Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 342 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 8002 тіркелді

      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында:
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған, келушілер күтетін (холл), нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын кабинеттерден тұрады.
      Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке үй-жай болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
      Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.».
      2. «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тағылымдамадан өтуші Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген нотариуста тағылымдамадан өтеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тағылымдамадан өтушінің теориялық дайындығы тізбесін аумақтық нотариаттық палата бекіткен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерделеу арқылы жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасының 3 абзацын, орыс тілінде өзгертусіз, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      «тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өз қолымен жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілерін қамтиды.».
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы К.Т. Ноғайбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                                     Б. Имашев

      «Келісілді»
      Республикалық нотариаттық
      палатаның Төрағасы
      2012 жылғы ________________
      ____________ Ә.Б. Жанәбілова

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 октября 2012 года № 342. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2012 года № 8002

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 32 Закона Республики Казахстан "О нотариате", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1.  В приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 "Об утверждении Требований к помещению нотариуса" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7444, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 26 мая 2012 года, № 154-156 (26973-26975) внести следующие изменения:
      в Требованиях к помещению нотариуса, утвержденных указанным приказом:
      часть первую пункта 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Не допускается размещение помещения нотариуса в подвальных помещениях, подземных переходах, киосках, паркингах и других временных строениях.";
      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Помещение нотариуса состоит из кабинета для совершения нотариальных действий, помещения для ожидания посетителей (холла), помещения для хранения нотариального делопроизводства.
      При отсутствии отдельного помещения для хранения нотариального делопроизводства, допускается хранение нотариального делопроизводства в запираемых металлических шкафах в кабинете для совершения нотариальных действий.
      Здание, в котором расположено помещение нотариуса, должно соответствовать требованиям Правил пожарной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1682 и Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации жилых и других помещений, общественных зданий", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1431.".
      2. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 36 "Об утверждении Единой программы профессиональной подготовки стажеров и признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7451, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 26 мая 2012 года, № 154-156 (26973-26975) следующие изменения и дополнение:
      в Единой программе профессиональной подготовки стажеров, утвержденной указанным приказом:
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Стажер проходит стажировку у нотариуса, утвержденного решением Правления нотариальной палаты.";
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Теоретическая подготовка стажера осуществляется путем самостоятельного изучения нормативных правовых актов, перечень которых утверждается территориальной нотариальной палатой.";
      в абзац третий подпункта 3) пункта 6 на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан Ногайбекова К.Т.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       Б. Имашев

      Согласовано
      Председатель Республиканской
      нотариальной палаты
      __________________ А.Б. Жанабилова
      ___  ___________ 2012 года