Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2256 нөмірімен тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 17 мамырда № 20 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын), оның iшiнде сараланған тарифтер жобасын бекiту туралы өтiнiмдердi берген және шешiм қабылдаған кезде, сондай-ақ тарифтiк сметаның орындалуы туралы есептi қараған кезде уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар субъектiлерi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2438 нөмірімен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi - Ерекше тәртiп), сондай-ақ тарифтік сметаның орындалуы туралы есептi қарау кезінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің әдістемелерін қоса алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлiк есеп стандарттары, салық заңнамасы белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Табиғи монополия субъектісін құру немесе қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ қолданылу мерзімін шектей отырып бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының), оның ішінде сараланған тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталған соң табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге өтінім береді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның iшiнде сараланған тарифтердi өзгерту Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған өтініммен бірге тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей, ал инвестициялық тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтініммен – инвестициялық жобаны табыс етеді.
Уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі экономикалық негізделген есептер мен жаңа тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшін өтінім берген кездегі көлемде өзге ақпаратты бір ай мерзімінде ұсынады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге берiлген өтiнiмге:
1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
2) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) жобасы;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірімен тіркелген) сәйкес бекітілген нысандағы ұйымның бухгалтерлiк теңгерімі;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірімен тіркелген) сәйкес бекітілген нысандағы пайдалар мен залалдар туралы есеп;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірімен тіркелген) сәйкес бекітілген нысандағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 нөмірімен тіркелген) сәйкес бекітілген нысандағы капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
7) қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;
8) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген еңбек жөнiндегi (1-т нысаны) есеп;
9) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген жекелеген лауазымдар мен кәсiптер бойынша қызметкерлер жалақыларының мөлшерi туралы есеп (2-Т проф);
10) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген 1-ПФ нысаны бойынша кәсiпорынның (ұйымның) өндiрiстiк-қаржылық қызметi туралы есеп, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 2-МП нысаны бойынша қызметтiң негiзгi көрсеткiштерi;
11) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген негiзгi қаражаттар мен материалдық емес активтердiң болуы және қозғалысы туралы есеп (№ 11 нысаны);
12) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жиынтық деректер;
13) осы Ереженің 28-қосымшасына сәйкес тарифтiк сметаны, нақты шығындарды негiздейтiн материалдарды қоса отырып, орындау туралы есеп;
14) дебиторлық және кредиторлық берешектердi таратып жазу;
15) өзге және басқа шығыстарды ашып көрсету;
16) бекiтiлген инвестициялық бағдарлама (жоба);
17) уәкiлеттi орган бекiткен және өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын:
нормативтiк техникалық ысыраптардың;
персоналдың нормативтiк санының;
шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының болуын растайтын мәлiмет;
18) уәкiлеттi орган келiскен және өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын:
штат кестесiнiң және әкiмшiлiк персоналы басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шектi деңгейiнiң (жарғылық капиталын мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлға болып табылатын немесе жарғылық капиталын мемлекеттiң қатысуымен аффилиирленген табиғи монополия субъектiсiнiң);
негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасының;
есепке алу саясаттың болуын растайтын мәлiмет;
19) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмi;
20) негiзгi құралдарды қайта бағалаудың соңғы нәтижелерi туралы мәлiмет;
21) негiзгi құралдарды пайдалануға берiлген мерзiмдерi көрсетiлген амортизациялық аударымдардың есебi;
22) Ерекше тәртiпке сәйкес тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн нақты жұмсалған шығыстар туралы мәлiметтер;
23) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдерiн (ниет хаттамаларын, шартты, жалпыға бiрдей сапалы қызмет көрсету мiндетiнiң қағидатына сүйене отырып, тауарлар өндiрiсi көлемiнiң есебiн және табиғи монополия субъектiлерiнiң мүмкiндiктерiн, немесе тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жоғары деңгейiн қолдау мақсатында, өндiрiс көлемдерiн төмендетуге жол бермеудi, тұтынушы сұранысын маркетингтiк зерттеулер материалдарын) растайтын құжаттар;
24) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
25) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Ереженiң 2-27 және 29-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы;
26) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн таза табысты (пайданы) пайдалану туралы ақпарат;
27) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат;
28) уәкiлеттi орган белгiлеген шама мен мерзiмге және экономикалық тиiмдiлiктiң деректерi мен есебiн қамтитын өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөнiндегi, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптарды төмендету жөнiндегi iс-шаралар жоспары (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату, су шаруашылығы жүйесi, мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi ұсынады);
29) қаржылық және техникалық сараптама қорытындылары қоса берiледi.»;
10-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтінімге қоса берілген есептер мен негіздеуші материалдар мынадай талаптарға сәйкес жасалады:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) негіздеуші материалдар ретінде өтінім беруден бұрынғы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
табиғи монополия субъектісі өтінімді қарауға қабылдағаннан кейін күнтізбелік 15 күннің ішінде уәкілетті органға өтінім беруден бұрынғы 4-тоқсан ішіндегі шығындар туралы нақтыланған іс жүзіндегі деректерді ұсынады.»;
11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін өтінімдерді қарауға қабылдау туралы немесе өтінімдерді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы бас тарту себептерін келтіре отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектiлерiнiң өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартудың себептерi:
1) өтiнiм берудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) осы Ереженiң 7, 8, 8-1 және 8-3-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау;
3) табиғи монополия субъектiнде уәкiлеттi орган бекiткен және (немесе) келiскен және өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын:
нормативтiк техникалық ысыраптардың;
персоналдың нормативтiк санының;
шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының;
штат кестесiнiң және әкiмшiлiк персоналы басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шектi деңгейiнiң (жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлға болып табылатын немесе жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектiсi);
негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасының есепке алу саясатының болмауы;
4) ұсынылған құжаттардың осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес келмеуi;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық тарифтi бекiтуге өтiнiм беру жағдайларын қоспағанда, заңнамада белгiленген конкурс (тендер) өткізу туралы талаптарды, сондай-ақ өзге тәсiлдермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу туралы талаптарды бұзу;
6) сенiмдi емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.»;
11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1. Көрсетілген себептермен өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартылған кезде, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға бас тартылған сәттен бастап кемінде күнтізбелік отыз күннен кейін өтінім береді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты өтінім беруші «коммерциялық құпия» деген белгімен ұсынады және жеке мұқабада жібере алады және өтінішті қарауға арналған ақпараттар (құжаттар) пакетіне енгізіледі.
Ақпарат құрамындағы коммерциялық құпия оны уәкілетті органға ұсынудан бас тартудың негізі бола алмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты уәкілетті органға ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің түбегейлі тізбесін көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін бекіту туралы актісінің көшірмесін қоса береді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған тарифтер жобаларын уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық жағынан негізделген есептерді ұсынған кезде уәкілетті орган күнтізбелік елу бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының), инвестициялық тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының), оның ішінде, сараланған тарифтер жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.
Төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде қарайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы қосымша ақпаратты оны ұсыну мерзімін көрсете отырып құзыретті органдардан және табиғи монополия субъектісінің өзінен сұратады.
Табиғи монополия субъектісі талап еткен ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде негіздемесіне ақпарат ұсынылмаған деректерді ескермейді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей жолдайды.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Табиғи монополия субъектісі тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгергені, сараланған және инвестициялық тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) бекітілгені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) төтенше реттеуші шаралар ретінде өзгерткен жағдайда табиғи монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) төтенше реттеуші шаралар ретінде бекіту туралы шешім қабылдайды, бұл ретте осы Қағидалардың 6, 15, 19, 20, 22-тармақтарындағы талаптар қолданылмайды.»;
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы жылдың аяғына дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей тарифтік сметаны түзету туралы ұсыныспен уәкілетті органға өтініш білдіреді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Уәкілетті орган тарифтік сметаны түзету бойынша құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
29-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29-2. Салыстырмалы талдау әдiсiн қолданып, тариф бекiту үшiн ӨЭК жыл сайын 31 тамыздан кешiктiрмей:
1) уәкiлеттi органға негiздеушi материалдарды қоса бере отырып, өндiрiстiк және қаржылық көрсеткiштер туралы ақпаратты (осы Ереженiң 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
2) уәкiлеттi органға немесе табиғи монополиялар субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тіркелімін жергiлiктi жері бойынша енгiзiлген оның аумақтық органдарына негiздеушi материалдарды қоса бере отырып, мына ақпаратты:
өткен күнтiзбелiк жылдағы электр энергиясын беру және тарату бойынша көрсетiлген қызметтердiң нақты шығындары мен көлемдерi туралы ақпаратты;
алдағы үш жылға арналған электр энергиясын беру және тарату бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланып отырған шығындары мен көлемдерi туралы ақпаратты;
алдағы үш жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) туралы мәліметтерді;
нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;
алдағы үш жылға бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар туралы мәліметтерді береді.»;
29-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29-3. ӨЭК тарифтiң өзгеруi туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей жеткiзеді, төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген тарифті қоспағанда, ол туралы ақпарат тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей жеткізіледі.»;
31-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
32-тармақ алып тасталсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Уәкiлеттi орган тұтынушылардың арыздары, шағымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi бойынша және өз бастамасы бойынша табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада бекiтiлген тарифтiк сметаны орындамау, сол сияқты тарифтiк сметаны орындау туралы жобаны және (немесе) есептi уәкiлеттi органға ұсынбау бөлiгiнде бұзылғанын анықтап, қажет болған жағдайда:
1) қолданыстағы тарифтiк сметаға өзгерiс енгiзуге бастамашылық етеді;
2) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ден қою шараларын қолданады;
3) уақытша өтемдiк тарифті белгiлейді.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов