Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7865 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.09.24 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 46 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7571 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 12 маусымда № 313-317 (27391) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.12.2013 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі 
№ 215 қаулысына    
1-қосымша       

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын
жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз
активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары

      Осы Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздардың Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың 2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкестігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 ереже) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;
      2) банк – жарғылық капиталдарындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;
      3) баланстық құн – негізгі борыштың, есептелген сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл), сыйлықақының немесе дисконттың жиынтық құны;
      4) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны – тәуелсіз бағалаушы айқындайтын, Ұйымның тәуекелдерімен және шығыстарымен байланысты дисконтын шегергендегі құны;
      5) шарт – мәні Ұйымның банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемдену болып табылатын Ұйым және банк арасында жасалатын шарт.
      2. Дисконт Ұйымның тәуекелдері мен шығыстарын, оның ішінде:
      қамтамасыз етудің (құнсызданудың) құнын төмендету тәуекелдерімен;
      иемденетін активті бағалау шығыстарымен;
      қамтамасыз етуді ресімдеу және өткізу, оның ішінде сот арқылы және соттан тыс өткізу, мемлекеттік баж салығын төлеу, соттан тыс өткізу кезіндегі аукциондық алым шығыстарымен;
      консультанттардың заң қызметтеріне (тартуға) жұмсалатын шығыстармен;
      кепіл мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде кепіл мүлкін сақтандыру және күзету қызметтерінің ақысын төлеу шығыстарымен;
      мүлікті күтіп ұстау, оның ішінде коммуналдық қызметтердің, мүлік және жер салығын төлеу шығыстарымен;
      бағалы қағаздарды эмиссиялау шығыстарымен;
      сенімгерлік басқару шығыстарымен;
      күмәнді және үмітсіз активтерді иемдену шығыстарымен байланысты тәуекелдері мен шығыстарын құрайды;
      3. Ұйым иемденетін күмәнді және үмітсіз активтердің құны мына тәсілдердің бірімен анықталады:
      1) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны бойынша;
      2) шартты жасау күнгі осы актив бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтің баланстық құны бойынша;
      3) шартты жасау күнгі күмәнді немесе үмітсіз активтің баланстық құны бойынша.
      Ұйым иемденетін күмәнді немесе үмітсіз активтің құнын айқындау тәсілін таңдайды.
      Егер Ұйым жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ұйымның сатып алуына банк ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін белгілесе, банк осындай бағалауды жүргізу шығыстарын өтейді.
      4. Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді баланстық құны бойынша иемденген кезде, олардың құны Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) және № 296 ереженің талаптарына сәйкес осы активтер бойынша қалыптастырылған провизиялардың ең көбін шегергенде баланстық құн ретінде айқындалады.
      5. Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді дисконт қолданылған құны бойынша не баланстық құны бойынша иемденген кезде, Ұйым иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірісті алады не иемденген күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстарды толық көлемде көтереді.
      Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептемегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді баланстық құны бойынша иемденген кезде, иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірістер не күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстар ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерін берген банк пен Ұйым арасында Ұйым осы банктің келісімімен айқындайтын арақатынаста бөлінеді.
      6. Иемденетін күмәнді және үмітсіз активтерге тәуелсіз бағалау жүргізуді мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау, сондай-ақ зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы, бағалау қызметі нарығында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мүшелерінің құрамына кіргізілген елде бас офисі, сондай-ақ Халықаралық бағалау стандарттары саласында халықаралық сертификациясы, сондай-ақ Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшелері болып табылатын шетелдік институттар берген біліктілік куәліктері бар кемінде 3 (үш) маманы бар тәуелсіз бағалау компаниясы жүзеге асырады.
      7. Ұйым банктерден иемденген күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды мына тәсілдердің бірімен:
      1) Ұйыммен дербес;
      2) күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйым иемденген банктермен дербес не Ұйыммен бірлесіп;
      3) басқа да қаржы ұйымдарымен, кәсіби сарапшылармен және халықаралық аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен жүзеге асырады.
      8. Қарыз алушының төлем қабілетсіздігімен немесе қарыз алушының қарыз бойынша міндеттемелерін орындамауымен байланысты сотта оларға қатысты талқылау жүргізіліп жатқан не сот шешімдері қабылданған күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды Ұйым осы активтерді иемденуге берген банкпен бірлесіп жүзеге асырады.
      9. Басқару тәсілін таңдауды Ұйым банкпен келісу бойынша жүзеге асырады.
      10. Ұйым өзінің қызметі туралы есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі 
№ 215 қаулысына    
2-қосымша       

Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге
қойылатын талаптар

      Осы Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды белгілейді.
      1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) банк – жарғылық капиталындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;
      2) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздардың Талаптардың 2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкестігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;
      3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – Қазақстан Республикасына Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттіктері берген рейтингілер;
      4) шарт – мәні Ұйымның банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемдену болып табылатын Ұйым және банк арасында жасалатын шарт.
      2. Ұйым күмәнді және үмітсіз қарыздар бойынша талап ету құқығын осындай қарыздар бір уақытта мына критерийлерге сәйкес келгенде иемденеді:
      1) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күмәнді және үмітсіз ретінде жіктелген қарыздар;
      2) қарыздар бойынша қарыз алушылар заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резиденттері) болып табылады;
      3) Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген кепіл түрлерін қоспағанда, кепілмен қамтамасыз етілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері эмитенттер шығарған және «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес эмитенттер шығарған бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қарыздар;
      4) шартты жасау күніндегі негізгі борыш сомасын, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешектің қалдығы 60 (алпыс) және миллионнан астам теңгені немесе шетел валютасында балама соманы құрайды.
      3. Ұйым:
      1) қарыз тұтынушы болып табылған;
      2) қарыз тұрғын үй, тұрғын үй кешендерін салуға берілген;
      3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне сәйкес келетін немесе асып кететін кредиттік рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – эмитенттері шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлік және мүліктік құқық не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымында шектеулі мүлік, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері, қайта салу кезеңіндегі объектілер, жиһаз кепіл мәні болып табылған;
      4) қарыз бойынша жалғыз кепіл түрі:
      жылжымайтын тұрғын үй;
      компьютер жабдығы және техника;
      арнайы техника;
      айналымдағы тауарлар;
      болашақта түсетін мүлік;
      жер қойнауын пайдалану құқығы;
      авторлық құқық;
      лицензиялар;
      патенттер;
      талап ету құқықтары;
      жерді пайдалану құқығы;
      жалдау құқығы;
      тауар белгісіне арналған құқық;
      үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілдемелері болған жағдайларды қоспағанда, банктерден қарыздар бойынша талап ету құқығын иемденеді.
      Ұйым:
      жылжымайтын тұрғын үйді, кепілдіктер мен кепілдемелерді қоспағанда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген, жиынтық мөлшері қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 10 (он) пайызынан аспайтын кепіл мүлкінің түрлерімен;
      қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшердегі жылжымайтын тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша талап ету құқығын иемденеді.

Об утверждении Правил осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, оценки и приобретения сомнительных и безнадежных активов, а также Требований к приобретаемым (приобретенным) ею сомнительным и безнадежным активам

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 04 июля 2012 года № 215. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2012 года № 7865. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 179

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.09.2014 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить:
      1) Правила осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, оценки и приобретения сомнительных и безнадежных активов, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;
      2) Требования к приобретаемым (приобретенным) сомнительным и безнадежным активам согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      2. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 46 «Об утверждении Правил осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, некоторых видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) ею сомнительным и безнадежным активам» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7571, опубликованное 12 июня 2012 года в газете «Казахстанская правда» № 181-182 (27000-27001)).
      3. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 11.12.2013 № 272 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Приложение 1        
к постановлению Правления 
Национального Банка     
Республики Казахстан     
от 4 июля 2012 года № 215  

Правила осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, оценки и приобретения сомнительных и безнадежных активов

      Настоящие Правила осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, оценки и приобретения сомнительных и безнадежных активов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» (далее – Закон) и устанавливают порядок осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня (далее – Организация), видов деятельности, предусмотренных пунктом 2 статьи 5-1 Закона.
      1. Для целей Правил используются следующие понятия:
      1) сомнительные и безнадежные активы – права требования по займам (группе займов с однородными характеристиками), классифицированным как «сомнительные 5 категории» или «безнадежные» в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 «Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизии (резервов) против них», (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4580) (далее - Правила № 296) с учетом соответствия займов критериям, установленным в пункте 2 Требований к приобретаемым (приобретенным) сомнительным и безнадежным активам;
      2) банк – банк второго уровня, за исключением банка, более пятидесяти процентов долей участия в уставном капитале либо размещенных акций которого принадлежат Правительству Республики Казахстан или национальному управляющему холдингу;
      3) балансовая стоимость – совокупная стоимость основного долга, начисленного вознаграждения, неустойки (штрафа, пени), премии или дисконта;
      4) стоимость сомнительных и безнадежных активов с применением дисконта – стоимость, определяемая независимым оценщиком, за минусом дисконта Организации, связанного с ее рисками и расходами;
      5) договор - договор, заключаемый между Организацией и банком, предметом которого является приобретение Организацией сомнительных и безнадежных активов банка.
      2. Дисконт включает риски и расходы Организации, в том числе связанные с:
      рисками снижения стоимости обеспечения (обесценения);
      расходами по оценке выкупаемого актива;
      расходами по оформлению и реализации обеспечения, в том числе судебной и внесудебной реализации, оплате государственной пошлины, аукционному сбору при внесудебной реализации;
      расходами на юридические услуги (привлечение) консультантов;
      расходами по обеспечению сохранности залогового имущества, в том числе страхованию залогового имущества и оплате услуг за охрану;
      расходами по содержанию имущества, в том числе по оплате коммунальных услуг, налога на имущество и землю;
      расходами по эмиссии ценных бумаг;
      расходами по доверительному управлению;
      расходами по выкупу сомнительных и безнадежных активов.
      3. Стоимость сомнительных и безнадежных активов, приобретаемых Организацией, определяется одним из следующих способов:
      1) по стоимости сомнительных и безнадежных активов с применением дисконта;
      2) по балансовой стоимости сомнительного или безнадежного актива с учетом провизий, сформированных по данному активу на дату заключения договора;
      3) по балансовой стоимости сомнительного или безнадежного актива на дату заключения договора.
      Организация выбирает способ определения стоимости приобретаемого сомнительного или безнадежного актива.
      Если Организацией по результатам проведенной независимой оценки будет установлено несоответствие сомнительных и безнадежных активов, представленных банком к выкупу Организацией, требованиям Правил, банк возмещает расходы по проведению данной оценки.
      4. При приобретении сомнительных и безнадежных активов по балансовой стоимости с учетом провизий, сформированных по данным активам, их стоимость определяется как балансовая стоимость за вычетом наибольшей из величин провизий, сформированных по данным активам в соответствии с требованиями Международных стандартов финансовой отчетности (далее – МСФО) и Правил № 296.
      5. При приобретении сомнительных и безнадежных активов по стоимости с применением дисконта либо по балансовой стоимости с учетом провизий, сформированных по данным активам, Организация получает доходы от восстановления стоимости приобретенных сомнительных и безнадежных активов либо несет расходы от снижения стоимости приобретенных сомнительных и безнадежных активов в полном объеме.
      При приобретении сомнительных и безнадежных активов по балансовой стоимости без учета провизий, сформированных по данным активам, доходы от восстановления стоимости приобретенного сомнительных и безнадежных активов либо расходы от снижения стоимости сомнительных и безнадежных активов распределяются между банком, передавшим сомнительные и безнадежные активы организации, и Организацией в соотношении, определяемом Организацией по согласованию с данным банком.
      6. Проведение независимой оценки приобретаемых сомнительных и безнадежных активов осуществляется независимой оценочной компанией, обладающей лицензией на осуществление деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов), а также оценке интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов, опытом работы на рынке оценочной деятельности не менее 5 (пяти) лет, головным офисом в стране, включенной в состав членов Организации экономического сотрудничества и развития, а также имеющей в штате не менее 3 (трех) специалистов, имеющих международную сертификацию в области Международных стандартов оценки, а также квалификационные свидетельства, выданные иностранными институтами, являющимися действительными членами Международной федерации бухгалтеров.
      7. Управление сомнительными и безнадежными активами, приобретенными Организацией у банков, осуществляется одним из следующих способов:
      1) Организацией самостоятельно;
      2) банками, у которых Организацией были приобретены сомнительные и безнадежные активы, самостоятельно либо совместно с Организацией;
      3) иными финансовыми организациями, профессиональными экспертами и международными аудиторами и аудиторскими организациями.
      8. Организация осуществляет управление сомнительным или безнадежным активом, в отношении которого ведется судебное разбирательство либо приняты судебные решения, связанные с неплатежеспособностью заемщика или с неисполнением заемщиком обязательств по займу, совместно с банком, у которого был приобретен данный актив.
      9. Выбор способа управления осуществляется Организацией по согласованию с банком.
      10. Организация ежеквартально не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным, предоставляет отчетность о своей деятельности в Национальный Банк Республики Казахстан.

Приложение 2        
к постановлению Правления  
Национального Банка     
Республики Казахстан     
от 4 июля 2012 года № 215  

Требования
к приобретаемым (приобретенным) сомнительным и безнадежным активам

      Настоящие Требования к приобретаемым (приобретенным) сомнительным и безнадежным активам (далее - Требования) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» и устанавливают требования к приобретаемым (приобретенным) организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня (далее - Организация), сомнительным и безнадежным активам.
      1. Для целей Требований используются следующие понятия:
      1) банк – банк второго уровня, за исключением банка, более пятидесяти процентов долей участия в уставном капитале либо размещенных акций которого принадлежат Правительству Республики Казахстан или национальному управляющему холдингу;
      2) сомнительные и безнадежные активы – права требования по займам (группе займов с однородными характеристиками), классифицированным как «сомнительные 5 категории» или «безнадежные» в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 «Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизии (резервов) против них», (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4580) с учетом соответствия займов критериям, установленным в пункте 2 Требований;
      3) суверенный рейтинг Республики Казахстан – рейтинги, присвоенные Республике Казахстан международными рейтинговыми агентствами Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service;
      4) договор – договор, заключаемый между Организацией и банком, предметом которого является приобретение Организацией сомнительных и безнадежных активов банка.
      2. Права требования по сомнительным и безнадежным займам приобретаются Организацией в случае соответствия таких займов одновременно следующим критериям:
      1) займы классифицированы как сомнительные и безнадежные по состоянию на 1 января 2012 года;
      2) заемщиками по займам являются юридические лица (резиденты Республики Казахстан);
      3) займы обеспечены залогом, в том числе ценными бумагами, выпущенными эмитентами – резидентами Республики Казахстан и включенными в официальный список акционерного общества «Казахстанская фондовая биржа», а также эмитентами – нерезидентами Республики Казахстан, с кредитным рейтингом, соответствующим или превышающим суверенный рейтинг Республики Казахстан, за исключением видов залога, указанных в пункте 3 Требований;
      4) остаток задолженности, включая сумму основного долга, начисленное вознаграждение, неустойку (штрафы, пени), на дату заключения договора, составляет 60 (шестьдесят) и более миллионов тенге или эквивалентную сумму в иностранной валюте.
      3. Организация приобретает права требования у банков по займам, за исключением следующих случаев:
      1) заем является потребительским;
      2) заем выдан на строительство жилья, жилищных комплексов;
      3) предметом залога является имущество и имущественные права, находящиеся за пределами Республики Казахстан, за исключением ценных бумаг, выпущенных эмитентами – нерезидентами Республики Казахстан, с кредитным рейтингом, соответствующим или превышающим суверенный рейтинг Республики Казахстан, либо имущество, ограниченное в гражданском обороте в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, а также объекты незавершенного строительства, объекты, находящиеся в стадии реконструкции, предметы мебели;
      4) единственным видом залога по займу выступает:
      жилая недвижимость;
      компьютерное оборудование и техника;
      специальная техника;
      товары в обороте;
      имущество, поступающее в будущем;
      права недропользования;
      авторские права;
      лицензии;
      патенты;
      права требования;
      право землепользования;
      право аренды;
      право на товарный знак;
      гарантии и поручительства третьих лиц.
      Организация приобретает права требования по займам, обеспеченным:
      видами залогового имущества, указанным в подпункте 4) настоящего пункта, за исключением жилой недвижимости, гарантий и поручительств, в совокупном размере не более 10 (десяти) процентов от общей залоговой стоимости обеспечения;
      жилой недвижимостью в размере не более 30 (тридцать) процентов от общей залоговой стоимости обеспечения.