Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7926 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 253 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын
және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген
банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.08.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болып табылатын және жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын банкноттары мен монеталары;

      2) айналыстан алынған банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болуы тоқтатылған банкноттары мен монеталары;

      3) банктер – екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы;

      4) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған, бүлінулері бар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталары;

      5) Ұлттық Банктің филиалдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Айналыстан алынатын және алынған банкноттар мен монеталарды айырбастау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.08.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленген кезеңде заңды төлем құралы болып табылады, шектеулерсіз Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады, банк шоттарына есепке алынады, барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында шектеусіз айырбасталады.

      5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12946 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларында белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 02.07.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.08.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар заңды төлем құралы болып табылады.

      7. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.

      8. Банктерге келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығына күмән болған жағдайда, олар түпнұсқалығын анықтау үшін банкке өткізіледі. Банк оларды сараптамаға Ұлттық Банктің филиалына түпнұсқалығын анықтау үшін жібереді.

      Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Об утверждении Правил обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 253. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2012 года № 7926.

      В соответствии с подпунктом 3) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.06.2022 № 52 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Председатель
Национального Банка
Г. Марченко

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 августа 2012 года
№ 253

Правила
обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 17.08.2020 № 97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан".

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.06.2022 № 52 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют порядок обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан.

      3. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) банкноты и монеты, изымаемые из обращения, – банкноты и монеты национальной валюты Республики Казахстан старого образца, являющиеся законным платежным средством и находящиеся в параллельном обращении с банкнотами и монетами нового образца;

      2) банкноты и монеты, изъятые из обращения, – банкноты и монеты национальной валюты Республики Казахстан старого образца, переставшие быть законным платежным средством;

      3) банки – банки второго уровня и Национальный оператор почты;

      4) ветхие и поврежденные банкноты и монеты – ветхие банкноты и дефектные (поврежденные) монеты национальной валюты Республики Казахстан, имеющие повреждения, определенные Правилами определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2017 года № 230 "Об утверждении Правил определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16120;

      5) филиалы Национального Банка – территориальные филиалы Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) и Центр кассовых операций и хранения ценностей (филиал) Национального Банка.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 02.07.2019 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Обмен банкнот и монет, изымаемых и изъятых из обращения

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 17.08.2020 № 97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Банкноты и монеты, изымаемые из обращения, в период параллельного обращения с банкнотами и монетами нового образца, установленный постановлением Правления Национального Банка, являются законным платежным средством, без ограничений принимаются на всей территории Республики Казахстан по всем видам платежей, зачисляются на банковские счета, обмениваются во всех банках и филиалах Национального Банка.

      5. Банкноты и монеты, изъятые из обращения, обмениваются банками и филиалами Национального Банка на банкноты и монеты, являющиеся законным платежным средством, в течение периода времени и в порядке, установленном Правилами замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты Республики Казахстан при изменении их дизайна (формы), утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 228 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты Республики Казахстан при изменении их дизайна (формы)", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12946.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 02.07.2019 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Обмен ветхих и поврежденных банкнот и монет

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 17.08.2020 № 97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Ветхие и поврежденные банкноты и монеты являются законным платежным средством.

      7. Ветхие и поврежденные банкноты и монеты обмениваются во всех банках и в филиалах Национального Банка по нарицательной стоимости без каких-либо ограничений.

      8. Поступившие в банки ветхие и поврежденные банкноты и монеты отсортировываются, в обращение не выпускаются и передаются в филиалы Национального Банка в порядке, установленном Правилами осуществления кассовых операций и операций по инкассации банкнот, монет и ценностей в банках второго уровня, филиалах банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национальном операторе почты и юридических лицах, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 231, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19680.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.06.2022 № 52 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В случае наличия сомнений в подлинности ветхих и поврежденных банкнот и монет, они сдаются в банк для определения подлинности. Банк направляет их на экспертизу в филиал Национального Банка для установления подлинности.

      Филиал Национального Банка проводит экспертизу и обмен ветхих и поврежденных банкнот и монет в соответствии с Правилами ведения кассовых операций с физическими и юридическими лицами в Национальном Банке Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 сентября 2020 года № 120 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций с физическими и юридическими лицами в Национальном Банке Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21299).

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка РК от 27.05.2013 № 128 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования); от 19.12.2015 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 24.05.2021 № 51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).