Ескерту. Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 02.08.2013 № 174 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қолданушылардың назарына!
Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6603 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 156-159 (26561), 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 160-163 (26565) газетінде жарияланған) мынадай өзгерiс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 19, 20-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін
атқарушы Ж. Жарқынбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
министрі
Б. Сағынтаев ______________
2012 жылғы 5 шілде
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 19 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 29 сентября 2010 года № 275 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аумақтық органға тапсырылады |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді тапсырмау, уақтылы тапсырмау және дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 1801101 |
Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-КО |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Айлық |
Есепті кезең |
ай |
жыл |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кеден одағына мүше-мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар тапсырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-ші күніне дейін. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БСН коды |
ЖСН коды |
1. Экспорттаушы (импорттаушы) бойынша ақпаратты толтырыңыз
Заполните информацию по экспортеру (импортеру)
Жол коды |
Ақпарат тізімі |
Экспорттаушы |
Импорттаушы |
А |
Б |
1 |
2 |
1 |
Атауы |
||
2 |
Ел коды |
||
3 |
ӘАОЖ коды (облыс, қала) |
||
4 |
Мекенжайы |
||
5 |
БСН коды |
||
6 |
ЖСН коды |
_____________________________________________________________________
1ӘАОЖ – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші
КАТО – Классификатор административно-территориальных объектов
2БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі
БИН – Бизнес идентификационный номер
3ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі
ИИН – Индивидуальный идентификационный номер
2. Кеден одағына мүше-мемлекеттермен өзара сауда бойынша деректерді толтырыңыз
Заполните данные по взаимной торговле с государствами-членами Таможенного союза
№ |
КО СЭҚТН бойынша тауарлар атауы |
КО СЭҚТН коды |
Сатушы ел |
Жөнелтуші ел |
Шығатын елі |
Межелі елі |
Шекарадағы көлік түрінің коды |
||||
коды |
атауы |
коды |
атауы |
коды |
атауы |
коды |
атауы |
||||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
_____________________________________________________________________
4Мұнда және бұдан әрі КО СЭҚТН – Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы, Б бағаны бойынша 10-таңбалы коды көрсетіледі жіктеуіш Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтында, «Жіктеуіштер» бөлімінде орналасқан
Здесь и далее - Товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Таможенного союза, по графе Б указывается 10-ти значный код (классификатор размещен на сайте Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz, в разделе «Классификаторы»)
51, 3, 5, 7 бағандарда елдер коды және 9 бағанда шекарадағы көлік түрінің коды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтының «Негізгі» бетінде, «Сыртқы сауда» бөлімінде орналасқан Елдердің жіктеуішіне және Көлік пен тауарларды тасымалдау жіктеуішіне толтырылады
Коды стран по графам 1, 3, 5, 7 и код вида транспорта на границе по графе 9 проставляются в соответствии с Классификатором стран мира и Классификатором видов транспорта и транспортировки товаров, размещенных на сайте Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz – на «Главной» странице сайта, в разделе «Внешняя торговля»
№ |
Жеткізу шарттарының коды |
Таза салмағы, килограмм |
Қосымша өлшем бірлігі |
Фактуралық құны, теңге |
Статистикалық құны |
Тауарларды ауыстыру ерекшеліктері |
Келісім-шарт нөмірі, күні (шарт, есеп-шот және тағы басқа) |
Жылжу бағыты (экспорт болса – «1», импорт болса – «2») |
|||
АҚШ доллары |
теңге |
нөмірі |
күні |
||||||||
коды |
саны |
||||||||||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
|
_____________________________________________________________________
6Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтының «Негізгі» бетінде, «Сыртқы сауда» бөлімінде орналасқан Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес толтырылады
Заполняется в соответствии с Классификатором условий поставки, размещенном на сайте Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz – на «Главной» странице сайта, в разделе «Внешняя торговля»
7Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтының «Негізгі» бетінде, «Сыртқы сауда» бөлімінде орналасқан Өлшем бірлігі жіктеуішіне сәйкес толтырылады
Заполняется в соответствии с Классификатором единиц измерения, размещенном на сайте Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz - на «Главной» странице сайта, в разделе «Внешняя торговля»
8АҚШ доллары – Америка Құрама Штаттарының доллары
Доллар США – доллары Соединенных Штатов Америки
9Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтының «Негізгі» бетінде, «Сыртқы сауда» бөлімінде орналасқан Тауарларды ауыстыру ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады
Заполняется в соответствии с Классификатором особенностей перемещения товаров, размещенном на сайте Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz - на «Главной» странице сайта, в разделе «Внешняя торговля»
Атауы Мекенжайы
Наименование _____________________ Адрес ______________________
_____________________ Телефон ______________________
Электронды мекенжайы
Адрес электронной почты _____________________________________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ____________ Телефон ___________
Басшы (Т.А.Ә., қолы)
Руководитель ______________ (Ф.И.О., подпись) _______________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., қолы)
Главный бухгалтер _________ (Ф.И.О., подпись) _______________________
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы 2012 жылғы
28 маусымдағы № 157 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 275 бұйрығына 20-қосымша
«Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы
туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын (коды 1801101, индексі 1-KO, кезеңділігі
айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1801101, индексі 1-КO, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-KO, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруын нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) кеден одағының өзара саудасы (бұдан әрі - өзара сауда) – кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы сауда;
2) тауарлар экспорты – Кеден одағы мүшесінің – мемлекеттің материалдық қорын азайтатын, Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды әкету;
3) тауарлар импорты – Кеден одағы мүшесінің – мемлекеттің материалдық қорларды көбейтетін, Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкелу;
4) CIF (Cost, Insurance and Freight) (құн, сақтандыру және фрахт) – тауарды сату шарты, оған сәйкес тауар бағасына оның құны мен сақтандыру және тауарды импорттаушы – ел портына дейін тасымалдау бойынша шығыстар қосылады;
5) FOB (Free On Board) (кеме бортында еркін) – тауарды сату шарты, тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына жеткізу және тиеу бойынша шығыстар қосылады;
6) тауардың статистикалық құны – Америка Құрама Штаттары долларында (бұдан әрі – АҚШ доллары) көрсетілген, бағаның бірыңғай базисіне келтірілген (экспортталатын тауарлар үшін FOB бағасы типі, импортталатын тауарлар үшін – CIF бағасы типі бойынша) тауар құны. Құнын АҚШ долларына қайта есептеу Қазақстан Республикасы бойынша Ұлттық банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады;
7) фактуралық құн сатушыға күтілетін тікелей ақшалай төлем және құны мәмілеге қосылу немесе одан алынып тасталуы тиіс басқа да төлемдерді ескермеуі мүмкін. Әдетте фактуралық құн келісімнің құнын табу кезде, жөнелтетін нүктесі боп саналады;
8) тауардың шығарылған елі – тауары толық өндірілген немесе Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге немесе тәртіпке сәйкес, жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ел. Мұның өзінде, тауардың шығарылған елін анықтау мақсаты үшін оларды бөлу қажеттілігі болған жағдайда, тауардың шығарылған елі ретінде елдер тобы не елдердің кеден одақтары не елдің өңірі немесе бір бөлігі қарастырылады.
Егер тауарлар өндірісінде екі немесе одан да көп ел қатысса, тауарлардың шығарылған елі ретінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап беретін тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау бойынша соңғы операциялар жүргізілген ел болып саналады;
9) тауардың межелі елі – тауарды тұтынатын, қолданатын немесе қайта өңдейтін мемлекет.
Жеткілікті қайта өңдеу деп Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – КО СЭҚТН) бойынша кез келген бірінші төрт таңба деңгейінде осы тауардың жіктелімдік кодының өзгеруі нәтижесіндегі қайта өңдеу ұғынылады;
10) сатушы ел – аумағында тауарды сатып алушы немесе сатушы болып, заңды немесе жеке тұлға тіркелген (тұрақты тұратын) ел;
11) жөнелтуші ел – тауарды халықаралық тасымалдауды бастаған, көліктік (тасымалдау) құжаттарында мәліметтер көрсетілген ел.
3. Өзара сауда статистикасында – Кеден одағына мүше-мемлекеттер арасында серіктес елдер болып мыналар саналады:
Импорт кезінде – тауарды жөнелтуші ел;
Экспорт кезінде – тауардың межелі ел;
Тауарлар импортын есепке алу егер тауар шығарушы ел белгісіз және де тауар шығарылған елі Кеден одағының мүше мемлекеттің бірі болған жағдайларда жөнелтуші ел бойынша есептеледі.
Тауарлар импортын есепке алу, егер шығарушы ел және жөнелтуші ел белгісіз болса сатушы ел бойынша есептеледі.
Тауарлар экспортын есепке алу, егер межелі елі белгісіз болса сатушы ел бойынша есептеледі.
Өзара сауда статистикасы бойынша тауарлардың импорты мен экспортын есепке алу: импорттау кезінде – тауардың қоймаға келіп түскен сәтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сәтінде жүргізіледі.
Құбырмен (мұнай, газ және тағы басқалары) және электр таратушы желілермен тасымалданатын тауарлар импортын және экспортын есепке алу, оларды тасымалдаудың Кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамаларында және (немесе) халықаралық келісім шарттарында – белгіленген ерекшеліктеріне және ресми мәлімдеу тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Өзара сауда бойынша Кеден одағына мүше-мемлекеттің аумағына басқа Кеден одағына мүше-мемлекеттен әкелінетін немесе Кеден одағына мүше-мемлекет аумағынан басқа Кеден одағына мүше-мемлекеттің аумағына шығарылатын барлық тауарлар ескеріледі.
5. 1-КО нысанын қағаз түрінде және электронды түрде тапсыру жүзеге асырылады.
1-КО нысанын электронды түрде толтыру Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайтында орналасқан (сайттың «Негізгі» бетінде, «On-line есебі» айдарында) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
6. 1-тарауында экспорттаушы (импорттаушы) туралы ақпарат, яғни Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары өз серіктестері бойынша Кеден одағының елдерінен, тауарлы-жөнелтпе құжаттарында тауарды жөнелтушілер немесе күтіп алушылар деп көрсетілетін ақпарат толтырылады. Келесі мәліметтер көрсетіледі: 1 – жолда – заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, 2 – жолда – Елдер жіктеуішінің коды, 3 – жолда – Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөліністері жіктеуішінің коды, 5 – жолда – заңды тұлғалар үшін БСН коды, 6 – жолда – дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар үшін ЖСН коды, 4 – жолда – заңды тұлғалар үшін нақты мекенжайы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалардың нақты мекенжайы.
7. А және Б бағандары 2-тарауда тауарлардың атауы және коды КО СЭҚ ТН жіктеуіші қолданылады (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі сайтының «Жіктеуіштер» бөлімінде орналасқан).
Осы тарауда тауарлардың шексіз саны көрсетіледі. Мұның өзінде, әр тауар бойынша деректер толтырылады.
2 – бөлімді толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі сайтының «Негізгі» бетінде, «Сыртқы сауда» бөлімінде орналасқан жіктеуіштер пайдаланылады.
1, 3, 5, 7-бағандарда Елдер жіктеуішіне сәйкес, әлем елдерінің кодтары көрсетіледі.
9 – бағанда Көлік түрі және тауарларды тасымалдау жіктеуішіне сәйкес шекарадағы көлік түрінің коды келтіріледі.
10-бағанындағы кодтар Жеткізу шартының жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
11 – бағанда тауар салмағы килограммен көрсетіледі. Көрсетілетін мән егер тауарлардың жалпы салмағы бір килограмнан артық құраса, тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді. Егер тауардың жалпы салмағы елеусіз болса, онда мән үтірден кейін алты белгіге дейін дәлдікпен көрсетіледі.
13-бағанында тасымалданған тауарлар КО СЭҚ ТН көзделген қосымша өлшем бірліктерде (дана, литр, текше метр және басқа) және Өлшем бірліктердің жіктеуішіне сәйкес келтіріледі. Егер КО СЭҚ ТН белгілі бір тауар кодына қосымша өлшем бірлігі қарастырылмаған болса, онда сол тауар бойынша 12 және 13 – бағандар толтырылмайды.
15 және 16-бағандарда тауарды импорттау кезінде – тауардың қоймаға келіп түскен сәтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сәтіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валютадағы бағам қолданылады.
17-бағандағы кодтар Тауарларды ауыстыру ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
18 және 19-бағандарда Кеден одағына мүше-елдерінің сыртқы экономикалық қызметі қатысушылары арасында импорт-экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ресімделетін келісім-шарттың (шот-фактура) және өзге де құжаттың нөмірі (сандық және (немесе) әріптік символдар) мен күні көрсетіледі.