.

      2. "Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың, сондай-ақ сотпен мемлекеттік қызметке ие болу құқығынан айырылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту және
қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы  N 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2115 санымен тіркелген, "Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың, сондай-ақ сотпен
мемлекеттік қызметке ие болу құқығынан айырылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту және қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 67 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 13 сәуірдегі  N 21 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2847 санымен тіркелген)) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсiн (Г.В.Ким).

      5. Осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының жанындағы
      Сот әкімшілігі жөніндегі
      комитетінің Төрағасы
      2007 жылғы 6 маусым

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2007 жылғы 7 маусымдағы 
N 22 бұйрығымен   бекiтiлген

Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке
қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін
бірыңғай тәртіпте жүргізу
ЕРЕЖЕСІ 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың бірыңғай есебін жүргізу мақсатында енгізілген.

      2. Көрсетілген тұлғалардың орталықтандырылған есебін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп
танылған тұлғалардың орталықтандырылған автоматтандырылған деректер банкін жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      Есепке алу мәліметтерін түзету облыстар, Астана, Алматы қалалары Соттар әкімшілерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Соттар әкімшілері) жазбаша хабарламаларының негізінде жүргізіледі.
      Комитеттің аумақтық органдарында (бұдан әрі - аумақтық органдар) жергілікті есепке алу жүргізіледі.
      Есепке алудың толықтығын және есепке алу құжаттарының уақытылы ұсынылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында аумақтық органдар тоқсан сайын (есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін) Соттар әкімшілерінің есептік мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.
      Салыстыру актісінің кестесі мен нысанын Соттар әкімшілерімен келісу арқылы аумақтық органдар айқындайды.

      3. Ережелерді Соттар әкімшілері, Комитет пен оның аумақтық органдары орындауға міндетті.
      Есепке алу құжаттарын қоюға жауапты тұлғалар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына оларды толық және уақытылы ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

  2-бөлім. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі
шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін жүргізу тәртібі

      4. Заңмен белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар есепке алуға жатады.

      5. Есепке алу әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі - есепке алу құжаты) ( 1-қосымша ) негізінде жүзеге асырылады. 

      6. Есепке алу құжаты "Бiрiншi сатылы соттардың қылмыстық iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" N 1; "Апелляциялық сатылы соттардың қылмыстық iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" N 6; "Өлiм жазасы бойынша iстердi апелляциялық тәртiпте қарау туралы" N 6а;
"Қылмыстық iстердi қадағалау сатысында қарау бойынша соттардың жұмысы туралы" N 8; "Өлiм жазасы бойынша iстердi қадағалау тәртiбінде қарау туралы" N 8а; "Соттардың жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы" N 2-Ж; "Бiрiншi сатылы соттардың азаматтық iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" N 2; "Апелляциялық сатылы соттардың азаматтық iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" N 7; "Азаматтық iстерді қадағалау тәртiбiнде қарау бойынша соттардың жұмысы туралы" N 9; "Бiрiншi сатылы соттардың әкімшілік iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" N 1-АП; "Облыстық және соларға теңестірілген соттардың әкімшілік істерді қарау бойынша жұмысы туралы" N 2-АП; "Облыстық және соларға теңестірілген соттардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істерді қарау
бойынша жұмысы туралы" N 3-АП нысанды статистикалық есептерді және соларға қоса берілген Нұсқаулықтарды, сондай-ақ: "Бірінші сатылы сотпен қаралған қылмыстық іске" N 1; "Апелляциялық тәртіпте қаралған қылмыстық іске" N 2; "Қадағалау тәртібінде қаралған
қылмыстық іске" N 3; "Бірінші сатылы сотпен қаралған азаматтық іске" N 4; "Апелляциялық тәртіпте қаралған азаматтық іске" N 5; "Қадағалау тәртібінде қаралған азаматтық іске" N 6; "Әкімшілік құқық бұзушылықты есепке алу бойынша" N 1а; "Заң күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау тәртібімен қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша" N 2а; "Заң күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қарау тәртібімен қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша" N 3а нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарын және соларға қоса берілген Нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 52 бұйрығымен бекітілген N 4, 5, 6 нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде Соттар әкімшілерінің мамандарымен құрылып, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлға, шешімді шығарған сот органы, талап арыз беруші, әрекетке қабілеттіліктің түрі және шешімнің шығарылу күні туралы мәліметтерден тұрады.
      Есепке алу құжатына оған енгізілген мәліметтердің толықтығы мен айқындылығына жауапты тұлға қол қояды және сот шешімінің заң күшіне енгенінен кейін 5 жұмыс күнінің ішінде аумақтық органға, ал әскери соттармен қаралған азаматтық істер бойынша есепке алу
құжаттары Комитеттің әскери басқармасына жіберіледі.

      7. Аумақтық орган есепке алу құжатын алған кезде деректемелердің толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын тексеріп, белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларды Есепке алу журналында
2-қосымша ) немесе журналды жүргізудің компьютерлік нұсқасында тіркейді.
      Осы Ереженің талаптарын бұзу арқылы толтырылған есепке алу құжаты есепке алуға жатпайды, оны ұсынған органға тиісті түрде рәсімдеу үшін және оны алғаннан кейін 15 күннің ішінде есепке алуға қайта жіберу үшін қайтарылады.
      Келіп түскен есепке алу құжатының негізінде аумақтық орган оның электрондық форматын рәсімдейді, ол тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күнінің ішінде Комитетке орталықтандырылған автоматтандырылған деректер банкін қалыптастыру үшін жіберіледі.
      Есепке алу құжаттары аумақтық органдардың анықтамалық жұмыс жүргізуге ыңғайлы, тектері бойынша немесе дактилоскопиялық картотекалары бар бір бөлмеге сиятын арнайы шкафтарда сақталуы қажет.

      8. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлға туралы мәліметтер заңмен белгіленген тәртіпте әрекетке қабілеттігі толық қалпына келмейінше немесе 70 жасқа толғанға дейін сақталады.
      Тұлғаның әрекетке қабілеттілігі толық қалпына келген жағдайда есепке алу құжаты аумақтық органға мүдделі тұлғалармен ұсынылған іс жүргізу актісі көшірмесінің негізінде алынып тасталады.
      Көрсетілген іс жүргізу актісі аумақтық органның жасаған түзету белгісімен тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде орталықтандырылған есеп жүргізуге тиісті өзгерістер енгізу үшін Комитетке жіберілуі қажет.

      9. Есепке алу құжаттары осы Ереженің мәліметтерімен белгіленген сақтау мерзімдері өтіп кеткеннен кейін олардың жалпы санын және сауалнамалық мәліметтері бар тұлғалардың тізімі көрсетілген актімен жойылуы қажет.

      10. Есепке алу құжаттарының бланкілерін осы Ережемен белгіленген нысанда тығыз картонмен Соттар әкімшілері дайындайды.

  3-бөлім. Есепке алу бойынша тексеруге жататын тұлғалардың
санаттары және солар бойынша мәліметтерді талап ету тәртібі

      11. Есепке алу бойынша тексеруге барлық жеке тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік қызметке орналасуға үміткер тұлғалар жатады.

      12. Тұлғалар туралы ақпаратты талап ету Комитетке және оның аумақтық органдарына әрбір тексеріліп жатқан тұлғаға жеке рәсімделген талапты немесе сұранымды жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      13. Бланкілердің нысандары, оларды есепке алу бойынша тексеру жүргізу үшін толтыру мен жіберу тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімдері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі  N 23 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген
түрлерін жүргізу және пайдалану ережелерімен және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы  N 4 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасап, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу туралы
нұсқаулықпен белгіленген бланкілердің нысандарына, оларды есепке алу бойынша тексеру жүргізу үшін толтыру мен жіберу тәртібіне, сондай-ақ орындау мерзімдеріне сәйкес келеді.

                                     Қазақстан Республикасы Бас
                                Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы
                                     N 22 бұйрығымен бекітілген
                                   "Белгіленген тәртіпте әрекетке
                                     қабілетсіз немесе әрекетке
                                 қабілеттілігі шектеулі деп танылған
                                     тұлғалардың есебін жүргізудің
                                  бірыңғай тәртібі жөніндегі Ережеге
                                             N 1 қосымша

      N ___________ азаматтық іс бойынша әрекетке қабілетсіз
        немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған
           тұлғаға арналған ақпараттық есепке алу құжаты

Тегі_______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты_______________________________________________________
Туған күні_________________________________________________________
Туған жері_________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жынысы__________________Ұлты_______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
паспорт (1), жеке куәлік (2), Қазақстан Республикасында шетел азаматына тұруға ықтияр хат (3), азаматтығы жоқ тұлға (4)
_____________ /_________/
N________________"___"_____________ж. Берілген_____________________
                                               (кіммен берілген)

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы (1), ТМД азаматы (2), азаматтығы жоқ тұлға (3), шетел азаматы (4), оралман (5)______/____/

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_____________________________________

2007 жылғы "___"_______,____________________сот шешімінің негізінде
                            (сот атауы)

Бірінші сатылы (1), апелляциялық (2), қадағалау сотының шешімі 3)
___________ /_____/

Танылған: әрекетке қабілетсіз (1), әрекетке қабілеттілігі шектеулі (2) _________/____/

отбасы мүшелерінің (1), туыстарының (2), прокурордың (3), қорғаншылық және қамқоршылық органдарының (4), емдеу мекемесінің
(5) өтініші бойынша:________________________________________/______/

карточканы толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, қолы
____________________________________
____________________________________                 М.П.
Толтырылған күні 20____ жылғы "___"_______________

                    (көлемі 140х95)

                                      Қазақстан Республикасы Бас
                                Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы
                                     N 22 бұйрығымен бекітілген
                                   "Белгіленген тәртіпте әрекетке
                                     қабілетсіз немесе әрекетке
                                 қабілеттілігі шектеулі деп танылған
                                     тұлғалардың есебін жүргізудің
                                  бірыңғай тәртібі жөніндегі Ережеге
                                             N 2 қосымша

     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
             және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
         ________________________________________________________
                                басқармасы

        Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі
       шектеулі деп танылған тұлғаларды есепке алу журналы

                                                          N _______

___________ 20____ж. N_______ басталған
___________ 20____ж. N_______ аяқталған

                              Астана қ. - 2007 жыл

N т/т

Есепке алу
құжатының
келіп түс-
кен күні

өтініш
берушінің
деректері

Жауап
берушінің
деректері
(Аты-жөні,
туған күні
және туған
жері)

Азаматтық істі
қараған соттың
атауы, қарау
нәтижелері және қаралған
күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады