Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1077 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса бepiліп отырған Өрт қaуiпciздiгi қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1682 қаулысымен
бекітілген
Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.
2. Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиіс.
3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
5. Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.
6. Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.
2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртібі
7. Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.
9. Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталу тогынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.
10. Барлық ток өткізгіш бөліктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.
11. Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізіледі.
12. Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарының қосылған және тармақталған жерлері, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткізгіштер мен кабельдердің тұтас жерлері сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.
13. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төселген өткізгіштерден басқа өткізгіштер мен кабельдердің қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерінде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтарда немесе оларда, сондай-ақ роликте орындалады.
Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етіледі.
14. Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткізгіштері ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.
15. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, осы мақсатқа арналған иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.
16. Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін өзіндік электр желісі қарастырылады.
17. Құрылыс алаңында уақытша электр өткізгішін жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерінен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биіктікте оқшауланған өткізгішпен орындалып, сым арқан мен берік тіреулерге ілінеді.
18. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.
Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
3-тарау. Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі
19. Жылыту жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.
20. Өндірістік және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлінген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргізеді.
21. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулік бойы адамдар жаппай болатын объектілерде ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.
Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін бір сағат бұрын тоқтатылады.
22. Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.
23. Пеш оттығына сұйық отынды жеткізу тек саңылаусыз металл отын өткізгіш арқылы ғана жүргізіледі. Тек зауытта шығарылған отын өткізгіш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берілмейді.
24. Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;
2) жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткізгіштердегі қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;
3) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі тиіс.
25. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:
1) отын өткізгіштерінің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс істеуге;
2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;
3) тыныс алу құбырларының үй-жайлардың ішіне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс істеуге;
4) ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);
5) жылу шығаратын аппараттарды қосу үшін резеңке немесе полимер шлангілер мен муфталарды қолдануға;
6) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;
7) отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;
8) қысқа мерзімге тоқтап тұрғаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты іске қосуды жүзеге асыруға;
9) жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;
10) жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;
11) жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;
12) жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз
қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;
13) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берілмейді.
26. Электрокалориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берілуін болдырмайтын бұғаттағышы және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға беріледі;
2) электрокалориферді монтаждау, оны жұмысқа дайындау және іске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.
27. Калориферлерді пайдалану кезінде:
1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;
2) электрокалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;
3) электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температураны арттыруға;
4) желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);
5) электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.
4-тарау. Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі
28. Желдеткіш жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.
29. Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендірмелер, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақытылы тазартылады.
30. Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады. Оларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
5-тарау. Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі
31. Тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсетуді арнайы дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырады. Олардың дербес жұмыс істеуіне рұқсат беру объект бойынша өкіммен жүзеге асырылады.
32. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелері үй-жайларында кемінде екі хладоагентті булардың газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғыш желдеткішпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.
33. Хладоагенті (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлімшелерінде сақтауға жол берілмейді.
Хладоагенттері бар коммуникацияларды эвакуациялау дәліздерінде және өтетін жерлерде, сатылы торларда, көтергіш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауіпті үй-жай арқылы транзиттік төсеуге жол берілмейді.
34. Машина және аппарат бөлімшелерінің желдеткіш жүйелері басқа үй-жайлардың желдеткіш жүйелерінен оқшауланады.
35. Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарық беруі үнемі жарамды күйде ұсталады.
36. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады.
37. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану барысында жеңіл лақтырылатын элементтерін (панелдерді, терезелерді, есіктерді) құрылымдардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол берілмейді.
38. Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелі бақылау белгіленеді. Газ шығаратыны анықталған жағдайда ақаулығын жою үшін компрессорды тоқтату керек. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттің шығатыны анықталған жағдайда олар дереу ауыстырылуы тиіс.
39. Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс істеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегі қысымды төмендетпей (түсірмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтерді тығыздауға жол берілмейді.
Компрессорлардың барлық үйкелетін бөліктері үнемі майланады.
40. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерін алдын ала тексеру кезінде жарылыстан қорғала жасалған кернеулігі 12 Вольттан аспайтын жарық беруге арналған тасымалданатын шамдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
41. Жүйені толтыруды тездету үшін хладоагенттері бар баллондарды жылытуға жол берілмейді. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерінен кемінде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады.
42. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек саны ауысымдық қажеттіліктен аспайтын жабық металл ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.
43. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттің түсу мүмкіндігін болдырмау қажет.
44. Аппараттардан майды жіберу май жинағышта ерітілген хладоагентті алдына ала сорып алғаннан кейін сол арқылы жүргізіледі.
Май жинағыштан май желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жіберіледі.
45. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.
46. Компрессорлық бөлектеу үй-жайларында компрессорлармен құрылымдық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттар мен жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берілмейді.
47. Құбырларды, бекіту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді. Оларды қыздыру үшін ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.
48. Хладоагенттері бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгілеулермен қамтамасыз етіледі.
49. Хладоагенттері бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын, сондай-ақ хладоагентті тиісті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей өзгертуге жол берілмейді.
50. Хладоагенттері бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкін жерлерге қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпірлер орнатылады.
51. Хладоагенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатынға ауыстыруға жол берілмейді.
52. Тоңазытқыш станциясы кемінде екі шығу жолымен жабдықталады, оның біреуі тікелей сыртқа қарай орнатылады.
53. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары өздігінен сәл тығыз жабылатын есіктермен жабдықталады.
6-тарау. Инженерлік жабдықтың басқа түрлерін ұстау тәртібі
54. Инженерлік жабдықты пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары орындалады.
55. Ұйымдардың «өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтіні пайдалануы ұйым басшысы бекітетін техникалық нормалармен регламенттеледі.
7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау тәртібі
56. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін пайдалану және ұстау осы Қағидалардың ережелеріне және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орындалады.
57. Өртке қарсы су құбыры желілері жарамды күйде ұсталады және қажетті тегеурін мен өрт сөндіру қажеттілігі үшін су шығынын қамтамасыз етеді. Тегеуріні жеткіліксіз болған жағдайда арттырғыш сорғыштар орнатылады.
2-бөлім. Елді мекендерді ұстау тәртібі
1-тарау. Тұрғын үй ғимараттары мен жатақханаларды ұстау тәртібі
58. Тұрғын үй пәтерлері мен жатақхана бөлмелерінде жарылыс, өрт қауіпі заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлі шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшін жалға беруге жол берілмейді.
59. Пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде:
1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;
2) төсек-орында шылым шегуге;
3) балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
4) плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
60. Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткіш камераларын, бойлерлік орындарды, лифтілер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тікелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретінде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшін пайдалануға жол берілмейді. Осы үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады, олардың кілттері тәуліктің кез келген уақытында алу үшін белгілі бір, қол жетімді, тәулік бойы кезекші персонал болатын жерде болады.
61. Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекі шегуге арналған орындар «Темекі шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекі тұқылын салғыштармен жабдықталады.
62. Газ өткізгіштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлік коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді. Қатып қалған құбырларды, жабдықты инженерлік коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізіледі.
63. Қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін:
1) қабырғаларда негізгі саты торының көлемін жертөледен (цоколдық қабаттан), жертөледе немесе цоколдық қабатта өрт шыққан жағдайда саты торының тез түтіндеуіне әсер ететін есіктері бар есік ойығынан бөліп тұратын «бөліктерді» орнатуға;
2) эвакуациялау жолдарында жылжымалы, көтергіш, айналатын есіктер мен турникеттерді оларды шалқасынан ашылатын қайталамай орнатуға;
3) ғимараттар мен үй-жайлардан шығуға кедергі келтіретін есіктерді қайта қоюға;
4) саты торын немесе саты торынан шығу жолы орналасқан вестибюльді ортақ дәліздерден бөлетін есіктерді алуға;
5) эвакуациялау жолдарында «жалған» есіктер орнатуға, витраждар, айналар, турникеттер мен қалыпты эвакуациялауға кедергі келтіретін өзге де бұйымдар қоюға;
6) есіктер мен люктер арқылы шатырлар мен жабынға шығу жолдарын үймелеуге;
7) саты торлары баспалдақтарының астында үй шаруашылығындағы (балалар арбалары, шаналар, велосипедтер, жиһаз және басқалары) заттарды жинауға және орталықтан жылу беруді басқару тораптары мен су өлшеу тораптарынан басқа әр түрлі үй-жайларды орнатуға;
8) түнгі уақытта сатыларды жарықтандыруды сөндіруге және ғимаратта адамдар болған кезде саты торларының есіктерін құлыпқа және қиын босатылатын тиектерге жабуға жол берілмейді.
64. Моншаның тас пешін салу кезінде:
1) пеш оттығы есігінің алдынан тікелей еденде үстінен өлшемі 0,5х0,7 метр металл болат болатын жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет;
2) оттық есігінен бастап қарама-қарсы есікке дейінгі қашықтықты кемінде 125 сантиметр етіп жасау қажет; егер қабырға немесе далда жанбайтын материалдан жасалған болса, онда есікке қарсы ауданы оттық ойығының ауданынан екі есе артық болатын жылу шағылдырғыш экран орнату қажет;
3) қабырға ойығында тас пеш орнату кезінде пеш пен қабырға арасында 28 сантиметр саңылау жасау қажет. Осы аралыққа термо оқшаулағыш қабатын салып, кейін оны қалыңдығы бір кірпіштей кірпіш қабатымен бітеу қажет;
4) тастың сыртқы қабаты мен қабырға немесе жанбайтын материалдардан жасалған далда арасындағы кеңістік қабырғадағы немесе далдадағы жанбайтын материалдан жасалған қорғағыш қабатының құрылғысымен 26 сантиметрге тең етіп орындау қажет;
5) кірпіш түтін құбырының сыртқы қабаты мен жанғыш жабын (тор, шатыр тіреуіші) құрылымдары арасына жанбайтын оқшаулағыш материалмен толтырылған, қалыңдығы 13 сантиметрден кем емес саңылау қарастырылуы қажет;
6) көмірмен жанатын пештер үшін асбест цементті және металл түтін құбырларын пайдалануға жол берілмейді.
65. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 21-тарауының ережелеріне сәйкес құрғақ ыстық моншаның (хауыз) үй-жайларын орнатуға жол беріледі.
2-тарау. Саяжай кооперативтерін, бау-бақша серіктестіктерін, ауылдық елді мекендердің аумақтарын ұстау тәртібі
66. Автокөліктің бау-бақша серіктестіктеріне баратын жолдарында негізгі магистральдан өту кезінде, одан соң әрбір бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативінің, бау-бақша серіктестігінің атауы мен оларға дейінгі қашықтығымен нұсқағыштар орнатылады.
67. Саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, гараж кооперативтерінің, ашық тұрақтардың аумақтарына өту жолдарында «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне және құрылыс нормаларына сәйкес оларға салынған және уақытша ғимараттары мен құрылыстары, өту жолдары, кіреберістер, өрт сөндірушілердің өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің орналасқан орны, өрт сөндіру құралдары, хабарлау және байланыс құралдары, өрт техникасы көрсетілген схемалар ілінеді.
Схема дайындалған материал атмосфералық әсерге төзімді материалдан жасалады.
68. Ауылдық елді мекендердің, саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестерінің аумағында:
1) өрт шыққан жағдайда адамдарға хабарлау үшін дыбыстық сигналдар (сирена, қоңырау, қоңыраулы рельс бөліктері) арнайы бұйымдар орнатылуы және өрт сөндіру мақсатында су қоры құрылуы қажет;
2) жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемінде 200 литр сыйымдылық немесе өрт сөндіргіш болуы қажет;
3) жанғыш қалдықтардың үйінділерін ұйымдастыруға жол берілмейді. Пайдаға асырылмаған қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, гаражда және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады.
69. Саяжай кооперативтері мен бау-бақша серіктестіктерінде сыйымдылығы кемінде 25 м3 өрт сөндіретін су айдындарымен жабдықталады. Өрт сөндіретін су айдындары қатпайтын сулармен жабдықталады.
70. Жазғы маусымда әрбір саяжай үйінің жанында жалпы сыйымдылығы кемінде 200 литр суы бар сыйымдылықтар орнатылады.
71. Өрт сөндіру мақсатына арналған су көздерінің жанында өрт сөндіретін авариялық-құтқару автомобильдері мен мотопомпаларын орналастыру үшін алаңшалар (пирстер) жабдықталады.
72. Саяжай кооперативінің, бау-бақша серіктестігінің аумағында әр 20 учаскеге бір қалқан есебімен өрт қалқандары орнатылады.
73. Су тегеуріні мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткізу жүйелерінде (диаметрі 100 миллиметр және одан астам) әрбір 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған бұйымдар қарастырылады. Бұл бұйымдар жарамды күйде ұсталады.
74. Саяжай кооперативінің, бау-бақша серіктестігінің күзетшісінің қасында жақын орналасқан төтенше жағдайлар органының (бөлімшесінің) екі телефон нөмірі және нақты мекенжайы көрсетілген тақтайша ілінеді.
75. Саяжайларды, бағбандық үйлерді ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желісі ток көзінен ажыратылуы, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз жабылады.
76. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар орман алқаптарында орналасқан елді мекендер үшін өртке қарсы қорғағыш жолақтарды орнатуды, жапырақты шөптерді отырғызуды, жазғы маусымда құрғақ өсімдіктерден тазартуды қамтамасыз етеді.
77. Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үйлердің алдында (иеліктегі үйдің есіктері немесе қақпаларында) осы үй тұрғындарының өрт сөндіруге шығуға міндетті екендігі көрсетілген кестелер ілінеді.
78. Ауылдық жердегі тұрғын үй құрылыстары шатырға жететін жалғамалы сатылармен, ал шатырда оның басына дейін жететін сатымен жабдықталады.
79. Ауылдық елді мекендердің, блок-контейнерлік ғимараттардың, саяжайлық және бағбандық ауылдардың аумақтары өрт болған жағдайда адамдарды хабардар етуге арналған дыбыстық дабыл қаққыш құралдармен және өрт сөндіру мақсатында су қорымен жабдықталады.
80. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желді ауа-райында ауылдық елді мекендер мен кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық жерлерде от жағуға, белгілі учаскелерде өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.
81. Елді мекендер мен жеке орналасқан объектілер өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабарлау үшін жарамды телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
82. Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Аталған қашықтықта шөптерді жинау мүмкін болмаған жағдайда жинау орнын кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады.
83. Мыналарға:
1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
84. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті жердің климаттық жағдайларына байланысты үй жанындағы учаскелерге шөп кіргізу кестесін әзірлейді және оның орындалуына бақылауды ұйымдастырады.
85. Ірі жемшөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған және ұшқын өшіргіштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлік құралдарында жүзеге асырылады.
86. Ірі жемшөптерді тасымалдауға арналған көлік құралдары қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталады.
87. Ірі жемшөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
3-тарау. Қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді ұстау тәртібі
88. Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде мемлекеттік және орыс тілдерінде өрт қауіпсіздігі қағидасы бар жадынамалар ілінеді. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауіпсіздігі туралы жадынама бірнеше тілде толтырылады.
89. Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің нөмірлерінде және жатақханалардың есіктерінің ішкі жағында өрт болған жағдайда эвакуациялау жолдарының жоспарында нөмірлері мен бөлмелері, эвакуациялау жолдары мен қозғалыс бағыты, өрт сөндіру құралдарын орналастыру орны мен қажетті түсіндірме мәтіні бар дабылы көрсетіліп, ілініп тұрады.
90. Қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоймалар, кеңселер орналастыруға жол берілмейді.
91. Қонақ үйлердің, кемпингтердің, мотельдердің ғимараттарының қызмет көрсетуші персоналы жұмыс орнында тікелей сақталатын тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен және электр шамдарымен қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Ғылыми және оқу орындарын, мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау тәртібі
92. Жарылыс және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды қолдануға байланысты тәжірибелік (эксперименттік) қондырғыларда жұмыс істеуге оларды кәсіпорын бұйрығымен тағайындалған ведомстволық комиссия пайдалануға қабылдағаннан кейін ғана жүргізіледі. Комиссия олардың өрт жарылыс және өрт қауіптілік дәрежесін анықтайды және оларды әр түрлі орындарға орналастыру мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.
93. Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидасымен және өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттермен танысу сабақтарын ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде әңгімелесулер өткізу қажет. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидасын оқу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу қажет.
94. Зертханаларда және басқа да үй-жайларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттілікті арттырмайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі. Үй-жайға сұйықтықтар жабық қауіпсіз ыдыста жеткізіледі.
95. Егер тартпалы шкафта орындалатын операцияға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдықтар болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдеткіш жүйесі іске қосылмаған болса, онда олармен жұмыс істеуге жол берілмейді.
96. Тартпалы шкафтардың тез тұтанатын заттармен жұмыс жүргізілетін ағаш бөліктері оттан қорғайтын лакпен сырланады немесе жанбайтын материалдармен боялады.
97. Жұмыс соңында қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар арнайы жабық ыдыста жиналып, бұдан әрі пайдаға асырылуы үшін зертханадан шығарылады.
98. Тез тұтанатын сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға төгуге жол берілмейді.
99. Тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргізілген ыдыстар тәжірибеден кейін өртке қауіпсіз ерітінділермен жуылады.
100. Балалар мекемелерінің көп қабатты ғимараттарында кіші жастағы балалардың топтары (сыныптары) екінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.
101. Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру кезінде адамдарды кедергісіз эвакуациялау және өрт сөндіру құралдарын алуы қамтамасыз етіледі.
102. Оқу сыныптары мен кабинеттерінде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тіреулерде сақталуы тиіс оқу үдерісін қамтамасыз етуге арналған қажетті жиһаздар, аспаптар, үлгілер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.
103. Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) саны жобада белгіленген саннан аспауы тиіс.
104. Сабақтар аяқталғаннан кейін кабинеттердегі, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт, жарылыс және өрт қаупі бар барлық заттар мен материалдар жеке үй-жайларда орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшіктерге) қойылады.
105. Жұмыс аяқталғаннан кейін үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар мен электр құралдарынан басқа электр тұтынушы барлық үй-жайларға тексеріс жүргізіледі.
106. Сыйымдылығы 25 адамнан астам мектеп ғимараттары мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде пешпен жылыту, керосинмен және электрмен жылыту құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
107. Балалар тәулік бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде телефон байланысы қамтамасыз етіліп, қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді.
5-тарау. Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерін ұстау тәртібі
108. Балалардың жазғы демалысына арналған ғимараттар мен сауықтыру лагерьлері кемінде екі эвакуациялық тікелей сыртқа шығу жолымен жабдықталады.
109. Балалардың сауықтыру лагерьлерінің ағаш ғимараттары бір қабатты етіп қарастырылады. Каркас және тақтай ғимараттар сылануы және жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болуы керек.
110. Ағаш ғимараттардың шекті сыйымдылығы бір балаға 2,5 шаршы метр есебімен 50 балаға дейін болуы тиіс.
111. Мыналарға:
1) қолданыстағы балаларды сауықтыру лагерьлерін жалға беруге;
2) ғимараттарды тез тұтанатын материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға;
3) балалар жұмыс істейтін ағаш ғимараттарда асханалар, кір жуу орындарын орнатуға;
4) жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам балаларды орналастыруға;
5) жазғы маусымда балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрлік қыздыру құралдарын қолдануға жол берілмейді.
112. Балалардың жазғы демалыс орындарындағы, сауықтыру лагерьлеріндегі кір жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 метр қашықтықта оқшау құрылыстарға орналастырылады.
113. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген балалардың жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде орналастыруға жол берілмейді.
114. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлері телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берілетін дабыл белгісімен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұларда қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді. Кезекшілердің үй-жайларына телефон орнатылады.
6-тарау. Мерекелік іс-шараларды өткізу орындарын ұстау тәртібі
115. Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:
1) кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш далдалары бар ғимараттарда 2-қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;
2) шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей және үй-жайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орналастырылады;
3) үй-жайда электрлік жарықтандыру болмаған жағдайда шырша жанындағы іс-шаралар күндізгі уақытта ғана өткізіледі;
4) иллюминация Электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторысыз электрлік жарықтандыру желісін пайдаланғанда шыршада кернеуі 12 Вольтқа дейін кезектесіп жанатын шамдары бар гирляндтар қолданылады;
5) иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндіріледі;
6) іс-шараларды өткізу кезінде залда, сахнада және зал бөлмелерінде жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдардың мүшелерінің немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
116. Мыналарға:
1) іс-шаралар өткізілетін үй-жайлардың терезелерінде торлары болған жағдайда оларды өткізуге;
2) доғалы прожекторларды, шырақтар мен шартылдақтарды қолдануға, отшашулар мен өрттің шығуына әкелуі мүмкін басқа да жарықтандырғыш өрт қауіпті әсерлерді өткізуге;
3) отпен байланысты және басқа да жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге;
4) үй-жайларды қараңғылау үшін терезелерге қақпақтар орнатуға;
5) қатарлар арасындағы өту жолының енін қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға;
6) үй-жайда қойылым немесе көрсетілім жүріп жатқан кезде жарықты толықтай өшіруге;
7) үй-жайға жобалық құжаттамада белгіленгеннен артық адамдармен толтыруға жол берілмейді.
117. Шам қойғыштар, ашық отты пайдаланатын шырағдандар берік жанбайтын тұғырларға орнатылады және олардың құлауын болдырмайтындай жағдайларда пайдаланылады.
118. Шамшырақтарды пайдалану кезінде:
1) жанып тұрған шамшырақтарды желдің өтіне қоюға;
2) жанып тұрған шамшырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;
3) жанып тұрған шамшырақтарды қараусыз қалдыруға;
4) жанып тұрған шамшырақтарды балалар мен үй жануарларға қол жетімді жерлерде қалдыруға жол берілмейді.
119. Ашық от көзі қолданылатын басқарылмайтын ұшпалы фонарларды пайдалануға және іске қосуға жол берілмейді.
7-тарау. Сайлау учаскелерін ұстау тәртібі
120. Әрбір сайлау учаскесінде оның жұмысы басталғанға дейін 10 күн бұрын кешіктірмей сайлау учаскесі орналастырылған объектінің (ғимараттың, үй-жайдың) басшысы тиісті сайлау комиссиясының төрағасымен бірлесіп, объект басшысының бұйрығымен тиісті өртке қарсы режим белгіленеді, осы Қағидалардың ережелерін және мемлекеттік өрт бақылау органдарының ұйғарымдамаларын орындау қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
1) сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының (міндетті түрде су жіберу арқылы), жарықтандыру және қуат желілерінің, түтінге қарсы желдеткіш пен өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі, сондай-ақ акт дайындалып, қажетті тексерістер жүргізіледі. Барлық ақаулықтар сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жойылады. Анықталған кемшіліктерді жою кезінде немесе олар болмаған жағдайда сайлау учаскесінің дайын екендігі туралы акт дайындалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адамда сақталады);
2) алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өрт автоматикасының, байланыс және хабарлау құралдарының болуы, жарамдылығы және қолдануға тұрақты дайындығы қамтамасыз етіледі;
3) сайлау комиссиясы мүшелерімен және қызмет көрсету үшін жұмылдырылған персоналмен өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт шыққан кезде іс-қимыл жасау туралы қол қойып, нұсқаулықтан өтеді;
4) өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың әр қабатта жоспарлары (схемалары) және адамдарды, бюллетендер мен мүлікті эвакуациялау бойынша қызмет көрсетуші персонал мен сайлау комиссиясы мүшелерінің іс-қимылдарын анықтайтын нұсқаулықтар әзірленеді және ілінеді қажет, өрт туралы адамдарға хабарлау тәртібі, анықталуы, сондай-ақ іс-шаралар басталғанға дейін эвакуациялау жоспары мен хабарлау жүйесін машықтау бойынша оқу жаттығулары өткізіледі;
5) тамақ дайындау орындары белгіленеді және қыздыру аспаптарын пайдалану тәртібі анықталады;
6) темекі тартуға арналған орындар анықталады және жабдықталады;
7) үй-жайларды тексеру және жабу тәртібі орнатылады.
121. Сайлау учаскелері отқа төзімділігі І-ІІІ дәрежелі, екінші қабаттан жоғары емес ғимараттарда орналастырылады. Цоколдық қабатта және сайлау учаскесінің үй-жайларының үстінде сайлау комиссиясы мүшелері мен қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс кабинеттері, демалыс және тамақтану бөлмелері орналастырылады.
122. Ауылдық жерлерде отқа төзімділігі ІІІа-V дәрежелі ғимараттарда біреуден аспайтын сайлау учаскесін орналастыруға жол беріледі. Бұл ретте сайлау учаскесі бірінші қабатта орналастырылады, ал уақытша сауда, буфеттер, кино-бейнефильмдер көрсету ғимараттан тыс ұйымдастырыы.
123. Сайлау учаскесі телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Әрбір телефон аппаратының жанында жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірі бар тақтайша орнатылады (ілінеді).
124. Үстелдерді, дауыс беруге арналған кабиналарды, урналар мен дауыс беруге арналған өзге де жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық мүліктерді қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып, үй-жайдың периметрі бойынша жүзеге асырылады.
125. Сайлау учаскелерінің жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Көрсетілген жұмыстар қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.
126. Сайлау учаскесінің ғимараты (үй-жайы) кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен жабдықталады, олардың өлшемдері, сондай-ақ жарық беру, эвакуациялау жолдарының ұзындығы және эвакуациялау уақыты «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орындалады.
127. Сайлаушыларды тіркеу, бюллетендерді беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерінің (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар), сондай-ақ кино-бейне көрсетілімдерді ұйымдастыру орындары мен адамдар жаппай жиналатын өзге де үй-жайлар кемінде екі шоғырландырылмаған эвакуациялау жолдары бар үй-жайларда орналастырылады. Ғимараттың вестибюлінде ашық киім-кешек ілу орындарын орналастыруға және орналастырылатын жабдық өрт кезінде эвакуациялау жолдарының енін тарылтпайтын және эвакуациялауға кедергі келтірмейтін болса, уақытша сауда орнын ұйымдастыруға болады.
128. Сайлаушылардың қозғалысы қиылысатын және қарсы лектерді болдырмайтындай етіп ұйымдастырылады. Адамдар лектерінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгіленеді.
129. Сайлаушыларды тіркеу, бюллетендер беру, дауыс беру, кино-бейне көрсетілімдер үй-жайларынан және адамдар жаппай жиналатын өзге үй-жайлардан эвакуациялық шығу нұсқағыштары жарамды күйде ұсталады және сайлау учаскесі жұмыс істеп тұрған уақытта қосылады. Егер жобада «Шығу» деген жарықтандырылған нұсқағыштарды орнату көзделмесе, көрсетілген үй-жайлар ұлттық стандартқа сәйкес эвакуациялау бағытын нұсқағыштармен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
130. Сайлау учаскелерін пайдалану кезінде:
1) сайлау учаскесінің үй-жайлары мен ғимаратынан эвакуациялық шығу жолдарында дауыс беруге арналған кабиналар, бюллетендерге арналған жәшіктер мен үстелдер орнатуға, уақытша сауда нүктелерін (ұяшықтар, буфеттер) қоюға, іс-шаралар (кино-бейнефильмдер және басқаларын көрсету) өткізуге;
2) эвакуациялау жолдарын, өрт сөндіру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшіру құрылғыларына қол жеткізу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты іс-шараларды өткізу кезінде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін жабуға жол берілмейді.
131. Сайлау учаскесінің ғимараты электр энергиясы өшірілген жағдайда авариялық жарықтандырумен жабдықталады.
8-тарау. Мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерін ұстау тәртібі
132. Мұражайларда және сурет галереяларында экспонаттар мен басқа да құндылықтарды эвакуациялау жоспары, ал цирктер мен хайуанаттар парктерінде жануарларды эвакуациялау жоспары әзірленеді.
133. Барлық мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерінің ашылу маусымы алдында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкестігі тексеріледі және оларды жергілікті атқару органдарының ведомствоаралық комиссиясы қабылдайды.
134. Көрермен залдары мен мінбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасы қосылған және еденге мықтап бекітіледі. Ложадағы 12 орыннан аспайтын креслоларды (орындықтарды) бекітпеуге болады.
Би кештерін өткізу үшін қолданылатын 200 орыннан аспайтын көрермен залдарындағы орындықтарды бір-бірімен қатарынан міндетті түрде қосу кезінде еденге бекітпеуге болады.
135. Сахналық қораптардың ағаш құрылымдары (желтартқыштар, сахна төсемелері, аспалы көпірлер, жұмыс галереялары) құрылыс үдерісінде антипирендермен қанық сіңіріледі.
Аталған құрылымдар, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелік безендірулер, көрермендік және экспозициялық залдардағы маталы перделер, фойелер, буфеттер оттан қорғау құрамымен мерзімді түрде өңделіп тұрады. Мекеме басшысында сіңіру датасы, оның жарамдылық және өңдеу сапасын тексеру актісінің мерзімі көрсетілген осы жұмысты орындаған ұйымның тиісті актісі болуы қажет.
136. Ойын-сауық театрлық мекемелердің сахналық қораптарының шегінде бір мезгілде екі қойылымға арналған декорациялар мен сахна құралдары болуы тиіс. Сахнада декорацияның сақталу орны таңбалармен белгіленеді. Декорацияларды, бутафорилерді, ағаш станоктарды, бөктерлерді, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, сондай-ақ көрермен залдарының жертөлелерінде сақтауға жол берілмейді.
137. Сахна планшетінің айналасын безендіру кезінде ені кемінде 1 метр болатын еркін айналма жол қамтамасыз етіледі.
Көрініс аяқталғаннан кейін барлық декорациялар мен бутафориялар бөлшектеніп, сахналардан арнайы қоймаларға (қоймалар, қоралар, сейфтер) жинастырылады.
138. Сахнада темекі шегуге, ашық оттарды (шырақтарды, май шамдарды, шырағдандарды), доғалық прожекторларды, отшашулар мен басқа да от түріндегі әсерлерді қолдануға жол берілмейді.
139. Сахна планшетінде өртке қарсы перденің түсу шегін көрсететін қызыл сызық салынады. Декорациялар мен басқа да сахнаны безендіру заттарының бұл сызықтан шығып тұруына жол берілмейді.
140. Көрініс (дайындық) аяқталғаннан кейін өртке қарсы перде түсіріледі. Өртке қарсы перде түсіріліп тұрғанда созылмалы «жастықпен» сахна планшетіне тығыз жанасады. Өртке қарсы жасалған перденің маңында және төбесіне жалғастырылған герметикалау орны лабиринтті нығыздау мен құмды ысырманың көмегімен орындалады. Көтеріп түсіру механизмінің төмен түсіру жылдамдығы кемінде 0,2 метр/секунд болатындай етіп реттеледі.
141. Қысқы кезеңде түтін люктерінің қақпақтары нығыздалып, олардың жарамдылығы он күнде бір рет тексеріледі.
142. Ірі көлемдегі декоративтік безендіруді (залдың барлық биіктігіне) пайдалану кезінде жабынның алып жүретін құрылымдарының төменгі беліне дейінгі биіктігі 12 метр және одан асатын спорт залдарында осы безендіруді (уақытша су перделерін, тез алынатын бекіткіштерді монтаждау) қорғаудың қосымша іс-шаралары қарастырылады.
143. Көрермендерге арналған уақытша орындарды (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетін), сондай-ақ жабық және ашық спорт құрылыстарының мінбелеріндегі орындықтарды жану кезінде қауіптілігі жоғары заттар бөліп шығаратын синтетикалық материалдардан жасауға жол берілмейді. Уақытша орындардың астында кез келген жанғыш материалдар мен жабдықтарды сақтауға, сондай-ақ техниканы тұрақтандыруға жол берілмейді. Уақытша мінбелердің астындағы бос орын әр жарыстың алдында жанғыш қоқыстан және қураған шөптен тазаланады.
Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол берілмейді.
144. Спорттық-көркемдік мерекелерді, халықаралық жарыстарды немесе басқа халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шараларды ашу және жабу кезінде мінбелерде қорлар орналастыруға арналған эвакуациялау люктеріндегі уақытша орындықтар алмалы-салмалы етіп жасалады. Оларды тез бөлшектеу үшін арнайы аспаптар көзделеді және осы жұмыстарды жүргізу үшін адамдардың тиісті саны бөлінеді.
145. Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды жайғастыру тұрақты және уақытша мінбелерден көрермендердің қарама-қарсы немесе қиылысатын легі болмайтындай етіп қарастырылады.
146. Жабық спорттық құрылыстарда көрермендердің отыруына арналған уақытша құрылымдарды бекітуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтерді бекітуге арналған аспаптар ақаусыз күйде ұсталады. Ақаулы бекіткіштері бар осындай құрылымдарды орнатуға жол берілмейді.
147. Спорттық құрылыстарда теледидар камераларын орнату орындары мінбелер қатарының арасындағы өтетін жолдарға орнатылмауы және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмеуі тиіс.
148. Көрермендерге арналған мінбелері бар спорттық залдарда жасанды мұз жабындылары болған жағдайда мұз тазалайтын машиналарды (жарыстарды, ойындарды, жаттығуларды, репетицияларды өткізу кезеңінде) уақытша тұрақтандыруға арналған орындар қарастырылады. Машиналар тұрақта эвакуациялау жолдарының есептік ені тарылмайтындай етіп орналастырылады. Жарыстар, ойындар, жаттығулар, репетициялар аяқталғаннан кейін оны арнайы бөлінген үй-жайға алынады. Уақытша тұрақта мұз тазалайтын машинаға жанар-жағармай құюға жол берілмейді.
149. Спорт керек-жарақтарын, залдардың жинау-бөлшектеу құрылымдарын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа материалдарды сөрелері жоқ жерлерде сақтаған кезде олар көлемі кемінде 100 м2 қатарларда жиналады. Қатарлардың биіктігі 2,5 метрден аспайтындай және кемінде қалқалау немесе жабу көтергіш құрылымдарынан 0,5 метрден кем емес етіп қабылданады. Қатарлар арасындағы өтетін жолдың және қатарлар мен қабырғалар арасындағы ені кемінде 0,8 метр етіп орындалады. Өтетін жолдардың қоймалық және мінбе астындағы үй-жайларындағы есік орындарына қарсы ені есіктердің енінен кем емес етіп жасалады. Өтетін жолдардың және жинау орындарының ені еденге жазылған жақсы көрінетін шектеу жолақтарымен белгіленеді.
Сөрелерде спорттық керек-жарақтарды және басқа материалдарды сақтау олар сөрелердің габаритінен аспайтындай етіп жүргізіледі.
150. Өнімдерді, спорт керек-жарақтарын және басқа материалдарды жинау кезінде жанғыш және өрт сөндіргіш құралдардың топтары белгілерінің біртектілігін ескере отырып, бірге сақтау ережесі сақталады.
151. Көрермендерге арналған мінбелері бар жабық велотректерде велосипедтерді бастау сәтіне дайындауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардан эвакуациялау жолдары көрермендерді эвакуациялау жолдарынан бөлек қабылданады.
152. Қаруларды тазалауға арналған үй-жайларда майланған шүберекті жинауға арналған металл жәшік қарастырылады. Тир немесе атыс жұмысы ақталғаннан кейін осы жәшікті тазалау, ал ішіндегі заттарды қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға алып тасталады.
153. Жұмысшылардың арнайы киімі осы мақсатқа арнайы бөлінген және жабдықталған үй-жайларда сақталады. Жұмысшылардың арнайы киімі уақытылы жуылады және жөнделеді. Объект әкімшілігі әрбір үй-жай үшін майланған арнайы киімді тазасына ауыстырудың нақты тәртібі белгілейді.
154. Спорт залдарында жанғыш материалдарды, сондай-ақ құрылымдары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергіш құрылымдарды бекіту тораптарының астына тікелей орнатуға жол берілмейді.
Поролоннан және жоғары меншікті жылу ұстайтын және жану кезінде қауіптілігі жоғары заттарды бөліп шығаратын басқа синтетикалық материалдарды қолдана отырып дайындалған спорттық керек-жарақтарды сақтау үшін басқа үй-жайлардан өртке қарсы далдалармен және қалқалармен бөлінген үй-жайлар пайдаланылады.
Жаттығулар мен жарыстар арасындағы кезеңде, сондай-ақ олар аяқталғанда синтетикалық материалдардан жасалған жұмсақ толтырулары бар жерге қонуға арналған шұңқырлар қалқандармен немесе брезенттермен жабылады.
Залдардың шегінде қатарларға жиналған поролон маттар брезентпен жабылады.
155. Спорттың техникалық түрлері бойынша жарыстар мен жаттығулар өткізу кезінде:
1) жанармаймен толтыру қатты жабыны бар және ернеулерді жанбайтын материалдардан бөлетін және спорттық құрылыстан кемінде 25 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады;
2) далалық жағдайларда отын құюға арналған орын жарыс трассасынан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан және қатты жабыны және жарыс трассасынан басқа жаққа қарай бағыты бар алаңға орналастырылады;
3) отын құюға арналған орындарда кезекшілік ұйымдастырылады, темекі шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салатын белгілер орнатылады, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының қоры қарастырылады;
4) көлік құралдарын бастау сәтіне дайындау орындарында осы құралдарды кішігірім жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге болады. Осындай орындар көрермендерге арналған мінбелердің астына орналастырылмайды. Олардың қатты жабыннан негізі және мінбелерден басқа жаққа қарай бағыты болуы қажет. Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жинау үшін тығыз жабылатын қақпақтары бар металл ыдыстар қарастырылады. Спорттық құрылыстардың мінбе астындағы бос орнында көлік құралдарын дайындауға жол берілмейді;
5) автомотоклубтардағы көлік құралдарын тұрақты сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету орындары осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес орындалады. Кернеуді реттеу үшін барлық электр аппаратурасы (реостаттар, автотрансформаторлар, дроссельдік катушкалар, іске қосу реостаттар) тасымалданатын эстрадалар мен тұғырлардан тысқары орналасқан аппараттық үй-жайларда орналастырылады.
156. Қойылым немесе иллюминациялық жарық беру үшін лазерлердің блоктарына қуат беретін лазерлік қондырғылар пайдалану кезінде жанғыш құрылымдар мен декорациялардың үстіңгі қабатынан кемінде бір метр қашықтықта негізі жанбайтын материалдардан жасалған аппараттық үй-жайларда орнатылады. Көрсетілген жұмыстар үшін өрт қауіпсіздігі сипаттамалары бар лазерлік қондырғылар қолданылады.
157. Софиттер мен рампаларды орнату кезінде тек жанбайтын материалдар қолданылады. Софиттердің корпустары оларды ұстап тұрған арқандардан оқшауланады. Прожекторлар мен софиттер жанғыш материалдардан жасалған декорациялар мен құрылымдардан кемінде 0,5 метр қашықтықта орнатылады. Линзалық прожектордан жанғыш декорацияға дейінгі қашықтық кемінде екі метр етіп сақталады.
158. Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шамдарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 миллиметр асбест салынады, ал эстрадаға немесе тұғырларға орнатылған барлық тасымалданатын электр фонарлары (кішкентай шамдар) сыртқы жағынан асбест кілемшелермен қорғалады. Кішкентай шамдарды эстраданың немесе тұғырдың планшетіне орнату кезінде олардың астына асбест кілемшелер орнатылады. Жарықтандырылған сүзгіштері жоқ эстрада, тұғырдағы софиттер және жұмыс жағдайында жарық беру үшін пайдаланылатын эстрада, тұғырлар әйнекпен жабылады.
Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерінің және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуін болдырмайтын қорғайтын металл торлар орнатылады.
159. Прожекторлар мен софиттерге әйнектердің орнына жанғыш материалдардан жарықтандырылған сүзгіштерді қолдануға жол берілмейді.
160. Қарайған немесе кеуіп қалған белгілері бар лампалар, әйнектер дереу жаңасымен ауыстырылады.
161. Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және пайдалану қатаң түрде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, сырттан әкелу және сыртқа шығару қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Оларды майдалау тәсілімен дайындау, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде, бөлмелерде және стадион мінбелерінде, мәдениет және демалыс парктерінде, адамдар жаппай болатын басқа да орындарда сақтауға жол берілмейді.
162. Өрттің шығуына әкелуі мүмкін пиротехникалық бұйымдар мен ашық от көздерін қолданумен байланысты арнайы от әсерлерін қолдану қажет болған жағдайда отшашу өткізетін ұйымның басшысы мыналарды:
- отшашудың басталу және аяқталу датасын, орнын, пиротехникалық қондырғыларды орналастыру схемасын, пайдаланылатын бұйымдардың сипатын;
- ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықтарды көрсете отырып, жергілікті жерлерге отшашу, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және монтаждау бекеттерінің байланысу схемаларын және қауіпті аймақтардың шекараларын көрсете отырып, отшашулар өткізу орындарын қоршау схемасын;
- отшашулар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықты;
- өрт сөндіру құралдарын орналастыру схемаларын;
- өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жоспарын қамтитын өрттің алдын алу және жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
163. Пиротехникалық бұйымдар іске қосылатын алаңдарда темекі шегуге және от жағуға, пиротехникалық бұйымдарды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
164. Отшашуларды орнату орындарын күзету отшашуларды өткізетін ұйымға жүктеледі.
165. Іске қосу алаңдары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен, суы бар сыйымдылықтармен немесе құммен) қамтамасыз етіледі.
166. Отшашу аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған бұйымдар мен пиротехникалық зарядтардың элементтерін анықтау және жинау мақсатында іске қосу алаңы мұқият тексеріледі.
9-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтіру орталықтарын ұстау тәртібі
167. Спорт объектісінде денешынықтыру диспансерлері, спортшылардың және денешынықтырумен айналысатындардың физикалық жағдайын тексеруге арналған үй-жайлар, сондай-ақ медициналық тексеруге арналған үй-жайлар болған кезде оларда осы Қағидалардың ауруханалар, клиникалар, емханалар, дәріханалар, дәріханалық қоймалар және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне арналған талаптары сақталады.
168. Спорттық объектілерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын емдік дәрі-дәрмектерді сақтау үшін бірге сақтауға болатын заттардың тізбесі бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф қарастырылады. Шкаф жылу беру және қыздыру аспаптарынан кемінде бір метр қашықтықта орнатылады.
Шкафта әртүрлі өрт қауіпті қасиеттері бар дәрі-дәрмектерді бір сөреде сақтауға жол берілмейді.
169. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшін жабылатын қақпағы бар металл жәшік орнатылады. Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін жәшіктер қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға шығарылады.
170. Спорттық объектілерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық аспаптарды бактериясыздандыру үшін сұйық және газ тәрізді (керогаз, керосин лампалары, примус) отынмен жұмыс істейтін қыздыру аспаптарын, сондай-ақ спиралі ашық электр плиталарын пайдалануға жол берілмейді.
9-тарау. Бассейндердегі суды зарарсыздандыру кезінде пайдаланылатын үй-жайларды ұстау тәртібі
171. Хлор қоймалары (құятын орындар арасындағы газ шығынымен екі баллоннан аспайтын) спорттық құрылыста орналастырылады; бұл ретте қоймалық үй-жай басқа үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ 45 жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен оңашаланады және құрылыстың сыртқы қабырғасында орналастырылады.
172. Хлор ыдыстарын және хлор қоймаларын едені ғимаратқа жапсарлас жер деңгейінен төмен жертөле немесе басқа үй-жайларға жайғастыруға жол берілмейді.
173. Хлор ыдыстары және хлор қоймалары үй-жайларында жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.
174. Хлор ыдыстарының және хлор қоймаларының есіктерінде «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес қауіпсіздік белгілері орнатылады.
175. Адамдар келетін үй-жай (шешінетін орындар, гимнастика залдары) арқылы хлор құбырларын төсеуге жол берілмейді.
176. Суды зарарсыздандыруға арналған натрий немесе кальций гипохлоридін, хлор әгін және басқа арнаулы өнімдерді пайдалану кезінде оларды сақтау үшін күн көзінен және атмосфералық ылғалдан қорғалған, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелеріне жауап беретін оңашаланған, жақсы желдетілетін үй-жай қарастырылады.
177. Натрий немесе кальций гипохлоридін, хлор әгін және басқа арнаулы өнімдерді сақтау кезінде ерітінділердің кеуіп қалу, олардың 40ғС жоғары температураға дейін қызу, сондай-ақ қышқылдар және органикалық заттармен байланысу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар көзделеді.
10-тарау. Монша-хауыздарды ұстау тәртібі
178. Монша-хауыздарды орналастыру кезінде:
1) бу бөлмесінің сыйымдылығы 10 орыннан аспайтын етіп орындалады;
2) тас пештің тұғыры жанбайтын материалдан орнатылады. Пештен құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстіңгі қабатының ағаш қаптауына дейінгі қашықтық кемінде бір метр етіп қабылданады.
3) төбе астындағы тас пештің үстіне жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан орнатылады. Қалқан мен төбе қаптауының арасындағы қашықтық кемінде 5 сантиметр етіп орнатылады;
4) отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі ғимараттардағы бу бөлмесі мен хауыздар үй-жайы кешені 1-түрдегі өртке қарсы қалқалармен және 3-түрдегі далдалармен; отқа төзімділігі ІІІа, ІІІб, ІV, IVа дәрежелі ғимараттарда отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінеді;
5) хауыз кешені үй-жайынан жекелеген эвакуациялау есігі орнатылады; адамдарды ғимараттан эвакуациялауға арналған вестибюльдерге, холлдарға, сатылы торларға тікелей шығатын есіктерді орнатуға жол берілмейді;
6) бу бөлмесі зауытта дайындалған автоматты қорғалатын және үздіксіз 8 сағат жұмыс істегеннен кейін толық суығанға дейін өшетін пешпен жабдықталады;
7) тас пештің басқару пульті бу бөлмесінің алдындағы құрғақ үй-жайда орнатылады;
8) бу бөлмесінде ішкі су құбырына қосылған перфорирленген құрғақ құбырларды орнатып, бу бөлмесіне кіреберіске вентиль орнатылады;
9) бу бөлмесін қаптау үшін ағаштың жапырақты түрі қолданады.
179. Құрғақ ыстық камерасының жоғарғы аймағына, сондай-ақ тас пешке жақын жердегі құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстіңгі қабатының ағаш қаптауының жиектеріне температура 1100С дейін артқан жағдайда қондырғымен (термореттегішпен) бұғатталған, электр энергиясын тас пештің электр қыздырғышынан ажырататын температура тетіктері орнатылады.
180. Тас пешті, электр қыздырғышты, электр желісіне қосу үшін пайдаланылатын электр сымдары, сондай-ақ шамшырақтар мен электр арматурасы жоғары температура кеңістігінде пайдалану жағдайына көзделеді. Жылу электр қыздырғыштарды электр желісіне қосу құрғақ ыстық камерасынан тысқары жүргізіледі.
181. Құрғақ ыстық камерасының тас пештің астынан таза ауаның келу арнасы шаңнан және басқа да бөгде заттардан жүйелі түрде тазаланады.
182. Құрғақ ыстық камерасының жабдығында ақаулық байқалған немесе жану белгілері (түтін, күйік иісі, құрғақ ыстық камерасы ағаш қаптауының көмірге айналуы) пайда болғанда оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл жөнінде объектінің әкімшілігіне хабарланады.
183. Хауыздарды жертөле қабаттарына жайғастыруға жол берілмейді.
184. Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткізгіш оңашаланады және тікелей сыртқа шығарылады.
185. Ауыз үйлер мен шешінетін орындарды жанғыш материалдармен өңдеуге жол берілмейді.
186. Хауыздардың үй-жайларында:
1) желіге қосылып тұрған тас пештің электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;
2) талдан жасалған жылу электр қыздырғыштарын орнатуға;
3) ажыратылған немесе ақаулы термо реттегіші бар тас пешті пайдалануға;
4) хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол берілмейді.
11-тарау. Сауда объектілерін ұстау тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
187. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол берілмейді. Олар күн сайын жиналуына байланысты алынып тасталып отырады. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға болмайды.
188. Терезелік ойықтары жоқ немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берілмейді.
189. Сіріңкелерді, одеколонды, иіс суларды, аэрозольді орамаларды және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды басқа заттардан бөлек арнайы лайықталған орындарда сақтау жүзеге асырылады.
190. Сауда кәсіпорындарында:
1) сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге;
2) тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерітінділерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольді орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезінде оларды сатуға;
3) эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі-дәрмек, газет, кітап дүңгіршектерін орналастыруға;
4) сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;
5) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуациялау жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;
6) 15000 мыңнан артық аэрозольді орамаларды сақтауға жол берілмейді.
191. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да іс-шараларды өткізу кезінде басшылар олардың қауіпсіздігін (келушілердің кіруін шектеу, қосымша кезекшілерді тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.
192. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастыру кезінде мынадай өрт қауіпсіздігі талаптары орындалады:
1) базардың ауданы 0,5 гектардан асқан жағдайда аумақ қоршалады және 2 кіретін жолы болады. Кіретін жолдың ені 3,5 метр және биіктігі 4,25 метр етіп қарастырылады;
2) базардың аумағындағы өтетін жолдар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жолдармен қосатын кіреберістің жолдарының енін кемінде 3,5 метр етіп қарастырылады және қатты төсеммен қамтамасыз етіледі. Барлық ғимараттар, павильондар мен дүңгіршектердің топтары, автокөлік тұрақтары өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарымен қамтамасыз етіледі;
3) тұйық жолдардың ұзындығы 150 метрден аспайтындай және 12х12 метр айналатын алаңдармен аяқталатындай етіп қарастырады;
4) базарға жапсарлас аумақтарда сататын сауда орнының есептік сыйымдылығы үшін кемінде 15 % жеңіл автомобильдерді уақытша қою үшін алаңдар қарастырылады;
5) жанғыш қалдықтарды жинауға, ашық от көздерін пайдалана отырып, тамақ әзірлеуге арналған алаңдар сататын сауда орнының ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады;
6) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан ені кемінде 2 метр еркін өткел өтетіндей есеппен орналастырылады;
7) сауда қатарларының арасында әр 30 метр сайын ені кемінде 1,4 метр көлденең өткелдер орнатылады;
8) жабық сататын сауда орындарында сатылы торларда, холлда және дәліздерде сауда жүргізуге жол берілмейді;
9) ашық сататын сауда орындары сауда қатарларының төбесі жанбайтын материалдардан жасалады;
10) төбені жабатын торлар оттан қорғау құрамдарымен өңделген ағаштан жасалады;
11) сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын матамен, қағазбен, үлдірмен жабуға жол берілмейді.
193. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлігіне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол берілмейді.
194. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектерді жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектер тобын отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі етіп салынады.
195. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсіруді сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты емес жолдар арқылы жүзеге асырылады.
196. Шыны ыдыстарға бөлініп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ «От қаупі бар», «Отқа жақын шашыратпа» деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасысыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол берілмейді.
Өрт қаупі бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.
197. Оқ-дәрілер (оқтарды, капсюлдерді, оқталған патрондарды) мен пиротехникалық бұйымдар мамандандырылған дүкендерде сатылады. Бұл ретте оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдарды сату секциялары дүкендердің жоғары қабаттарында орналастырылады. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берілмейді. Дүкендерге жылу беру орталықтандырылады.
198. Оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы қалқалармен бөлінген үй-жайларда орналастырылған металл шкафтарда сақталады. Көрсетілген шкафтарды жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді.
199. Әрбір сауда орнында кемінде екі шкафпен жабдықталады: біреуі – оқ-дәрілерді сақтауға арналған; екіншісі – капсюлдер мен оқталған патрондарды сақтауға арналған. Оқ-дәрілер мен капсюлдерді немесе оқталған патрондарды бір шкафта сақтауға жол берілмейді.
200. Оқ-дәрілерді тек зауыт орамасында сатуға рұқсат етіледі. Қойма бөлмелерінде оқ-дәрілері бар жәшіктердің зауыт орамасын алуға жол берілмейді.
201. Дүкен ғимараттарында түтінді оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 килограмм), түтінсіз оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 килограмм) және 15 мың жабдықталған патрондарды сақтауға рұқсат беріледі. Дайындаушы кеңселерге 200 килограммға дейін сақтауға рұқсат беріледі.
2-параграф. Сауда павильондары мен дүңгіршектерін ұстау тәртібі
202. Бөлінген аумақта дүңгіршектерді, сондай-ақ ауданы 20 шаршы метрге дейін қоса алғанда бір қабатты павильондарды орналастыру топтарымен жүзеге асырылады. Бір топта отқа төзімділік дәрежелеріне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылуы мүмкін.
Топта олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.
203. Алдыңғы тармақта көрсетілген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгіршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Топта отқа төзімділік дәрежесі әр түрлі дүңгіршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршілес ғимараттарға дейінгі қашықтық отқа төзімділік дәрежесі едәуір төмен құрылыс бойынша қабылданады.
204. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгіршектер мен павильондардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасады.
205. Орама материалдары мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етіп қарастырылады.
206. Ауданы 20 шаршы метрге дейінгі сауда дүңгіршектері мен бір қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзімділік дәрежесі регламенттелмейді.
207. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгіршектердің отқа төзімділігі әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектермен топта І, ІІ, ІІІ а етіп орындалады.
208. Елді мекендерде орнатылатын дүңгіршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестік сертификаты бар қыздыратын панелдерді қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.
209. Елді мекендерден тыс орналастырылатын дүңгіршектерде осы Қағидалардың ережесіне сәйкес пешпен жылу беруді қолдануға болады.
210. Дүңгіршектердің электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес орындалады.
211. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсіз жасалады.
212. Павильонның немесе дүңгіршектің және құрылыстар тобының электр желісін токтан ажырату үшін ажырату құрылғысы жанбайтын негізде орнатылады.
213. Дүңгіршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетіне немесе тікелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.
214. Әр дүңгіршекте «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдары орналастырылады.
12-тарау. Емдеу мекемелерін ұстау тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
215. Емдеу мекемесінің басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейін күн сайын өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректерді хабарлайды.
216. Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.
217. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелері әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы сатылармен жабдықталады.
218. Ауыр халдегі науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылады.
219. Ауруханалар мен өздігінен жүруге қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз етіледі.
220. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 0,8 метр, ал орталық негізгі жолының ені кемінде 1,2 метр етіп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берілмейді.
221. Палаталарға оттегі жіберу, әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізіледі және олар науқастар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.
Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар рампалар орнатуға болады.
222. Мыналарға:
1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерісіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;
2) кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;
3) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға;
4) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;
5) ақаулы емдік электр жабдықтарын пайдалануға;
6) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;
7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
223. Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ мен парафин озокеритті қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргізіледі. Аспаптар мен төсемдерді қайнату үшін жабық шиыршықтары бар бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустерді қолдануға жол берілмейді.
224. Зертханаларда, бөлімшелерде, дәрігерлер кабинетінде дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограммнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат беріледі.
225. Сыйымдылығы 300 килограммнан асатын жанғыш рентген пленкасының мұрағат қойма бөлек тұрған ғимараттарда орналасады, ал сыйымдылығы 300 килограмм жетпейтін болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат беріледі. Рентген қоймасынан бастап көршілес ғимаратқа дейінгі қашықтық кемінде 15 метр болады.
226. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасының бір бөлмесінде шамамен 500 килограмм пленка сақтауға болады. Әр секция дербес сорғыш желдеткішпен жабдықталады. Секцияның есіктері ЕІ-60 отқа төзімділік шегімен және сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады. Мұрағаттарда терезе ауданының еден ауданына арақатысы кемінде 1:8 етіп қарастырылады.
227. Мұрағат қоймасының есігінде «Рентген мұрағаты», ал шығар есікте «Отқа қауіпті! Темекі шегуге болмайды!» деген жазу ілінеді.
228. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасына орталықтан жылу беріледі. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берілмейді.
Мұрағат қоймасының ғимараттарында электр қалқандарын, сөндірілген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдік байланысты орнатуға рұқсат етілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмайды.
229. Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 метр қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшіктерде) 4 килограмға дейін сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекі шегуге және кез келген түрдегі қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.
230. Жанғыш пленкалар және рентгенограммалар мұрағат қоймаларының тереңдігі мен ұзындығы 0,5 метрден аспайтын секцияларға бөлінген металл (асбест арқылы темірмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейінгі арақашықтық 0,5 метрден кем емес етіп қарастырылады. Әрбір секция металл немесе асбест арқылы темірмен қапталған ағаш есікпен мықтап жабылады.
231. Қазына мен дәрі қоймалары бөлмелеріндегі материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтардан басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.
232. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрілік қоймаларда, сондай-ақ бірге сақтауға болмайды. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерінен (жылу беру құралдары, күн сәулесі) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиіп кетуінен қорғалады.
2-параграф. Физиотерапия кабинеттерін, анестезиология және жан сақтау, жан сақтау және қарқынды терапия, операция жасау бөлімшелерін тәртібі
233. Электрмен, сәулемен емдеу кабинеттерінің сыйымдылығы бір процедуралық кереуетке кемінде 6 шаршы метр есебінен анықталады. Кабинеттерге қосымша кереуеттерді орнатуға жол берілмейді.
234. Барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде ұсталады, сенімді жерге қосумен, зауыттық электр сызбасымен және техникалық төлқұжатпен қамтамасыз етіледі. Оқшаулағышы зақымданған, қысатын және аппаратқа қосылатын жерлері бұзылған электр сымдарын пайдалануға жол берілмейді.
235. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерінде қолданылатын, оның ішінде ауа қабатты стерилизаторлар тек зауытта дайындалғандары ғана қарастырылады және жанбайтын материалдардан жасалған үстіңгі қабаттарға орнатылады.
236. Парафин мен озокеритті арнайы бөлінген үй-жайда зауытта дайындалған жылытқыштардағы сору шкафында немесе су моншасында қыздырылады. Қыздырғыштар орнатылатын үстел жылуға төзімді материалмен қапталады. Парафин мен озокеритті ашық жалынмен қыздыруға жол берілмейді.
237. Үй-жайлардың жергілікті желдету жүйелерінің аппараттары мен қондырғылардан шығару шатырдың жоғарғы нүктесінен кемінде 2 метр биіктікте жүзеге асырылады.
238. Аппаратураны алдын ала байқау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
239. Әрбір электрлік сәулемен емдеу бөлімінде (кабинетінде) қызмет етуші тұлғалармен жүргізілген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тіркеу журналы жүргізіледі.
240. Кабинеттердегі электр розеткалары кернеуі (200, 36, 12 Вольт) көрсетіліп таңбаланады.
241. Операциялық кабинеттерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары орындалады.
242. Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларындағы кабинеттердің есік орындары мен өтетін жолдары арқылы сүйретпелерде науқастарды еркін тасымалдау қамтамасыз етіледі.
243. Операциялық бөлмелердегі наркотикалық заттар мен препараттардың өздігінен тұтануын болдырмас үшін жұмыс аяқталғаннан кейін олар буландырғыштан жабылатын герметикалық ыдысқа құйылады. Осы сұйықтықтарды канализацияға құюға, сондай-ақ наркоз уақытында ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр жабдығын қолдануға жол берілмейді.
244. Операция үстелі, наркоз аппараты және барлық электрлік медициналық аппаратура қорғайтын танғыш қалақпен жерге қосылатын сымдарға қосылады.
3-параграф. Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстау тәртібі
245. Зертханалар оңашаланған, 1-тұрпатты өртке қарсы қалқандары бар тұрақты ғимараттан бөлектелген үй-жайларда орналастырылады.
246. Зертхана үй-жайына кіретін жерге олардың өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша санаттарының көрсеткіштері ілінеді.
247. Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргізіледі немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тікелей берілетін заттарды пайдалану орнына төселеді.
248. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етіледі. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол берілмейді.
249. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргізіледі. Химиялық өзара әрекеттесуі өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.
250. Зертханалық жиһаз және жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.
251. Өрт, жарылыс қаупі бар сұйықтықтар және заттармен жұмыс істеуге арналған үстелдердің, сөрелердің, сору шкафтарының жұмыс істейтін үстіңгі қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден қарастырылады. Қышқылдармен, сілтілермен және басқа химиялық белсенді заттармен жұмыс істеу үшін үстелдер мен шкафтар тотығуға төзімді материалдардан жасалады.
252. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупі бар булар және газдарды бөлу мүмкіндігімен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиіс жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарында жүргізіледі. Әйнектері сынық немесе желдеткіші ақаулы сору шкафтарын қолдануға жол берілмейді.
Тартпалы шкафтардың жармалары, есіктері мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (тарту үшін төменгі жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсірілген) ұсталады.
Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, тартпалы шкафта жұмыс істеуге жол берілмейді.
Тартпалы шкафтар өздігінен желдететін каналдары бар желдету жүйесімен жабдықталады.
253. Қышқылдары, сілтілері және басқа химиялық белсенді заттары бар әйнек ыдысты ішіне асбест төселген арнайы металл немесе ағаш жәшіктерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Күкірт немесе азот қышқылдарын сақтау үшін ағаш жәшіктерді, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға жол берілмейді.
254. Сұйық оттекті тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бір бөлмеде сақтауға жол берілмейді.
255. Сығылған, сұйылтылған және ерітілген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшін ойықтар немесе жалюзи торлары қарастырылады.
Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргізіледі.
256. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорғыш желдеткішін жұмыс басталғанға дейін кемінде 5 минут бұрын қосу және жұмыс аяқталғаннан кейін сөндіріледі.
257. Зертханаларда:
1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптардан, шілтерлерден және басқа да от көздерінен 1 метр жақын орналастыруға;
2) жұмыс істелген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға;
3) едендер мен жабдықтарды керосинмен, бензинмен, басқа да жанғыш сұйықтықтар және заттармен жууға;
4) шілтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгілген сұйықтықтарды тазалауға;
5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға;
жұмыс орнында және жұмыс істейтін үй-жайларда белгісіз өрт қауіпті белгілері бар қандайда бір заттармен дәрі-дәрмектерді сақтауға;
6) жұмыс орнын, жанып тұрған шілтерлерді және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;
7) ішінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берілмейді.
258. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киімге тиіп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады.
259. Жарылыс және өрт, жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ зертханада (бөлмеде, бокста) түнгі сағаттарда жұмыс істеу кезінде кемінде екі адам болуы қажет, бұл ретте олардың біреуі аға зерттеуші болып тағайындалады.
260. Газ плиталары жоба бойынша орнатылады. Газдың иісі байқалған немесе басқа ақаулықтар анықталған жағдайда плиталар сөндіріледі және оларды ақаулықтары жойылғанға дейін пайдаланылмайды.
261. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге қосылады.
262. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін зертхана үй-жайына жауапты қызметкер аспаптар мен аппараттарды, газ және су шүмектерін тексереді, ортақ электр ажыратқышты және желдеткішті сөндіреді, сондай-ақ зертхананың үй-жайынан артық жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар, заттар, реактивтер, жұмыс істелген сұйықтықтар, қалдықтар, қоқыс пен шүберек шығарылады.
263. Пайдаланылған сұйықтықтарды еритін заттардың қасиеттерін ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құю және жұмыс күнінің соңында қалпына келтіру немесе жою үшін зертхананың жұмыс істейтін үй-жайынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтауды осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып жүргізіледі.
4-параграф. Бір және көп орынды емдеу барокамераларын ұстау тәртібі
264. Барокамералар табиғи жарық түсетін, басқа үй-жайлардан өртке қарсы І тұрпатты қалқалармен бөлектенген оңаша үй-жайларда орналастырылады. Барокамераларды жертөле және цоколдық қабаттарға орнатуға жол берілмейді.
265. Барокамералар орналастырылған үй-жайлар екі эвакуациялық шығу жолымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы есіктерді әйнексіз, тығыздалған ысырмалары бар өздігінен жабылатын, құлыпсыз, сондай-ақ басқа ілмек қондырғыларсыз қарастырылады. Барозалдардың есіктерінің ені аурухана сүйретпелерінде немесе креслосындағы пациенттерді өткізуге мүмкіндік беретіндей, бірақ 1 м кем емес боетіп қарастырылады.
266. Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелерді жанбайтын материалдармен қаптау қажет. Қабырғалар мен төбелерді бояу үшін тек су эмульсиясы бояуларын пайдалануға болады.
267. Барокамера үй-жайларына жылу беру орталықтан, жылу тасымалдағышының температурасы 950С аспайтындай етіп қарастырылады. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерінен барокамераға дейінгі арақашықтық кемінде 1 метр етіп қарастырылады.
268. Екі немесе одан көп бір орынды немесе бір көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайлар авариялық жарықпен жабдықталады.
269. Барокамералардың үй-жайы байланыспен, автоматты өрт дабылымен және үш есе ауа алмастыратын сору желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
270. Емдеу барокамераларының ішкі көлеміне жарық түсіру жарық сәуле өтетін иллюминаторлар арқылы сырттан орнатылған шамшырақтармен жүргізіледі.
271. Барокамераның үй-жайында олардың төлқұжаттық немесе түгендеу нөмірлері көрсетіле отырып, оттегісі артырылған ортада жұмыс істеуге рұқсат етілген аспаптардың тізбесі ілінеді. Ақаулы аспаптарды тек оларды оттегісі арттырылған ортада пайдалануға болатындығы туралы тиісті белгілері бар ұқсас аспаптарға ауыстыруға болады, бұл ретте тізбеге тиісті өзгерістер енгізіледі.
272. Тікелей барокамераларға орнатылған шамшырақтарда тек қыздыратын лампалар қолданылады.
273. Барокамералар ақаусыз сөйлесу қондырғыларымен қамтамасыз етіледі, бұл ретте жәшіктерінің көлемі 0,5х0,5 миллиметр жез торлармен жабылған камера ішіндегі металл жәшіктерде тек динамик және микрофон болуы қажет.
274. Бароаппараттар олардың бірде біреуі басқа аппаратты, барозалдың кез келген жабдығын, сондай-ақ науқастар мен қызмет етуші адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмейтіндей орналастырылады.
275. Сеансты немесе операцияларды бастар алдында барокамераның барлық аппаратурасы, өлшеу және бақылау аспаптары, байланыс құралдары, өрт сөндіру дабылдары, ал көп орынды барокамераларда және тасымалданатын аспаптар мұқият тексерілуі тиіс. Ақаулықтары немесе олқылықтары анықталған жағдайда, сондай-ақ тізімдемеге енгізілмеген жабдық болған жағдайда анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін сеанстар мен операцияларды одан әрі жүргізуге жол берілмейді.
276. Бароаппараттары бар үй-жайларда оттегінің ұсталуын бақылау үшін автоматты газ сараптағыштар орнатылады.
277. Оттегі өткізгіштегі бекіту арматурасы баро-залдан тыс орнатылады.
278. Бароаппараттар мен барозалдарды пайдалану кезінде:
1) пациентті бароаппаратқа синтетикалық киімде жайғастыруға;
2) пациентті сеанс уақытында және оны дәрігердің бақылауынсыз 30 минут ішінде қалдыруға, бұл ретте оған темекі шегуге және ашық отқа жақындауға;
3) бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлерді) жерге қоспастан бароппараттарды пайдалануға жол беруге;
4) жұмыс ортасының қысымын рұқсат етілгеннен арттыруға;
5) барокамерадағы оттегінің салыстырмалы ылғалдығын 65% төмен төмендеуіне жол беруге;
6) барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабілетті заттар мен бұйымдарды кіргізуге;
7) барозалда (үй-жайда, көліктің салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткізгіштерді (зақымдалған оқшаулағышты, сенімсіз ұшқындайтын түйісулерді) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабілетті материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекі шегуге, жұмыс орындарының төменгі жағына жарық түсіру үшін ашық орындалған шамшырақтарды қолдануға;
8) майсыздандырылған оттегі жабдығын пайдалануға;
9) барозалда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның ішінде таңып байлау материалдарын сақтауға;
10) барозалдағы оттегі концентрациясының 23% артық артуына жол беруге;
11) бороаппаратта боробөлімді және бороаппаратты тексерудің бекітілген актісі болмаған кезде емдеу сеанстарын жүргізуге;
12) бароаппаратты рұқсат етілген кернеуден артық желіге қосуға;
13) пайдалануды өрт сөндірудің алғашқы құралдарынсыз жүзеге асыруға жол берілмейді.
13-тарау. Дәріханалар мен дәріхана қоймаларын ұстау тәртібі
279. Жалпы емдеу корпусындағы дәріханалар жеке сыртқа шығатын есігімен бірінші қабатта орналастырылады және басқа мақсаттағы үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен, қалқалармен бөлінеді.
280. Басқа мақсаттағы ғимарат ішіндегі дәріханалардағы тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар саны 100 килограммнан аспайтындай етіп қабылданады.
281. Дәріханаларда сақталатын оттегі толтырылған баллонның саны екеуден аспайды және олар арнайы орынға тігінен тұрғызылған күйде тұрады, сонымен бірге, қамытпен немесе басқа да құралмен тығыз бекітіледі.
282. Дәріхана қоймаларында:
1) транзитті электр кабельдері өтетін үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сіңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;
2) өнімді үйіп-төгіп сақтауға және оны жылу берудің тығыз радиаторлары мен құбырларына жинауға;
3) материалдарды тікелей қоймаларда ашуға және буып-түюге;
4) сумен реакцияға түсетін сілтілі металдар және басқа заттар сақталатын қоймалық үй-жайларға дымқыл немесе ылғалды киіммен және аяқ-киіммен кіруге жол берілмейді.
283. Қалқа артында тек ылғалды ауадан немесе судан шірімейтін, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтауға болады.
284. Қоймалық және дәріхана қоймасы үй-жайларындағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталуы қажет, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.
285. Дәріханаларды жалпы ауруханалық корпустарға және өзге мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезінде олар басқа үй-жайлардан 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді, еркін сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады және бірінші қабатта орналастырылады.
286. Пластмасса бұйымдарды желдетілетін, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерінен кемінде 1 метр қашықтықта сақталады. Үй-жай ашық оттан, ұшпалы заттардың буларынан шектеледі.
287. Дәріхана қоймаларында және басқа жерлерде өрт немесе жану туындаған кезде тиісті бөлімшелердің басшылары өртке қарсы қызмет жұмысшылары келген кезде улы және жарылыс қаупі бар заттардың бар-жоғы және сақтау орындары туралы хабарланады.
288. Өрт қаупі және тез тұтанатын сұйықтықтары бар баллондарды тасымалдау арнайы лайықталған көтермелерде немесе ұстайтын саптары ақаусыз себеттерде екеулеп жүргізілуі тиіс. Үлкен бөтелкелері бар себеттерді, жәшіктерді немесе көтермелерді (салмағы 20 килограммнан асатын), сондай-ақ қатты ыдысқа салынған заттарды тек дөңгелектері жұмсақ жүретін арнайы арбаларға салынады.
289. От қауіпті және жарылыс қауіпті дәрі-дәрмек құралдары біртектілік қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауіпті қасиеттеріне және орау сипатына сәйкес сақталуы тиіс. Осы мақсатта қойма алаңдары бір-бірінен отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған бөлек үй-жайларға (бөліктерге) бөлінеді.
290. Тез тұтанатын заттарға арналған бөлек қоймалар болмаған жағдайда оларды бір-бірінен отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған, жоғары қабаттарда орналасқан жалпы үй-жайларда сақтауға болады. Осы үй-жайлар ағынды-сорғыш желдеткішпен және тез жиналатын құрылымдармен қамтамасыз етіледі.
291. От қауіпті және жарылыс қауіпті дәрі-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзімді стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз етіледі.
292. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ені кемінде 0,7 метр және биіктігі кемінде 1,2 метр есіктері бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауға болады.
293. От қауіпті және жарылыс қауіпті заттар қоймаларының үй-жайларының есіктері ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылады.
294. 100 килограммнан астам мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауіпті заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.
295. Денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшері 3 килограммнан аспайтындай етіп жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшікте сақталады.
296. От қауіпті және жарылыс қауіпті заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың ішінен есіктерінде айқын көрінетін «От қауіпті», «Жарылыс қауіпті», «Темекі шегуге жол берілмейді», «Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет» деген жазулар ілінеді.
297. От қауіпті және жарылыс қауіпті заттар сақталатын әр үй-жайға кіру жолының жанында «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты (жауапты адамның аты-жөні)» деген жазуы бар тақта ілінеді. Жауапты адам қалған от қауіпті және жарылыс қауіпті заттарды жинау және жұмыс күні соңында өзге де шаралар жүргізу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексеріс жүргізіледі.
298. Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлер сұйықтықтардың булануынан алдын алу үшін тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындалады. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және өзге де материалдардан дайындалған контейнерлерде сақтауға жол берілмейді.
299. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтар соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бір қатарда сақталады. Жұмыс орындарында бұл заттарды ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған контейнерлерде сақталады.
300. Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрі-дәрмек құралдарын:
1) толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берілмейді. Толтыру деңгейі көлемнің 90 пайызынан аспайтындай етіп қарастырылуы тиіс. Көп мөлшердегі спирттер көлемнің 95 пайызынан аспай толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;
2) минералды қышқылдармен (күкірт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауіпті қоспалар беретін (хлорат калийі, перманганат калийі) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берілмейді.
301. Жанғыш және жарылыс қауіпті дәрі-дәрмек құралдары қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақталады, қажет болған жағдайда тығындау құралдарына парафин құйылады.
14-тарау. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен биік қабатты құрылыстарды ұстау тәртібі
302. Түтінге қарсы қорғау, өрт автоматикасы жүйелері, авариялық жарықтандыру, ішкі өртке қарсы су құбыры, авариялық лифтілер жүйелі түрде тексеріледі және тұрақты жарамды күйде ұсталады.
303. Объектілердің орталық диспетчерлік бекеттеріне шығарылған өрттен қорғау жүйелерін басқару қондырғылары мен бақылау аспаптары жарамды күйде ұсталады және қызметке түскен кезде кезекші персонал тексеріледі.
304. Өрт кезінде қосылатын өртен қорғау жүйелерінің іске қосу құрылғыларында олардың мақсаты мен іске қосу тәртібі туралы тақтайша ілінеді.
305. Табиғи жарықтандыруы жоқ эвакуциялау жолдары электр жарығымен тұрақты жарықтандырылады, сондай-ақ жарықтың қозғалысқа светодиодтан қосылу мүмкіндігі қарастырылады.
306. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларына, өрт дабылына, түтінге қарсы қорғау жүйелеріне, ішкі өртке қарсы су құбырының сорғыш станцияларына техникалық қызмет көрсетуді білікті мамандар жүзеге асырады.
307. Түтінге қарсы қорғау жүйесіне кіретін есіктер жарамды өздігінен жабылатын құрылғылармен және тығыздағыш төсемшелермен жабдықталады.
308. Түтінге қарсы қорғау жүйесімен, автоматты өрт сөндіру қондырғысымен және ішкі өртке қарсы су құбырымен жабдықталған ғимараттарда мерзім сайын осы жүйелердің автоматты түрде ауыстырып қосудың, электр энергиясымен қоректендірудің резервтік ендірмесіне авариялық және эвакуациялық жарықтандырудың жарамдылығы және жұмыс істеуі тексеріледі.
309. Түтінге қарсы қорғау жүйелерін мен ішкі өртке қарсы су құбырын пайдалануды ғимаратты пайдаланатын ұйым жүзеге асырады, ал штат санында осы жүйелерге қызмет көрсету саласындағы мамандар болмаға жағдайда жүйелерге қызмет көрсетуге шарт бойынша мамандандырылған ұйымдар тартылады.
310. Автоматты түтінге қарсы қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым бақылау-сынау сынақтарын (жүйелерді жұмысқа қосу) орындай отырып, жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге және орындалған жұмыстарды арнайы журналда белгілеу арқылы ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізіледі.
311. Мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуге беретін түтінге қарсы қорғау жүйелері олардың сақталуы үшін жауапты болатын және жүйелерді дұрыс пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй пайдалану ұйымының теңгерімінде қалады.
312. Лифт шахталарына ауа жеткізуді көздейтін түтіннен қорғау жүйесімен жабдықталған ғимараттарда өрт болған жағдайда жолаушы лифттері дереу түсіріліп, төменгі қабатта болуы тиіс. Лифтілердің үй-жайында авариялық жарықтандыру қарастырылады.
313. Өрттен қорғау жүйелері мерзім сайын жұмыс қабілеттілігіне тексеріледі. Күн сайынғы тексерістер жүргізу кезінде өрттен қорғау жүйелерін қолмен іске қосу түймелерінің көмегімен қысқа мерзімге (3-5 мин) жұмысқа қосылады, бұл ретте сорғыш және арынды желдеткіштердің жұмыс істеуі, түтін клапандарының ашылуы, өрт дабылы құрылғыларының іске қосылуы бақыланады.
314. Ай сайынғы ағымдық жөндеу кезінде электрмен қоректендіру желілерінің қалқандары мен тізбектері, ажыратқыш аппараттардың жарамдылығы, қабатты түтін клапандарының электр жетектері мен желдеткіш жапқыштарының, ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өрт сорғыштарының іске қосу аппараттарының, қабаттардағы ойық шкафтардағы өрт сөндіретін құрал-жабдықтардың (крандардың, өрт жеңдерінің, оқпандардың) жұмысқа жарамдылығы тексерілуі, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін сынап іске қосу және ажырату жүргізіледі. Күн сайынғы және ай сайынғы тексерістер мен жөндеулер кезінде орындалатын барлық жұмыстар жұмыс журналында тіркеледі.
315. Түтіннен қорғау жүйесіне қызмет көрсету үшін ұйым басшысы желдеткіш торлардың, клапандардың, атқарушы тетіктер мен өзге де құрылғылардың тазалығын бақылайтын адамдар тағайындалады.
316. Биік қабатты ғимараттарда:
1) өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға әр түрлі жабдық, автокөлік қоюға, үймелеуге;
2) түтінге қарсы қорғау жүйесін қабылдағаннан кейін жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға;
3) өрттен қорғау жүйесін іске қосқанға дейін жаңадан салынған ғимаратқа адамдарды орналастыруға;
4) тұйық қалқаларда және түтінденбейтін саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауіпті үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетін қабырғаларда есік ойықтарын орнатуға;
5) балкондар мен лоджияларда эвакуациялау есіктерін, люктерді, сондай-ақ аралас секцияларға адамдардың өтуіне арналған өткелдерді және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын жиһазбен, жабдықпен тас қылып бекітуге, үймелеуге;
6) автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желімдеуге;
7) ортақ дәліздерде түтін жоюға кедергі келтіретін қалқаларды орнатуға;
8) балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға;
9) түтінденбейтін саты торларын шынылауға немесе жалюзиі мен әуе аймақтарын бекітуге;
10) өздігінен жабылатын есіктерді кәдімгі шынымен (бекемделген немесе шыңдалған) шынылауға жол берілмейді.
15-тарау. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртібі
317. Заттар мен материалдарды сақтау (қоймаға салу) оларды сақтаудың сыйысушылығын, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес өрт сөндіру құралдарының біркелкілігін ескере отырып, жүзеге асырылады.
318. Ғимараттардағы барлық үй-жайлар тазалықта ұсталады. Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшіктер үнемі тазартылып, қоқыстары ғимараттан тыс арнайы бөлінген орынға шығарылады.
319. Барлық жанғыш декорациялар, сахналық рәсімдеу, сондай-ақ көрермендер залының, фойенің және басқа да үй-жайлардың терезелері мен есіктерінде қолданылатын перделеу өрттен қорғайтын құраммен өңделеді.
320. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында жанғанда уыттылығы жоғары өнімдер шығаруы мүмкін полимерлі материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
321. Темекі шегуге бөлінген орындар тиісті белгілермен белгіленіп, жанбайтын материалдан жасалған, үштен бір бөлігінен кем емес көлемде сумен толтырылған урналармен (күл салғыштармен) жабдықталады және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш немесе құмы бар жәшік) қамтамасыз етіледі. Үй-жайларында темекі шегуге арналған орындарды орналастырған кезде олардың ішіндегі қоршау конструкцияларын (едендер, қабырғалар мен жабындарды) өндеу жанбайтын материалдардан жасалады. Темекі шегуге арналған орындарда жұмсақ жиһаз қоюға жол берілмейді.
322. Ғимараттардың ішінде су құбырларын, канализация құбырлары мен жылыту жүйелерін жылыту үшін ашық от пен қыздырылған заттарды қолдануға жол берілмейді.
323. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қызметтік үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештерді, электр жылытқыштарын, электр шәйнектерін) орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.
324. Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттілікке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшіру құралдарынсыз қолдануға жол берілмейді.
325. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру үшін керосинді шамдар мен шырақтарды қолдануға жол берілмейді.
326. Электрмен жылыту құралдарын, үстел шамдарын, радиоқабылдағыштарды, теледидарларды, тоңазытқыштарды, шаң сорғыштарды тек зауыттан шыққан дұрыс штепсельді розеткалар арқылы ғана желіге қосылады.
327. Жатын бөлмелерде, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетілетін тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтіктерді, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
328. Киімдерді үтіктеу тек осы мақсатқа бөлінген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргізіледі. Үтіктеуді ақаусыз термо реттегіштер мен жарықтанатын іске қосу индикаторлары бар үтіктермен орындауға рұқсат етіледі. Үтіктер жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда орнатылады.
329. Жұмыс аяқталғаннан кейін кезекші жарықтандырудан, автоматты өрт сөндіру қондырғыларының электрмен қоректендіру көздерінен, дабыл және түтін жою жүйелерінен, сондай-ақ технологиялық үдерістің шарттары бойынша тәулік бойы жұмыс істеуі тиіс электр қондырғыларын қоспағанда, барлық электр қондырғылары ажыратылады.
330. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде қызмет көрсету персоналының тәулік бойлы кезекшілігі ұйымдастырылады. Кезекшінің қолында үнемі эвакуациялық шығу орындарының есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттері жиынтығы болуы тиіс. Кілттердің басқа жиынтығы кезекшінің бөлмесінде сақталады. Екі жиынтықта да әрбір кілттің тиісті құлыпқа жататыны туралы жазуы болады.
331. Қоғамдық ғимараттардың түнгі кезекшілері телефон орнатылған үй-жайларда болады және қол электр фонарларымен қамтамасыз етіледі. Дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарына кереуеттер орналастыруға жол берілмейді.
16-тарау. Діни құрылыстарды ұстау тәртібі
332. Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.
333. Ырымдар мен салттарды жүргізу үшін:
1) ұлттық стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған көлденең қоршау құрылымдарынан 0,7 метр;
2) ұлттық стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған тік қоршау құрылымдарынан 0,5 метр;
3) басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр қашықтықта ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 333-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
334. Зауыттан шығарылмаған және өндірушінің паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берілмейді.
335. Шыны құтылары бұзылған, ашық отты қолданатын шамдарды қолдануға, сондай-ақ оларды толтыру үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді.
336. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.
337. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулері қарастырылған, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейін сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы беті жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгіліп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.
338. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздері болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемінде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.
339. Пештерді тұтату салттар мен ырымдарды жүргізу басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
340. Діни құрылыстарда от жұмыстарын жүргізуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлері), салттар мен ырымдарды жүргізу кезінде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға жол берілмейді.
341. Жылыту жүйелерінің сыртқы беттері жүйелі түрде жылыту кезеңі басталар алдында жанғыш тозаң мен басқа да шөгінділерден тазартылады. Тазарту мерзімдері өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта көрсетіледі.
342. Эвакуациялау жолдары бос болып ұсталады және үймеленбейді.
343. Салттар мен ырымдарды жүргізу кезінде эвакуациялау жолдарын құлыптармен және басқа да бекіту құрылғыларымен жауып қоюға жол берілмейді.
344. Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бір адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткізу қабілеттілігі негізінде шектеледі.
345. Келушілердің қозғалысын қиылыс және қарсы ағын болмайтындай етіп ұйымдастырылады.
346. Діни құрылыстардан және адамдар жаппай жиналатын басқа да үй-жайлардың эвакуациялық шығу орындарының белгілері дұрыс жағдайда және салт ырымдарды жүргізу кезінде қосылып тұрады.
347. Адамдар жаппай жиналатын діни құрылыстар қызмет етушілер санына тең көлемде дұрыс тыныс алу органдарын қорғау жеке құралдарымен қамтамасыз етіледі.
348. Діни құрылыста электр энергиясы ажыратылған жағдайға электр фонарлары және оларды сақтау орны қарастырылады.
349. Телефон аппараттарының жанында көрінетін жерлерде ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімін шақыру нөмірі, сондай-ақ «101» телефон нөмірі көрсетілген тақтайшалар ілінеді.
350. Діни құрылыстарда әрбір қабаттың көзге түсетін жерлерінде саты торларына шығатын және салттар мен ырымдар жүргізуге арналған үй-жайларға кіретін жерлердің жанында өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялаудың әр қабаттық жоспарлары ілінеді, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау және өрт болған жағдайда жасайтын басқа да іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету персоналы мен күзеттің міндеттері белгіленеді. Өрттің шыққаны және адамдарды эвакуациялау туралы хабарлағышты іске қосу тәртібін діни құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам анықтайды.
3-бөлім. Өнеркәсіп кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
351. Әрбір кәсіпорында ұлттық стандартқа сәйкес технологиялық процестерде қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштері туралы мәлімет болуы қажет, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар белгіленеді.
Өрт қауіпті және жарылысы қауіпті материалдармен жұмыс істеген кезде маркілеу және бумаларда немесе ілеспе құжаттарда көрсетілген ескертпе жазуларға қойылатын талаптары сақталады.
Ескерту. 351-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
352. Бір-бірімен өзара әрекеттескенде тұтану, жарылу немесе жанғыш және уытты газдар (қоспалар) пайда болатын заттар мен материалдарды бірге пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға (егер технологиялық регламентпен көзделмесе) жол берілмейді.
353. Жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеуі мен профилактикалық тексерісі белгіленген және жобамен, технологиялық регламентпен немесе объект (цех) нұсқаулықтарымен көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
354. Сорғыш құрылғылардың (шкафтар, сырлау, кептіру камералар), аппараттар мен құбыр өткізгіштерінің құрылымы өрт қауіпті шөгінділердің жиналуын болдырмайды және оларды өрт қауіпсіз әдістермен тазарту мүмкіндігін қамтамасыз етіледі. Тазарту жұмыстары технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі және журналда белгіленеді.
355. Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарында және басқа да жерлерде статикалық электрден қорғау жүйелерінің ұшқын басқыштар, ұшқын ұстағыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл ұстағыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұсталады.
356. Жабдықты, бұйымдар мен бөлшектерді жууға және майдан тазартуға жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өрт жағынан қауіпсіз қондырғылар мен әдістер қолданылады.
357. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнімін, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауіпсіз әдістермен жүргізіледі. Бұл мақсаттарда ашық отты қолдануға жол берілмейді.
358. Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үлгілерін алу және деңгейді өлшеуді күндізгі уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүргізіледі. Аталған операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнімді тартып ағызу және тартып шығару кезінде орындауға болмайды.
Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) «құламалы ағыспен» жеткізуге жол берілмейді. Резервуарды толтыру және босату жылдамдығы тыныс алу клапандарының (желдеткіш келтеқұбырларының) резервуарларында орнатылған жалпы өткізу қабілеттілігінен аспауы тиіс.
359. Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есіктері мен люктері оларды пайдалану кезінде жабық күйде ұсталады. Камералар мен циклондардан жиналған жанғыш қалдықтарды уақытылы жойылады.
360. Өндірістік ғимараттарды, кәсіпорынның аумақтарындағы қоймаларды тұру үшін пайдалану, сондай-ақ өндірістік шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол берілмейді.
361. Жаяу жүру тоннелдері мен өту жолдарында қойма орнатуға, жабдықты, жанғыш және басқа да материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды ілуге, сондай-ақ күштік кабельдерді, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол берілмейді.
362. Цехтердегі өту жолдары мен өткелдердің шектері нақты белгіленеді.
363. Қоймалар мен өндірістік үй-жайлар арқылы транзитті электрлік желілер, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары төселмейді.
364. Жарылыс өрт қауіпті учаскелерде, цехтер мен үй-жайларда ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған немесе тиісті жарылыс қауіпсіз түрде орындалған құрал-саймандар қолданылады.
365. Жанғыш шаңдар, жоңқалар шығатын үй-жайлардың қабырғалары, төбесі, едені, конструкциялары мен жабдығы жүйелі түрде тазартылып тұрады. Жинаудың жүйелілігі технологиялық регламенттермен немесе объектілік (цехтік) нұсқаулармен (жазбаша) белгіленеді. Жинап тазарту шаңды құйындатуды және жарылыс қауіпті шаңды-ауалы қоспалардың пайда болуын болдыртпайтын тәсілдермен жүргізіледі.
366. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды жеткізуді орталықтандырып жүзеге асыру керек. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды аз мөлшерде арнайы, қауіпсіз ыдыста жұмыс орнына жеткізуге жол беріледі.
Ашық ыдысты қолдануға жол берілмейді. Цехтік қойма үй-жайларына нормативті түрде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояулар, лак, еріткіштерді бір мезгілде сақтаудың барынша рұқсат берілген мөлшерлері белгіленеді. Жұмыс орындарында ауысым қажеттілігінен аспайтын материалдар көлемін ғана (пайдалануға дайын түрдегі) сақтауға болады.
367. Қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтар отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғалады.
368. Жартылай өңделген өнімдерді ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталы көтергіштердің жүктеу құрылғылары тек жүктеу кезінде ғана ашылатын бекітпелермен жабдықталады.
369. Өз бетімен жабылатын өртке қарсы есіктерге арналған механизмдер жарамды күйде ұсталады. От бөгегіш құрылғылар жұмыс аяқталғаннан кейін жабылады.
370. Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желілерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес қабылданады.
371. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрандық клапандардың жарамдылығы жүйелі түрде тексеріліп, өрт өшіруші саптамадан тазартылады. Тексеру мерзімі бекітілген цех нұсқауында көрсетіледі.
372. Адсорберлер өздеріндегі активті көмірдің өздігінен тұтанып кетуіне мүмкіншілік бермейтін қалыпта болып, олар үнемі стандартты, көрсетілген маркадағы активті көмірмен толтырылады.
373. Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидро жүйелерде бактағы май дәрежесіне бақылау орнатылады және жүйедегі май қысымын төлқұжатта қарастырылғаннан арттыруға болмайды.
Гидро жүйеден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтірілуі керек.
374. Ағаш аралайтын рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезінде:
1) аралар қоршауларға тиіп тұрса;
2) тістері жетіспейтін немесе түзу емес және ірі қабыршақты араларды пайдалануға;
3) салқындату мен майлау жүйесі зақымданған болса;
4) салқындату мен майлау жүйесі зақымданған немесе салқындату жүйесіндегі қысым кезінде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететін қондырғысыз болса;
5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткізбесе;
6) мойынтіректің қызуы 70 градустан асса, пайдалануға жол берілмейді.
375. Шикізатты турау машинасына жіберетін конвейерлер металл түсіп кеткен жағдайда дыбыстық белгі беретін металл үгіткіштермен жабдықталады.
376. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезінде металл заттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
377. Өндеуге түсетін технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кірер жолға дейінгі жоңқа жасайтын кілем металл қаққыш арқылы өткізіледі.
378. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегістейтін станоктар алдында беруші құралмен бекітілген және дабыл қаққышпен жабдықталған металл іздегіштер орнатылады.
379. Майдаланған ағаш бөліктерінің шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесімен және олардың толғаны туралы хабарлайтын дабыл қағатын берілгіштермен жабдықталады.
380. Ыстықтай нығыздау үшін қыспақ үстіндегі бөлмеде плитаны қабыстыру кезінде тозаң мен газдың шығуына жол бермейтін сорғыш бұрғы жүк тиелген және жүктен босатылған үлдіріктермен жабдықталуы қажет. Бұрғы құрылысы жұмысқа және қыспақты тазалауда қиындық туғызбайтындай етіп қарастырылады.
381. Барабанды кептіргіш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндіру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталады.
382. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесі оттың жайылуын қақпайлайтын және өртті жоюға арналған люктермен жабдықталады.
383. Аспирациялық және пневмокөліктік жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупі бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегі жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етіледі.
384. Плитаның термиялық өңдеу камералары тәулігіне бір рет бөлініп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады.
Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауіпті газдарды шығару үшін созылмалы құбырдың шиберін әр 15 минут сайын 2-3 минутқа (сұқпа шапқыш) ашуға арналған автоматты қондырғы қарастырылады.
Нығыздалмаған жұмсақ жиекті плиталарға термоөңдеу жүргізуге рұқсат етілмейді.
385. Плиталар термо өңдеуден кейін бунаққа төселер алдында өздігінен жанбас үшін ашық буферлі алаңда қоршаған ауа температурасына дейін суытылады.
386. Өңдеу камерасы мен май ванналарындағы (былау) температура автоматты түрде бақыланады.
387. Жағу газдарын пайдаланатын кептіру барабандары ұшқын ұстағышпен жабдықталады.
388. Ағаш қабатты пластиктерді нығыздағаннан кейін технологиялық регламентте белгіленген уақыттан бұрын кесіп, бөліктерге бөлуге рұқсат етілмейді.
389. Жұмыс соңында сіңдіру ванналары, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды суытатын ванналар қақпақпен жабылады.
390. Сіңдіру ваннасы және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталады.
Әр ваннаның жанғыш буларды тартып алатын жергілікті сорғыш қарастырылады.
391. Мерзімді қозғалысты кептіру камералары мен калориферлер әрбір тиеу алдында өндірістік қоқыстар мен шаңдардан тазартылады.
392. Ауа-бу және газ камераларының енгізу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталады.
393. Газ кептіру камералары желдеткіш тоқтап қалған жағдайда газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталады.
Газ кептіру камераларының алдында ұшқынның кептіру камераларына түсуін қақпайлайтын ұшқын ұстағыш орнатылады.
Газ кептіру құрылғылары пештерінің көмейінің, ұшқын ұстағыш құрылғыларының техникалық жай-күйі үнемі тексеріледі. Пеш көмейінің үстінде сызаты бар және жұмыс істемейтін ұшқын ұстағышы бар кептіру қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.
394. Сұйық және қатты отынмен жұмыс істейтін газ кептіру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екі реттен тазартылады.
395. Отынмен кептіру бөлімі кептіру агентінің температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жинақталады.
396. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептіргіш камералары ағаш қалдықтарынан күніне бір рет тазартылады.
Конвейер 10 минуттан артық тоқтаса, кептіру камерасын қыздыру тоқтатылады.
Кептіру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткіштерін өшіретін және тұрақты өрт сөндіру құралдарын қосатын жабдығы болады.
397. Шикізаттарға, жартылай дайын өнімдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептіру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерілген кезде қыздыруды өшіретін автоматпен жабдықталады.
398. Ағаштарды кептіру үшін жоғары жиіліктегі токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендігіне көз жеткізіледі.
399. Кептіру камераларына адамдардың кіруіне және арнайы жұмыс киімін кептіруге рұқсат етілмейді.
2-тарау. Агломерациялық өндіріс және металдандырылған шекемтастар өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
400. Сөндірілмеген әк отқа төзімділігі ІІ дәрежеден төмен емес, едені жердің үстіңгі қабатынан кемінде 0,5 метр көтерілген арнайы үй-жайларда сақталады.
401. Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуінен сенімді қорғалады.
402. Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инертті газ беру жүйесімен жабдықталған бункерден түсіріледі. Бункердегі артық қысым кемінде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.
403. Температурасы 1000С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылуы тиіс. Бұл ретте лентаға су беру ұсынылады.
404. Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушілердің көмегімен 0,5 метрден аспайтын қатпарда жиналады және су молынан құйылады.
405. Мыналарға:
1) сөндірілмеген әкті дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бірге сақтауға;
2) суды піскен әкті бөлу үшін қолдануға;
3) температурасы 1000С асатын (бақылауды әкімшілік жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;
4) тез жанатын (резинобитумдік, синтетикалық) материалдардан жасалған көлік ленталарын қолдануға;
5) дымқыл түйіртпектерді қоймаға тасымалдауға;
6) металдандырылған тозаңның көліктің галереясында, түйіртпектерді елеу, ұсақтау, тиеу және түсіру орындарда жиналып қалуына жол берілмейді.
3-тарау. Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
406. Домна, болат балқытатын пештерді, конвертерлерді, миксерлерді, шөміштерді және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтарды футерлеудің жай-күйі мен ақаусыздығы тексеріледі.
407. Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезінде шөміштерді, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берілмейді. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.
408. Құю машиналарын, бір жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттері, болатты үздіксіз құюды басқару бекеттері және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тікелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттері металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемінде екі шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.
409. Кабельді туннельдерге, құю орнына тікелей жақын орналасқан май жертөлелеріне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кіретін жерлер балқытылған металдан биіктігі кемінде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғалады.
410. Электр механизмдердің, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кабельдері металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелі жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуінен қорғалады.
4-тарау. Домна өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
411. Колошников алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екі шығу жолымен қамтамасыз етіледі.
412. Конус аралық кеңістікке жарылыс қаупі бар қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде бу немесе инертті газ беріледі.
413. Конус аралық кеңістікке бу немесе инертті газды беру буды (инертті газды) бермегенде тиеу механизмдері жұмыс істемейтіндей етіп тиеу қондырғысымен бұғатталады.
414. Домна пештері қаптаманың температурасын пештің барлық биіктігі мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетіктердің көрсеткіштері аспаптармен пешті басқару пультында белгіленеді.
415. Өндірістің материалдары мен қалдықтарын домна пештерінің іргетастарына жинауға жол берілмейді. Іргетастар жүйелі түрде қоқыстан тазаланады.
416. Күйіп кетпеуін бақылау үшін ауа фурмалары дабылды қондырғылармен жабдықталады. Күйіп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс істеуге жол берілмейді.
417. Домна пештерінің сору станциялары электр жетектегіштері бар резервті сорғы, пештерге резервті сору станцияларының жетектерінің электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде автоматты қосылатын электр жетектері бар резервті сорғылармен, пештерге резервті құбырлармен, резервті су қысымды мұнараларымен немесе автономды жетектері бар резервті сорғылармен жабдықталады.
Су қысымды мұнаралардың көлемі сорғыларды іске қосқанға дейін немесе домна пештерін тоқтатқанша домна пештерін салқындатуды қамтамасыз етеді.
418. Күйіп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердің қаптамасын сыртынан сумен салқындатылады.
419. Домна пештері мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерінің жай-күйі соңынан арнайы журналға тексерулердің қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексеріледі.
420. Бункердің жоғарғы бөлігінің тас көмір тозаңы отынының температурасы өздігінен жазатын және бункерде өздігінен жану кезінде дыбыстық және жарық сигналдарын беретін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.
421. Тозаң өткізгіштердің құрылымында және тас көмір тозаңы аэроқоспа қозғалысының жылдамдығында тозаңның жиналып қалу мүмкіндігін болмайды. Тозаң өткізгіштер жүйесі қондырғылары герметикаланған күйде ұсталады.
422. Аппаратурада реттейтін арматура кесіліп және ілініп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрінетін отынды және мазутты домна пешіне үрлеуге жол берілмейді.
423. Пештің жұмыс алаңында тас көмір тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекітілетін және реттейтін арматураны фурмаларға, омарта тесігіне және омарта тесіктерінің артына орнатуға жол берілмейді.
424. Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелі түрде шаңнан тазартылады.
425. Локомотивтерді шаң ұстағыштардың астында және тозаңды жою кезінде жақын тоқтатуға жол берілмейді.
5-тарау. Болат балқыту өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
426. Мартенов пеші ваннасының жай-күйін үнемі қадағалау жүргізіледі. Металдың тесіліп қалуының белгілері байқалған жағдайда оның ағып кетуінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
427. Балқытылған металл және шлактың түсуі мүмкін орындарда жабдықтың кез келген түрін сақтауға және материалдарды (оның ішінде жанғыш) жинауға жол берілмейді.
428. Мазуты бар шығыс бактарды пештердің астына қоюға жол берілмейді, бактар пештерден кемінде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткізбейтін экрандармен қорғалады.
429. Өрт болған жағдайда мазутты түсіру үшін шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсіру және құю құбырларымен біріктіріледі.
430. Мазут өткізгішті цехқа енгізгенде қызмет көрсету үшін қолайлы орынға сөндіретін ысырма орнатылады.
431. Гидравликалық жетегі бар конвертердің айналу механизмдерін қолдануға жол берілмейді.
432. Салқындатқышта конвертерлік газдар шығып тұрған кезде конвертердің жұмыс істеуіне жол берілмейді. Балқытылған металы бар конвертердің қаптамасындағы қызған жерлерді сумен салқындатуға жол берілмейді.
433. Құрғатуға болат балқытқыш пештерді, конвертерлерді, миксерлерді қойған кезде газды тұтату үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді.
434. Кристаллизаторы ақаулы дайын өнімдерді үздіксіз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берілмейді.
435. Өрт, жарылыс қаупі бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негізінде ашық отты қолдануға жол берілмейді.
436. Жарылыс қаупі бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақты құралдарды автоматты тоқтаған және оттегінің ең аз жарылыс қауіптілігін ұстаудың 50% тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргізіледі.
Жарылыс қаупі бар аэроөлшемдердің пайда болуын болдырмас үшін өрт жарылыс қаупі бар материалдардың негізінде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
437. Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрмен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бірге тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді.
438. Өрт, жарылыс қаупі бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткізгіштерге түсуін болдырмайтын жағдайларда ғана жүргізіледі.
439. Бункерді тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берілмейді.
440. Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалының тұтану температурасынан төмен температураға дейін салқындағанынан кейін ғана жүргізіледі.
6-тарау. Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
441. Тозаңды тазалаудың мерзімділігі кәсіпорынның нұсқаулығымен регламенттеледі. Қысқа желінің ток өткізгіштерде тозаңның жиналып қалуына жол берілмейді.
442. Пеш трансформаторларын пайдалану кезіне трансформаторлар артық қызып кеткен және оны оқшаулағыш тез тоған жағдайда өрттердің алдын алу үшін:
1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейі сақталады;
2) салқындату, кернеуді, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.
443. Пеш трансформаторлары өрт сөндіру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлемділігіне есептелінген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.
444. Трансформаторларды кептіру негізгі үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлінген, бөлек сыртқа шығатын есігі бар үй-жайларда жүргізіледі.
445. Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелік пештердің қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.
Сақтандырғыш қақпақшалардың құрылымы олардың қауіпсіз және сенімді жұмысы қамтамасыз етіледі.
446. Ауаны тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға оларды тексеру, жөндеу, шаңынан тазалау мақсатымен берудің тәртібі зауыттық нұсқаулықтармен регламенттеледі.
447. Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауіпсіз тәсілмен жүргізіледі.
Тез тұтанатын конденсатты толық алып тастамайынша қызмет етуші тұлғалардың вакуумды камераның ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, камераны тексеру мақсатымен кіруіне жол берілмейді.
448. Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кенді қалпына келтіру пештерінен газ тозаңын бұру жүйелерін пайдалануға жол берілмейді.
449. Сұйық алюминийді тозаңдату бункерлері, камералары озаңға айналдыру процесінде ыстық ұнтақтың конвейерлік лентаға түсуін болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.
450. Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде алюминий ұн ағын өндіретін үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезінде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.
451. Алюминий ұнтағымен жұмыс істеу кезінде ұшқын тудырмайтын түсті металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.
452. Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздігінен жануын және жарылуын болдырмас үшін оны өндіру және сақтау орындарда ылғал мен дымқылдың болуына жол берілмейді.
453. Алюминийден, магнийден және олардың негізіндегі қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндіруге арналған үй-жайларда жертөлелерді, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берілмейді.
454. Жанғыш ұнтақтар мен пудраларды өндіруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статистикалық электрден қорғалады.
455. Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын силитрамен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бірге сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.
456. Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейім материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтердің балқыту корпустарында арнайы бөлінген орындарда екі тәуліктік қажеттілікте аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бочкаларда) сақталады. Кәсіпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.
457. Шығарындысы бар балқытылған металл және шлакты қорытуға беруге жол берілмейді. Шығарып тастаған жағдайда қорытпаның қызған өнімдерінің түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берілмейді.
458. Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауіпті және өрт қауіпті болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезінде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелі тазалау бойынша шаралар қабылданады.
459. Инертті газ ортасын немесе инертті қоспаларды қолданбай жарылыс қаупі бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берілмейді. Жарылыс қаупі бар ұнтақтарды пайдаланатын технологиялық үдерістерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындау немесе механикалық әсер ету нәтижесінде жарылыстың пайда болуын болдырмайтын жабдық қолданылады.
460. Сумен өзара әрекеттесуі кезінде жарылыс қаупі бар газдарды бөліп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшін жоғарғы қақпағында тесігі бар құрғақ және таза темір барабандарға салу қажет. Осы тесіктер дымқылдың түсуінен қорғалады.
461. Құбыр жүргізу көлігінің қысылған ауа күшімен жұмыс істейтін және басқа түрлерімен ұнтақталған жарылыс қаупі бар компоненттерді тасымалдауды инертті газдар ортасында жүргізіледі.
462. Өздігінен жанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер жұмысы өрт сөндіру құралдарын ісе қосуымен одақтасқан, осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады.
463. Сумен өзара әрекеттесуі кезінде жарылыс қаупі бар газдарды бөлуге бейім дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді.
464. Тозаң тұндыратын камералар және жең сүзгілері мерзімді түрде тозаңнан тазартылады. Олардың толып кетуіне жол берілмейді.
465. Бункерлер үй-жайларының, конвейерлік галереялардың және басқа үй-жайлардың едендері мен жабдықтарынан жанғыш тозаңды тазалау ай сайын, ал қабырғалардан, төбелер мен металл құрылымдарынан – аптасына бір рет жүргізіледі.
466. Технологиялық процестің және жабдықты пайдаланудың регламенттелген режимдерінің бұзылуы нәтижесінде өндірістік үй-жайларға шаң бөлінудің мөлшері артқан кезде шаңды тазалауды бас инженер бекіткен арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
467. Шаңның өндірістік тазаланғаны туралы арнайы журналға жазылады.
468. Жанағыш ұнтақтар мен пудраларды өндірудің қалдықтарын үйіп шығаруға жол берілмейді. Оларды өндірісте пайдалануға немесе арнайы оқшауланған орындарда өртеп жіберуге болады.
469. Моношихтаны дайындау үшін дымқыл, май, эмульсия және басқа органикалық заттарды ұстайтын материалдарды, сондай-ақ титан жоңқаларын пайдалануға жол берілмейді.
7-тарау. Жұқарту, құбыр жұқарту және метиздеу өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
470. Басқару және орталықтан майлау жүйелерінің май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.
471. Гидрожетектің жүйелері май құбыры үзілген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.
472. Майлау және гидравлика жүйелерін пайдалану кезінде майдың ағып кетуіне жол берілмейді. Майланған орындарды ай сайын үгінді, шүберектердің көмегімен тазартылады.
473. Жүйені майлау үшін өсімдік майларын және жануарлар майларын пайдалану кезінде осы өнімдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздігінен жануын болдырмау шаралары қабылданады.
474. Май шаруашылығын пайдалану кезінде ашық оттың кез келген көзін пайдалануға, май жертөлелерінде және жақын маңда май толтырылған жабдықты ұшқындауға жол берілмейді.
475. Май жертөлелері мен кабельді туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерінің түсуін болдырмау үшін жауып ұсталады.
476. Туннельдер мен май жертөлелерінің желдететін қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуі қамтамасыз етіледі.
477. Ішпек тораптарын қайта іске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етіледі.
478. Қорғалайтын жарылыс қаупі бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупі бар құрылымдардың құрылуын ескертетін технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.
479. Автоматика қолмен іске қосу ысырмасын белгілеу арқылы инертті газды жіберу қондырғысын қайталайды.
480. Қоршаған ортаның қысымы түскен кезде қорғалайтын газдағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс істеуіне жол берілмейді.
481. Өрнектеу бөлімшелеріндегі сутегі бөлетін учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелері жарылыстан қорғалған болып жасалады.
482. Металды термиялық өңдеу (лентаны үздіксіз күйдіру) кезінде қорғайтын газы жоқ ерітілген натрийі бар ваннаны пайдалануға жол берілмейді. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийі бар ваннаға тиіп кетуіне жол берілмейді.
483. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.
484. Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезінде темір қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкіндігін болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезінде селитра ванналарын қолдануға жол берілмейді.
485. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгінділерін, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берілмейді. «Титан қалдықтары» деген жазуы бар контейнерлер желдеткіші үздіксіз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.
486. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздігінен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейін қыздыруға жол берілмейді.
8-тарау. Отқа төзімді өндіріс объектілерін ұстау тәртібі
487. Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафинді, стеаринді ерітуге болады. Осы мақсаттар үшін ашық отты, ашық электр спиральдерін немесе басқа температурасы 1000С жоғары үстіңгі қабаттарды қолдануға жол берілмейді.
488. Керосин-стеоринді қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерінде өртсөндіргіштер болмағанда жұмыс істеуге жол берілмейді.
489. Керосин-стеоринді қоспалардың төгілуіне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезінде жұмыс орындарында керосин-стеоринді қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берілмейді.
490. Жанғыш (жарылыс қауіпті) газдарды отын және қалпына келтіру ортасы ретінде қолдануға жол берілмейді.
9-тарау. Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған цехтерді, учаскелерді, қондырғыларды ұстау тәртібі
491. Бөлшектерді жуу, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргізіледі және өрт сөндірудің тиісті құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткіштерімен жабдықталған оңаша өндірістік учаскелерде жүргізіледі.
492. Бояу цехтерінің (учаскелерінің) бояу дайындайтын бөлімшелері бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етіледі.
493. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргізілетін үй-жайлардың едендері соққан кезінде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.
494. Кемінде екі метр биіктіктегі үй-жайлар қабырғаларының ішкі қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделеді.
495. Цехтердің, учаскелердің, қондырғылардың барлық есіктері сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.
496. Бояу жұмыстары, бөлшектерді шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергілікті сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткіштері болған кезде ғана жүргізілуі қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесі желдету жүйесімен бұғатталады.
497. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткішін сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгілер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерін ұстап алуға арналған басқа тиімді қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
498. Ағынды және сорғыш желдету каналдарының еден астындағы қондырғысы каналға кіретін жерде орналасқан.
Шілтер астындағы ойық тұрақты деңгейді автоматты түрде ұстай отырып, биіктігі кемінде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.
499. Бояудың және бояу дайындайтын бөлімшелердің (бояу және кептіру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегі электр жабдығы жарылыстан қорғалған болып жасалады.
500. Лактау-бояу материалдары жұмыс істейтін ыдысқа ернеулері бар түсті металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиіс.
501. Бояу жабдықтарын жанғыш шөгінділерден күн сайын желдеткіш істеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейін тазартылады.
502. Камераларды бояулар мен лактардың шөгінділерінен тазалауды жеңілдету үшін олардың қабырғаларына техникалық вазелиннің, солидолдың немесе арнайы құрамның жұқа қабаты жағылады. Беткі қабаттарын нитро бояулардың шөгінділерінен тазалау кезінде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түсті металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.
503. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгінділерін күйдіру үшін қолдануға жол берілмейді.
504. Өрт қауіптілігінің көрсеткіштері анықталмаған лактау-бояу материалдарын, еріткіштерді, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді. Осы материалдар тиісті талдаудан, олардың өрт қауіптілік қасиеттері анықталғаннан және қауіпсіз пайдалануға арналған шаралар әзірленгеннен кейін пайдаланылады.
505. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын құрамдар, пасталар, еріткіштер және басқа өрт тұрғысынан қауіпсіз техникалық жуу құралдары қолданылады.
506. Біліктерді көтермелерден алғаннан кейін оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.
507. Жарылысты болдырмау үшін сілтілі ваннаның бетіне көмірдің, күйенің, майлау материалдарының түсуіне жол берілмейді.
508. Ойып түсетін соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда қарастырылады.
509. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгіліп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшін бордың, әктің немесе соданың дайын ерітінділер қарастырылады.
510. Бояу цехтерінде, бояу дайындайтын бөлімдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектерді жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлік дәнекерлеу, ұшын шығару) байланысты жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берілмейді.
511. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйінде жетуі тиіс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерін құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлінген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргізіледі.
512. Бұйымдарды нитро целлюлозды, полиэфирлі және перхлорвинилді эмальдармен электрлік бояу кезінде электрлік бояу камерасын ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.
513. Электр статистикалық өрісті бояу камераларында сорғыш желдеткіштер сөндірілген кезде электр статистикалық өрісті тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.
514. Еденге төгілген лак және бояу шығару материалдары мен еріткіштер дереу тазаланады. Едендерді, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш еріткіштермен жууға жол берілмейді.
515. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габаритті болғандықтан боялған бұйымдарды кептіруді сорғыш камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткішпен және автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.
516. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.
517. Май жағылғаннан кейін құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жіберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.
518. Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғыш желдету қондырғыларын іске қосумен бұғатталады. Желдеткіш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндіру – камераны тоқтатқаннан кейін жүзеге асырылады.
4-бөлім. Мұнай өнімдерін қамтамасыз ету кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
519. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биіктігі кемінде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.
520. Кәсіпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақ түрлі бұтақтарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол беріледі. Резервуарлардың үйме жалдау жерлерінде ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.
521. Объекттің аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарларын және басқа да ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді.
522. Объекттің аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруі бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
523. Темекі шегуге арналған орындарда «Темекі шегуге арналған орын» деген жазу ілінеді, суы бар сыйымдылықпен немесе құмы бар жәшікпен, сондай-ақ 5 литрлік өрт сөндіргішпен жабдықталады.
524. Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнімдерін айдау станцияларында өртенбейтін шарбақпен қоршалады. Шарбақтардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықтар осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген көлемде (өрт сөндіру автомобильдерінде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндіру жабдықтары қоры жасалады. Өрт сөндіру құралдарының техникалық жағдайына үнемі бақылау орнатылады. Өрт сөндіру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берілмейді.
525. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнімін, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауіпсіз әдістермен жүргізіледі.
526. Жарылыс өрт қауіптілігі бар аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жезді кілттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетінің тұтастығы байқалып, уақытылы қалпына келтіріледі.
527. Статикалық электрлік зарядтардың пайда болуын болдырмау үшін соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге қосу өткізгішімен жабдықталған үлгі іріктегіштер қолданылады. Жерге қосу өткізгіштері резервуардың төбесіндегі жерге қосу қысқыштарына жалғанады.
528. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иілмелі шағын бөгеттердің (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Резервуарларды өз бетімен жанатын пирофорлы шөгінділерден тазарту тәртібі
529. Резервуарлардың ішкі қабаттарын пирофорлы шөгінділер мен коррозия өнімдерінен тазарту объектінің бас инженері немесе басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
530. Резервуарды пирофорлы шөгінділерден тазарту (мұнай өнімдерінен босатқаннан кейін) және жөндеу алдында ауа кеңістігі су буымен толтырылуы тиіс. Бумен үрлеуді төменгі люк жабық және жарық, өлшегіш люктері ашық болғанда жүргізу керек. Резервуарды булау үдерісінде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгінділер ақырын қышқылдану үшін ішіне кішкене ауа жіберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегінің 6% дейінгі есебінен). Мөлшерлегіш құрылғылары құрылғысы болған жағдайда булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейіне дейін сумен толтыру керек, содан кейін пирофорлы шөгінділер ақырын қышқылдану үшін су деңгейін сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен төмендету қажет.
531. Резервуарды тазартқанда ішінен шыққан лас және шөгінділерді мұнай өнімдерін сақтау зонасынан шығарғанша оларды дымқыл күйінде ұстау керек.
532. Резервуарлардағы пирофорлы шөгінділердің сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғаларға ғана алуға жол беріледі.
533. Кәсіпорындардың найзағайдан қорғағышы құрылыс нормалар талаптарына сәйкес орындалады.
534. Статикалық электр мен найзағайдың екінші көрінулерінің разрядтарынан қорғау үшін барлық технологиялық аппараттар, жабдық және құбыр жолдары жерге қосылады.
535. Статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларын электр жабдыққа арналған жерге қосу құрылғыларына қосылады. Бұндай құрылғылар Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жобаланады.
536. Сұйытылған сутекті газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құюдағы автоцистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылады.
537. Жерге қосу өткізгіш ретінде иілмелі, қимасы 6 миллиметрден кем емес, оқшаулануы жоқ, көп желілі жез өткізгішті қолдану керек.
538. Резина шлангтарының металл бастиектері мен тех көтергіш құрылғылары тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құйғанда шлангтың ішіне немесе сыртына оралған, иілмелі, көп желілі жез өткізгіш арқылы жерге қосылады. Жез өткізгішті басқа шетімен өнім құбыры мен эстакаданың металл бөліктеріне қосылады.
539. Шлангтардың бас тиектері ұшқын қауіпсіз материалдардан қарастырылады.
540. Кәсіпорындардың найзағайдан қорғауын бөлек тұрған немесе стерженьді найзағай тартқыш құрылыстарында орындалады. Найзағай тартқыштың әр қайсысынан екі тоқ тартқыштан қарастырылады.
541. Бөлек тұрған найзағай тартқыштардың тіреуіштері болаттан, темір бетонынан, ағаштан жасауға болады. Олар коррозиядан және шіруден сақталады.
542. Найзағай қабылдағыштар қимасы 100 шаршы миллиметрден кем емес және ұзындығы 200 миллиметрден кем емес кез келген маркалы және пішінді болаттан жасалады. Олар коррозиядан, мырыштаумен, қалайылаумен берік қорғалады. Найзағай қабылдағыштар тоқ тартқыштармен қосуын электр дәнекерімен орындалады.
543. Жерге қосқыштарды топырақтың үлестік электр кедергісіне және импульстік кедергіге байланысты таңдалады. Жолақты, бұрышты және дөңгелек болатты қолдануға жол беріледі. Жерге қосқыштардың ұзына бойы өзекшелерінің жоғарғы ұшы жерге кемінде 0,6-0,7 метр кіргізіледі.
544. Найзағайдан қорғау құрылғылары тексеруді найзағайлы жауын алдындағы кезеңде жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді, ал тексерістер және өлшеу нәтижелері найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына енгізіледі.
545. Найзағайдан қорғау құрылғыларына ревизия жүргізетін тұлғалар тексеріс және сынақ нәтижелері бойынша акт жасалады, ал ақаулық анықталған жағдайда хаттама жасап, бір данасын кәсіпорынның басшысына беріледі.
3-тарау. Электр техникалық құрылғыларын, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау тәртібі
546. Кәсіпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі, оны қосуды қызмет көрсету персоналы үнемі болатын жерлерде қарастырылады.
547. Мыналарға:
1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгісі жоқ электр жабдығын жарылыс қауіпті аймақтарда пайдалануға;
2) қорғау жүйесі бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;
3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылысында қандай да бір өзгерістер жасауға;
4) жарылыс өрт қауіпті зоналар аумағында және осы зоналардан электр беріліс желілері тіреуіштердің биіктігі 1,5 кем қашықтықта электр беріліс желілерін төсеуге;
5) сырты бұзылған (тесіктер, жіктері кесілген) шланг кабельдерін қолдануға;
6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыр жолдарының, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшін оқшауланған құбыр жолдарын жерге қосқыштар және жерге қосу өткізгіші ретінде қолдануға жол берілмейді.
548. Электр жабдығын, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау жерге қосу үшін жерге қосудың жалпы нұсқасы қарастырылады.
549. Электр энергиясын беру үзілісі болған жағдайда кәсіпорын сыртқы электр желілерінен ажыратылады. Қайтадан қосуды тек жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ сараптағыш арқылы бу және газдардың қауіпті концентрациясы жоқ (жарылыс қауіпті булар мен газдардың төменгі концентрациялық шегінен 20% болған орта қауіпті деп есептеледі) екені анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
550. Жарылыс және өрт қауіпті цехтерде дәнекерлеуді және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай тек суық әдіспен құралдарды жөндеуге рұқсат етіледі. Жұмыс істеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыр жолдарымен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарының шағын, ағымдағы жөндеуін тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсіргенде ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар ашық отты қолдануға жол берілмейді.
551. Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделіп, бақылау сынақтары көлемінде сынақтан өткізілді.
552. Жарылыс қауіпті үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткізгенде және тексергенде кәдімгі (жарылыстан қорғалмаған) орындауы бар жабдықты қысқа мерзімде қолдануға тек от жұмыстарын жүргізуге қойылатын барлық талаптарын орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
553. Бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайына бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларын орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыр жолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдарды және сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульсті желілер енгізуге рұқсат етілмейді. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульсті құбырлардың жарылған жағдайында бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларының ішіне жанғыш газдар мен булардың кіруін болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульсті құбырларды енгізуге рұқсат беріледі.
554. Импульсті желілерді бөлу ыдыстарынан құралдар мен аппараттарға дейін тек бақылаудағы өніммен араласпайтын, және оның ішінде ерімейтін, инертті қатып қалмайтын сұйықтықпен толтыруға рұқсат беріледі.
4-тарау. Магистральды мұнай өнімдері құбырларының желі бөлімдерін ұстау тәртібі
555. Мұнай өнімдері құбырлары жолдарының кез келген орнына көліктің, жөндеу және авариялық бригадалардың еркін өтуі қамтамасыз етіледі.
556. Магистральды құбыр жолы жолдарында жер бетіне мұнай өнімінің шығуы анықталғанда желідегі тексерушілер ол туралы айдау станциялардағы диспетчерлерге дереу хабарлап, және солардың нұсқаулары бойынша әрекет жасалады. Радиусы 20 метр сұйықтықтың шығу орнын қоршап қою керек және оның жанына белгіленген үлгідегі сақтандыратын қауіпсіздік белгілері қойылады. Түнгі уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.
557. Елді мекендерге, темір жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетіне сұйықтықтың шығуы байқалғанда линиядағы тексерушілер жөндеу-қалпына келтіру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналдыруды ұйымдастырып, жергілікті әкімшілікке, өрт сөндіру күзеті органдарына, милицияға хабарлауы тиіс және олардың көмегімен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынуы туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнімі төгіліп қалған жерге бөгде адамдарға жол берілмейді.
558. Авария орнын өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда өрт сөндіру машиналарының кезекшілігін ұйымдастырады және мұнай өнімдерінің басқа коммуникациялар мен желілерге өтуіне жол бермейтін шаралар қабылдайды.
559. Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнімдері сіңіп кеткен жерлер тазартылады және топырақпен жабылады.
560. Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да іштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнімдері төгілген жерден кемінде 30 метр қашықтықта ғана жол беріледі.
561. Құбыр жолының төбесінен 0,3 және одан да кем тереңдікте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарды оны ашу жөніндегі жұмыстар тек соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.
562. Елді мекендегі мұнай өнім құбыры тас жолы «Мұнай өнім» құбыры» деген жазуы бар жеңіл табылатын темір бетонды белгісімен белгіленіп, мұнай өнімі сыртқа шыққан жағдайда хабарлайтын телефон нөмірі көрсетіледі.
563. Мұнай өнім құбырының жағдайына үнемі көзбен көріп, сондай-ақ құбыр жолдарын пайдаланғанда шыққан құбыр жолдарының ақаулықтарын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.
5-тарау. Мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
564. Сорғыш станциялары үй-жайларында сорғыштар мен құбыр жолдарының герметикалығына үнемі қадағалау жүргізіледі. Сорғыштардың тығыздамаларындағы және құбыр жолдарындағы қосылыстарындағы мұнай өнімдерінің кеміп қалуы дереу жойылады.
565. Ішкі жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан өртенбейтін қабырғалармен бөлген жөн. Қозғалтқыштарды сорғыштармен қосатын біліктердің қабырғалар арқылы өтетін жерлерде тығыздама қымтағыштары болады. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғыштар орнатылған үй-жайларында тегіс қайыс белдік берілімдерін қолдануға жол берілмейді.
566. Сорғыш бөлмелерінің едендері мен науалары үнемі сумен шайып тұрады. Төгіліп қалған мұнай өнімдерін жою үшін сорғыш үй-жайлары резина шлангілері бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғыш бөлмелерінің құйылыс каналдарының қосылу орындарындағы гидравликалық бекітпелерін үнемі тексеріп тұру керек.
567. Қажалатын бөлшектердің майлануына, мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасына және сорғыштарға байқау орнатылады. Сорғыштардың әдеттегі жұмыс тәртібін бұзатын қандай да бір ақаулықтар анықталғанда соңғысы тоқтатылып, ал ақаулығы жойылады.
568. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғыш бөлмелеріндегі тұрақты автоматты газ сараптағыштар авариялық желдеткішпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнімдерінің қауіпті бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыс және жарық сигнализациясы қондырғыларымен бұғатталады.
569. Тұрақты газ талдағыштары болмаған жағдайда тиісті кестелерге сәйкес үнемі мұнай өнімдерінің қауіпті бу концентрацияларының болуын анықтау мақсатында жылжымалы газ сараптағыштармен әуе ортасына талдау жүргізіледі.
570. Мұнай өнімдерін уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған жағдайда:
1) станция магистралды құбыр жолы трассасынан 25 метр жақын емес орналастырылуы және ашық, тегістелген алаңда орнатылуы тиіс, ал айдау агрегаттары діріл және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларына бекітілуі тиіс;
2) мұнай өнімдерінің ішкі жану қозғалтқыштарына түсуін болдырмау үшін сорғыштарда кему байқалғанда қозғалтқыштар сорғыштардан металл қаптамаларымен бөлінуі тиіс;
3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтін, жылу өткізбейтін материалмен жауып, ал олардың шеттерін жерге көмілген бункерлерге түсіру қажет;
4) мұнай өнімдерінің кемуі ықтимал орындарын (құбыр жолдарының қосулары және сорғыштардың тығыздама қосулары) төгіліп қалған мұнай өнімін қауіпсіз жерге шығаруға арналған су сіңгіш құрылғысымен жабдықтау қажет;
5) станция орманды мекенде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақты 20 метр радиуста жапырақ тектес ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазарту және ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, кесу қалдықтарынан, шыбық отынынан, кеуіп қалған шөптен тазартылады;
6) резервті жанар-жағармайды сақтау орнын айдау станциясынан кемінде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсімдіктен тазартылады және ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.
571. Уақытша жылжымалы станцияны пайдаланғанда:
1) мұнай өнімдерінің кемуін болдырмау үшін құбыр жолдарын үнемі тексеріп, алдын ала жөндеу жүргізуге;
2) айдау станциясындағы құбыр жолдары мен сорғыш бөлмелерінде мұнай өнімдерінің кемуін дереу жою; егер оны жасау мүмкіндігі болмағанда айдау жұмыстарын тоқтатуға жол беріледі.
572. Уақытша айдау станциясы жұмыс істеп тұрған кезде:
1) сөндіргіштері ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;
2) жарық беру үшін ашық түрдегі шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа қауіпсіз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолдануға);
3) ашық отты қолдануға, темекі шегуге, дәнекерлеу және басқа да өрт қауіпті жұмыстар жүргізуге;
4) соғылған кезде пайда болған көбікті шығаратын құралды пайдалануға жол берілмейді.
573. Магистральды құбыр жолдарының тас жолдарындағы әрбір уақытша айдау станциясында өрт сөндіру жағдайына су қоры, өрт сөндіру мотопомпасы қарастырылады.
6-тарау. Темір жол ағызу-құю эстакадаларын ұстау тәртібі
574. Магистральды өнім жолдары мұнай базалары мен құю бекеттерінде (станцияларында) ағызу-құю құрылыстары орналастырылған алаңшалар авария жағдайында жинағышы немесе өндірістік канализациясы бар гидравликалық бекітпелері арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергісіз құйылуы қарастырылады.
575. Ағызу-құю құрылғыларының немесе темір жолдарында жеке тұрған тіреуіштердің екі жағынан (екі осьті екі немесе төрт осьті бір вагондар қашықтығында) сигналды белгі – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, олардың артына тепловоздарға жүруге жол берілмейді.
576. Бос темір жолдар эстакадаларына ағызып құюға маршруттарды жіберуді мұнай базасының (құю бекетінің, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуіш башмактарын темір жол көлігінің жұмыскерлері орнатады. Ағызу құю құрылғылары орналасқан темір жолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берілмейді және тек айналу темір жолдары бойымен ғана жол беріледі.
577. Ағызу-құю құрылғылары, құбыр жолдары және құбыр жол арматурасы үнемі тексеріске тартылады және жоспарлы сақтандыру жөндеуіне тартылады. Анықталған ақаулықтар мен кемулерді дереу жойылады. Ағызу құрылғысының (немесе құбыр жолы учаскесінің) бұзылған бөлігі өшіріледі.
578. Темір жол цистерналарын іріктеуді және тіркеуден ағытуын ағызу құю эстакадасы шегінен тыс жүзеге асыру керек. 610C кем булардың қысу температурасы бар мұнай өнімдерін ағызу құю операциялары кезінде эстакадада маневрлік жұмыстарды жүргізуге және бос жолға келесі маршрутты жіберуге жол берілмейді. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргізілетін құю операциялары кезінде мұнай өнімдері бар темір жол цистерналарын бос эстакадаларға жіберуге жол беріледі.
579. Ағызуға және құюға темір жол цистерналарын ақырын, соқпай, жұлқымай жіберіледі. Ағызу құю құрылғылары аумағында темір жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға және бекітуге рұқсат берілмейді. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын, ағаш төсемдер мен металлдан жасалған башмактар қолданылады.
580. Тез тұтанатын сұйықтықтарды ағызғанда және құйғанда, цистерналардың люктерінің қақпаларын жапқанда, темір жол цистерналарына шлангтарды және басқа да құралдарды қосқанда соққыларға жол берілмейді. Ағызу құю операциялары кезеңінде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангінің бастиегі цистернаның түбіне түсіріледі; құюды шашырауды болдырмау үшін сұйықтық деңгейімен жүзеге асырылады. Цистерналардың люктері қақпалары резинадан жасалған төсемдермен жабдықталады.
581. Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнімдерін ағызуға және құюға жол берілмейді; темір жол цистерналарының люктері жабылады.
582. Ағызу, құю операциялары кезеңінде жергілікті жарық беру үшін жарылыс қаупі жоқ түрде орындалған аккумуляторлы шамдар қолданылады.
583. Теміржол ағызу құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнімдері үшін өтпелі өткелдері жасырын болттары бар ағаштан жасалған жастықтармен жабдықталады.
584. Орнынан қозғалту және теміржол цистерналарын ағызу және құю орындарына жылжыту үшін иінтіректер ретінде құрыштан жасалған сүймендерді немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берілмейді. Теміржол цистерналарын тек жүк шығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.
585. Теміржол цистерналарын құюға техникалық тексеріс белгісіз, сондай-ақ анық кему белгісі немесе басқа да мұнай өнімдерін құюға кедергі жасайтын ақаулықтары болғанда қабылдау жол берілмейді.
586. Мұнай өнімдерін ағызу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдердің, ысырмалардың дұрыс ашылғаның, ағызу-құю құрылғыларының дұрыстығын, шлангтары мен телескоптық трубалардың қосылу тығыздығы тексеріледі.
587. Теміржол цистернасының люгін ашқанда және шлангтарды толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктің жел жағына орналастырылады.
588. Құю үдерісінде темір цистернасында кему байқалғанда ол цистернаға құю ақаулық жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақаулықты жою мүмкіндігі болмағанда цистернаны ішіне құйылған мұнай өнімінен босатып, тапсыру станциясына қайтару керек.
589. Теміржол цистерналарының бұзылған төменгі құю құралдарын ұшқын шығару мүмкін, олардың конструкциясымен қарастырылмаған құралдар арқылы ашуға жол берілмейді. Цистернаның төменгі құю құралын ағызу құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына башмактарды (тіреуіштерді) орнатқаннан кейін және осы жолдан локомотивті шығарғаннан кейін ғана қосуға болады.
590. Теміржол цистерналарына мұнай өнімдерін құюды аяқтағаннан кейін құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангтар, тіреуіштер, және коллекторлар мұнай өнімдерінен босатылуы, ал темір жол цистерналарының люктерінің қақпақтары герметикалық түрде жабылады.
591. Теміржол цистерналарының ағызу құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнімдерін тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берілген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат беріледі. Ашық отты қолдануға қатаң жол берілмейді.
592. Теміржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнімдерін булы шиыршық түтіктері арқылы жылытқанда соңғыларды тек мұнай өнімдеріне 0,5 метр кем емес тереңдікке толық батырғаннан кейін ғана іске қосуға болады. Жылыту кезіңде оның температурасы көтеріліп, мұнай өнімі кеңейгенде цистернадан атып шығуын болдырмауы байқалады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтықтың буларының шығу температурасынан 150C төмен болмауы тиіс.
Электр жылытқыштармен жылыту кезінде вагон-цистерналардан мұнай өнімдерін ағызуға рұқсат етілмейді.
593. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін тек герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгі жағынан ағызуға жол беріледі.
594. Электрленген темір жолдарда орналасқан ағызу-құю эстакадаларының темір жолдарында екі оқшаулау жігін орнату қажет: біріншісі – ағызу фронтының шегінен тыс, екіншісі – тұйықталу орнының көрсеткішінің жанында.
595. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темір жол жүйелеріне құюды осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнімі көлемінің кеңеюін ескере отырып жүзеге асырылады.
596. Темір жолдар, эстакадалар, құбыр жолдары, телескоптық құбырлар және шлангтардың ұштықтары жерге қосылады. Жерге қосу құрылғыларының қарсылығы кәсіпорынның бас инженерімен бекітілген кесте бойынша жылына бір реттен кем емес тексеріледі.
597. Темір жол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.
598. Эстакадалардың темір жол тұйықталу орындарының соңында орнатылған шығырлар жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнімдерін ағызу-құю операцияларын жүргізгенде шығырдың арқаны тарқатылған жағдайда болады.
7-тарау. Ағызу-құю айлақтары мен жағалық құрылыстарын ұстау тәртібі
599. Ағызу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдары мен өтпелі көпірлерді жарамды жағдайда және әр түрлі заттармен ыбырсытпай ұсталады.
600. Мұнай өнімдерін ағызып құюға арналған жағалық құбыр жолдары айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық жапқыштармен жабдықталады. Құбыр жолдары арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпірлер қарастырылады.
601. Жылжымалы ағызу-құю құбыр жолдарының фланецтері мен жылжымалы жеңдердің жалғаулық муфталары палубаға соғылғанда ұшқын пайда болуын болдырмайтын металлдан жасалады.
602. Жеңіл жанғыш мұнай өнімдері бар кемелерді шынжырлап байлап қоюды және оларды айлаққа бекітіп қоюды металлды емес арқандармен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, бұндайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекіту кнехтерінің битенгтері ұшқын пайда болуды болдырмайтын төсенішпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.
603. Капитанда кеменің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы актісі болмаған жағдайда мұнай өнімдерін мұнай құю кемесіне құюға рұқсат берілмейді.
604. Мұнай құю кемелері құбыр жолдарының мұнай өнімдерін айдап қотаруға арналған жеңдеріне жалғанған орынға дейін жерге қосылады. Жерге қосу қондырғылары тек ағызу-құю операцияларын аяқтағаннан кейін және құбыр жолдарының кеме жанындағы айлақтың жеңдерінен ажыратылғаннан кейін ғана алынады.
605. Кеме құбыр жолдарын жағалық ағызу-құю қондырғыларына жалғайтын жеңдері кеме айлақта еркін қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болады. Жеңдерді жұмсақ арқан жіптері немесе ағаш тіреулер арқылы ұсталады. Кеме жеңдерінің асқышы мен бекітпесі олардың құлауына, үзілуіне және қажалуына жол бермейтіндей бекітіледі.
606. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергіш құралдарын пайдалануда айлақтың шкипері жүк көтергіштерді жүйелі түрде майлатып тұруға, ал шынжыр мен палубаның түйісу орындарын матпен немесе ағаш қалқандарымен жабуға міндетті.
607. Кемені жағалық қондырғыларымен қосатын қосқыш құбыр жолдары мен жеңдерді жинағанда және бұзғанда соғудан ұшқын пайда болуға жол бермейтін құрал пайдаланылады.
608. Ағызу-құю жұмыстарын жүргізгенде айлақта ең кемінде екі адам болады.
609. Айлақ пен кемедегі қызмет көрсету персоналы ағызу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайына тұрақты жүргізуге міндетті. Пайда болған мұнай өнімдерінің кеміп қалуы дереу жойылады; ал ол мүмкін емес жағдайда, мұнай өнімдерін ағызу-құю жөніндегі операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.
610. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнімдерін ағызуға және құюға жол берілмейді.
611. Ағызу-құю операцияларын жүргізген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және олардан 20 метрге жақын жерлерде:
1) от жұмыстарын орындауға, темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;
3) жарық беру үшін жылжымалы және басқа (жарылу қауіпі жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;
4) мұнай өнімдерін ағызу-құю жөніндегі операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;
5) + 450C температурасынан жоғары қыздырған мұнай өнімдерін кемеге қабылдауға және құюға жол берілмейді.
8-тарау. Авто құю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлінетін мұнай өнімдерін ұстау тәртібі
612. Құю қондырғылары орналасқан жедел алаңшалардың үсті қатты жабынмен және гидравликалық клапан арқылы өндірістік-нөсерлік канализацияға немесе арнайы жинағышқа түрлі сұйықтықтардың кедергісіз ағынымен қамтамасыз етіледі. Төгіліп қалған сұйықтықтарды сумен жуылады.
613. Жедел алаңшадағы автомашиналардың рұқсат берілген санын кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді.
614. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңшаларға кіруге, сондай-ақ кәсіпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берілмейді.
615. Мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалады және құю эстакадасының жерге тұйықтау контурына қосуға арналған жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндіргіштері ұшқын сөндірушілермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астына алға қарай шығарылады. Автоцистерналар жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетін тұйықтау шынжырымен және екі өрт сөндіргішпен, киізбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.
Ескерту. 615-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
616. Автоцистерналар ұлттық стандартқа сәйкес қауіптілік белгілерімен белгіленеді.
Ескерту. 616-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
617. Кәсіпорынның өткізу орны мен мұнай өнімдерін құю алаңшасында кәсіпорынның қызметкерлері сыртқы бақылаумен автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
618. Кәсіпорынның қызмет көрсету персоналы (операторы немесе басқа да адам) автоцистерналарға құю үдерісін бақылау жүзеге асырылады.
619. Мұнай өнімдерін автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған жағдайда құйылады. Бұның өзінде жүргізуші құю үдерісі бақыланады. Автоматты түрде құю жүйесінде жүргізуші осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттер орындалады. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта құю қозғалтқышты іске қосу қиынға түскенде, тек температура төмен болған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
620. Авто құю эстакадасында өрт шыққан жағдайда автоцистерналарды сүйреп апаруға арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етіледі.
621. Құю аяқталғаннан кейін құюға арналған шлангтарды (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан, олардан мұнай өнімдерін толық ағызып алғаннан соң шығару керек. Автоцистернаның қылтасы баяу ғана, соғылуына жол бермей қақпақпен жабылады.
622. Автоцистернаның жүргізушілері мұнай өнімдерін тасымалдағанда өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы (авто кәсіпорындарға куәліктер беру арқылы) нұсқаулықтан өтеді.
623. Мұнай өнімінің төгіліп қалуына (асырып құйылуына) жол берілген жағдайларда толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын іске қосуға рұқсат берілмейді.
624. Құйғыш бөлмесінде бос және мұнай өнімдерімен толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берілмейді. Құйғыш бөлмесінде ені 2 метрден кем емес басты өтетін орын қарастырылады. Өтетін орынды ыбырсытып қоюға болмайды.
625. Мұнай өнімдерін бөшке ыдыстарына тек кәсіпорынның қызмет көрсету персоналы ғана түсіреді. Мұнай өнімдерін түсірер алдында қызмет көрсету персоналы құюға арналған ыдысты міндетті түрде тексеріп қарап шығады. Мұнай өнімдерін бұзылған ыдысқа құюға рұқсат берілмейді.
9-тарау. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жинау, іске асыру және тазарту бекеттерін ұстау тәртібі
626. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жинау және тиеу бекеттері, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнімдерін бөлшек түрде өткізу аймағында орналастырылады. Мұнай өнімдерін қабылдауды және тапсыруды (тиеп жіберуді) кәсіпорынның қызметкерлері немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
627. Мұнай өнімдерінің пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарларда, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты дем алатын және сақтандыратын, ал пайдаланылған индустриалды және мотор майларын сақтағанда майларды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты арматура қолданылады.
628. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жылыту температурасы олардың құрамына енетін, булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 150C төмен болады.
629. Тұтану температурасы 1200C және одан да төмен пайдаланылған мұнай өнімдеріне арналған ағызу-құю қондырғылары жабық болады.
630. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлімшесінің шығыс бактарында тәуліктік қажеттілігінен аспайтын отынның болуына рұқсат беріледі. Бұл бактар үй-жай шегінен тыс жерлерде орнатылады.
631. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтін шығатын мойындары қара күйе жиналып қалмас үшін тәулігіне кемінде бір рет су буымен үрленеді.
632. Сүзгі-регенерациялық қондырғылардың қыспақтары металл рамаларында және өртенбейтін іргетасқа орнатылады. Сүзгінің астына қыспақтармен төгіліп қалған майларды жинау үшін арнайы металлдан жасалған жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.
633. Регенерациялық қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асырып толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнімдерінен босату керек.
634. Пайдалануға жіберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелері мен бу қазандарын гидравликалық қысымға тексеріледі. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс істеп тұрғанда қызмет етуші персонал үнемі бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін бақыланады.
10-тарау. Алаң ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі
635. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиіс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгісі, ал тиек арматурасында нөмірлеуі болады. Қызмет көрсетуші персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды білу үшін құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.
636. Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бірге пайдалануға тапсыру алдында біріктіру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтеді.
637. Жер үстіндегі құбыр жолдарының бекітпелері мен тіреуіштерінің жағдайына, олардың қауіпті салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тіреуіштердің ақаулықтары дереу жойылады.
638. Құбыр жолдарының ішінде пайда болған шөгінділерді құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкін.
639. Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшін тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.
640. Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсіпорынның бас инженерімен бекітілген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.
641. Құбыр жолдарында тұйыққа тірелген жолдар болмауы тиіс. Ал бұндай жерлердің болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
642. Мұнай өнімдерімен толып тұрған құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
5-бөлім. Мұнай, газ өндіруші өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
643. Бұрғылауға, сынақ жүргізуге, ұңғымалардың күрделі жөндеуіне арналған жер үстіндегі жабдық, лақтырындыларға қарсы қондырғылардың бұрулар, бақылау станциялары, өндірістік және тұрғын үй-жайлары, қойма орындары, кіреберіс жолдары, ұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдің басым бағытын ескере отырып орналастырылады.
644. Орнатуға бөлінген аумақ жер үстіндегі және жер астындағы құбыр жолдарынан, кабелдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады және жоспарланады.
Жер үстіндегі құрылыстардың айналасында көліктің және өрт техникасының қозғалуы үшін ені 10-12 метр алаңша тегістеледі.
Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстіндегі құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызуды қарастырылады.
645. Құрылыстардың жабындылары өртенбейтін материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда құрылыс оттан қорғайтын құраммен өңделеді.
646. Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үсті үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орнатылады. Отын қондырғылары сорғыштармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгілері) бар деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кіреберіс жолы орнатылады және жанар-жағар май материалдарының сақталу мөлшері есебінен топырақ үйіп бекітіледі.
647. Арматураларды орнату немесе аппараттарды қосу орындарынан басқа, жарылыс, өрт қауіпі технологиялық жүйелердің құбыр жолдарында фланецті және алмалы-салмалы қосуға жол берілмейді. Жарылыс қауіпті технологиялық жүйелерде иілмелі шлангілерді қолдануға жол берілмейді.
648. Жанғыш өнімдерді айдап қотаратын сораптар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын қондырғыларды орнату қарастырылады.
649. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнімдерінің шығуы, герметикалық еместігі, ағып кетуі байқалғанда ақаулық дереу жойылып, төгілген жер мұқият тазартылады.
650. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауіпті құрылыстардың ішінде сақтауға жол берілмейді.
651. Өрт сөндіру құралдары (күшті және сорап блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауіпті жерлерге жақын орналасады.
652. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтары ұңғыманың аузынан кемінде 15 метр, таса (негіз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негіздердің, еденнің төсенішінің астына пайдаланылған құбырларды төсеуге жол берілмейді.
Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған желілер өтетін жерлерде құбырдың үш диаметрінен кем емес тесік қалдырылады. Бұл жерде жылылықты сақтау төсемі мен өртенбейтін өңдеу орнатылады.
Пайдалану желілері ұшқыш өшіргіштермен жабдықталады.
653. Температуралар төмен болған жағдайда қатып қалуға тартылатын жабдықтар мен құбыр жолдары жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етіледі.
654. Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайларда, негіздердің астында, газ қауіпті жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнімдерін, жанғыш заттар мен реагенттерді сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекі шегуге болмайды.
Темекі шегу үшін өртке қауіпсіз аймақта арнайы жабдықталған орындар жабдықталады және жазулармен белгіленеді.
655. Газ қауіпті, отты және дәнекерлеу жұмыстары қолданыстағы салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Газдылық, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен ластану болған жағдайларда бұл жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
656. Күштік, бұрғылау және мұнай кәсібі жабдықтары, жабындылар, объекттің басы мен аумағы тұрақты өрт қауіпсіз жағдайда ұсталады, үнемі күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнімдерінің төгілуінен тазартылады.
2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәртібі
657. Ұңғымаларды бұрғылау, бекітпе, сынау техникасы мен технологиясы өнімді көкжиектерден бағынбайтын қабат флюидтің барынша жоғары дәрежеде түсуін болдырмауы тиіс.
Мұнай, газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргізген жағдайда жер үстіндегі жабдық және орап байлау толық герметикалықты, газ, мұнай дақтарының көрінуін, флюидті ұңғымалардан қауіпсіз қашықтыққа бұру және мұнай, газ, су дақтарын, аварияларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындағанда жарылыс, өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
658. Бұрғыны пайдалануға қосқанда кәсіпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс, өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы жабдық пен мүліктің жинақтағы сәйкестігін, авариялық жарық беру құралының, ол туралы бұрғыны қабылдау туралы актісінде жазу жүргізілетін әскери өрт сөндіру есебі тізімінің болуы тексеріледі.
659. Көмірсутекті негіздегі бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауіпсіздігі бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетілетін әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмірсутекті негіздегі қоспаның өздігінен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу үдерісінде барынша жоғары күтілетін температурадан асады.
660. Жұмыс зона әуесінде зиянды заттардың шекті жол берілетін концентрациялары мен шекті жол берілетін жарылыс қауіпсіз концентрациялары табылған жағдайларда:
1) технологиялық үдерісті тоқтату;
2) объектінің, ауысымның басшысына дереу хабарлау;
3) газдылық себебі мен зонасын анықтау;
4) жеке құтқарушы құралдарын пайдалану;
5) өрт сөндіру құрал-жабдығының дайындығын тексеру;
6) аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.
661. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай дақтарын, ашық фонтандар мен аварияларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін мұнараларды, бұрғылау жабдығын, аумақты қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғылаудың жағалаулары мен кіреберістері бос болады.
662. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезінде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған құбырларда ұшқын өшіргіштер болған кезде ғана қолданылады.
3-тарау. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртібі
1-параграф. Ұңғымаларды игеру тәртібі
663. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары, арнайы бөлімдерінде технологиясы әзірленуі тиіс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдары мен өрт, жарылыс қауіпсіздігі шаралары белгіленген ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргізіледі.
664. Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесі, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса беріледі.
665. Жоспар-кестеге бұрғылауды игеру үшін қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесі қоса беріледі.
666. Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмыстар басталу алдында жауапты тұлға бригада мүшелеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқау береді және «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беруді тіркеу» журналына тиісті жазу жазады.
667. Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмысқа қатысып жатқан бригаданың барлық мүшелері арнайы киім мен арнайы аяқ киімде жұмыс істейді.
668. Игеру объектілері өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
669. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары осы жұмыстардың жауапты жетекшісінің рұқсатымен және мұнай-газ өндіру немесе бұрғылау кәсіпорны геологының көзінше жүргізіледі.
670. Ату-жару жұмыстарының алдында лақтырындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетілген қысымға ұқыпты түрде тексеріліп, қысып нығыздалады.
671. Көтеріп түсіру операциялары кезінде колонналық фланецке ұшқын қауіпсіз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.
672. Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.
673. Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемінде 10 метр қашықтыққа орнатылады.
674. Газ және газ конденсатты ұңғымаларын сұңғылау арқылы игеру, ал фонтанды ұңғымаларды науалармен қалғалауға жол берілмейді.
675. Ұңғыманы сұңғылау мұнай лақтырындысын болдырмайтын, герметикалау қондырғысында фонтан арматурасының буферлі тиекке орнатылғанда жүргізіледі.
676. Фонтанды ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:
1) жұмыс істеп тұрған агрегатты басқару пультын қорғау үшін қалқаның жанатын құрылғыларын оттан қорғау құраммен өнделеді;
2) бағыттау шұқырын ұшқын ату қаупі жоқ материалдан орнатылады;
3) көтергіш тракторды ұңғылау сағасынан 25 метр жақын емес қашықтықта орнатылады.
677. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшін де, ұңғыманы өшіру жағдайында да қажетті агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу ықтималы қарастырылады.
678. Фонтан атқылау белгілері пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметизациялау жоспарына сәйкес іс-қимыл жасалады.
679. Фонтан ұңғылауын игеру үдерісіндегі үзілістер мен тоқтатқан кездерде фонтан арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегі жабылады.
680. Сығылған ауа немесе ауамен сұйықтықты ауа жіберу арқылы айдамалаумен ағын шақырғанда үдерісте үзілістерге жол берілмейді.
2-параграф. Фонтанды ұңғымаларды пайдалану тәртібі
681. Пайдалануға берілген барлық ұңғымалар тиісті стандартты аппаратурамен жабдықталған герметизациялаған сағалармен қамтамасыз етіледі.
682. Фонтанды арматураның жұмыс қысымы ұңғыманы пайдалану кезінде сағада күтілген ең жоғарғы қысымнан аспайды.
683. Фонтанды арматураны құрастыру төсемдері бар толық түйреуіш кешенімен жүргізіледі.
684. Фонтанды ұңғыма мен коммуникациялардың орамы эксплуатациялық колонналарының перфорациясына дейін ұңғыма өнімін қабылдауға дайындалады.
685. Тұтануды (өртенуді) болдырмау үшін ашық арықтар арқылы жалпы қоймалар мен торларға мұнайды ағызу жабдығы жіберілмейді.
686. Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуінен алдын ала сақтандыру үшін ұңғымалардың жанында, газ бен ауаны тарату будкаларынан желілерде кері клапандар орнатылады.
687. Газ және ауаны тарату будкаларының газ немесе әуе коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келуі тиіс желілер қарастырылады.
688. Газ таратушы будкалардың сыртқы жағында «Газ! От қауіпті!» деген жазу ілінеді.
689. Жылжымалы компрессорлардың іштен жану қозғалтқышының (ІЖҚ) пайдаланылған құбырлары ұшқын сөндіргіші бар өшіргіштермен жабдықталады.
690. Құбыр сыртындағы газдың қысымын тек штуцердің көмегімен, айқастырмадан бірінші (негізгісі) ысырма ашық болғанда екіншісі арқылы төмендетіледі.
691. Ұңғыманың орамын, бұрып ағызу жолын, сондай-ақ қысымдағы газ құбырларын тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытуға болады.
3-параграф. Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі
692. Компрессор жұмыс істеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.
693. Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.
694. Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.
695. Компрессордың қажалатын бөлшектерін үнемі майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.
696. Қысудың әр сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
697. Әуе қоспасы компоненттері құрамының жұмыстың әр режиміне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетілгеннен асуына жол берілмейді.
698. Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желілері шамалы артық газ қысымымен ұсталады.
699. Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желі сиректетуде болуы тиіс болса, газды қысылғаннан кейін құрамында оттегі болуына жүйелі түрде талдау жасалады.
700. Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелі герметикалықтығына тексеріледі. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.
701. Жарық беру құралдарын жөндеу кезінде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупі жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
702. Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.
703. Резервтегі компрессорлар газ қабылдау желілерінен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.
704. Әуе компрессорлары үшін ауа ғимараттың сыртында жиналады.
Жанғыш бу немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.
Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскені байқалғанда ол дереу тоқтатылады.
705. Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгінділері кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен шайып тазартылады.
4-параграф. Тереңнен сорып пайдалану тәртібі
706. Тербелме станогы оның қажалатын және қозғалмалы бөліктері мұнараның немесе діңгектің бөлшектерімен және электр желілерінің іргетасымен, топырағымен түйісулерін болдырмайтындай болып орнатылады.
707. Тербелме станогының шкивін қолмен айналдыруға және оның астына металл немесе басқа да заттарды салу арқылы тоқтатуға жол берілмейді.
708. Ұңғымада жөндеу жұмыстары басталмас бұрын жетек ажыратылуы тиіс, ал жүргізгіш қондырғыда «Ажыратуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар плакат ілінеді.
709. Терең сорғыш ұңғыма ұңғыманың құйылыс аузын герметизациялайтын және құбырдың сыртындағы кеңістіктен газды айдауға мүмкіндік беретін құйылыс арматурасымен жабдықталады.
710. Тербелме станогы жұмыс істеп тұрғанда жетек белбеулерінің батып қалуын алдын алу үшін олардың тартылуы байқалады.
711. Жерге қосу өткізгіштері мен оларды дәнекерлеу орындарын қарау үшін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Жерге қосу арқаны үшін болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол берілмейді.
712. Кез келген кернеудегі электр өткізгіш желілерінің астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол берілмейді.
713. Батыру орталықтан сыртқа тебуші электр сорғыштардың электр жабдығын орнату үшін үй-жай немесе будка өртенбейтін материалдан жасалады.
714. Батыру электр сорғышын көтеру-түсіру алдында ұңғыманың құйылыс фланеціне кабельді элеватормен бұзылудан сақтандыратын құрал орнатылады.
715. Ұңғыманың сағасында орналасқан кабелді барабанның электр жетегін кнопка арқылы басқару жарылыстан қорғалатын түрде орындалады.
716. Ұңғыманың сағасы кабель өтетін жерлерінде тығыздамасы бар аспалы тығырықпен жабдықталады.
717. Ұңғымаларды үрлегенде және өлшеулер жүргізгенде ұңғыманың жанындағы автокөлік пен тракторлар сөндірілуі, ал қазандардағы отындар өшіріледі.
718. Сынақ жүргізу кезінде барлық жолдарда бекеттер орнатылып, өтуге, темекі шегуге және от жағуға тыйым салынатын ескерту белгілері орнатылады.
5-параграф. Мұнай және газ өндіруді қарқындату тәртібі
719. Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру мұнай газ өндіретін кәсіпорынның басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.
720. «Аварияларды жою жоспарын құру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдістерін жүргізуді ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспары белгіленген тәртіппен кәсіпорынның әкімшілігі әзірлеп, келісіледі және бекітеді.
721. Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік бекеті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
722. Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталар іліп қойылады.
723. Жұмыс істеу кезінде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөліктің пайдаланылған құбырлары ұшқын өшірушілері бар сөндіргіштермен жабдықталады.
724. Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының ішіндегі мұнай мен химиялық реагенттердің қалдықтарын өнеркәсіптік канализацияға құюға жол берілмейді.
725. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тиісті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
726. Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берілмейді.
727. Жер үсті белсенді заттары, мұнай өнімдері қолданылатын объектілерде от жағуға, темекі шегуге үзілді-кесілді жол берілмейді.
728. Химиялық заттар қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекі шегуге және от шығаруға жол берілмейді. Темекіні арнайы бөлінген жерлерде шегуге болады.
729. Көбік реагенті және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.
730. Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.
731. Реагентті қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастырылады.
732. Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе мұнай, газ желілерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
733. Жұмыс аяқталғанға дейін және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
734. Жылжымалы электр жарығын беру ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.
735. Ұңғыманың қазбабөлім аймағына күннің жарығында бу, жылу өңдеу жүргізуге рұқсат беріледі.
736. Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етіп қарастырылады.
737. Пеш белгіленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткізуді өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталады.
738. Отын құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегіш құралдарына конденсаттың түсуін алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.
739. Пештің оттығын қосар алдында шиыршық түтікке мұнайдың толғанына көз жеткізіледі.
740. Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.
741. Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
742. Ыстық мұнай ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.
743. Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейін барынша жоғары жұмыс қысымынан бір жарым еселі қысымға сығымдалуы тиіс.
744. Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталады.
745. Ұңғымаларды өңдеу үшін тек газсыздандырылған конденсат ғана қолданылуы тиіс.
746. Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.
747. Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат беріледі.
748. Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге қосу керек.
749. Автоцистерналардан газ конденсатын құйып ағызғанда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
750. Құю-ағызу, ұңғыманы өңдеу тек күндізгі уақытта жүргізіледі.
751. Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елді мекендер шегінде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берілмейді.
752. Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бір бірінен 6 метр аспайтын қашықтықта орнатылады.
753. Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.
754. Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берілмейді.
755. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерісінде жұмыс істеу аумағындағы газдылық тексерілуі қажет. ШРҚ (шекті рұқсат етілген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.
756. Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.
757. Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейін және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат беріледі.
758. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерісінде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.
759. Қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндіргіштермен және ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
760. Агрегаттарда тікелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпсіз аймақ шегіне жібергеннен кейін ғана агрегаттарды іске қосуға рұқсат беріледі.
761. Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиіс.
762. Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
763. Күш беретін қондырғылардың отын бактары өртке қауіпсіз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.
764. Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.
765. Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.
766. Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық үй-жайларда және учаскенің басқа да объектілерінде газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.
6-параграф. Ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу тәртібі
767. Жанар-жағармайлармен, мұнаймен ластанған аумақта көтергіш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға болмайды.
768. Көтергіш трактор, жылжымалы агрегаттжел жағынан ұңғыманың сағасынан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады.
769. Жуу агрегаты манифольдқа жақын, ыдыстары, агрегат жүргізушісінің кабинасы ұңғыманың сағасына қаратылатындай болып орнатылады.
770. Көтергішке жанғыш материал қозғалтқыш сөндіріліп, суығанда құйылады.
771. Сағаның арматурасын бұзу ұңғыма өшірілгеннен кейін және қысымды нөлге дейін уландырғаннан жүргізіледі.
772. Газды кестеге сәйкес ұңғымадан қауіпсіз жаққа қарай шығару қажет. Газ шығару жолы тіректерге берік бекітіледі.
773. Құбырларды көтеріп түсіргенде элеваторды отырғызу ұшқын пайда болуды болдырмау үшін бір қалыпты, соқпай жүргізіледі.
774. Құбырларды көтеріп түсіру жұмысындағы үзілістерде ұңғыманың сағасы герметикаланған болады.
775. Құбырларды көтергенде флюидтің, ерітіндінің шашырап төгілуіне қарсы құрал орнатылады.
776. Сағада ұшқын түзілумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
777. Құм тығынын сумен жуып шайғанда жуу сұйықтығын өнеркәсіптік канализация немесе ыдысқа шығару керек. Тығынды мұнаймен шаю тұйық цикл бойынша жүргізіледі.
778. Құм тығындарын ұңғымаларда шайғанда лақтырындыларға қарсы жабдық, домалақ кран, қайырмалы клапан орнатылады.
779. Ұңғымада вентилі және шлангі бар су желісі жүргізіледі.
780. Мұнай-газ дақтары көрінгенде құбырдың және құбырдың сыртында қысым болғанда жұмыстарды бастауға жол берілмейді.
781. Көтергіш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс сигнализацияларымен жабдықталады.
782. Объект осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
783. Жұмыс үдерістерінде ұңғыманың жағдайы үнемі бақылауда болады, газ, мұнай, су дақтары пайда болғаны табылғанда бригада сағаны герметикалайды және аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекеттер жасайды.
4-тарау. Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
784. Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегіш және тіреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты тексеріледі. Тексерістер мен қадағалау нәтижелері вахта журналына жазылады.
785. От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өртке қауіпсіз өлшеуіштер қолданылуы тиіс. Өлшеуіш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрі – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда жіберіледі.
786. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін өртенбейтін материалдар қолданылады.
787. Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жіберер алдында жеткізу желілері қауіпті қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшін үрленеді.
789. Қыздырылған агентті аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бірте-бірте көтере отырып, баяу жүргізіледі.
790. Түсіру кезінде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгілуіне жол берілмейді.
791. Сақтандырғыш клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұру жолымен жабдықталады.
792. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.
793. Мұнай және газ аулағыштар өртенбейтін материалдардан салынуы тиіс. Ашық мұнай аулағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.
793. Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындыларымен жабылады.
794. Шамшырақ тіреушесі кемінде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемінде 1 метр топырақпен үйіп бекітіледі, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.
795. 0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.
796. Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.
797. Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.
798. Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.
799. Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.
800. Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.
801. Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.
802. Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
803. Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.
804. Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.
805. Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.
806. Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.
807. Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.
808. Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.
809. Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.
810. Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.
811. Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.
812. Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.
813. Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.
814. Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.
815. Авариялық ыдыстан ішіне ыстық сұйықтықты түсірер алдында ұқыпты түрде суланған өнімдерді шығарып, құрғақ бу жіберіледі.
816. Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейі мен түтіндігінде қара күйе жанғанда өрт сөндіру желілері арқылы бу жіберіп, өртке қарсы қызметі шақырылады.
817. Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
818. Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.
819. Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.
Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
820. Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.
821. Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.
822. Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.
823. Сорғыштардың астында жағар майлардың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берілмейді. Сорғыш үй-жайларының едендерін таза ұстап, үнемі сумен шайылады.
824. Сорғыш үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.
825. Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.
826. Сорғыш бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол беріледі. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.
Сорғыш бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
827. Сорғышты іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.
828. Төгіліп қалған мұнай өнімдерін жою үшін сорғыш бөлмелері резина шлангтан су ағысымен жабдықталады.
829. Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, төгіліп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.
830. Сорғыш станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш» деген бөлімінің ережелері қолданылады.
831. Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
832. Құбыр жолдарының (мұнай-газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты ұлттық стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.
Ескерту. 832-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
833. Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.
834. Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.
835. Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.
836. Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.
837. Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.
838. Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.
839. Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 00 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.
840. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне мұнай мен газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.
Ақаулықтар дереу жойылады.
841. Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.
842. Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.
Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.
843. Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.
844. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.
845. Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.
846. Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:
1) вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;
2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.
847. Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
848. Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.
5-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртібі
849. Ағызып құятын эстакадалар мұнайға төзімді шлангілермен немесе ұзындығы оларды вагон-цистерналарының түбіне дейін түсіруді қамтамасыз ететін құбырлармен жабдықталады. Шлангілерде статикалық электрдің жиналуына жол берілмейді.
850. Ағызып құятын құрылғылары тура орналасқан, темір жол арқылы мұнай және мұнай өнімдері локомотивтерін ағызып құюмен байланысты емес қозғалысқа жол берілмейді.
Қозғалыс тек ұшқын тудырмайтын, айналыс темір жолдарымен ғана жол беріледі.
851. Көлік құралдарын ағызып құюға жеткізуге тек төгіліп қалған ұйықтықтардан алаңшалар мен темір жолдарын ұқыпты түрде тазартқаннан кейін ғана жол беріледі.
852. Мұнай және мұнай өнімдерін құятын ағызып құю операциялары кезінде, сондай-ақ вагон-цистерналарын асырып құюға немесе сыртына төгуге жол берілмейді.
853. Құю аяқталғаннан кейін құю тік бағанасының құю шлангын ішінен сұйықтық толық ағып кеткеннен соң цистернаның люк мойнынан көтереді.
Сұйықтық деңгейі өлшенгеннен кейін цистернаның люк қақпағы герметикалық (төсемдерге) жабылады. Қақпақ соғылмай, ақырын жабылады.
854. Ағызып құю операцияларын найзағай кезінде жүргізуге жол берілмейді.
855. Вагон-цистернаға құю кезінде ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құюды тоқтату қажет. Ағуды жою мүмкіндігі болмағанда цистерна мұнайдан немесе мұнай өнімдерінен босатылады және жіберу станциясына қайтарылады.
6-бөлім. Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
856. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.
857. Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.
858. Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған аяқ киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.
859. Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.
860. Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.
861. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.
862. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.
863. Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.
864. Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 400C аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 350C аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.
865. Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.
866. Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.
867. Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
868. Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
869. Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
870. Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.
871. Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.
872. Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.
873. Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
874. Темір жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиіс. Құю-ағызу фронттары шегінде темір жол рельстері бір-бірімен темір электр арқылы қосылуы және электр тарту желісін жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.
875. Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.
876. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.
877. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.
2-тарау. Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
878. Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
879. Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газын жіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.
880. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
881. Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.
882. Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.
883. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.
884. Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.
885. Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.
886. Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.
887. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.
888. Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.
889. Пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.
890. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.
891. Пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.
892. Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.
893. Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.
894. Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.
895. Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.
896. Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.
897. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.
898. Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
899. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.
900. Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.
901. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.
3-тарау. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
902. Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.
903. Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.
904. Газдың немесе мұнайдың кемуі бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.
905. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.
906. Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
4-тарау. Құйып ағызатын темір жол эстакадаларын ұстау тәртібі
907. Темір жол цистерналарын ағызып құю үшін ақырын, жұлқымай және соқпай шығарылады.
908. Темір жол цистерналарын құйып ағызуға шығарғанда екі бос немесе жанғыш емес жүктері бар вагондармен (платформалармен) жабылады.
909. Құйып ағызу құрылғыларының аумағында темір жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға жол берілмейді.
910. Осы мақсатта тек ағаштан жасалған немесе соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған төсемдер қолданылады.
911. Темір жол цистерналарын іріктеу, оларды тіркеу және тіркеуден ажырату өнімді құйып ағызу бекеттерінен тыс жүргізіледі.
912. Құю, ағызу эстакадасының, құйып ағызуға арналған жеке тіреуіштерінің екі жағынан, бір төрт білікті вагон қашықтығында, құрамды құйып толтыруға жеткізгенде арғы жағына локомотивтердің өтуіне тыйым салатын дабыл бақылау бағандары орнатылады.
913. Темір жол цистерналарына құйып ағызу операциялары локомотивті эстакада аумағынан кемінде 100 метр қашықтыққа алып кеткеннен кейін жүргізіледі.
914. Жанғыш заттары бар цистерналарға шлангілерді және басқа да құралдарды қосқанда цистерна люктерінің қақпақтарын жапқанда соғуға болмайды. Құйып ағызу операциялары кезінде соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған құрал қолданылады.
915. Сұйытылған көмірсутекті газдарды құю және ағызу үшін ұлттық стандартқа сәйкес резина матадан жасалған жеңдер қолданылады. Тұрақты құбыр жолдарын құрастыру үшін резина матадан жасалған жеңдерді қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. 915-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
916. Құйып ағызу операциялары кезінде цистерналарды асырып толтыруға болмайды.
917. Эстакаданың орауында табылған ағу дереу жойылады. Ағуды жою қиынға түскен жағдайда сол ағу байқалған тіреушіктер ажыратылады. Құю үстінде цистернада ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құю дереу тоқтатылуы қажет. Ағу көп болғанда немесе оны қысқа мерзімде тоқтату мүмкіндігі болмаған жағдайда цистерна құйылған өнімнен дереу босатылады. Құйып ағызу эстакадасы аумағында цистерналарды жөндеуге жол берілмейді.
918. Тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарға және сұйытылған жанғыш газдарға арналған құйып ағызу құрылғылары бөлек ұсталады.
919. Өнімді құю немесе ағызу жүргізілмеген кезеңде цистерналарды эстакадалардың құбыр жолдарына қосылған түрде ұстауға жол берілмейді.
920. Құйып ағызу құрылғылары тікелей орналасқан темір жолдардың бойымен локомотивтердің қозғалуына жол берілмейді.
921. Құйып ағызу операцияларын жүргізгенде темір жол эстакадаларынан 100 метр радиуста от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
922. Темір жол құйып ағызу эстакадасы тізімдеме бойынша алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
923. Құйып ағызу эстакадасы шегінде темір жол эстакадалары мен эстакаданың металл құрылыстарын тұрақты орнатылған лафетті оқпандарынан жеткізілетін сумен суландыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
924. Құйып ағызу эстакадасының қайырмалы шағын өткелдері жасырын болттары бар ағаш жастықтармен жабдықталады.
925. Эстакадаларды жарықтандыруды жарылыстан қорғалып орындалған тұрақты етіп қарастырылады.
926. Құю ағызу операциялары кезінде жергілікті жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалып орындалған түрдегі аккумуляторлы шамдар қолданылады.
5-тарау. Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
927. Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.
928. Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.
929. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
930. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.
931. Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
932. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.
933. Жалпы сыйымдылығы үш тәуліктік қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетімен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.
934. Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
935. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.
936. Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
937. Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.
938. Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.
939. Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
940. Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
941. Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
6-тарау. Алау шаруашылығын пайдалану тәртібі
942. Алау қашықтықтан жағылады.
943. Барлық қолданыстағы алаулар кезекші оттықтармен қамтамасыз етіледі.
944. Алаудың айналасындағы аумақ кемінде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгілерімен көрсетіледі.
945. Алау аумағының қоршалу шегінде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берілмейді.
946. Алау құбырына кіргізер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жететін от бөгеушілер орнатылады.
947. Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкіш болуы қамтамасыз етіледі.
948. Жалпы алау жүйесіне:
1) жабдықты үрлегеннен кейін құрамында төменгі тұтану шегінен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;
2) аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;
3) шіруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейім және алау газ құбырының өткізу қабілеттілігін шектеуге қабілетті өнімдерді бұруға жол берілмейді.
7-бөлім. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
949. Газ және бу ауасы жарылыс қауіпті қосылымдарды түзуге қабілетті заттар мен материалдар қолданылатын, өндірілетін немесе сақталатын өндірістік және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйін бақылау үшін автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда ауа ортасын мерзім сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.
950. Жабдықтан қалдықтарды пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірістік үй-жайға тозаңның бөлінуі болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.
951. Автономды сорғыш желдеткіші және (немесе) қалдықтардың пневмокөлігі бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд іске қосуға қатысты осы жүйелерді іске қосуды автоматты түрде ілгерілейді және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейін оларды автоматты түрде ажыратылады.
952. Кәсіпорын аумақтары мен өндірістік алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсіпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесінділерді, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдіспен сақтауға жол берілмейді. Оларды жинау үшін бір-бірінен 100 метрге аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшіктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдалана отырып жүйелі түрде шығарылады. Брезентпен жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берілмейді.
953. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға іргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзімді түрде тазартылуы тиіс. Шабылған шөп кәсіпорын аумағында кептіруге және маялауға (арнайы бөлінген орындардан басқа) жол берілмейді.
954. Шикізатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тікелей жақын сақтауға жол берілмейді.
955. Қажет болғанда шикізатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда сақтауға болады. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 м2 дейінгі бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
956. Аумақтарды көгалдандыру үшін гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетін ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берілмейді.
957. Барлық өндірістік үй-жайлар үнемі таза ұсталуы және шикізатпен, дайын өніммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиіс. Сақталатын шикізат пен дайын өнім мөлшері өнімнің ауысымдық қажеттілігінен (тәулік бойы өндіріс үдерісінде – тәуліктік) аспауы тиіс.
958. Өндірістік және әкімшілік ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цоколдық қабаттарында жарылыс қауіпті заттарды, газ баллондарын, целлулоидтарды, тез жанғыш киноүлдірді, пластмассаларды лактарды, сырларды, өрт қауіптілігі жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды,, химикаттарды, полимерлік және өзге де материалдарды қолдануға және сақтауға жол берілмейді. Оларды орналастыру үшін жергілікті мемлекеттік өрт бақылау органдарымен келісілген арнайы үй-жай (орын) бөлінеді.
959. Арнайы киім уақытылы жуылуы және жөнделуі қажет. Кәсіпорын әкімшілігі әрбір цех (өндірістік операция) үшін майланған арнайы киімді сақтау мен жаңасына ауыстырудың нақты тәртібін (жуу, майын кетіру, жөндеу мерзімділігін) белгілейді.
960. Цех қоймалары үшін ТТС, ЖС, химикаттарды бір мезгілде сақтаудың ең жоғарғы шекті саны белгіленеді. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетілген тақтайшалар көрінетін жерлерде, қоймалардың жанында ілінеді.
961. Өндірісте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттіліктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимінде – тәуліктік) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.
2-тарау. Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
962. Кәсіпорындарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
963. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикізатты алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлік, дренчерлік, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
964. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.
965. Технологиялық жабдықтың барлық жіктері мен қосқыштары сенімді тығыздалады, бұл ретте өндірістік және қойма үй-жайларындағы ауа өткізгіштердің жіктері мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
966. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгіштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.
967. Жабдық сүзгіштерінің жанатын материалы мерзім сайын, бірақ жылына бір реттен жиі емес оттан қорғау құрамымен өңделеді.
968. Зығыр түткіш, иіру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерінің жұмыс істейтін үй-жайларында тозаң қосылымы шекті мөлшерден ауына жол берілмейді.
969. Рециркуляциялау кезінде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиісті сүзгіштерде екі сатылы тазартылады.
3-тарау. Ұшпалы еріткіштердің өрт, жарылыс қауіпті буларының адсорбциялау және рекуперациялау цехтерін ұстау тәртібі
970. Цехтердегі ұшпалы еріткіштерді пайдаланумен байланысты орындар буды аулағыштарға бере отырып, оны жергілікті сору жүйелерімен жабдықталады.
971. Рекуперациялау қондырғысы барлық жұмыс орындарынан ұшпалы еріткіштердің булары үздіксіз және толықтай соруды қамтамасыз етеді.
972. Жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтерді еген рекуперациялау станциясының қуаты мүмкін болмаса, бу, ауа қоспасы желілеріне қосуға жол берілмейді.
973. Адсорберлерге түсетін бу, ауа қоспасының қосылымы жүйелі түрде бақыланады. Бу, ауа қоспасының шекті параметрлерін технологиялық нұсқаулықтарда көрсетіледі. Қоспаның едеуір өрт, жарылыс қауіпті заттарының тұтануының төменгі қосылым шегінен 50%-ға жоғары ұсталатын будың қосылымдарымен бу, ауа желілерінің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
974. Цехтерден рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желілер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың ішкі қабатын қатты жанғыш қыртыстармен немесе сұйық конденсатпен ластауға жол берілмейді. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгіштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекітілген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсаттың түзілуі байқалатын желілердің учаскелерінде жанбайтын материалдан жасалған жарамды жылытқышы және конденсаттың ағып кетуіне арналған ылди болуы қажет.
975. Бу, ауа қоспаларының желілерін қолданыстағы сенімді от бөгегіштермен қорғау қажет. От бөгегіштердің саны, олардың түрі мен от өшіретін саптамалардың өлшемдері жобалау деректеріне сәйкес қабылданады. Қондырғыны от бөгегіштерсіз немесе жобаға сәйкес келмейтін от бөгегіштермен пайдалануға жол берілмейді.
976. Желдеткіштер жұмысының авариялық режимінің дыбыс дабылы мен резервтік агрегаттарды автоматты іске қосу жүйесі жарамды күйде ұсталады және мерзімді түрде тексеріледі.
977. Жарылыс, өрт қауіпті бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады. Оның жұмысқа дайындығы жүйелі түрде тексеріледі. Авариялық құбыр найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.
978. Желдеткіштердің электр қозғалтқыштарының қаптамаларын жарылыстан қорғау деңгейі мен қорғау дәрежесі Электр қондырғыларын орнату қағидасына сәйкес үй-жайдың жарылыс қауіпті аймағының класына сәйкес болуы қажет.
979. Десорбциялау кезінде еріткіштер булары қосылымының режимін қадағалау, сепараторлардың және еріткіш сыйымдылықтарының асыра толуына жол берілмейді.
980. Адсорберлердің өрт сөндіру жүйелері жарамды күйде ұсталады және аптасына 1 реттен жиі емес бақыланады.
4-тарау. Жанғыш ортада тұтану көздерінің түзілуін болдырмау жөніндегі шаралар
981. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрінде бастапқы қайта өңдеуді жүзеге асыратын технологиялық желілер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшін жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттік қорғағыш) қамтамасыз етіледі.
982. Сыртқы қабатының температурасы 450С жоғары құбырлардың қабаттары, жабдық, сыйымдылықтар, өнім өткізгіштерде материалдардың тұтану немесе газдардың, сұйықтықтар буының немесе жарылу қаупі болуы мүмкін үй-жайлар жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды қиын жанатын жылу оқшаулағышпен жабдықталады.
983. Жұмыс істегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкін технологиялық жабдықты пайдалану жарамды антистатикалық құрылғылармен, ал қажет болған жағдайда бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) жүргізіледі.
984. Өнімдерді ұсақтау, сілку, қопсыту, түту, тозаңдату, шашырату жүргізілетін аппараттарда, сыйымдылықтарда, агрегаттарда, бөлек тұрған машиналарда, аппараттарда, басқа жабдықпен материал өткізгіштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жарамды жерге қосқышпен қамтамсыз етіледі.
985. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды қосқыштардағы және болттармен қосқыштардағы фланецті қосқыштарда электрлік емес өткізгіш сырларымен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға жол берілмейді.
986. Өндірістік және қойма үй-жайлары ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға жол берілмейді.
1-параграф. Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
987. Біліктер мен мойынтіректердің қызуынан және ауытқуынан алдын алу үшін оларды мерзім сайын, ауысымына бір реттен кем емес тексеріледі. Мойынтіректердің қызуын бақылауды жеңілдету үшін мойынтірек рұқсат етілген температурадан жоғары қызған кезде түсін өзгертетін термо бояу, сондай-ақ термо сезгіш қосқыштармен айқындалған термо қарындаштарды қолдану ұсынылады.
988. Жабдық шегіндегі электр желілерін оларды агрессивті ортадан қорғау қамтамасыз етілетіндей етіп төсеген жөн. Металл жеңді жабдықтың жылжымайтын бөлшектеріне бір-бірінен 400 миллиметрден аспайтын орналасқан арнайы қысқыштармен бекітіледі.
989. Мыс сымдары бар, бірнеше рет иілуге және үйкелуге төзімді арнайы иілгіш кабельдер немесе электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және жабдықтың қозғалатын бөлшектерінде орнатылған аспаптарды қоректендіруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.
990. Станоктар, агрегаттар мен машиналар жұмыс істеген кезде:
1) барлық қозғалмалы бөлшектердің еркін айналуы;
2) шикізатты аэродинамикалық тазалау кезінде аспирациялық арналарда ауа режимін реттеуі және үй-жайға тозаң бөлуді болдырмауы;
3) дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне сәйкес айналатын бөлшектер массаларының біркелкілігі қамтамасыз етіледі.
2-параграф. Желдеткіш және пневмокөлік жабдығын ұстау тәртібі
991. Желдеткіш және пневмокөлік жабдығын пайдалану кезінде техникалық шарттар, техникалық пайдалану қағидалары, осы Қағидалардың ережелері мене техникалық регламенттердің талаптары басшылыққа алынады.
992. Желдеткіш пен пневмокөліктің объектілік және цех қондырғыларының (жүйелерінің) жұмыс режимі жұмыс нұсқаулықтарымен анықталады, онда өрт қауіпсіздігі шаралары (өндіріс жағдайларына қатысты), ауа өткізгіштерді, сүзгіштерді, от бөгегіш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзімдері, сондай-ақ өрт немесе авария шыққан жағдайда қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекет жасау тәртібі қарастырылады.
993. Желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу күн сайын бақылауды, мойынтіректерін дер кезінде майлауды, тегершіктерің жай-күйін және жетек белбеулерінің керілуін тексеруді, желдеткіш білігі люфтінің қалпына келтірілуін, өткізгіштердің электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерінде байланыстардың сенімділігін, электрден қорғаудың жай-күйін күн сайын тексеруге жатады. Барлық қондырғыларды әр жөндеуден кейін кәсіпорын басшылығы бөлген жауапты адам көрсеткіштерді олардың сәйкестігіне өлшей және паспорттарда белгілей отырып жүргізіледі.
994. Пневматикалық көлік мен сорғыш ауа өткізгіштердің құбырларында мерзім сайын қарау (тексеру), жүйелерді тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндіру үшін терезелер, люктер, ажыратылатын қосқыштар қарастырылуы қажет. Байқау терезелері бір-бірінен 10 метр алыс емес қашықтықта, сондай-ақ үш көзді тетіктердің жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетін жерде орналастырылады.
995. Желдеткіштің дөңгелегі теңгерілген және дөңгелектің қаптың қабырғасына соғылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп реттеледі.
996. Машинадан ұлпаны және тозаңды шығару бойынша желдеткіш қондырғының қалыпсыз жұмысы байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткіштің тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтіннің немесе иістің болуы) желдеткішті тоқтату және оны жөндеу үшін шаралар қабылданады.
997. Пневмокөліктің аспирациялық құрылғылары мен жүйелерінің ішкі қабаттары тегіс, шығыңқы және тісті бөліксіз етіп орындалады.
998. Желдеткіш, аспирациялық және пневмокөлік қондырғыларына (жүйелеріне) қызмет көрсету және оларды пайдалану кезінде:
1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердің ауа өткізгіштерінде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгіштерде бекітілген кесте бойынша оларды жүйелі түрде тазалай отырып, тозаң мен ұлпаның жинауына жол берілмейді. Қарау және тазалау нәтижелері арнайы журналда жазылады;
2) шатырлар мен сорғыш құбырлардың ішкі қабатындағы жанғыш қыртыстар жылына кемінде 2 рет тазартылады;
3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда технологиялық жабдықтың жұмыс істеуіне жол берілмейді;
4) тозаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына жол берілмейді;
5) жану немесе өрт шыққан жағдайда осы желдеткіш жүйелерінің қызмет көрсету аймағындағы барлық желдеткіш құрылғылары мен технологиялық жабдықты дереу тоқтатып, ауа өткізгіштердегі барлық клапандар жабылады;
6) жалпы тозаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кіретін барлық пайдаланылған құбырлар автоматты клапандармен жабдықталуы, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуі қадағаланады.
999. Желдеткіш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауіпті заттарды тасымалдайтын өндірістік үй-жайларда барлық металл ауа өткізгіштер, құбыр өткізгіштер, сүзгіштер және сорғыш қондырғысының өзге де жабдығы кемінде екі жерден жерге қосылады.
1000. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауіпті заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкін үй-жайлар үшін желдеткіш жүйелерінің өзге де құрылғыларын реттейтін желдеткіштердің құрылымы мен материалы ұшқын түзілу мүмкіндігін болдырмайды.
1001. Өртке қарсы далдалардың қиылысатын жерінде орнатылған ауа өткізгіштердің автоматты от бөгегіш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабілеті айына 1 реттен жиі емес тексеріледі.
1002. Желдеткіш жүйесінде от бөгегіш құрылғыларды пайдалану кезінде:
1) аптасына бір реттен жиі емес олардың жалпы техникалық жай-күйін тексеру:
2) ысырмалардың сезімтал элементтерін (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендірмелер, термо сезімтал элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан дер кезінде тазалау;
3) магистралдық жиынтық ауа өткізгішке қосылатын жерінде дайындау бөлімшесінің бір машинасына немесе машиналар тобына қызмет көрсететін ауа өткізгіштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығын тұрақты тексеру;
4) аптасына бір реттен кем емес өрт, жарылыс қауіпті үй-жайларға қызмет көрсететін желдеткіш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату қондырғыларының жарамдылығын тексеру жүргізіледі.
1003. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшін желдеткіштер мен ауа өткізу машиналарынан кейін орналасқан сыйымдылықтарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камералары) пайдалануға жол берілмейді.
1004. Пневмокөлік қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметр аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиіс. Көрсетілген сымның екі шеті де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөліктеріне мықты бекітілулері тиіс.
1005. Магниттік қорғауға қойылатын талаптар:
1) желдеткіштерге, конденсаторларға және өзге де технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тастар, шлак) түсуін болдырмау үшін олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшін магниттік аулағыштар орнатылады. Аулағыштар тігінен (еңкіш) көлденең күйге құбырларды бұру орындарында орнатылады;
2) магниттік қоспаларды аулауға арналған жабдық (магниттік бөгеттер) технологиялық үдерістерді жүргізу ережесіне және жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылады;
3) магниттік бөгеттер дайындау бөлімшесінің түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және өзге де жабдығының алдына орнатылады;
4) электр магниттік сепараторлар жұмыс істеген кезде бөлшектердің (магнит өткізгіштің, мойынтіректердің, шикізатпен жанасатын бөлшектердің) қызуы бақыланады;
5) электр магниттік сепараторлардың қырғыш тетіктері біркелкі жұмыс істеуі және қолмен тазалағышсыз магнит қоспаларын толықтай шығару қамтамасыз етіледі;
6) электр магниттік сепараторлардың жарықтандыру дабылы үздіксіз жұмыс істеуі қажет, ол ақаулы болған жағдайда сепараторды пайдалануға жол берілмейді;
7) магниттік колонкаларда магниттік қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етіледі. Бұл ретте магниттік қоспалардың шикізатқа түсуіне жол берілмейді;
8) магниттік колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшін арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;
9) магниттік қоспаларды аулау үшін жабдыққа қызмет көрсету және тексеру үшін еркін өту жолы қамтамасыз етіледі;
10) магниттердің жай-күйін бақылау айына кемінде бір жүргізіледі;
11) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттеріне өнім беруге жол берілмейді;
12) қызмет көрсетуші персонал магнитті өрістің тұтас ұзындығы бойымен шикізаттың электр магниттік сепараторларына және магниттік колонкаларына үздіксіз және біркелкі түсуін жүйелі түрде тексеріледі.
3-параграф. Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі
1006. Кәсіпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарында еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Ғимараттар, құрылыстар, шикізат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берілмейді.
1007. Шикізаттың, өндіріс қалдықтарының, өндірістік тозаңның, дайын өнімнің жануы (өздігінен тұтануы) анықталғанда дереу кәсіпорынның өрт күзетіне және өрт сөндіретін авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарланады, қызмет көрсетуші персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсіпорын басшысына хабарлайды.
1008. Қауіпті авария алдындағы факторлар (жанған шикізаттың, күйіктің, түтіннің иісі, машиналардың айналатын бөлшектерінің авариялық үйкелісі, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнімнің үйілуі кезіндегі жоғары температура, шу, діріл) пайда болғанда барлық көлік жабдығы тоқтатылып, мұқият тексеріледі. Оны іске қосу ақаулықтардың себептерін анықтағаннан және оны жойғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
1009. Технологиялық (көлік) желісі автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау іс-әрекетін жүргізуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесі, шикізат беру тетігі, электр қозғалтқышы жетегінің шамадан тыс ток жүктемесінен қорғау ) айқындау, оны іске қосу себебін анықтап жою қажет. Технологиялық (көлік) желіні кезекті іске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
1010. Технологиялық, көлік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнім анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсіпорын басшысына және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бір мезгілде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндірістік жабдықты және желдеткіш қондырғыларын тоқтатып, желдеткіштің ауа жолдарын жауып, электр желісі өшіріледі.
1011. Жану ошақтарын жойғаннан кейін барлық ауа өткізгіштерді, сүзгіш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелерді) және өзге де желдеткіш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейін желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын іске қосуға жол берілмейді.
1012. Өрттерді өндірістің тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндіруге жол берілмейді.
8-бөлім. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Негізгі өндіріс объектілерін ұстау тәртібі
1013. Мал шаруашылығы және құс өсіретін ферма ғимараттарын, отпен жылытып азық дайындау үшін вакуумдық - сорғыш және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайларын, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына қоса салынған немесе олардың ішінде салынған, ірі жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайларын мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайларынан өртке қарсы қабырғалар мен жабындылармен бөлінеді. Көрсетілген үй-жайлар тікелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады.
1014. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлік, трактор, ауыл шаруашылық техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес кез келген жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
Бұл үй-жайларына газ шығаратын трубалары ұшқын өшіргіштерімен жабдықталмаған тракторларға, автомобильдер мен ауыл шаруашылық машиналарына кіруге жол берілмейді.
1015. 20 және одан астам мал басы болған жағдайда сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдісін қолдану қажет.
1016. Фермалардың шатырдағы бөлмелерінде ірі жемшөпті сақтағанда:
1) төбе жабыны өртенбейтін материалдардан;
2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқышты шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе тең оттан қорғаумен) қорғауды немесе өртенбейтін жылытқыш;
3) шатырдағы электр желісін механикалық ақаулықтардан қорғау;
4) түтіндіктерді периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршау қарастырылады.
1017. Электр брудерлерін орнатқанда және пайдаланғанда:
1) жылу қыздырғыш элементтерінен төсемдер мен жанғыш заттарға дейінгі қашықтық ұзынынан 80 сантиметр кем емес, ал көлденең 25 сантиметр кем емес болады;
2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтері қолданылады және қызған бөлшектері түсіп қалу ықтималы болмайтындай етіп орнатылады. Ашық жылыту элементтерін қолдануға жол берілмейді;
3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөліп таратқыш қалқанынан дербес желілері бойынша іске асырылады. Брудердің әр қайсысы дербес ажыратқыштармен жабдықталады;
4) бөліп таратқыш қалқанының барлық электр желісін тоқтан ажыратқыш шаппа қосқышы, сондай-ақ қысқа түйісу мен асқын жүктемеден қорғау құрылғысы болады;
5) брудердің температуралық тәртібі автоматты түрде болады.
1018. Жылжымалы ультракүлгін қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 метрден кем емес қашықтықта орналасады.
1019. Электр брудерлер мен ультракүлгін қондырғылардың ішкі электр желісі кабельмен немесе оқшауланған өткізгішпен орындалады. Оқшауланған өткізгіш құбырларда немесе әкірлерде еденнің деңгейінен 2,5 метрден кем емес биіктікте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта оқшаулағыштармен төселеді.
1020. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдары қорын сақтау қырқу бекеті мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асырылады.
1021. Қырқу бекетінде ауысым өнімінен аса жүннің жиналуына, және өту шығу орындарын жүн түктерімен ыбырсытып қоюға жол беруге болмайды.
1022. Түнгі уақытта мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үй-жайлары, ішінде мал мен құс болғанда күзетшілердің, малшылардың немесе басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың байқауында болады.
1023. Аммиак селитрасын отқа төзімдігі І және ІІ дәрежелі дербес шатырсыз бір қабатты өртенбейтін едендері бар ғимараттарда сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзімділігі І немесе ІІ дәрежелі ауыл шаруашылық кәсіпорнының минералды тыңайтқыштар жалпы қоймасының жеке бөлігінде сақтауға жол беріледі. Әсерлі тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегі тотығы) отқа төзімділігі І, ІІ және ІІІ дәрежелі ғимараттардың жеке бөліктерінде сақталады.
1024. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектілерін қылқан жапырақ түрлі ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптары арасында орналастырғанда көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтін құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық мақсатқа сәйкестілігінде қорғайтын алқаптарда картоп, люпин, донник сияқты өртке төзімді өсімдіктер) орнатылатын қорғайтын өртке қарсы алқаптары құрылады.
1025. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аумағында (ауыл шаруашылық өндірісінің осы учаскесінің технологиясымен байланысты емес болғанда), сондай-ақ мақта, зығыр және басқа да жанғыш материалдарын сақтау және өңдеу орындарында ашық отты (алау, шырақ) қолдануға жол берілмейді.
2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу тәртібі
1026 Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшін қапты қағатын машинасы орнатылған оқшауланған үй-жайлары қарастырылады.
1027. Нан пісіру кәсіпорындарында сұйық май мен өсімдік майын ыдыссыз сақтау жеке үй-жайда қарастырылады.
1028. Қатты отынмен жұмыс істейтін нан пісіру пештерінің үздіксіз бесікше подикті тұйық жерлеріндегі отындары үшін өртке қарсы қалқамен (өртке қарсы есікпен) және жабындымен бөлінетін үй-жай қарастырылады.
1029. Отын бөлмесінде бір ауысымға арналған қатты отыннан аспайтын қордың болуына жол беріледі.
1030. Нан пісіру пештері сұйық отында жұмыс істегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнатуға арналған өртенбейтін құрылыстан жасалған ғимараттан тыс және оқшауланған үй-жай қарастырылады.
1031. Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және арпа зауыттарында бір мезгілде 15 адам болатын өндірістік үй-жайларының есіктерін үй-жайларының ішіне қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етіп жасауға жол беріледі. Сонымен қатар тамбур-шлюздердің есіктері әр жаққа ашылады (өндірістік үй-жайларынан тамбур-шлюздеріне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есіктер – эвакуациялау жолы бойымен).
1032. Лента конвейерлерін өткізу арналған өртке қарсы ойықтар автоматты өрт сөндіру қалқандарымен немесе өрт шыққан жағдайда оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.
1033. Тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлары, басқару пульт үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткіш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа жолын, материал өткізгіштерін, бағытсыз құбырларды өткізуге жол берілмейді.
1034. Циклондармен тең немесе олардан жоғары терезе ойықтары болғанда ғимараттың сыртқы қабырғасында немесе шатырында орнатылатын циклондар, отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттар үшін көлденеңінен 2 метрден кем емес қашықтықта және отқа төзімділігі ІІІ-IV дәрежелі ғимараттары үшін 10 метр қашықтықта бекемделген шынымен немесе шыны блоктарымен толтырылған шынылауы бар металл қапсырмаларында екі рамасы бар аса жоғары орналасқан терезелерден жоғары шығарылған құбырлармен жабдықталады.
1035. Циклондарды сыртта, жем кептіргіштерге және қазандықтардың түтін құбырларына қараған жаққа орнатуға жол берілмейді.
1036. Кабельдерді төсеуге арналған шахталарда норийлер, бағытсыз және аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға жол берілмейді.
1037. Асты сақтау қоймаларының, астықты қайта өндіретін кәсіпорындардың барлық қабаттары қабат аралық және цех аралық байланыспен (телефонмен, сөйлесу құбырларымен, қоңыраулармен) қамтамасыз етіледі.
1038. Автокөлікке өнім мен қалдықтарды ыдыссыз тиеудің аумақты шаң басудан сақтандыратын құрылғылары болуы тиіс немесе тиеу жабық үй-жайда жүргізіледі.
1039. Қалдықтарды кәсіпорынның аумағынан арнайы жабдықталған азық тасығыш тәрізді автомобильдермен шығарылады.
1040. Аралас жем зауыттарында темір жол және автомобиль көлігінен ұн шикізатын және кебектерді түсіру орындары, шаң басуының алдын алу мақсатында аспирациямен жабдықталады.
1041. Силостарға және бункерлерге арналған люктер, сондай-ақ бағытсыз құбырлардағы, ауа өткізгіштердегі және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктердің үй-жайларын шаң басудан сақтандыратын тығыз қосылулары болады.
1042. Барлық қоймалар бір-бірінен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сыртқы сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.
1043. Жұмыс бастар алдында дән тазартқыш және астық бастыру машиналарын дәннің сапалы аэродинамикалық тазартуын қамтамасыз ететін және үй-жайға шанның кіруін болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режиміне реттеп қойылады. Машиналардың үстіндегі жарылысты бәсеңдеткіштер үнемі дұрыс, жұмысқа жарамды күйде ұсталады.
1044. Өнімділігі сағатына 50 тонна астам норийлерді тоқтауларда кері жүруден лентаны қорғайтын автоматты тежеуіш құрылғыларымен қамтамасыз ету қажет. Норийлерді және жеке бөлшектерді ағаштан немесе басқа жанғыш материалдардан жасауға жол берілмейді.
1045. Тазартылмаған дән үшін дән шнектерін ірі қоспаларын теріп алуға арналған шарбақпен және өнімнің қысымынан ашылатын сақтандырғыш қақпаларымен жабдықталады.
1046. Шарбақтарды тазарту мезгілі кәсіпорынның басшысымен белгіленеді.
1047. Барлық сына тәрізді қайыс бауларын тарту бірдей болуы тиіс. Сына тәрізді қайыс баулары жинағы толық болмағанда немесе шкив бунақтарының пішініне сәйкес келмейтін пішіні бар қайыс бауларын қолдануға жол берілмейді.
1048. Сына қайыс бауларын ауыстыру осы беріліс үшін толық жинақпен жүргізіледі.
1049. Қондырғылардың паспорттары монтаж немесе мамандандырылған жөндеу ұйымдарымен жасалады.
1050. Барлық аспирациялық қондырғылардың паспорттары әр жөндеу жұмыстарынан кейін аспирация жөніндегі инженермен немесе кәсіпорынның басшылығымен бөлінген басқа жауапты тұлғамен тексеріледі.
1051. В санатындағы үй-жайлар мен ғимараттардағы аспирациялық және пневмокөліктік қондырғылардың ауа үрлегіш машиналары мен желдеткіштері тозаң ұстағыштардан кейін (ауаның қозғалу бағытымен) орнатылады.
Ұн тарту зауыттарындағы комплектті өндірілімі жоғары жабдықтарда пневмокөлік жүйелерінде сүзгіштерге дейін тозаң ұшқын қауіпсіз желдеткіштерін орнатуға жол беріледі.
1052. Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндірістік) ыдыстардың аспирациясының технологиялық және көліктік жабдығы бар бір аспирациялық қондырғыға қосылуына жол берілмейді.
Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар жеке қондырғымен аспирациялануы тиіс. Жедел ыдыстардың аспирациясын ішінде айналып тұратын бөлшектері жоқ, мысалы үйілме арнашықтары, бұрылу құбырлары жоқ жабдығы бар бір аспирациялық қондырғыға қосуға жол беріледі.
1053. Технологиялық және көліктік жабдық белгіленген талаптарға сәйкес аспирациялық қондырғыларымен бұғатталады.
1054. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткіштер мен дән кептіргіштерінің тозаң ұстағыштарын орналастыруға жол берілмейді.
1055. Элеваторларда аспирациялық қалдықтарды және бункерлер мен силостарда өндірістік тозаңды жинауға және сақтауға жол берілмейді.
1056. Шикізат және дайын өнім қойма үй-жайлары арқылы транзитті ауа арналарын, сондай-ақ жарылыс өрт қауіпі және өрт қауіпі бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлары арқылы төсеуге жол берілмейді.
1057. Желдеткіштер мен ауа үрлегіш машиналардан кейін орналасқан (аспирациялық шахталардың, тозаң отыратын камералардың) тозаңның гравитациялық отырғызуына арналған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.
1058. Ауа өткізгіштер мен материал өткізгіштер екеуден кем емес жерде жерге қосылады.
1059. Тозаң ұстағыштар мен ауа үрлегіш машиналарды қосымша жеке жерге қосу керек. Қондырғы бөлшектері арасындағы қосуларда электр өткізбейтін бояулармен сырланған, диэлектрлік материалдар мен шайбалардан жасалған болттарына шайбаларды қолдануға жол берілмейді.
1060. Пневмокөліктік қондырғыларға орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 миллиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиіс. Көрсетілген сымның екі шеті де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөліктеріне мықтап бекітіледі.
1061. Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесінің құбыр жолдарымен түйісуіне жол берілмейді.
1062. Технологиялық және тасымалданатын жабдықты пайдалануда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптар орындалады:
1) шығарушы-кәсіпорынның ұсыныстары ескеріліп, жабдықты герметикалау және басқа қажетті жағдайларда өндірістік үй-жайларына тозаң шықпау үшін аспирациялау керек;
2) сыртқы бетінің температурасы 450C жоғары болғанда жабдықтар, ыдыстар, өнім өткізгіштер жылылықты өткізбеуі тиіс;
3) домалау және сырғанау мойынтіректері пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес майлаумен қамтамасыз етіледі;
4) конвейерлердің жетек бауларының, норийлер мен басқа да тасымалдау машиналарының, сондай-ақ оларды буксирлеу мен иілуді, сондай-ақ қоршауды бос бұтақпен соғуды және қоршау қаптамаға үйкелуін болдырмайтын трансмиссиялардың болдыртпайтын кәдімгідей тартулары болуы тиіс.
1063. Машина мынадай жағдайларда:
1) тұтанудың немесе күюдің сәл ғана белгілері болғанда;
2) жабдыққа тән емес шу мен діріл пайда болғанда;
3) машинаны өніммен үйіп тастаған, тіреп қойған және асыра жүктегенде;
4) машинаның тіреуіш конструкциясы, шкиві, тісті доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;
5) жұмыс органдарына бөгде заттар түсіп кеткенде тоқтатылады.
1064. Аспирация жүйелері дұрыс істемейтін, жобалық және техникалық құжаттамада қарастырылған норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
1065. Өнімдерді (шикізатты) жаншып үгетін станоктар, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткізу алдында магнитті сепараторлар орнатылады.
1066. Магниттерді тазарту кезінде өнімге металл қоспаларының түсу ықтималын болдырмауы тиіс.
1067. Тіреуіштерге жабдықты бекіту тораптары, қаптама және жабдықтың басқа да бөлшектері алмалы-салмалы, өндірістік үй-жайда от жұмыстарын жүргізбей жабдықты орнату, жөндеу және бөлшектеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей бөлек-бөлек орындалады.
1068. Жабдықтың жұмыс істеуін жедел бақылау үшін арналған есіктер, қақпалар және шағын люктер тығыздап жабылуы және үй-жайға тозаң өткізбейтіндей болуы тиіс.
1069. Дән тазартқыш және ұсақтағыш машиналары жұмыс істегенде:
1) соңғы бөлшектері қозғалмайтын бөлшектердің бетімен түйісуге жол бермей, барлық қозғалмалы бөлшектерінің еркін айналысын;
2) дәнді аэродинамикалық тазартуда және үй-жайға тозаң шығуды жоюда машина дұрыс істеу үшін аспирациялық каналдардағы ауа режимін реттеуді;
3) шығарушы-зауыттардың паспорттық мәліметтеріне сәйкес айналып тұратын бөлшектер массасының салмақтылығын қамтамасыз етеді.
1070. Тазартқыш машиналардың түйгіштерінде жарықтар мен сынықтары болмауы тиіс; ұшқынның пайда болуын болдырмау үшін түйгіш барабанының ішкі бетіне түйгіштердің тиюіне жол берілмейді.
1071. Норийлерді пайдалануда:
1) тіреуіш бөлшектерін (болттардың, гайкалардың шайбалардың) орнатылу беріктігін;
2) барабандардың тұрып қалуын және ленталар мен шөміштердің норий құбырлары мен бастиек және башмактың қаптамасына тиюін болдырмайтын норий лентасының тартылуын;
3) норий башмактарындағы тіреуіштердің жылдамдығы мен бергіштерін бақылау релесі міндетті түрде болуы;
4) норийлер кенет тоқтаған жағдайларда лентаны кері жүруден сақтайтын, өндірілімі сағатына 50 тонна және одан да жоғары норийлерге арналған автоматты әрекет ететін тежеуіш құрылғыларының міндетті түрде болуларын тексеру қажет.
1072. Лента конвейерлері жұмыс істегенде:
1) жылдамдықты бақылау релесі міндетті түрде болуын;
2) барабандар мен роликтерде басқа жаққа қарай шығармай және тіреуіш құрылыстарына тимей конвейер лентасының дұрыс жұмыс істеуін;
3) лента тоқтамай роликтердің айналуын;
4) барабандарда лента тоқтап қалуға жол бермеуді қамтамасыз ету керек.
1073. (Тиеу қырнауыштары бар) шынжырлы конвейерлерде қораптар асып кеткенде тіреуіш бергіштерін немесе конвейерлерді автоматты түрде тоқтататын қондырғылар қарастырылады.
1074. Иірліктердің тұтануын болдырмау үшін өнімнің жүрісі бойынша олардың шеттеріне өнімнің қысымына байланысты ашылатын сақтандырғыш клапандары орнатылады.
1075. Көлік ленталарын және жетек қайыс белбеулерін металлдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайысшы белдікшелермен тігілу арқылы қосылуы тиіс) қиыстыруға жол берілмейді.
3-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалану тәртібі
1076. Ұнтағыштарда жүктемені автоматты түрде реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайларда ол құрылғы ұнтағыштың электр қозғалтқышымен бұғатталады.
1077. Ұнтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулықтардың болмауына жол берілмейді.
1078. Ұнтағыштардың балғалары ұшқындауды болдыртпау үшін дека мен елеуішке тиюіне жол берілмейді.
1079. Ұнтағыштарды іске қосу, іші бөгде заттар мен ұнтақтау өнімдерінен ұқыпты тазартылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Ұнтақтағышты іске қосар алдында жиынтығын, ротор балғаларының бекіткіші мен қосылуын және елеуіштердің тұтастығы тексеріледі.
1080. Ақаулықтар анықталғанда ұнтақтағыш ақаулық себептерін орындау және жою үшін дереу тоқтатылады. Іске қосылғанда ұнтақтағыш алдымен бос қосылады, ал содан кейін оның қосылуы талап етілетінге дейін жеткізіледі.
1081. Ұсақтатқышты іске қосар алдында:
1) ұсақтағышқа металлды заттарды түсіп кетуін болдырмау үшін магнитті қорғауының болуы мен жағдайын тексеру;
2) машинада бөгде заттардың болмауын, механизмдер мен құралдардың дұрыстығын тексеру қажет.
1082. Ұсақтатқыштар үшін тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттері қолданылады.
Оларды көлемдері және механикалық сипаттамалары белгісіз металлды стерженьдермен ауыстыруға қатаң жол берілмейді.
4-тарау. Ұн және жарма зауыттарын пайдалану тәртібі
1083. Білікті станоктармен жұмыс істегенде:
1) механизмнің жұмысының бір қалыптылығын (автоматы түрде басқарылатын білікті станоктары үшін), сондай-ақ жарық сигнализациясының дұрыс жағдай болуы;
2) біліктердің барлық ұзындығы бойынша дәнді немесе өнімді жеткізудің үздіксіздігі мен бір қалыптылығы қамтамасыз етіледі.
1084. Өнімі жоқ, біліктері қысылған, белағаштары бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс істеуге жол берілмейді.
1085. Елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас іріктегіштердің, сепараторлардың барлық иілмелі қосулары тозаң, өткізбейтін материалдан жасалуы және олардың сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иілгіш қосқыштар қолданылады.
1086. Үгіту, қамшылау және щетка машиналарындағы тарамдалғыш және ұзына бойына қамшыларды біліктер мен розеткаларға бекіту берік, олардың үзілуін болдырмайтындай болуы тиіс.
1087. Бастиегі түсіріліп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискілері нашар бекітілген немесе кептіргіш дөңгелектері болмаған жағдайларда аршу машиналарын іске қосуға жол берілмейді.
1088. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискілерінде, пішімбіліктерінде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол берілмейді. Олар болған жағдайда, сондай-ақ үйлесімсіздік болғанда аршу машиналарын пайдалануға жол берілмейді.
1089. Иілткіш дека станогының жұмыс саңылауын және барабанының орнатылуы тексеріледі.
1090. Электр магнитті сепараторларының бұғаттағышы электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттеріне өнімнің жетуін болдырмайтындай етіп орындалады.
5-тарау. Нан пісіру кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1091. Сұйық отынмен жұмыс істейтін пештерге отын беру от жағу бөлімшесінен тыс, бөлек үй-жайларда орналасқан жұмсау бактарынан жүргізіледі.
1092. Пештерді тұтату және пайдалану қатаң түрде кәсіпорынның техникалық директоры бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
1093. Каналдық пештердің газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөліктерінде жарылыстан сақтандыратын клапандар орнатылуы тиіс, бір жарылыс клапанының ең кем алаңы 0,05 м2 .
1094. Пештер жылу мен газ тәрізді заттарды шығаруға арналған желдеткіш құрылғыларымен жабдықталады. Тарту желдеткіш шахталарының тазарту кәсіпорынның техникалы директорымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
1095. Газ тәрізді және сұйық отындарда жұмыс істейтін пештерде авариялық жағдайларда отын жеткізуді автоматты түрде тоқтататын:
1) пештің оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткізуді тоқтату (сұйық отында жұмыс істейтін пештер үшін);
2) жылыту жүйесінде жылытатын газдардың шектеулі температурасынан асуы;
3) конвейерді тоқтату құрылғылары қарастырылады.
1096. Пештер авариялық жағдайларда пісірілген өнімдерді шығаруға арналған резервті механизмі бар қол жетегімен қамтамасыз етілуі қажет.
1097. Пеш толық жүктелмегенде қатты қызып кетуіне жол бермей, температуралық режимін қатаң байқап тұру керек, барлық өнім шығарылғанша пешті байқаусыз қалдыруға жол берілмейді.
1098. Қауіпсіздік ережелерін сақтағанда түсіп қалған қамыр дайындамаларын немесе дайын өнімдерді пештен дереу алып тасталуы тиіс.
Ауысым сайын пеш конвейерін (бесікшелерін) қоқымдардан тазартып тұру керек.
1099. Нан пісіру формалары мен табақтары қызудан механикалық жолмен тазартылуы тиіс, ал содан кейін нан пісіру өнеркәсібінің санитарлық ережелеріне сәйкес шайылуы тиіс.
Тазарту машинасының шаң бөлшектерін жинауға арналған құрылғысы болуы тиіс.
Майлау құрылғысының тоң майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысы болуы тиіс.
Металл формалары мен табақтарын күйдіруге (босаңдату) тек арнайы сол үшін арналған пештерде ғана жол беріледі. Өндірістік пештерде формаларды босаңдатуға (күйдіруге) жол берілмейді.
6-тарау. Технологиялық үдерістерді ұстау тәртібі
1100. Жабдық өндірілімі мен мақсаты бойынша технологиялық сызбаның талаптарына сәйкес қолданылады.
1101. Цехтің ішіндегі пневматикалық көліктен шлюз бекітпелерінің немесе жүк түсіргіштерінің бекітпе топтарының шеткі білікшелерінде жылдамдықты бақылау релесі орнатылуы тиіс (бұл талап өндірілімі жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекітпелеріне қолданылмайды).
1102. Дәнді емес өнімдерді (шрот, күнжара, түйіршіктелген шөп ұнын) астықты элеваторлардың сүрлемдері мен бункерлерінде қабылдауға және сақтауға жол берілмейді.
1103. Дәнді жүгеріні тек ғимараттан тыс орнатылған шахта түзу ағынды кептіргіштерде ғана кептіру керек.
1104. Жүгері дәнін сақтағанда оның ең аз алмасып тұруын қарастыру керек.
1105. Күріш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулікке сыйымдылығы бар бункерлік типті қоймаларда сақталуы тиіс.
Қабықтарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол берілмейді.
1106. Кәсіпорынға келіп түскен шрот партияларынан белгіленген ережелері бойынша зертхана үлгі түрлерін іріктеу жүргізеді және іріктеліп, қалдық бензинді бақылау жүргізіледі.
Бензин иісі бар шроттарды тиеуге жол берілмейді.
1107. Дән, күнжара және шроттарды сақтау жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер міндетті түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларымен (тұрақты термометр жүйелерімен) жабдықталады.
1108. Күнжара мен шроттарды сақтау температурасын тәулік сайын анықталады.
1109. Сақтауға салғанда күнжара мен шроттардың температурасы сыртқы ауа температурасынан 50C аса аспайтындай етіп қарастырылады.
1110. Сақтауға қабылданатын және сақталудағы шроттардың ылғалдығы құрама жем кәсіпорындарында күнжара мен шроттарды сақтау жөніндегі уақытша нұсқаулығымен белгіленген шектерде орындалады.
1111. Температурасы мен ылғалдығы аса жоғары күнжара мен шроттарды ең алдымен, ал басқа жағдайларда күнжара мен шроттарды өңдеу кезектігін кәсіпорынға келіп түсуіне байланысты өңделеді.
1112. Өз бетімен тұтануға икемді күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикізатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға үнемі ауыстырып тұру керек. Аталған ауыстыруларды шикізатты бункерлер мен сүрлемдерде үздіксіз сақтаудың рұқсат етілген мерзімдері негізінде зауыттың бас технологымен немесе технологиялық зертхананың меңгерушісі әзірлеген жоспар-кестелер бойынша жүзеге асырылады.
1113. Үйменің астында сақталудағы, түйіршіктелген шөп немесе азықтық ұнның өздігінен тұтану белгілерімен байланысты температураның көтерілуі анықталған жағдайда бұл партияны тексерісін күн сайын жүргізеді. Ұнның бұл партиясын бірінші өткізеді.
1114. Өндірістің қалдықтарын тасымалдау үшін үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлік пен пневмокөлік (норийлер, шынжырлы транспортерлер, жабық қаптамалардағы ленталы және роликтері жоқ конвейерлер) қолданылады.
1115. Жатып қалған өнімді шығаруды қамтамасыз ету үшін және оны сақтау үшін силостардың (бункерлердің) арнайы конструкциялық шешімдерін және оны шығаруды жеңілдететін жүк түсіретін механизмдерді қолдану керек.
1116. В1-В4 санатындағы өрт қауіпті үй-жайларда өндіріс қалдықтарын ыдысқа шығаруды орналастыруға жол берілмейді.
7-тарау. Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау тәртібі
1117. Астық жинау кезеңі басталмас бұрын, оған қатыстырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық типтері – екі өрт сөндіргіштермен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар – бір өрт сөндіргішпен, бір істік күрекпен), дұрыс ұшқыш өшіргіштерімен жабдықтау және қоректендіру, оталдыру және майлау жүйелері реттеледі.
1118. Масақты егістер пісер алдында олардың орман және шымтезек алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темір жолдарына іргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.
1119. Дәнді дақылдарды жинауды астықты алқаптарды алаңы 50 гектардан кем емес учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелер арасына кендігі 8 метрден кем емес шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жол ортасында ені кемінде 4 метр жер жыртылады.
1120. Уақытша қыр орындарын астықты алқаптар мен токтардан 100 метр жақын емес жерге орналастырылады. Қыр орындарының, жем тогы алаңшаларының ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады.
1121. Көлемі 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тура жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген зонаны жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын болып тұру керек.
1122. Астық токтарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемінде 100 метр етіп орналастыру керек.
1123. Қыр жағдайларында сақтау және мұнай өнімдерін құю кеуіп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені 4 метр кем емес жолағы жыртылған, немесе токтардан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарын 100 метр қашықтықта және құрылыстардан 50 метр кем емес қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлінген аудандарда жүзеге асырылады.
1124. Дән дақылдарын жинау және азық дайындау кезеңде:
1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзі жүретін шассилердің жұмыс істеуіне;
2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлейтін лампаларды қолдануға;
3) далада түнгі уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берілмейді.
1125. Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердің, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың біліктері, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналардың бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.
8-тарау. Дәруменді шөп ұнын дайындау және сақтау тәртібі
1126. Шөпті ұнды жасауға арналған агрегаттар төбенің астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған төбелер мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделеді.
1127. Шөпті ұнды дайындау бекетінен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейінгі өртке қарсы аралықтар кемінде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталын ашық қоймаларға дейін – кемінде 150 метр етіп орындалады.
1128. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемінде екі вентилмен (біреуі – агрегатта, екіншісі – отын багында) жабдықталады.
1129. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткізгішін орнатылған жерлерінде электр құрылғыларын орнату ережелері бойынша ІІ – ІІа классты өрт қауіпті аймақтарға арналғандай етіп орындалады.
1130. Кептіру барабанында өнімнің жануы анықталғанда, мөлшері кемінде 150 килограмм өртке дейін дайындалған өнімді және өрт жойылғаннан кейін, мөлшері 20 килограммнан кем емес бірінші алынған өнімді жалпы қоймаға толтырмай, бөлек қауіпсіз жерге орналастыру және 48 сағаттан кем емес байқалады.
1131. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнды оның температурасын төмендету үшін жабын астында кемінде 48 сағат ұсталады.
1132. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлінген бөлікте және берік желдеткіші бар, басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.
1133. Қоймаға ылғал түсіруге жол берілмейді. Ұнды үйіп сақтауға болмайды.
1134. Ұны бар қаптар бір қатарға екі қаптан биіктігі 2 метр аспайтын қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдігі кемінде 1 метр, ал қабырғалар бойында – кемінде 0,8 метр етіп орындалады.
1135. Сақталып жатқан ұнның өз бетінше тұтануын болдырмау үшін мерзім сайын оның температурасы бақыланады.
9-тарау. Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеуі тәртібі
1136. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрі – зығыр) машина бөлімшесінен оқшауланады.
1137. Іштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын өшіргіштермен жабдықтау керек. Құбырдың шығу жерінде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.
1138. Зығыр шикізаты (сабандар, трестер) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.
1139. Техникалық дақылдарды алғашқы өңдегенде:
1) фермалар, жөндеу шеберханалар, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берілмейді.
2) автомашиналарға, тракторларға өндірістік үй-жайларына, дайын өнімдер мен шоха қоймаларына кіруге жол берілмейді. Автомашиналардың кемінде 5 метр, ал тракторлардың көрсетілген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемінде 10 метр қашықтықта тоқтаулары қарастырылады.
3) илеу-ұйпалақтау цехінде пешпен жылыту жүйесін орнатуға жол берілмейді.
1140. Зығыр өңдеу бекетінің аумағына кіретін автомобильдерді, тракторларды және басқа да өзі жүретін машиналарды дұрыс ұшқын өшіргіштерімен жабдықталады.
1141. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлік құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерінен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен қарап тұрады.
1142. Зығыр өңдеу бекетінің аумағында темекі шегуге арналған орындар өндірістік ғимараттар мен дайын өнімді жинап қою орындарынан 30 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
1143. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелері өртенбейтін етіп қарастырылады.
1144. Тресталарды табиғи түрде кептіру арнайы бөлінген учаскелерде жүргізіледі.
Трестаны жасанды түрде кептіруді тек арнайы кептіргіштерде, ригаларда (дегдітпелерде) ғана жүргізіледі.
1145. Өндірістік ғимараттарда орналастырылған кептіргіштер басқа үй-жайлардан 1-типтік өртке қарсы бөгеттермен бөлінеді.
Кептіргіштер мен кептіргіш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкцияларын екі жағынан сыланады.
1146. Тресталарды кептіруге тұрақты кептіргіштерді тек мынадай:
1) пеш оттығы мен циклонның күмбездері және ішкі беттері күйдірілген кірпіштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, ізбеспен ағартылғанда;
2) ауа арналары сыртқы жағынан 50 миллиметр қабатымен өртенбейтін жылылықты өткізбейтін материалмен қорғалған, ал қосылған жерлерінде асбест төсемдері орнатылған;
3) желдеткіштің сыртына жылылық тасығыштың температурасын бақылау металлды термометр арқылы жүзеге асырылады;
4) жер астындағы таратқыш каналының басында ұшқын өшіргіш орнатылған;
5) каналдың қабырғалары кірпіштен орындалған, үстінен темір бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтін құрылғылармен жабылған;
6) түтін құбыры өтетін жерде шатырдың торлауы арқылы кемінде 50 сантиметр көлемді өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолдануға болады.
1147. Трестаны кептіруге арналған ригаларда орнатылатын пештердің құрылымы үй-жайдың ішіне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай орындалады.
Ригалар мен кептіргіштерде пештердің үстіне зығырды төсеу үшін жел тартқыш орнатуға рұқсат берілмейді. Пештен жанғыш құрылғыларға дейінгі қашықтық 1 метрден кем емес болуы тиіс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биіктігі жабындыға дейін қоршауы болады.
1148. Кептіргіштер мен ригаларда мынадай талаптарды сақтау керек:
1) трестаны кептіргенде жылу тасығыштың температурасы 80
0С аспауы, ал бастиектерін кептіргенде - 500C аспауы тиіс;
2) пештің оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етілуі тиіс, ал түтін газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектері болмауы тиіс;
3) желдеткішті от жағуды бастағаннан кейін бір сағаттан бұрын қосуға болмайды. Кептіргіш камераларында түтін белгілері бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;
4) кептіргіштің бір ауысымдық жұмысынан кейін от жағу кеңістігін, тұнба камераларын, ұшқын өшіргіш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтін құбырларын кептіргіш жұмыс істегеннен 10 күннен кейін тазарту керек;
5) жаңа трестаны кептіруге жүктер алдында арнашықтар мен кептіргіш камераларды үнемі ішіне түскен тресталардан және әр түрлі қалдықтардан тазартуды керек. Треста және химиялық талшықтар қорын кептіргіш үй-жайында сақтауға жол берілмейді;
6) трестаны ригаға жүктегеннен кейін түсіп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсімдік сабақтарын жинап, пешті, қабырғаларды, еденді ұқыпты түрде трестадан тазарту керек. Трестаны кептіргіш ғимаратына тақап жинауға жол берілмейді.
1149. Илеу-ұйпалақтау агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткіші болуы тиіс, ал ұйпалақтау агрегатының әрқайсысында шатыр орнатылуы тиіс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтін алмалы салмалы және қайырмалы қалқандарымен жабу керек.
1150. Желдеткіш құбырлары желдеткіштердің алдында және олардан кейін орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркін өтетін жол қамтамасыз етілуі тиіс.
1151. Өндірістік үй-жайдағы тресталар санының ауысымдық қажеттіліктен артуына жол берілмейді. Оны машиналардан кемінде 3 метр қатарлап жиналады.
Дайын өнім үй-жайлардан қоймаға бір ауысымда екі реттен кем емес жиналады.
1152. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін илеу-ұйпалақтау цехін талшық, шан және тал жіптерден ұқыпты түрде жиналады. Станоктарды, қабырғаларды және цех жабындысының ішкі беттерін торлау, ал талшық жинағыштар тазартылады.
1153. Темекі кептіргіштердегі сөрелер мен этажеркалар өртенбейтін материалдардан қарастырылады. Қыздыру құбырларының үстіндегі отты кептіргіштерде, оларға темекі түсуден қорғайтын металлдан жасалған күнқағар орнатылады.
Темекі сарайлары мен кептіргіштердің сыртқы жарық беру прожекторларының тіреуіштері үй-жайлардан тыс орнатылады.
10-тарау. Өңделмеген мақтаны жинау, тасымалдау, кептіру, сақтау және алғашқы өңдеу тәртібі
1154. Мақта жинау науқаны басталғанға дейін оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (мақта жинау машиналары - екі өрт сөндіргішпен, екі найза күрекпен өлшемі 2х2 метр бір киізбен, тракторлар мен автомобильдер - бір өрт сөндіргішпен, бір найза күректен) жарақталып, жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесі қарастырылады.
Гидро жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын өшіргіштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жіберілмейді.
1155. Өңделмеген мақта піскен бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және теміржол жолдарына іргелес жерлердегі егістіктер ені кемінде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.
1156. Мақта жинау кезінде:
1) мақта егістігінде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бункеріне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егістікте қалдыруға, отын құюға;
3) гидро жүйесі мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;
4) мақта кептіруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берілмейді.
1157. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезінде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тіркеменің еденінде саңылаулардың болуына жол берілмейді.
1158. Тракторлардың, автомобильдердің, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізіледі.
1159. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемінде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгі вольтты электр беру желілерінен 1,5 тірек биіктігінен кем болмауы керек.
1160. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндіру мақсаттары үшін кемінде 50 текше метр есептік мөлшермен қамтамасыз етілуі қажет.
1161. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемінде 5 сантиметр сазды топырақпен тегістелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретін бөлігінде кептіруге болмайды.
1162. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлінуіне жол бермеуді қамтамасыз ететін құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергілікті сорғыштар) жарамды күйде болуы керек.
1163. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттілігінше, бірақ ауысымына кемінде бір рет тазалап тұру керек.
1164. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететін құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет.
1165. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейін тек ақаулықтарды жойғанда ғана іске қосуға болады.
1166. Таспалы транспортерлердің иінді біліктері мен сына белдікті бергіштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуін болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиіс.
1167. Мақта жинайтын машиналардың біліктерінің жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзімділігі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы бекіткен нұсқаумен белгіленеді.
1168. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр тұтас жапсырмалы биіктігі кемінде 0,9 метр болатын сүйенішпен қоршалады.
1169. Элеватор жетегінде таспа үзілген жағдайда жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиіп тұруына жол берілмейді.
1170. Элеватордың қаптамасын мықты тиектері мен тұтас периметрі бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететін жеңіл ашылатын люктермен жабдықталады.
1171. Транспортерлер төменгі таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.
1172. Таспалы транспортерлерді (ауыстырып тиегіштерді) ауыстыру электр қорегі ажыратылған кезде жүзеге асырылады.
1173. Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге қосқышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берілмейді.
1174. Топтағы бунттардың саны бір бунтқа алаң мөлшері 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшері 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бір бунтқа алаң мөлшері 25х11 метр болғанда алты бунттан артық болуына жол берілмейді. Бұл ретте бунттың биіктігі 8 метрден аспауы қажет.
1175. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемінде 30 метр болуы керек.
1176. Бунттарды бөлшектеу кезінде машиналарды, тетіктер мен автопоезд мақта тасығыштарды 30 метр аралықта орнатылады.
1177. Бунт бөлшектегіш қозғалған кезде ток өткізу кабелімен өтуге болмайды.
1178. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтіруді тек оларды өшіріп, бунттан кемінде 5 метр қашықтықта алыстатылған кезде ғана жүзеге асырылады.
1179. Кескіш құралдардың ұштары ұшқынға қауіпсіз етіп жасалады.
1180. Кескіш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигізбес үшін жебенің төмен, жоғары түсіп тұруын шектейтін қондырғылар орнатылады.
1181. Кептіру қондырғысын пайдалану кезінде:
1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;
2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткізу қондырғыларында қауіпсіздік автоматикасының үздіксіз жұмыс істеуі;
3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегін өшіруді қамтамасыз ететін барабан мен шнектің электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;
4) кептіру камерасы мен қоректендіргіш есіктерінің герметикалығы;
5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелі тазалау қамтамасыз етіледі.
1182. Өңделмеген мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.
1183. Кептіретін қондырғының жұмысы тұрақты бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 700С аспауы қажет. Кептіру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, өңделмеген мақта мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетіктердің жұмысын тоқтату қажет, ал кептіру барабанынан келіп түсетін мақта жанған жағдайда кептіргішті дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндіріп жою керек.
Кептіргіштің жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебін анықтағаннан кейін ғана қайта келтіруге болады.
1184. Өңделмеген мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшін және перфорир тордың үсті қоқыс қоспалармен толып қалмас үшін жел тартқыш тордың жағдайы қадағаланады.
Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тіреуіш камерасындағы кенжарды қалпына келтіруді тек ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.
1185. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етіледі. Барлық сынған бумаларды әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделеді.
1186. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезінде мақтаның стандартты қатарының өлшемі: ұзындығы - 22 метрден, ені - 11 метрден, биіктігі - 8 метрден аспайтын болуы тиіс.
Қатарлардың мөлшері қысқарғанда көршілес қатарлар арасындағы бөліктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берілмейді, бірақ ең жоғарғы қатардың екі есе биіктігінен кем болмауы тиіс.
1187. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.
1188. Бума шатырының астында талшықты мақталар көлденеңінен ені кемінде 2 м қалдырылып бірдей қашықтық арқылы, бір өткелдің алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2 ; екі өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемінде жиналуы тиіс. Мақта талшығының биіктігі мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиіс.
1189. Жабық қоймаларда мақта талшығының бумасы ені кемінде 2 метр бір бойлық өту жолын және ені дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбір есікке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрі бойынша қабырға бойымен ені кемінде 1 метр өту жолын қалдыру қажет.
Қойма үй-жайларының ішінде қандай да бір қалқалар мен шағын кеңселерді орналастыруға болмайды.
1190. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негізі жанбайтын материалдардан жасалады.
1191. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газды шығару құбырлары міндетті түрде ұшқын өшіргішпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткіштің пайдаланылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келуі тиіс.
Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиндердің, автокрандар мен мотоциклдердің бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метр жақын өтуіне рұқсат етілмейді.
1192. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезінде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры қарастырылады.
1193. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде 2400 тоннаға дейін өңделмеген мақтаны сақтау кезінде өрт сөндіруді жұмыстары су айдындарынан жүзеге асыруға болады.
1194. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндіру бөлімшелері күзететін жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.
11-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртібі
1195. Ат қоралардың үй-жайларында кемінде екі дербес қақпасы болуы қажет, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берілмейді.
Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есіктерінің тек сыртқа қарай ашылуы қарастырылады. Қақпаны тек жеңіл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етіледі. Жылдың қысқы мезгілінде ат қоралардың қақпалары мен есіктерінің алды қардан жүйелі түрде тазалап отырады.
1196. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бір мезгілде босатып шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылар қарастырылады.
1197. Ат қоралардың үй-жайлары тізгіндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшін қажетті басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі.
1198. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзімділік шегі ЕІ-45 кем емес, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және далдалармен) бөлінеді.
1199. Ат қораларда электр желілері оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселеді. Тек тозаң-су өткізбейтін немесе ылғал өткізбейтін электр шамшырақтарын ғана пайдалануға жол беріледі.
Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.
1200. Ат қорада тәуліктік жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.
Жемшөптің негізгі қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.
1201. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлінеді және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз етіледі.
1202. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшін өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялаудың жоспары жасалады.
1203. Ат қораларда электр желілерін пайдалану кезінде:
1) электр желілерін жануарлар тұратын орындардың үстінен орналастыруға;
2) электр желілерінің астынан шөп, сабан жинауға;
3) электр желілері мен кабельдерін ат қоралардың бөлмелері арқылы транзитпен төсеуге;
4) қуаты осы шамшырақ түрі үшін шекті рұқсат етілгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;
5) шамшырақтарды тікелей желілерге ілуге жол берілмейді.
1204. Ат қоралардың үй-жайларында:
1) шеберханалар, қоймалар, автокөлік тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыс жүргізуге;
2) осы үй-жайларға іштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған көлік құралдарының өтуіне;
3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшін серіппелер мен блоктар орнатуға;
4) үй-жайларды жарықтандыру үшін керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарларын қолдануға;
5) уақытша пештерді орнатуға;
6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;
7) темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
9-бөлім. Көлік объектілерін ұстау тәртібі
10-тарау. Автомобиль көлігі объектілерін ұстау тәртібі
1-параграф. Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртібі
1205. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын басқа үй-жайлардан 2-типті өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінеді.
1206. Сақтау үй-жайлары мен өндірістік және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететін жылжымалы құрамының ағымдағы жөндеуі мен техникалық қызмет көрсету посттарының өндірістік қойма үй-жайларын аталған үй-жайларды ғимараттың басқа бөліктерінен 2-типті бітеу өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінген жағдайда В1-В4, Г және Д санатты ұйымдар мен осы кәсіпорындардың отқа төзімділігі ІІ-дәрежелі өндірістік ғимараттарда орналастыруға жол беріледі.
1207. Сұйылтылған көмірсутекті газ бен қысымды табиғи газда жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерден басқа жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын жалпы білім беру мектептерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін және стационарлары бар емдеу мекемелерін қоспағанда, қоғамдық ғимараттардың жанында салынған құрылыстарда орналастыруға жол беріледі.
1208. Жанында салынған және қоса салынған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары арқылы инженерлік коммуникациялары (су құбыры мен электрмен қамтамасыз етуді қоспағанда) транзитті төселген жағдайда олар, отқа төзімділік шегі ЕІ-150 бітеу құрылыс конструкцияларына бекітіледі.
1209. Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының қақпасы ойығының отқа төзімділігі ЕІ-45, ені кемінде 1 метр болатын көлемдегі күнқағарлар қарастырылуы тиіс, күнқағар шетінен бастап қоғамдық ғимарат терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метр, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстіңгі терезесінен бастап қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метрден кем болмауы тиіс.
1210. Сыртқы қақпалар эвакуациялық шығу жолдары ретінде:
1) босағасы жоқ немесе биіктігі 0,1 метрден аспайтын босағасы бар қақпалар болғанда кез келген үлгідегі қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкін;
2) қақпалар сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерінің (қақпа саны бір бірліктен көп болғанда) үй-жайларында орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
1211. Майлауға арналған материалдарды сақтау үй-жайларында таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар үй-жайдың сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.
Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу бекеттерінің үй-жайларында егер көлемі 5 текше метрден аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.
1212. Көлік құралдарының барынша төмен өту ені:
1) 6,5 метр сақтау орындарының қабырғалары мен дарбазаларына перпендикулярлы орналасқан кезде – ені 2,3 метр;
2) 5,5 метр сақтау орындары үшін дәл солай – ені 3,5 метр;
3) 600 бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде дәл солай – 4,5 метр;
4) 450 бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде – 3,0 метр қабылданады.
1213. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бекеттері немесе 50 және одан астам автомобильдер қарастырылған кәсіпорын аумағының қоршауында кемінде екі кіру (шығу) жолы болуы тиіс. Бекеттері немесе автомобильдерді сақтау орындарының саны аз кәсіпорындар үшін аумақта бір кіру жолын орнатуға болады. Қоршаудағы қақпалардың ойығы 4,5х4,5 метрден кем емес етіп орындалады.
1214. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттері немесе 25 астам автомобильдерді сақтау қарастырылатын автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кемінде екі қақпа болуы қажет.
1215. 25 бірліктен астам мөлшерде көлік сақтау үй-жайлары үшін өрт болған жағдайда көлік құралдарын эвакуациялау реті мен тәртібі көрсетілген оларды орналастыру жоспары болады.
1216. Жер астындағы гараж тұрақтарда машина орындары бөліп қою үшін өртенбейтін материалдардан жасалған тор көзді қоршаулар қолдануға жол беріледі.
1217. Гараждардың төбелерін орнатып жөндеген кезде мемлекетаралық стандарт бойынша 1-РП төмен емес қабат бойымен оттың таралу топты жылытқыш пен гидро оқшаулағыш материалдар қолданылады.
1218. Ашық тұрақ аумақтарында көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды техникалық қызмет көрсету беті қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.
1219. Көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды қызмет көрсетуін жүзеге асыруға арналған әрбір алаңшада «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндіру қалқаны орнатылуы тиіс.
1220. Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшіруге кедергі жасауы мүмкін заттар мен жабдықтармен ыбырсытуға жол берілмейді.
1221. Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгілген жанар-жағармай материалдарына құм сеуіп, дереу жиналады.
1222. Көп пәтерлі тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көліктік құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар жағармайды сақтауға жол берілмейді. Кейбір гараждарда бензин және дизельді отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанаржағар майдың қосымша мөлшерін сақтауға жол беріледі. Бензин, дизельді отын және майлардың аталған көлемін тек металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол беріледі.
1223. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тура мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бер.
1224. Автомобильдерді сақтау үй-жайларын жылыту құйылу желдеткіші бар сулы немесе ауалы болып көзделуі тиіс. Күзет үй-жайларында иректелусіз беті тегіс зауыттан шыққан жергілікті жылыту құралдарын пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте бетінің температурасы 100ғC асуы мүмкін жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.
1225. Үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда көлік сақтауға:
1) норма сақталмаған көлемде көлік құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;
2) шығу қақпалары мен өту жолдарын ыбырсытуға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектерді шаюға;
3) көлік құралдарын отын бактарынан, отын өткізгіштері мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;
4) көлік құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды канализацияға немесе жақын аумаққа төгуге. Істен шыққан жанар-жағар май материалдарын, сүзгілерді, ескі-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;
5) аккумуляторларды тура көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;
6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалануға;
8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;
9) көлік құралдарын сырлауға, бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;
10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге (шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздері), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізген кезде жарықтандыру үшін ашық отты көздерін пайдалануға жол берілмейді.
1226. Газ тәрізді отында жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалану кезінде:
1) газды қоректену жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берілмейді;
2) көлік құралын түнгі немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерін жабу, магистралды газ құбырындағы барлық газды істен шығару қажет, одан кейін іске қосуды өшіріп, магистралды вентильді жауып, аккумуляторда «масса» ажыратылады;
3) жабық үй-жайда көлік құралының «өзіндік жүру» қозғалысын тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельді отын);
4) көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйылтылған көмірсутекті газ өшіктіруді (КГӨ) жүзеге асыруға жол берілмейді;
5) үй-жайларды олардың ішінен көлік құралдары шыққаннан кейін мұқият желдетіледі;
6) қыстың күні көлік құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргізіледі;
7) қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ жеткізумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. КГӨ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандары, сондай-ақ отын жеткізілуін бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.
8) КГӨ жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 250C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдану және сақтау;
9) қозғалтқышты іске қосуды тек отынның бір түрінде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
1227. Жанар-жағармай материалдарын таситын автомобильдерді 600 текше метрден аспайтын аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөліп қарастыру қажет, бірақ 50 автомобильден көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөліктердің, сондай-ақ басқа автокөліктерді сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиіс.
1228. 10 автомобильге дейін және жалпы сыйымдылығы 30 текше метрге дейін автоцистерналардың жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында негізгі қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде іске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемінде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткішінің қондырғысын орнату қажет.
1229. Бояу және аккумуляторлық бөлімшелерді (учаскелерді) орналастыруға арналған үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесін бір-бірімен және басқа үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесімен біріктіруге болмайды.
1230. Газ баллон автомобильдерін жер асты гараж тұрақтарында сақтауға болмайды.
1231. Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбір 10 көлікке біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.
1232. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетілген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берілмейді.
1233. Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай мен байқау шұңқырларын май сіңген, сүртілген материалдардан тазартылады.
2-параграф. Аккумулятор станцияларын ұстау тәртібі
1234. Аккумулятор станциялары (шеберханалар) отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес үй-жайларда орналастырылады.
Аккумулятор станцияларының есіктерінде «Аккумулятор бөлмесі», «От қауіпті!», «Отпен кіруге болмайды!», «Темекі шегуге жол берілмейді!» деген жазулар ілінеді.
Аккумулятор станциялары үй-жайларының едендері қышқылға төзімді (сілтіге төзімді), ал қабырғалары, төбелері, есіктері, терезе ағаштары, желдеткіш қораптары мен басқа да жабдықтар қышқылға төзімді (сілтіге төзімді) бояулармен сырланады. Терезелері әйнекпен немесе күңгірт әйнекпен әйнектеледі. Ыстық климатты аудандарда терезелерге көлеңкелі күнқағарлар орнатылады.
1235. Қышқылды және сілтілі аккумуляторларды жөндеу, сақтау және зарядтау әр түрлі үй-жайларда жүргізіледі.
Жөндеу, зарядтау, генераторлық және электролитті учаскелер жекешеленген қабырғалары жанбайтын үй-жайларда орналасады. Атқарылатын жұмыс көлемі шағын болса (бір уақытта 10 аккумуляторға дейін), аккумуляторларды зарядтау мен жөндеуді бір үй-жайда арнайы зарядтау шкафында жүргізуге рұқсат етіледі.
Мұндай жағдайда зарядтау қалқаны зарядтау шкафына қарама-қарсы орнатылады. Мұндай үй-жайларда батареяларды зарядтау үдерісінде ашық отты пайдалануға болмайды.
1236. Аккумулятор станцияларының электр жабдықтары мен шырақтары (оның ішінде тасымалдаушы) жарықтан қорғағыш күйде ұсталады. Қосқыштар, штепсельді розеткалар, тежегіштер аккумуляторлық станциялары үй-жайларының сыртында орналастырылады. Аккумуляторларға жарықтандыру сымдарын жалғау қышқылға төзімді (сілтіге төзімді) қабықты сыммен орындалады.
1237. Аккумулятор станцияларының үй-жайлары қышқылдық және сілтілік аккумуляторлы учаскелерге арналған жеке тармақтық-сорғыш желдеткішпен жабдықталады. Желдеткіштің электр қозғалтқышын үй-жайдың сыртында орналастырылады. Зарядтау үй-жайы мен шкафының желдеткіш жүйесі аккумуляторлық станциялардың басқа үй-жайлардан оқшауланады.
Желдеткіштік арналары мен түтін жолдарын жалпы желдеткіш жүйесіне шығаруға болмайды. Зарядтау үй-жайының (шкафының) желдеткіш жүйесі желдеткіш жұмысы тоқтаған жағдайда соңғысын сөндіру мақсатында зарядтау тогын беру қондырғысымен автоматты түрде қоршалған болуы тиіс.
1238. Аккумулятор станцияларына орталық сумен немесе калорифермен жылу берілуі тиіс. Орталық жылу беру құбырлары зарядтау үй-жайларының көлемінде дәнекерлеу арқылы жалғанған және тегіс болуы тиіс. От жағу тесіктері, тазалау есіктері, ысырмалар және келтеқұбырлар үй-жайдың сыртында орналасқан болса, пешпен жылыту жүйесін орнатуға болады. Аккумулятор станцияларында электр пештерін орнатуға жол берілмейді.
1239. Аккумулятор батареяларын зарядтау үдерісінде:
1) ұшқын болмас үшін сымдардың батарея клеммасына берік жалғануын тексеріледі;
2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;
3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға тек ағынды сорғыш желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда рұқсат беріледі;
4) өткізгішті жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшірулі тұрғанда ажыратылады;
5) зақымдалған өткізгіштерді тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттігінің талаптары сақталады.
1240. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданатын жұмыстар батарея зарядталып біткеннен кейін екі сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетілгеннен кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу орнын үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзімді қалқандармен қоршалады.
1241. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:
1) темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;
2) бір ауысымдық қажеттіліктен артық қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға;
3) жұмыс орнында арнайы киімді және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берілмейді.
3-параграф. Жуу және сырлау жұмыстарын жүргізу тәртібі
1242. Жуу және сырлау цехтері, учаскелер мен бөлімшелер отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бір қабатты ғимараттарда орналастырылады, ішкі қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндірістік үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлінеді. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпінінің түсуін қамтамасыз ететін шлюздің тамбуры арқылы жүргізіледі.
1243. Сырлау цехтерін ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлінген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есігі бар үй-жайларда орналастыруға болады.
1244. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, астыңғы және бірінші қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.
1245. Бояу дайындайтын бөлімшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
1246. Жуу және сырлау цехтерінің, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелердің едені жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерітінділерге төзімді етіп орындалады.
1247. Жуу және сырлау цехтерінің қабырғаларының үстіңгі қабаты кемінде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.
1248. Жуу және сырлау цехтерінің, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің бөлмелері дербес механикалық үрлеу-сору желдеткішімен және нүктелік сору бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерімен, кептіру камераларымен жабдықталады. Сырлау цехтарында ауаның ылғалдылығы автоматты түрде 65-75% мөлшерде болуы керек. Аталған үй-жайларда қауіпті жарылыс қосылыстарының пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.
1249. Жуу және сырлау цехтерінің және бояу дайындайтын бөлімшелердің жылу беру аспаптарының беті тегіс болуы және 950С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берілмейді.
1250. Жуу және сырлау цехтерінің, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол беріледі.
Электрлік іске қосатын қондырғылар, түймелі электр магниттік жібергіштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.
1251. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық ілмекті тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауіпсіздігі канализациясы қарастырылады. Соңғысы жүйелі түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.
1252. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлімшелердің жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкеліс кезінде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.
1253. Жуу және сырлау цехтерінің және бояу дайындайтын бөлімшелердің және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемі таза әрі реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемінде бір рет ылғалды тәсілмен жүргізіледі.
Төгілген лак, бояу материалдарын және еріткіштерді ағаш үгіндісінің мен сумен жуудың көмегімен дереу жинап алынады.
Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупі бар органикалық еріткіштерді пайдалануға жол берілмейді. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейін жабылатын арнайы металл жәшіктерге салынып, ауысым соңында белгіленген орынға шығарылады.
Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгіленген алаңдарға жиналады.
1254. Жуу және сырлау үдерісінде статистикалық электр зарядын сөндіру үшін барлық техникалық жабдықтар, бояу бүріккіштер, еріткіштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иілгіш шлангтар), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар берік түрде жерге қосылады.
Жерге қосатын электродтың кедергі мәні 10 Ом аспайды.
1255. Жеке тораптар мен бөлшектерді және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт шығу қаупі бар еріткіштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге қосылатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргізу ұсынылады.
1256. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшін:
1) жұмысшылар мен қызметшілерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға жол берілмейді;
2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге қосылған аймақ қабаттарының қондырғысы қарастырылады;
3) есік тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге бекітіледі;
4) жұмысшылар ток өткізгіш аяқ киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз етіледі;
5) жұмысшылар (мүмкіндігінше жиірек) өздерінен статикалық электр зарядты жерге қосылған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигізу тәсілімен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупі бар органикалық еріткіштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсіріп тұруға міндеттеледі.
2-тарау. Метрополитендерді ұстау тәртібі
1257. Әрбір станцияда мыналар: жедел өрт сөндіру жоспары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтінденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткішінің шахтасы жұмыс істегенде метрополитен жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібі әзірленуі қажет. Бұл құжаттар станция кезекшісінің үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндіру жоспарының екінші данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндіру басшысының бірінші талабы бойынша беріледі.
1258. Қолданыстағы тоннелдер мен станциялардың салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектілерге қабысу орындары жұмыс жүргізуді бастағанға дейін жанбайтын түтін өткізбейтін қалқалармен қоршалады. Қолданыстағы метрополитен желілеріне қабысу орындарында жұмысты ұйымдастыру кезінде кезекші персоналмен телефон байланысы орнатылады.
1259. Станция қабырғаларын, эвакуациялау жолдарының (дәліздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар) төбелерін қаптау үшін, сондай-ақ жер асты үй-жайлары мен вестибюльдері қаптамасында жарнама орнату үшін тек жанбайтын материалдарды ғана қолдануға болады.
1260. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде орнатылатын көйлек ілетін шкафтар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
1261. Станцияның жер асты құрылыстарында әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрде аспайтын газ бар екі баллонды арнайы бөлінген орында сақтауға болады.
1262. Метрополитеннің жер асты құрылыстарындағы отты жұмыстар қызметтердің басшыларының өкімі бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, тек түнгі уақытта электр желісіндегі кернеуді алғаннан кейін жүргізіледі.
1263. Қолданыстағы тоннельдерде газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жылжымалы көлікте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргізіледі.
1264. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу осы мақсатта жабдықталған мото рельс көлігінде арнайы тарату сыйымдылықтарында түнгі уақытта (метрополитенде жолаушылар болмағанда) жүзеге асырылады.
1265. Тоннельге жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшін бейімделген көлік алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
1266. Станциялардың үй-жайлары мен кабель коллекторларындағы өртке қарсы режимді тексеру үшін станция кезекшілерінің кабиналарында авариялық тақтада үй-жайдың нөмірлеуі сәйкес таңбаланған кілттері болуы қажет. Осы үй-жайларды тексеру станция кезекшісінің немесе қызмет өкілінің қатысуымен өткізіледі.
1267. Жер асты кеңістігіне орналастырылатын техникалық кабинеттердегі оқу сыныптарының сыйымдылығын 30 адамнан арттыруға жол берілмейді.
1268. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде металлды тақтайлар қолданылады.
1269. Қолданыстағы тоннельдерде:
1)газ генераторларымен жұмыс істеуге;
2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сіңіруге, сондай-ақ битум қыздыруға жол берілмейді.
1270. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторлар мен бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектерді, майлау және өзге де материалдарды жинауға болмайды.
1271. Тоннельдерде кабель желілерін бояды тек түнгі уақытта қызметтердің басшыларының рұқсатымен және мемлекеттік өрт бақылау органдарының келісімі бойынша жүзеге асыруға болады.
1272. Электр пойыздарының вагондары жарамды «жолаушы – машинист» байланысы құрылғысымен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
1273. Машинистердің кабиналарына орнатылатын электр пештері мықтап бекітілуі және дербес қорғағышпен қамтамасыз етілуі тиіс. Пештерде және олардың қасында әр түрлі жанғыш материалдарды орналастыруға болмайды.
1274. Сауда дүңгіршектерін станцияның жер үсті вестибюльдері мен жол асты өткелдеріне ғана орнатуға болады. Дүңгіршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгіршектері жолаушылардың жүріс-тұрысына кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.
1275. Дүңгіршектерге жылу беру үшін май электр радиаторлары немесе жылытқыш электр панельдері қолданылады.
1276. Дүңгіршектер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшісі бар үй-жайға белгі беретін автоматты өрт дабылымен қамтамасыз етіледі.
1277. Мыналарға:
1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де от қауіпті материалдарды сатуға және пайдалануға;
2) станциялардың үй-жайларында тауарды, орау материалдарын, сауда құрал-саймандарын сақтауға жол берілмейді.
3-тарау. Теміржол көлігін ұстау тәртібі
1278. Қол жүктерін сақтау камералары мен жүк бөлімдеріндегі стеллаждар тек қана жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдер орнатуға жол берілмейді.
1279. Паровоз деполары мен локомотив (паровоз) қорларының базаларында:
1) отын бөлімі жұмыс істеп тұрған паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғыш зонттарының шегінен тыс жерде от алдыруға;
2) депо тұрағында және арнайы белгіленбеген орындарда пештің оттығы мен күлін тазалауға;
3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауіпті және басқа да жанғыш жүктері бар жылжымалы құрамды белгіленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орналастыруға;
4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетілген сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай, депо тұрағында қоюға;
5) отын мен майды шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы сыйымдылықтарға тікелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;
6) технологиялық үдерістермен белгіленбеген орындарда тепловоздарға отын мен жанармай құюға;
7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.
1280. Шлак жинайтын орларды жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзімділігі IV, IVa және V дәрежелі ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшіріліп, үнемі алынып тасталуы қажет.
1281. Локомотивтер (паровоздар) қорының базалары негізгі жолдардан қашық орналастырылып, берік қоршаумен және сыртқы жарықпен қамтамасыз етіледі.
1282. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) бөлінген алаңдар станциялардың тұрпатты технологиялық үдерісінің талаптарына жауап беруі және теміржол жолдарынан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемінде 30 метр, көршілес теміржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.
Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтардың алаңдарында топыраққа мұнай өнімдерінің өтуіне жол бермейтін қатты жабыны болады.
1283. Цистерналарды өңдеу орнына жеткізу тек ұшқын өшіргішпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды беру кезінде кемінде төрт шүлдікті екі вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздардың жуу орнына 20 метр жақын келуіне болмайды, ол әрі қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгіленеді.
1284. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) өңдеуге берілетін цистерналардың құю аспаптары, қалпақтар мен тиеуіш люктерінің қақпақтары жабық болуы қажет. Өңдеуден өткен цистерналар жарамды тиек арматураларымен жабдықталады.
1285. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтыру жұмыстары жүргізілетін жолдар мұнай өнімдерінің қалдықтарын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.
Тұндырғыштар мен құбыр желілерінің люктері мен бұрандаларын үнемі қақпақтармен жауып отыру керек.
Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.
1286. Теміржолдарды, эстакадаларды, құбырларды, резервуарларды, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды ағызғанда және толтырғанда статикалық электрді бұру үшін сенімді жерге қосқышпен қамтамасыз етіледі.
1287. Металл тасымал және жылжымалы сатылар мыс ілмекпен және жіктерінің астынан резина жастықшалармен жабдықталады.
1288. Қазандықтар мен цистерналар ішінде тек аккумуляторлық фонарлармен ғана жарықтандыруға болады. Фонарды цистерналардан тыс іске қосу және ажырату қажет.
1289. Эстакадалар мен алаңдарды мұнай өнімдері қалдықтарынан тазарту және ауысымында кемінде бір рет ыстық сумен жуылады.
1290. Жуу-булау станцияларының аумақтарында:
1) жарылыстан қорғалмаған фонарларды, шамдар мен шамшырақтарды қолдануға;
2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;
3) теміржолдардың, ғимараттардың және құрылыстардың үстінен әуе электр өткізгішін өткізуге;
4) цистерна қазандығы ішінде жұмыс істеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ киімді пайдалануға;
5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қалдықтарын сумен және конденсатпен бірге жалпы канализация желісіне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;
6) адамдардың цистернаға түсуі үшін ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;
7) тексерілген цистерна ішінде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;
8) локомотивтердің тазалау депосы мен эстакада астына кіруіне жол берілмейді.
1291. Теміржолдарды бөлу жолақтары қу шыбықтардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескі бөренелерден және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұсталады. Көрсетілген материалдар бөлу жолағынан дер кезінде шығарылады.
1292. Жолдарда төгілген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.
1293. Бөгендерде, станцияларда және звено жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелерді уақытша сақтағанда қатарланып жиналады.
Қатарлар тұрған алаң мен аумақ кемінде 3 қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалады немесе жыртылады.
1294. Шпалдар мен қырлы бөренелер жолға параллель, құрылыстар мен құрылымдардан кемінде 30 метр қашықтықта, пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан – 10 метр; өзге жолдардан – 6 метр және электр беру және байланыс желілері шүлдігінен тіректің кемінде бір жарым биіктігінен төселуі мүмкін. Шпал қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 1 метр, ал қатарлардың әрбір жұбы арасында кемінде 20 метр болуы қажет.
1295. Шпалдар мен қырлы бөренелерді ұзақ мерзімді сақтағанда немесе қойма сыйымдылығы 10000 текше метрден артық болғанда құрылыс нормаларының талаптары басшылыққа алынады.
1296. Шөпті, сабан мен ағашты көпірлерден, жол құрылыстарынан және пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желілері сымдары астынан кемінде 50 метр қашықтықта жинауға болмайды.
1297. Бөлу жолағында алау жағуға және шырпыларға, кесілген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.
1298. Орман алқаптарында көпірлер бөлу жолағының ішкі периметрі бойынша ені кемінде 4 метр минералды жолақпен айналдыра жиектеледі.
1299. Көпір астындағы жер учаскелері 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, шыбықтан, жанғыш қоқыстан тазартылады.
1300. Теміржол үстінен орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгі жағынан ені кемінде 4 метр екі жағынан 0,3 метр төмен түсірілген ернеуі бар болат қаңылтырмен қапталады.
1301. Өзендер қатқанда барлық ағаш төсеніші бар ағаш және металл көпірлерде өрт сөндіру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойық жасалған жер көрсеткішпен белгіленеді.
1302. Барлық көпірлер мен өтпе жолдарда:
1) олардың астынан немесе олардың жанында материал қоймаларын, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшін тұрақтар орнатуға;
2) керосин фонарлары мен бензомоторлы агрегаттардың бактарын толтыруға;
3) аралық құрылыстар мен басқа да құрылымдарды мұнай өнімдерін тазартпай ұстауға;
4) көпірлердің астында құрғақ шөпті жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды өртеуге болмайды.
1303. Жол машиналары станциялары вагондарының тұруына арналған теміржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөліп жайғастыруды қамтамасыз ететін көрсеткіштерімен жабдықталады.
1304. Өндірістік шеберханалар, мектептер, балалар мекемелері орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемінде 10 метр өртке қарсы бөліктері бар жеке топ болып қойылады.
1305. Жол машинасы станциялары орналасқан орындарында жасанды және табиғи сумен жабдықтау көздері болмаған жағдайда вагондардың әр тобына (15-20 бірлікке) 50 м3 есебімен теміржол цистерналарында немесе өзге сыйымдылықтарда өрт сөндіру қажеттілігі үшін су қоры құрылады.
1306. Әрбір жылжымалы құралым өртке қарсы қызметті шақыру үшін жақын орналасқан теміржол станцияларымен телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тасымалдау тәртібі
1307. Жүк жөнелтушілер қауіпті жүктерді сол өнімге ұлттық стандарттарда және техникалық шарттарда көзделген ыдыс пен бумада тасымалдауға ұсынады.
Ескерту. 1307-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
1308. Төзімді және жарамды, жүктің ағуы мен шашылуын толықтай болдырмайтын, жүктің бұзылмауын және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыдыс пен орамды ғана пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте ішіндегісіне қатысты инертті материалдардан жасалған ыдыс пен орамды пайдалануға жол беріледі.
1309. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенімді жерге қосқышпен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады және жүктің қауіптілік дәрежесіне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ жүретін құбырлар жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
Автоцистерналар мен баллондарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйытылған көмірсутек газдарын, жеңіл көмірқышқыл шикізаты мен пентандар тобындағы көмірсутектерді автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасының талаптары орындалады.
1310. Тез тұтанатын, улы, зәрлі, тотықтыру буын немесе газдарын бөлетін жарылыс, өрт қауіпті жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен қауіпті әсер етуі мүмкін, тотықтырғыш қасиеттері ие жүктерді герметикалық түрде буып-түйіледі.
1311. Шыны ыдыстағы қауіпті жүктер бос кеңістікті тиісті жанбайтын төсем және сіңіру материалдарымен толтыра отырып, мықты жәшіктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) буып-түйіледі.
Жәшіктер мен торлардың қабырғалары тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метр биік болуы қажет. Ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде шыны ыдыстағы қауіпті жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшіктерге салынады.
1312. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистралардағы қауіпті жүктер ағаш жәшіктерде немесе торларда қосымша оралады.
1313. Қаптағы қатты сусымалы қауіпті жүктер, егер мұндай орауыш өнімге ұлттық стандарттарда немесе техникалық шарттарда көзделген болса, вагонмен жөнелтіліп тасымалданады.
Мұндай жүктерді аз-аздап жөнелтіп тасымалдау кезінде оларды қатты тасымалдау ыдысына (металл немесе фанер барабандарға) қосымша орау қажет.
Ескерту. 1313-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
1314. Бір вагонға немесе контейнерге әр түрлі топтағы қауіпті жүктерді, сондай-ақ бірге тасымалдауға рұқсат етілмеген, бір топқа жататын кейбір қауіпті жүктерді тиеуге болмайды.
1315. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезінде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысқа қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыс бір-біріне тығыз орналастырылып, мықтап бекітіледі.
1316. Улы газдары бар (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары бар (2.4-шағын сынып) баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттар мен материалдарды бірге сақтау жөніндегі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтіп немесе контейнерлерде ғана тасымалдау қажет (5-қосымша).
1317. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру клапандарымен бір жағына қарай көлденең жатқызылып тасымалданады.
Барлық баллондарда қорғағыш сақиналары болғанда және баллондардың жылжу мен құлау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп тығыз тиелген кезде ғана газдары бар баллондарды тігінен тиеуге болады. Есік ойықтары жүктің есікке қарай құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемінде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.
Ерекшелік ретінде тасымалдау кезінде қорғағыш сақиналары жоқ баллондарды тиеуге болады. Мұндай жағдайда баллондардың әрбір қатарының арасында баллондарға арналған ұяшық орындары бар тақтайлардан жасалған төсемдер болуы қажет.
Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсемдер ретінде шөп, сабан немесе өзге де тез тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды.
Тез тұтанатын және басқа да жанғыш сұйықтықтар тасымалдауға стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде қойылады.
Нитрат изопропилі мен саминді тасымалдауға арналған вагондармен тиелген және босатылған күйінде де жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) мамандарының бригадасы ілесіп жүреді.
1318. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары мен жанғыш газдарды берді орталықтан тасымалдау тәсілімен қарастырылады.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшін ашық ыдысты қолдануға болмайды.
1319. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезінде:
1) құрылыс құрылымдары арқылы құбырлар өтетін жерлерде ойықтарды (саңылауларды, тығыз емес жерлерді) ғимарат құрылымының тұтас қалыңдығы бойымен жанбайтын материалдармен герметикалық жабу;
2) арналар мен орлардың (ашық және жабық) бір үй-жайдан келесіне өтетін жерлерде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткізбейтін бөгеттерді пайдалану;
3) қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес құбырларды бояу қажет.
1320. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшін тығыздамасы жоқ сорғыштар мен кеспелтек тығыздағыштары бар сорғыштарды қолдану қажет.
Жартылай қимамен жұмыс істейтін құбырларда гидроысырмалар орнатылады.
1321. Сыйымдылығы 10 литр және одан астам тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары шыны ыдыс тоқылған себеттерге немесе ағаш торлы жәшікке, ал сыйымдылығы 10 литр дейінгі шыны ыдыс төсем материалдары бар тығыз ағаш жәшіктерге салынады. Соққыны жеңілдетуге арналған бұл материалдар ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сіңіруге қабілетке ие болуы қажет.
1322. Транспортерлерді, норийлерді, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларды тозаң бөлу орындарын жарамды және герметикалық жабындармен жапқанда ғана пайдалануға болады. Желдеткіш жабындардан тозаңды тұрақты және тиімді сору қамтамасыз етіледі.
1323. Пневмотасымалдау және өздігінен ағатын құрылғыларды (өнім құбырлар арқылы өткенде) пайдалану кезінде құбырларда тозаңның жиналуына жол берілмейді. Құбырларды тазалау белгіленген кестеге сәйкес өткізіледі.
1324. Транспортерлер мен пневмотасымалдау құрылғыларын олардың жай-күйін бос жүрісте, оларда бөгде заттардың жоқтығын, мойынтіректерде майлаудың болуын, барлық қорғау құрылғысының жарамдылығын мұқият тексергеннен кейін ғана іске қосуға болады.
1325. Тиісті пневмотасымалдау желісіне өнім түсетін ауа үрлеу машиналарының электр қозғалтқыштарымен техникалық жабдықтың электр қозғалтқыштарының автобұғаттағышы жарамды күйде ұсталады және жабдық әр іске қосқан сайын тексеріледі.
1326. Жабдықтың тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәріздес) өнімдермен үймеленуін және тірелуін болдырмау үшін транспортерлерді авариялық тоқтату үшін автобұғаттағышы болуы қажет.
1327. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлерді (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуі және шөміштердің науа қабырғасына тиюі) пайдалануға болмайды.
1328. Транспортерлердің роликтері мен тарту барабандары еркін айналуы қажет. Таспалардың бір орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, шайырмен және өзге де жанғыш материалдармен майлауға болмайды.
1329. Норийлерде, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларда және өзге де транспортерлерде тұтану болғанда цехтің технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерін ажырату үшін әр қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.
1330. Автоматты от бөгегіш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы аспирациялық желілер мен ұсақ материалдарды тасымалдау желілерін пайдалануға болмайды.
1331. Транспортерлерді, конвейерлерді өткізу үшін өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегіш құрылғылармен (есіктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) жабдықталады.
1332. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдағанда көлік құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбір жүк орнында қауіпсіздік белгілері ілінеді.
1333. Жарылыс, өрт қауіпті заттардың ірі партияларын елді мекен аумағында автокөлікпен тасымалдау қауіпсіздік талаптарына сәйкес және тек тәуліктің түнгі уақытында ғана жүргізіледі.
1334. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдау кезінде:
1) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәуліктің күндізгі уақытында елді мекенмен тасымалдауға;
2) соқтығысуға, қатты тежеуге жол беруге;
3) сақтандыру башмактарысыз жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдауға;
4) көлік құралын қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
1335. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеу және түсіру орындары:
1) өрт шығуға қатысты қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы бұйымдармен (тіреуіштер, тағандар, қалқандар, траптар, зембілдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшін арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембілдер қарастырылады.
2) өрт сөндіру және авариялық жағдайларды жою құралдарымен;
3) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес аймақтың класына сәйкес келетін жарамды тұрақты немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.
1336. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарын істеу орындарында ашық отты пайдалануға болмайды.
1337. Пайдаланылатын тиеу-түсіру тетіктері жарамды күйде ұсталады.
1338. Тиеуді немесе түсіруді күтіп тұрған жүргізушілер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде көлік құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.
1339. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеуге берілетін көлік құралдары (вагондар, шанақтар, тіркемелер, контейнерлер) жарамды ұсталады және бөгде заттардан тазаланады.
1340. Ыдыстың (орамның) зақымданғанын, шашылған немесе төгілген заттарды байқаған кезде зақымданған ыдысты (орамды) дереу шығарып, еденді тазалап, шашылған немесе төгілген жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар жиналады.
1341. Жарылыс, өрт қауіпті заттармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың орамдардағы таңбалау белгілері мен ескерту жазуларының талаптары сақталады.
1342. Автомобильдердің қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрғанда, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әсер еткенде өздігінен тұтануға бейім болса, жаңбыр жауғанда жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттармен және материалдармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге болмайды.
1343. Вагондарда, контейнерлер мен автомобильдердің шанақтарында жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктер қозғалыс кезінде олардың орнынан жылжуын болдырмау мақсатында сенімді бекітіледі.
1344. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтырумен және ағызумен байланысты технологиялық операцияларды жүргізу кезінде:
1) люктер мен қақпақтарды ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауіпсіз аспаптарды қолдана отырып, ашқан жөн. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары төгілген ыдыстармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге болмайды;
2) арматура, шлангілер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде болуы қажет.
1345. Резервуарларға, цистерналарға, ыдыстарға сұйықтық толтырмас бұрын өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексеріледі.
1346. Резервуардағы сұйықтық деңгейін өлшеу және сынама алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі. Тәуліктің түнгі уақытында жұмыс істейтіндер жарылысқа қауіпсіз күйдегі аккумулятор фонарлары ғана пайдаланылады.
Найзағай кезінде, сондай-ақ өнімді толтыру немесе ағызып шығару кезінде қолмен деңгейді өлшеуге немесе сынама алуға болмайды.
Сынама алу құралдары ұшқын бермейтін материалдан дайындалады және жерге қосылады.
1347. Ыдыстарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен толтыру және босату жарамды қосқыштары бар құбырлар мен шлангілер арқылы және тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын, шлангілер мен құбырлардың тығыз қосылуын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Тиек арматурасын ашу толықтай жүргізіледі.
1348. Резервуарларға, сыйымдылықтарға өнімді «құлама ағыспен» беруге болмайды. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарға орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткіш келте құбырлардың) жиынтық өткізу қабілеттілігінен аспайды.
1349. Жарылыс, өрт қауіпті немесе өрт қауіпті жүктерді түсіруді аяқтағаннан кейін вагонды, контейнерді немесе автомобиль шанағын қарап, заттардың қалдықтары мен қоқысты мұқият жинап жойылады.
1350. Осы тармақтың талаптары мынадай сұйытылған көмірсутек газдары мен олардың қоспаларын: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутан-дивиниль фракциясын, изабутан, изабутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изабутилен фракциясын, пайдаланылған бутан-изабутилен фракциясын, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газды бензин, бутан-бутилен фракциясын, пропан-пропилен фракциясы, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тасымалдауға рұқсат етілген басқа да ұқсас өнімді тасымалдауға арналған арнайы теміржол вагон-цистерналарын пайдалану және қызмет көрсету кезінде орындалады.
1351. Ағызу-құю эстакадаларында құю және ағызу көлеміне сәйкес жолының дамуы болуы қажет. Жеткізуші зауыттарда (дайындаушыларда) қабылдау-жөнелту жолдары, тәуліктік босату есебінен цистерналардың тұру жолдары және цистерналарды қарау және құюға дайындау эстакадасы болуы қажет.
1352. Ағызу-құю эстакадаларының құбырлары манометрлермен жабдықталады.
1353. Ағызу-құю операцияларын жүргізу үшін осы үдерістің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олар үшін белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес қосқыш жеңдері қолданылады.
1354. Цистерналарға әрбір құю (ағызу) алдында қосылатын жеңдерге сыртынан қарап тексеру жүргізіледі. Жетек шылбырының жіптерінде тесіп өтетін зақымдары бар жеңдер ауыстырылады.
Қосу құрылғыларының механикалық зақымдары бар және бұрандасы тозған жеңдерді пайдалануға болмайды.
1355. Цистерналар мен коммуникациялардың артық қысыммен жұмыс істеп тұрған бұранда және фланецті қосқыштарын, жеңдердің қамыттарын қатты тартуға және бұрап босатуға, сондай-ақ сомындарды бұрап бекіту және босату кезінде соққы аспабын қолдануға болмайды.
1356. Сұйытылған көмірсутекті газдардың құбырлары мен резина-маталы жеңдер жерге қосылады.
1357. Ағызу-құю операцияларын жүргізу кезінде ағызу және құю жүргізілмесе, цистернаны коммуникацияларға қосып ұстауға болмайды. Сұйытылған көмірсутектерді ағызу немесе құю кезінде ұзақ мерзімді үзіліс болған жағдайда қосқыш жеңдерді цистерналардан ажыратылады.
1358. Сұйытылған көмірсутекті газдарды ағызу және құю кезінде:
1) цистернадан кемінде 100 метр қашықтықта өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге және темекі шегуге;
2) цистерналарда және олардың жанында жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ ағызу-құю операцияларымен байланысты емес өзге де жұмыстарды жүргізуге;
3) автомобиль және маневрлік теміржол көлігінің өтуіне;
4) ағызу-құю эстакадасында ағызу-құю операцияларына қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына болмайды.
1359. Кіреберіс жолдар мен жолдарда теміржол жолы жағынан құю (ағызу) учаскесінде мөлшері 400х500 мм, «Тоқта, өтуге болмайды, цистернаға құю (ағызу) жүргізіліп жатыр» деген жазуы бар сигналдар қойылады.
1360. Цистерналар ағызу-құю операциялары басталғанға дейін рельс жолында арнайы башмактармен бекітіледі және жерге қосылады.
1361. Ағызу-құю операцияларын найзағай кезінде орындауға болмайды.
1362. Алғаш рет құйылатын немесе қазандығы газсыздандырылып, жөндеуден кейінгі цистерна инертті газбен үрленеді. Үрлегеннен кейін қазандықтағы оттегінің қосылымы 5 % (көлемінен) аспауы қажет.
1363. Мынадай жағдайларда:
1) жүріс бөлшектерін зауыттық және деполы жөндеу мерзімі өтсе;
2) арматураны алдын ала немесе жоспарлы жөндеу, цистерна қазандығын техникалық куәландыру немесе гидравликалық сынау мерзімі өтсе;
3) дайындаушы кәсіпорын қарастырған сақтандыру, тиек арматурасы немесе бақылау-өлшеу аспаптары болмаса немесе жарамсыз болса;
4) белгіленген таңбалары, жазулары жоқ және трафареттері анық болмаса;
5) қазандықтың цилиндр бөлігі немесе түбі (сызат алуы, майысуы, пішіннің көрінетіндей өзгеруі) зақымданса;
6) цистернаға сұйытылған көмірсутек газдарына жатпайтын өнімдер толтырылса;
7) алғаш құйылатын немесе жөндеуден кейінгі цистерналардан басқа, сұйытылған көмірсутекті газдар буының артық қалдық қысымы 0,05 МПа кем болса (бу серпімділігі қысқы уақытта 0,05 МПа төмен болуы мүмкін сұйытылған көмірсутекті газдар үшін артық қалдық қысым жергілікті өндіріс тік нұсқаулықпен белгіленеді) цистерналарға құюға болмайды.
1364. Құю үдерісінде цистерна қазандығындағы газ деңгейі бақыланады. Цистернаға құю кезінде өнімнің ағуы анықталған жағдайда құю тоқтатылады да, өнім ағызылады, қысым түсіріліп, ақаулықтарды анықтау және жою шаралары қабылданады.
1365. Құйылған цистерналарды қабылдау кезінде олардың дұрыс толтырылуын тексеру қажет. Цистерналарды толтырудың ең жоғарғы дәрежесі цистерналардың қазандық көлемінен 85% артпауы қажет. Шамадан тыс толтырылған цистерналардан өнімнің артық бөлігі ағызылып алынады.
1366. Ағызу-құю эстакадасы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен: ұнтақты өрт сөндіргіштермен, құмы бар жәшіктермен, шөміштермен (асбест қабатымен) қамтамасыз етіледі.
1367. Станциядағы сұйытылған көмірсутекті газы бар цистернамен байланысты өрт қауіпті жағдай туындаған кезде осы цистернаны пойыздан (құрамнан) ағыту және оны қауіпсіз орынға шығару шаралары қолданылады.
1368. Цистерна қазандығын, оның элементтерін жөндеуге, сондай-ақ оны ішінен тексеруге қазандық көлемін газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиісті рұқсатты рәсімдегеннен кейін ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
1369. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) қазандықты тиелген күйінде, сондай-ақ оның көлемін газсыздандырғанға дейін бос күйінде жөндеуге;
2) қазандықты соққылауға;
3) ұшқын беретін аспапты пайдалануға және цистернаның жанында ашық отпен (алау, тұтқалы таба, керосин фонары) болуға;
4) цистернаның астынан дәнекерлеу және отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Отты, дәнекерлеуді және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астына домалатылуы және одан кемінде 100 метр қашықтықта бөлінеді.
1370. Цистерна қазандығының ішінде жұмыс істеу кезінде (ішкі тексеріс, жөндеу, тазалау) кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылысқа қауіпсіз жасалған шамшырақтар қолданылады. Шамшырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргізіледі.
1371. Цистерна қазандығының ішінде жұмыс істеу кезінде қазандық көлемінде қауіпті көмірсутек қосылымының бар-жоғына және оттегі құрамына ауа ортасын талдау жүргізіледі.
Оттегі құрамы шамамен 19-20 % (көлемінде) болуы қажет. Қазандық көлеміндегі жанғыш заттардың қосылымы сұйытылған көмірсутекті газдар жалыны таралуының төменгі қосылым шегінің мәнінен 20 % аспауы қажет.
1372. Жұмыс істемеген жағдайда цистерна вентильдері жабық болады және өшіріледі. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерінің тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толықтай жабылғанда және бұқтырмалары алынғанда орындалуы мүмкін.
1373. Сұйытылған көмірсутек газдарымен вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауіпті жағдай немесе өрт туындаған кезде теміржол станцияларында, аралықтарда, ағызу-құю эстакадаларында, өнеркәсіптік кәсіпорын жолдарында, маневрлік жұмыстарды өткізу кезінде басшыларға, диспетчерлерге, машинистерге және теміржол көлігінің өзге де жұмысшыларына өрт қауіпті жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес іс-әрекет жасау қажет.
Жоспарлар 5 жылда кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс. Технологияда, аппаратуралық рәсімдеуде, метрологиялық қамтамасыз етуде өзгерістер болғанда, тасымалдауды ұйымдастыруда өзгерістер болғанда,орын алған өрт қауіпті жағдайлар мен тасымалдау кезіндегі өрттер туралы деректер болғанда жоспарлар 15 күндік мерзімде нақтыланады. Жоспарларға өзгерістер мен нақтылаулар жоспарлардың өздері сияқты тәртіппен бекітіледі және келісіледі.
1374. Жоспар мынадай негізгі ережелерді:
1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлімшесінің орталық өрт байланысы бекетіне, желілік ішкі істер органына және темір жол учаскесінің диспетчеріне хабарлау тәртібін;
2) өрт қауіпті жағдай немесе өрт шығу орнына өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарын шақыру тәртібін;
3) басқару аудандарын анықтау және вагондар мен құрамдарды бөліп жайғастыру және қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауіпті жағдайды немесе өртті бастапқы сатысында шектеу бойынша міндеттерді станция жұмыскерлері арасында бөлу тәртібін;
4) барлық қажетті деректерді көрсете отырып, объектінің (теміржол учаскесінің) нақты схемасын (жоспарын);
5) теміржол көлігі мен өрт сөндіру бөлімшелері жұмыскерлерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібін қамтуы қажет.
1375. Станция жұмыскерлері орындайтын, өрт қауіпті жағдайлар мен өрттерді шектеу және жою жоспарында көзделген бірінші кезектегі жұмыстар тізбесі:
1) өртті байқаған сәттен бастап 15 минут ішінде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгілген және жанған сұйытылған көмірсутек газдары орнынан) қауіпсіз қашықтыққа бөліп жайғастыру;
2) жылжымалы құрамнан екі жағынан өрт ошағынан кемінде үш көршілес жолдарды босатып, құрамды қауіпті аймаққа шығару. Көршілес жолдарда жылжымалы құрамды қорғау қамтамасыз етілген кезде жанып жатқан құрамды бірден шығаруға болады;
3)өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатқан учаскелерде байланыс желісін тоқтан ажыратып, жерге қосу:
4) қауіпсіз аймақта өрт ошағынан жел жақтан екі жолды босату, бірақ келетін өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарын қабылдау үшін төртінші-бесінші жолдардан алыс болмауы керек;
5) ең алдымен адамдары мен қауіпті жүктері бар жылжымалы құрамды созылған жолдар жағына станция паркінің негізгі массивіне, станция ғимараттарына, құрылыстарға, құрылымдар мен станция маңындағы объектілерге тікелей қауіп төндіретін өрттің ықтимал даму бағытын ескере отырып, эвакуациялауды жалғастыру;
6) келген өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік қанат жаюы және жең желілерін төсеу;
7) жанып жатқан және оған қатар орналасқан цистерналар қабырғаларын салқындатуға, ал қажет болған жағдайда салалық өртке қарсы қызметтің, ерікті өртке қарсы құрамалардың және станция жұмыскерлерінің күштерімен алғашқы өрт сөндіру құралдарының және қолда бар өрт-техникалық қару-жарағының көмегімен өрт сөндіруге кірісу, жең желісін жақын орналасқан су көздерінен төсеу. Көрсетілген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жүргізілуі қажет;
8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттіліктерге су тұтынуды қысқартып, объектінің су өткізу желісінде қысымды нормативтік шамаға дейін жоғарылату үшін шара қолдану;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз ету және келген аға бастыққа өрт қауіпті жағдайдың немесе өрттің сипаты туралы баяндау. Егер өрт басталғаннан кейін 15 минут ішінде жану ошағын шектеу мүмкін болмаса, өрт аймағында (цистернадан 100 м дейінгі қашықтықта) тек өртке қарсы қызмет бөлімшесі ғана бола алады.
1376. Аға теміржол бастығы (жол, бөлімше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтіру пойызының бастығы өртке қарсы бөлімшелер келгенге дейін өрт қауіпті жағдайды немесе өртті шектеу және жою жөніндегі жұмыстардың басшысы болып табылады.
Өртке қарсы бөлімшелер келгеннен кейін өрт сөндіруге басшылық ету аға жедел бастық – өрт сөндіру басшысына жүктеледі, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөліп жайғастыру бойынша станция жұмысшыларының әрекеті жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндіру басшысының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
1377. Сұйытылған көмірсутек газдары аққан кезде сұйытылған көмірсутек газдарын ағызу және құю бойынша барлық технологиялық операцияларды, сондай-ақ пойыздардың қозғалысын және өрт қауіпті жағдайларды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлік жұмыстарды тоқтату қажет. Әлеуетті тұтану көздерін (от, ұшқын) қалпына келтіріледі. Сұйытылған көмірсутек газдар төгілген аймақтан жанғыш заттарды жинап алу керек.
Мамандар болған жағдайда егер қауіп төндірмесе, ағуын қалпына келтіру немесе цистерна ішіндегіні сақтандыру шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлімшелері болған жағдайда, жарамды цистернаға қотарып құю қажет. Сұйытылған көмірсутек газдары бар вагон-цистернаны қауіпсіз орынға апару керек.
Газ қарқынды түрде аққан кезде оны цистернадан толықтай ағызу керек, бұл ретте газ тарамағанша 200 метр радиуста ықтимал газдану аймағы түзілуі тұрақты бақыланады.
Тоннельдерге, жертөлелерге, канализацияларға сұйытылған көмірсутек газдарының өтуіне жол берілмейді.
1378. Авария орнында өртке қарсы қызмет бөлімшесі болмағанда ағатын сұйытылған көмірсутек газдары жанған кезде өртті шектеп, зақымданған цистернадан немесе эстакада коммуникациясынан ағатын өнімнің қауіпсіз жануы үшін жағдай жасалады.
1379. Кейбір жағдайларда өрт қауіпті жағдайды шектеу және жою жөніндегі жұмыстың басшысы егер бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, басқа объектілердің бұзылуына және өрттің стихиялық өршуіне әкелмесе, ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын тұтандыру туралы өкім беруі мүмкін. Газды тұтандыруды белгі беретін пистолеттің, петарданың көмегімен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.
Ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын жағу жұмыстары авария орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қажетті және есептік саны келгеннен кейін жүргізіледі.
1380. Егер орын алған жағдай теміржол көлігі жұмыскерлерінің, авариялық топ мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмыс дереу тоқтатылып, адамдар қауіпсіз орынға шығарылады.
10-бөлім. Сақтау объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1381. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдар олардың өрт қауіпті физикалық-химиялық қасиеттерін 5-қосымшаға сай (ылғал түскенде, ауамен араласқанда тотығуға, өздігінен қызуға және тұтануға қабілеті), заттар мен материалдарды бірге сақтау бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт сөндіргіш заттардың қосылушылық және бір тектілік белгілерін ескере отырып сақталады.
Қолданылатын өрт сөндіргіш заттардың бір тектілігіне қарамастан, қандай да бір материалдар мен тауарларды бір секцияда каучукпен немесе авто резинамен бірге сақтауға болмайды.
1382. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдар күн сәулесі мен басқа жылу әсерінен қорғалуы тиіс.
1383. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөліктерде тек жоғары қабатта ғана жинауға болады, бөліктегі мұндай орамдардың саны 150000 аспауы қажет.
Қойманың оқшауланған бөлігінде 15000 аспайтын орамды (қорапты) сақтауға болады, ал қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 орамнан аспауы қажет. Қойма ғимараттары шатырсыз, тез ашылатын жабынды болуы тиіс.
Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын сақтауға болады.
1384. Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауға болады.
1385. Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсілмен сақтау кезінде қатарлап жинау қажет. Қойма үй-жайларының есік ойықтарына қарама-қарсы ені есіктің еніне тең, бірақ 1 метрден кем емес еркін өту жолдары қалдырылады.
Қоймаларда әрбір 6 метр сайын ені кемінде 0,8 метр бойлық өту жолдары салынады.
1386. Қойма үй-жайлары ішіндегі есік құрылымдары оттан қорғау құрамымен өңделеді.
1387. Транзиттік электр кабельдері, газ және өзге де коммуникациялар өтетін үй-жайларда қоймаларды орналастыруға болмайды.
1388. Шамшырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр және жанғыш құрылыс құрылымдарының үстіне дейін 0,2 метр етіп қабылданады.
1389. Тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, тамақ ішу басқа да қосалқы қызмет бөлмелерін орналастыруға болмайды.
1390. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшін қойма үй-жайларында орнатылатын шынылы қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдар мен тауар-материалдық құндылықтарын эвакуациялауға кедергі келтірмейді.
1391. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсіру және көлік құралдарының тұруына және оларды жөндеуге болмайды.
Рампаға (платформаға) түсірілген жүктер мен материалдарды жұмыс күні аяқталғанда алып тасталады.
1392. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнімді өлшеп ораумен, өрт қауіпті сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитро бояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі.
1393. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегіштер мен автокрандар және жүк көтергіш техниканың өзге де түрлері ірі жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және шатырларға оларда жарамды ұшқын өшіргіш болған жағдайда кемінде 3 метр қашықтықта жіберілуі қажет.
1394. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күні аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тірекке орнатылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырылып, құлыппен жабылады.
1395. Қоймалардың үй-жайларында кезекшілік жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға болмайды.
1396. Ашық алаңда материалдарды сақтау кезінде бір секцияның (қатардың) ауданы 300 шаршы метрден аспауы қажет, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 6 метр етіп қабылданады.
1397. База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де тұлғалардың тұруына болмайды.
1398. А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердің өтуіне болмайды.
1399. Цех қоймаларында кәсіпорында белгіленген нормадан тыс мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайды.
1400. Түтін жою үшін ойықтары бар терезелері жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға болмайды.
11-бөлім. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау тәртібі
1-параграф. Резервуарлық парктерді ұстау тәртібі
1401. Мұнай базаларының (қоймалардың), құю және айдау станцияларының аумақтары биіктігі кемінде 2 метр жанбайтын дуалдармен қоршалады.
1402. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлар аумағына тәуліктің түнгі және қараңғы уақытында шамшырақтармен немесе топырақ үйіп бекітілген жерлерден тыс прожекторлармен жарық беру қажет.
1403. Резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерлері осы топырақ үйіп бекітілген жердегі ең үлкен резервуардың көлеміне тең көлемді қамтуы және жарамды күйде ұсталуы қажет. Топырақ үйіп бекітілген жердің ішіндегі алаңдарды жоспарлап, құм себу қажет. Механикаландырылған өрт сөндіру құралдары үшін топырақ үйіп бекітілген жер арқылы өту жолдарын салуға кәсіпорын басшылығы рұқсат беруі мүмкін. Бұл ретте топырақ үйіп бекітілетін жердің тұтастығы мен биіктігі, сондай-ақ резервуарлық парктің шекарасымен өту жолдары бұзылмауы қажет.
1404. Толтыруды және деңгейді өлшеуді бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желілерінен басқа, резервуарлардың топырақ үйіп бекітіліген жері ішінде және тікелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желілерін төсеуге болмайды.
Көрсетілген электр аппаратурасы мен сымдарды Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол беріледі.
1405. Резервуарлық парктегі құбырлардың коммуникациясы резервуармен авария болған жағдайда мұнайды бір ыдыстан келесісіне қотарып алу мүмкін болатындай болуы қажет.
1406. Жылдың қысқы мезгілінде резервуарлардың төбесінен қарды дер кезінде алу, сондай-ақ резервуарлық парктің аумағына жолдар мен өрт сөндіруге өту жолдарын қардан тазартылады.
1407. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ мерзімді пайдалануға жататын резервуарға мұнай немесе мұнай өнімін толтыру кезінде сұйықтықтың деңгейі (резервуардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшін) қыздыру кезінде сұйықтықтың кеңеюін ескере отырып белгіленеді. Суық мұнай өнімінің ең жоғарғы деңгейі сыйымдылықтың биіктігінен 95%, ал сұйытылған газдардікі 83% аспауы қажет.
1408. Резервуардың төбесінде төгілген мұнай деңгейін өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейін дереу алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ етіп сүртіледі. Төбеде сүртілген материалдар мен қандай да бір заттарды қалдыруға болмайды.
1409. Жарылыс және өрт қауіпті үй-жайлар мен резервуарлық парк аумағында көмірсутектер қосылымын тұрақты бақылау үшін жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.
1410. Әрбір резервуар жиналып қалған шөгінділерден жүйелі түрде (кестеге сәйкес) тазалануы тиіс.
1411. Резервуарлардағы мұнайды қыздырғыштардың үстіндегі сұйықтық деңгейі кемінде 50 сантиметр болғанда (белгіленген шектерде) қыздыруға болады.
1412. Резервуарлардағы жабысқақ мұнайды қызмет көрсетуші персонал тұрақты қадағалағанда бу ирек түтіктерімен ғана қыздыруға рұқсат беріледі.
1413. Мұнай өнімдері толтырылған резервуарларда жұмыс тек ұшқынға қауіпсіз аспапты пайдаланып қана жүргізіледі.
1414. Резервуарлық парктегі өнеркәсіптік канализация желісінде кемінде 0,25 тұрақты су деңгейі болатын және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйіп қоршалған жерінен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалары болуы қажет. Сақпандардың қалыпты күйі – жабық.
1415. Жіктерде немесе корпустың негізгі металында немесе түбінде сызаттар пайда болғанда қолданыстағы резервуар дереу босатылып тазартылады.
Мұнай толтырылған резервуарда сызаттарды жою бойынша отты және механикалық жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
1416. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрінетін жерлерде белгіленген өртке қарсы режимді бұзуға жол бермеу туралы жазулар болуы қажет.
1417. Металл резервуарларда күкіртті мұнайларды сақтау кезінде пирофор шөгінділерінен болатын жарылыстар мен өрттердің алдын алу мақсатында «Мұнай өнімдері бар резервуарларды пайдалану кезінде пирофор шөгінділерімен күресу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес қорғау іс-шаралары жүзеге асырылады.
1418. Статикалық электр зарядтарының түзілуін болдырмау үшін:
1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткізетін кішкене арқандары бар сынама алғыштарды қолдану;
2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киімді пайдалану қажет.
1419. Тез тұтанатын мұнай өнімдері сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезінде алуға жол берілмейді.
1420. Сынама алу мен деңгейін өлшеуге мұнай өнімдерінің қасиеттерін және олармен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін жақсы білетін адамдар жіберіледі.
1421. Тек өлшеу құрылғыларының тұрақты жүйелерімен ғана мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және сынама алу қажет. Ерекше жағдайларда газ кеңістігінің артық қысымы 2,10 Па дейін резервуарларда өлшеу люгі арқылы қолмен деңгейді өлшеуге және сынама алуға болады.
1422. Деңгей өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшін қызмет ететін люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу тесіктерінде ішкі жағынан ұшқын түзілуін болдырмайтын металл шығырмен жабдықталады.
1423. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1424. Күкіртті мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар үшін пирофор күкіртті темір шөгінділерінен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесі әзірленеді.
1425. Пайдаланылатын резервуар парктері аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсіпорынның бас инженерінің жазбаша рұқсаты негізінде ғана жүргізіледі.
1426. Топырақ үйіп бекітілген жерлердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі. Жұмыста ұзақ мерзімге үзіліс болғанда уақытша топырақ үйіп бекітілетін жер қалпына келтіріледі.
1427. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1428. Деңгей өлшеуді және сынама алуды, әдетте, тәуліктің жарық уақытында орындау қажет. Түнгі уақытта сынама алу немесе деңгей өлшеу кезінде жарық беру үшін жарылыс қауіпті аймақтан тыс жерде ғана қосуға және ажыратуға рұқсат берілетін жарылысқа қауіпсіз аккумуляторлық фонарларды ғана қолдану керек, қалта фонарларын пайдалануға жол берілмейді.
1429. Авария кезінде төгілген мұнай өнімін жою үшін, сондай-ақ топырақ үйіп бекітілген жерлерден канализация жолдарда нөсер суын ағызу үшін топырақ үйіліп бекітілген жерлердің шектерінен тыс қолданысқа келтірілетін сақтан клапандар түріндегі ысырма құрылғылар орнатылуы қажет.
1430. Мыналарға:
1) герметикаланбаған жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;
2) жобалық құжаттамада белгіленген топырақпен үйіп бекітілетін жердің биіктігін азайтуға;
3) қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнім өткізгіштерді және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;
4) топырақ үйіп бекітілген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;
5) жанғыш негізге сыйымдылықтарды орнатуға;
6) резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға;
7) мұнай мен мұнай өнімдерін ағызу немесе құю кезінде резервуарлардан сынама алуға;
8) найзағай кезінде мұнай мен мұнай өнімдерін ағызуға және құюға болмайды.
1431. Тыныс алу клапандары мен от бөгегіштерді дайындаушы кәсіпорынның техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеру қажет.
Тыныс алу арматурасын тексеру кезінде клапандар мен торларды мұздан тазарту қажет. Оларды тек өртке қауіпсіз тәсілдермен ғана жылыту керек.
1432. Резервуарлық парктің қоймаларында өрт сөндіргіш заттардың қоры болуы, сондай-ақ ең үлкен резервуарда өрт сөндіру үшін қажетті мөлшерде оларды беру құралдары болуы қажет.
1433. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген аумағына пайдаланылған газдар шығатын құбырында ұшқын өшіргіштері бар тракторлар мен автомобильдердің ғана өтуіне болады, автокөлік пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға 20 метрден артық жақындамауы керек.
Әр жағдайда көліктің өтуіне кәсіпорын немесе объект басшысы белгіленген тәртіппен рұқсат береді.
1434. Резервуарлық парктің жұмыскерлері пайдалану үдерісінде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажетті ауыстырып қосуды жылдам әрі мүлтіксіз жүргізу үшін құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын білуі қажет.
1435. Топырақ үйіп бекітілген жерлердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі.
1436. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкін болмаса, онда мұнайдың төгілуін болдырмау шаралары қабылданады.
2-параграф. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау тәртібі
1437. Тұтану температурасы 120 0С жоғары сұйықтарды 60 текше метрге дейін мөлшерде едені жанбайтын материалдардан жасалған және беті қалыңдығы кемінде 0,2 метр тегістелген топырақ қабатымен төселген жағдайда жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтауға болады.
1438. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды олардың жалпы саны 200 текше метр тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 текше метр жанғыш сұйықтықтардан аспаған жағдайда ыдыста бір үй-жайда бірге сақтауға болады.
1439. Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзімділік шегі ЕІ-45 кем емес өртке қарсы қалқалармен бөлінеді.
1440. Қоймаларда тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді қолмен жинау кезінде еденге 2 қатардан аспайтындай етіп, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді механикалық жинау кезінде 5 қатардан, ал тез тұтанатын сұйықтықтармен 3 қатардан аспайтын етіп орналастырылады.
Қатардың ені 2 бөшкеден артық етіп орындауға жол берілмейді. Бөшкелерді тасымалдау үшін бөшкелер арасындағы негізгі өту жолдарының енін кемінде 1,8 метр, ал қатарлар арасында кемінде 1 метр қарастырылады.
1441. Сұйықтықтарды тек ақаусыз ыдыста сақтау керек. Төгілген сұйықтық дереу сүртіледі.
1442. Ыдыста мұнай өнімдерін сақтауға арналған ашық алаңдар топырақ білігімен немесе биіктігі кемінде 0,5 метр, алаңға өтуге арналған пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қорғалуы тиіс.
1443. Алаң деңгейі жапсарлас аумақтан 0,2 метр жоғары етіп орналастырылуы және ағынды суды бұру үшін ормен қоршалуы тиіс.
1444. Топырақпен үйіп қоршалған бір алаңның шегінде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөліктері кемінде 10 метр, ал қатар мен білік (қабырға) арасында кемінде 5 метр, мөлшері 25х15 метр және биіктігі 5,5 метр бөшкелерді орналастыруға болады.
Екі аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 20 метр болуы қажет.
1445. Алаңдардың үстінен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға болады.
1446. Қоймаларда тікелей және топырақпен үйіп қоршалған алаңдарда мұнай өнімдерін құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға болмайды.
3-параграф. Газ баллондарын сақтау тәртібі
1447. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл ашылатын жабындары бар, бір қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.
Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелері ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.
Баллондарды ашық алаңдарда сақтағанда оларды жауын-шашын мен күн сәулесінің әсерінен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.
1448. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бір жанғыш материалдарды сақтауға және отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
1449. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен будкалар жанбайтын материалдардан жасалуы және олардың ішінде жарылыс қауіпті қоспалардың түзілуін болдырмайтын табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
1450. Жанғыш газдары бар баллондар оттегі, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.
1451. Сығылған, сұйытылған және ерітілген күйдегі газ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес баллондарда сақталуы тиіс. Баллондардың сыртқы қабаттары сол газға үшін белгіленген түспен боялады.
1452. Оттегі бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде майдың түсуіне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол беруге болмайды.
Баллондарды домалатқанда тиек арматурасын қолмен ұстауға болмайды.
1453. Баллондарды жинау кезінде бір-біріне соғылуына, қақпақтар мен баллондардың жерге құлауына жол беруге болмайды.
1454. Газдар сақталатын үй-жайларда жарылыс қауіпті қосылымдарға дейін жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда объектінің басшысы сынама алу және бақылау тәртібін белгілейді.
1455. Баллондардан газдың шығуы анықталғанда оларды қоймадан қауіпсіз орынға шығарылады.
1456. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киім киген тұлғаларға кіруге болмайды.
1457. Тежегіштері бар жанғыш газ баллондары тігінен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.
Тежегіштері жоқ баллондар көлденеңінен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Қатардың биіктігі бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етіп қабылдануы, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бір жағына қарай бұрылады.
1458. Қоймаларда қандай да бір басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға болмайды.
1459. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Ауылшаруашылық өнімін сақтау тәртібі
1-параграф. Ірі жемшөптерді сақтау тәртібі
1460. Ірі жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 жабындармен бөлінген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтауға болады.
1461. Қосымша құрылыстар (жапсарлас салынған) тек сыртқа қарай шығу жолымен жабдықталады.
1462. Шөп жинау орны топырақ білігімен және сым қоршаумен қоршалуы керек. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру қажет.
Ірі жемшөптердің кебендері (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желілеріне дейін кемінде 15 метр, жолдарға дейін кемінде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
1463. Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейінгі қашықтық кемінде 20 метр етіп орындалады, ені кемінде 4 метр жолақ периметрі бойымен жыртылады.
1464. Өндірістік-шаруашылық кешеннің аумағындағы ірі жемшөп қоймаларын арнайы бөлінген алаңда орналастырылады. Кебендерді (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды ені кемінде 4 метр жолақтың периметрімен жыртылады. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейін кемінде 5 метр болуы қажет.
1465. Бір кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берілмейді.
1466. Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендерді (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтықты кемінде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемінде 30 метр етіп қабылданады.
1467. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөліктер (бір кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемінде 100 метр болуы қажет.
1468. Ылғалдылығы жоғары шөптерді конус маяға (шөмелеге) аралары кемінде 20 метр бөліп жиналады. Өздігінен жануға бейім ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймді қималы металл құбырларға салынатын және әр түрлі тереңдікте маяға орналастырылатын кәдімгі сынап термометрлерінің көмегімен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Температура 600С астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.
1469. Жемшөп қоймаларында жұмыс істейтін тракторлар мен автомобильдер ұшқын өшіргіштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндіргіш бампердің астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын өшіргіштерімен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс істеуге жіберілмейді. Қоймаға кірер алдында жүргізушілер ұшқын өшіргіштің жарамдылығы және нығыз бекітілуі тексеріледі.
1470. Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен, сүйретпе тракторлармен мен түсіру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдермен тікелей жанасуынан жемшөптің тұтануын болдырмау үшін маяларға 3 метр жақын барады.
1471. Жемшөпті тиеу кезінде автомобиль шанағына тікелей оның қозғалтқышы сөндіріледі. Қоймадан шығуға автомобильдің тұрған орнын тексергеннен және өткізу құбырына жақын шөпті (сабанды) жинағаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
1472. Ірі жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемінде 50 текше метр су қоры болуы тиіс.
2-параграф. Астық сақтау тәртібі
1473. Егін жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептіргіштердің пайдалануға жарамдылығы тексеріледі. Анықталған ақаулықтар астық кептіру мен қабылдау басталғанға дейін жойылады.
1474. Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кіретін қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады және үймеленбейді.
1475. Астықты үйіп сақтағанда үйменің төбесінен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейінгі, сондай-ақ шамшырақтар мен электр өткізгіштерге дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр етіп орындалады.
Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегіш құрылғылар орнатылады.
1476. Мыналарға:
1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бірге сақтауға;
2) қойма үй-жайлары ішінде қолданылатын астық тазалау және іштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;
3) қойманың екі жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетіктермен жұмыс істеуге;
4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегімен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндерді алаудың көмегімен жағуға;
5) температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын беруді ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесі ақаулы немесе оларсыз кептіргіштерде жұмыс істеуге;
6) астықты транспортер лентасының деңгейінен биік етіп үюге және лентаның транспортер құрылымына үйкелуіне жол беруге болмайды.
1477. Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда астық температурасын бақылауды кемінде әрбір 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырған.
Кептіргіштің тиеу-түсіру тетіктерін тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан бір тәуліктен кейін жүргізіледі.
1478. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасы ғимаратынан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.
Кептіргіштердің оттықтарын орнату кезінде ұшқын шығуды болдырмайды. Түтін құбырлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөліктер орнатылады.
1479. Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 метр қашықтықта орнатылуы тиіс. Ауа өткізгіштер жанбайтын материалдардан жасалады.
1480. Кептіргіштердегі мойынтіректер мен тетіктердің басқа да үйкелетін бөлшектерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелі түрде майланады.
1481. Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде оған қызмет көрсетуші тұлғалар кептіру ғимаратында тапжылмай болуы және оның жұмысын бақылау жүзеге асырылады.
1482. Механикаландырылған астық қоймаларында:
1) төменгі тасымалдау галереясы жанбайтын материалдардан жасалуы және тиімді желдеткішпен қамтамасыз етіледі;
2) төменгі тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдарының саны екінші галереяның басында және соңында орналасқан терезеден кемінде екеу етіп қарастырылады. Бірнеше секциялы қоймаларда төменгі тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдары бір-бірінен 60 метрден аспайтын етіп орналастырылады;
3) отқа төзімділігі ІІІ және IV дәрежелі қоймаларда жоғарғы конвейерлік галереялар (алаңдар) жанғыш материалдардан дайындалуы мүмкін, ал отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттарда тек қана жанбайтын материалдардан дайындалады;
4) галереяның өту жолдарындағы ені кемінде 0,7 метр етіп жасалады.
1483. Бұғатталған механикаландырылған астық қоймаларында:
1) қоймалар, ғимараттар арасындағы жанғыш қосқыш галереяларда жанбайтын материалдарды қолдана отырып, 6 метрлік өртке қарсы аймақтарды орнатуды көздеу қажет;
2) төменгі және жоғарғы галереялардағы, өртке қарсы қабырғалар арқылы ленталар өтетін орындарда транспортерлердің тұғырлары ұзындығы кемінде 6 метрлік жанбайтын материалдардан қарастырылуы қажет;
3) тасымалдау лентасының өтуіне арналған өртке қарсы қабырғадағы ойықтың өлшемі ені мен биіктігі бойынша ең қысқа және астық лентасының еркін өтуі үшін қажетті жолдан үлкен емес болуы қажет.
Ойық оны автоматты түрде жабатын өртке қарсы құрылғымен жабдықталуы қажет;
4) төменгі және жоғарғы галереяларда қызмет көрсетуші персоналдың өтуі үшін өртке қарсы қабырғаларда отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-60, сәл жабылатын жерлері тығыздалған өртке қарсы өздігінен жабылатын есіктері бар ойықтарды орнатуға болады.
1484. Қолда бар астық қоймаларында тұрақты механизацияны орнату кезінде:
1) норий мұнаралары немесе кептіру-тазалау мұнараларының құрылғысы жобалық құжаттамаға сәйкес болуы қажет;
2) норий және өздігінен ағатын құбырлар, норий бастиектері мен башмактары бақылау люктерінде дәл сондай қақпақтары бар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
1485. Өндірістік және қойма үй-жайларының ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға үзілді-кесілді жол берілмейді.
1486. Астық сақтау үшін ауданы 1200 м2 дейін жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
1487. Астық тұқымының әр түрлі сұрыптарының кішігірім париясын қоймада сақтау кезінде осы мақсат үшін бұл жағдайда тұтас қойманың бойымен ортасына ені кемінде 1,5 метр бір өту жолын және қойманың қарама-қарсы қабырғаларында орналасқан қақпаларға қарсы, ені қақпалардағы ойықтардың еніне тең тура жүретін екі өту жолын орната отырып, бөлек ларь салуға болады.
1488. Астық жекелеген партияларын бөлу үшін стандартты ағаштан жасалған бидай қалқандарын қолдануға болады.
1489. Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың ені кемінде 0,7 метр етіп қабылдануы тиіс.
1490. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтері бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарын пайдалануға мүлде жол берілмейді.
1491. Өнімді қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биіктігін қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы бөліктері немесе жамылғы, сондай-ақ электр желілері, шамшырақтар арасында кемінде 1 метр саңылау қалдыра отырып, тиісті биіктікке электрлік тиегішпен кедергісіз төсеуді ескере отырып, қабылдау қажет. Ыдыстағы өнім тұғырларда немесе стеллаждарда сақталуы қажет.
1492. Нан пісіру және макорон кәсіпорындарында ұнды қаппен жинау кезінде өту жолдары мен өткелдердің ені:
1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемінде 12 м сайын – 0,8 метр;
2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейінгі қашықтық – 0,7 метр;
3) электрлік тиегіштер үшін өткелдер – 3,0 метр;
4) көтергіш платформасы бар арбалар үшін өткелдер – 2,0 метр кем емес қабылдануы тиіс.
1493. Астық өнімдері саласының қалған кәсіпорындарының ыдыста өнім сақтауға арналған қойма ішінде:
1) қойманың ортасында, бойлай, ені тетіктердің жұмысын қамтамасыз ететін, бірақ 1,25 метр кем емес – бір;
2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретін, ені қақпалардың енінен кем емес екі көлденең;
3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – ені 0,7 метр кем емес өту жолы болуы қажет.
1494. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсіпорындарында ыдыста өнім сақтауға арналған қойманың әрбір жағынан тура жүретін өту жолдары бар екі қақпа қарастырылады. Қақпалар қойма тура жүретін өту жолдарымен қақпаларға қарсы өнім жиналуы мүмкін әр түрлі үш бөлікке бөлінетіндей етіп орналастырылады.
1495. Жылу беру аспаптарының беті тегіс болады және оларды тозаңнан жүйелі түрде тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін биіктікте орналастырылады.
1496. Жылу беру аспаптарына еркін қол жеткізіледі. Жылу беру аспаптарын бөгде заттармен немесе материалдармен жабуға жол берілмейді.
1497. Кеңейту ыдыстарын орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.
4-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртібі
1-параграф. Ағаш материалдар қоймаларын ұстау тәртібі
1498. Сыйымдылығы 10000 текше метрден астам ағаш материалдарының қоймалары құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қарастырылады.
1499. Сыйымдылығы 10000 текше метрден кем ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шекті көлемін, өртке қарсы бөліктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршілес объектілер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзірленеді.
1500. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға болмайды.
1501. Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейін тазартылады, жердің немесе қиыршық тастың қалыңдығы кемінде 0,5 метр болуы қажет.
1502. Әрбір қойма үшін кәсіпорын жұмыскерлері мен техникасын тарту мүмкіндігін ескере отырып, қатарларды, баланс үймесі, жоңқаларды бұзу өрт шыққан жағдайда қатарларды артып әкету, техниканы, баланс қорларын, жоңқаларды бұзу шараларын анықтап, жедел өрт сөндіру жоспары әзірленеді. Жыл сайын өрт қауіпті маусым басталмас бұрын кәсіпорынның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінің жұмыскерлерін тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын мерзімді суару қажет.
1503. Қоймаларда алғашқы өрт сөндіру құралдарынан басқа бекеттер(бекеттер) жедел өрт сөндіру жоспарларында анықталатын мөлшерде әр түрлі өрт техникасы түрлері қорымен жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймаларында өрт сөндіру үшін қажетті су қоры болуы қажет.
1504. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға болмайды.
1505. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар өртке қарсы бөліктерді сақтай отырып, бөлек ғимараттарда ғана орналастырылуы мүмкін.
Бұл үй-жайларға жылу беру тек зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын қолдануға болады.
1506. Іштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар дөңгелек ағаш қатарларынан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтардан және өзге де жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылуы қажет. Қозғалтқыштарға құюға арналған жанар-жағармай материалдарын бір бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемінде 10 метр және жақын орналасқан қатардан 20 метр қашықтықта сақтауға болады.
3-параграф. Ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртібі
1507. Ағаш материалдары қатарларын төсеу және бұзу кезінде тасымалдау пакеттерін өту жолының бір жағынан ғана орнату қажет, бұл ретте жолдың қалған бөлігінің ені кемінде 4 метр етіп орындалады. Қатарларға төселмеген ағаш материалдарының жалпы көлемі олардың тәуліктік қоймаға түсуінен артпауы қажет.
1508. Тасымалдау пакеттерін өртке қарсы бөліктерде, өту жолдарында, өрт сөндіру су көздеріне кіреберістерге орнатуға болмайды.
1509. Тетіктердің жұмысы уақытша тұрып қалған жағдайда пакеттерді іріктеу және орнату, құрал-сайман және төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргізіледі.
1510. Тасымалдау пакеттерін су өткізбейтін қағазбен орау (бұл операция бірыңғай технологиялық үдерісте болмағанда) арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі.
1511. Пайдаланылған су өткізбейтін қағаз, оның қиындылары мен кесінділері контейнерлерге жиналады.
1512. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы бөліктерінің арасындағы өту жолының ені кемінде 0,8 метр болуы қажет. Қойманың есік ойықтарына қарсы ені есіктердің еніне тең, бірақ кемінде 1 метр өту жолдары қалдырылады.
1513. Жабық қоймаларда қалқалары мен қызмет бөлмелері болмауы керек.
1514. Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендері жанбайтын материалдан жасалады.
4-параграф. Жоңқа қоймаларын ұстау тәртібі
1515. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және едені жанбайтын жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.
1516. Жоңқа беру конвейерлерінің электр қозғалтқыштары орнатылған будкалардың отқа төзімділігі ІІ дәрежеден төмен емес етіп қарастырылады.
1517. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшін кертпектің ішінен жылу электрлік түрлендіргіштерді орнату үшін жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар қарастырылады.
5-тарау. Көмір қоймаларын ұстау тәртібі
1518. Көмір жинауға арналған алаңдар оларды жауын-шашын немесе топырақ суларының басуын болдырмайтындай етіп жоспарланады.
1519. Мыналарға:
1) жаңа қазылып алынған көмірді бір айдан артық жатқан ескі көмір үйіндісіне жинауға;
2) қоймаға өздігінен тұтану ошақтары анық байқалатын көмірді қабылдауға;
3) жанып жатқан көмірді транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды теміржол көлігіне немесе бункерге артуға;
4) көмір қатарларын жылу көздерінің (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстіне, сондай-ақ төселген электр кабельдері мен мұнай-газ өткізгіштердің үстіне орналастыруға болмайды.
1520. Көмірді жинау және оны сақтау кезінде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуіне жол берілмейді.
Әр түрлі маркалы көмір бөлек қатарларға жиналады.
1521. Ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаға түсетін көмір мүмкіндігінше қысқа мерзімде оның вагондардан түсірілуіне қарай қатарлап жиналады. Түсірілген көмірді екі тәуліктен астам формасыз үйіп және төгіп сақтауға болмайды.
Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ тетіктер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар төменгі шетінен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдары іргетасына дейінгі қашықтық кемінде 3 метр, ал рельс бастиегінің сыртқы шетіне немесе автожолдың жиегіне дейін кемінде 2 метр етіп қарастырылады.
Өту жолдарына қатты отын төгуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды.
1522. Қоймада жиектеріне бақылау темір құбырлары мен термометрлерді орнату арқылы немесе өзге де қауіпсіз тәсілмен көмір қатарларындағы температураны жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
Температура 600С астам жоғарылағанда температура жоғарылаған жерлерде қатарларды нығыздау, қызған көмірді қазу немесе температураны төмендету бойынша өзге де қауіпсіз әдістер қолданылады.
Температураның жоғарылауы байқалған қатарлар ең алдымен жұмсалады.
1523. Көмірді тікелей қатарларда сумен сөндіруге немесе салқындатуға болмайды. Жанған көмірді қатардан қазып алғаннан кейін ғана сумен сөндіріледі.
1524. Өздігінен тұтанған көмірді салқындатқаннан немесе сөндіргеннен кейін қатарларға қайта салуға болмайды.
1525. Өндірістік ғимараттардың жертөле немесе бірінші қабатында орналасатын, көмір сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлінеді.
6-тарау. Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау тәртібі
1526. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелік ретінде, ашық алаңдар мен шатыр астында сақтауға жол беріледі.
1527. Талшықты материалдар бумасын түсіру, тиеу және төсеу кезінде бумалардың металл орамына ілмектердің соқтығысуына жол берілмейді.
1528. Талшық қатарлары мен бастырмалары рет-ретімен ұяшықтарға, топтарға және секторларға қойылады.
1529. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берілмейді.
1530. Қатарлардың өлшемдері 22 х 11 метрден аспайтындай, биіктігі бойынша 8 метрден аспайтындай етіп қарастырылады.
1531. Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етіп қарастырылады, бұл ретте қатарлар арасындағы аралықтар – кемінде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр.
1532. Топта төрт ұяшықтан аспайтындай (24 қатар немесе бастырма) етіп қарастырылады, ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 30 метр.
1533. Секторда төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етіп қарастырылады, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 50 метр.
1534. Секторлар арасындағы аралықтарды 100 метрден кем болуына жол берілмейді.
1535. Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан бастап қашықтықтың 5 метрден кем болуына жол берілмейді.
1536. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда ғана сақтауға жол беріледі. Бұзылған бумалар бөлек учаскелерде немесе арнайы бөлінген алаңдарда сақталады. Олар қайта өңдеуге ең алдымен жіберіледі.
1537. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау ені 2 метр бір бойлық өту жолы мен ені дәл сондай болатын әр есікке қарсы көлденең өту жолдары қалатындай етіп жүргізіледі. Биіктігі бойынша бумалар буманың үстінен бастап электр шамдарына дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болатындай етіп жиналады.
1538. Өндірістік қалдықтарды шикізатпен және дайын өніммен бірге сақтауға жол берілмейді.
1539. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.
1540. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезінде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезінде темекі шегуге жол берілмейді.
1541. Жабық қоймалардағы және шатыр астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы аралықтар бос ұсталады.
1542. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын өшіргіштерсіз темір жол (паровоздардан басқа) және автокөліктің 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуіне жол берілмейді. Бұл орындарда шектеу бөренелері орнатылады. Автокөлік жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына пайдаланылған құбырға қарама-қарсы жағынан өтеді, бұл ретте ажыратқыш жарамды ұшқын өшіргішпен жабдықталады.
11-бөлім. Автожанармай құю станцияларын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1543. Автожанармай құю станциялары штаттық қызметкерінің саны кемінде екі адам болғанда автожанармай құю станцияларын пайдалануға болады.
1544. Осы бөлімнің ережелері негізінде автожанармай құю станцияларының иелері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар әзірлейді, онда мыналар көрсетіледі:
1) мұнай өнімдерін қабылдау тәртібі, оны сақтау және тұтынушыларға жіберу шарттары;
2) аумақты ұстау тәртібі;
3) өрт сөндіру құралдарын ұстау, оларды іске қосу және өртті байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру ережесі;
4) май сүртілген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киімді сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртібі;
5) өрт шығу қаупі бар жағдайлар мен өрт туындағанда өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін автожанармай құю станциясы персоналының міндеттері мен іс-әрекеттері;
6) автожанармай құю станцияларының өзге де өзіндік ерекшеліктері.
1545. «Өрт шығу қаупі бар жағдайлар мен өрт туындағанда автожанармай станциялары персоналының міндеттері мен іс-әрекеттері» деген бөлімде міндетті түрде автожанармай құю станциялары жұмыскерлерінің мынадай іс-әрекеттері регламенттеледі:
1) автожанармай құю станцияларында өрт шығу қаупі бар жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердің электр қоректендіргішін (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерінің электр қоректендіргішінен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалануды тоқтатады және оның аумағын көлік құралдары мен келушілерден босатады және сонымен қатар өрт шығу қаупі бар жағдайды жоюға кіріседі;
2) отын 4 м 2 кем алаңға отын төгілген кезде тез арада отын аққан жерді бекітіп, өрт шығу қаупі бар жағдайды жоюға кіріседі;
3) отын 4 м 2 астам алаңға отын төгілген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбікті төгіп, кейін төгілген көбіктің қабатын отын авариялық резервуарға толық құйылып болғанша кемінде 0,05 метр қалыңдықта ұстайды;
4) отын автоцистернаға тікелей жақын жерге төгілгенде (бензин төгілгенде бұл қашықтық төгілген жерден бастап автоцистернаның габаритіне дейін 6 метрге дейін және дизелдік отын төгілгенде 3 метр етіп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығаруды (егер бұл адам өміріне қауіп төндірмесе) тек төгілген отын тұтанғанда ғана немесе өрт шығу қаупі бар жағдайды жою үшін төгілген отын көмілген ластанған құм шығарылғаннан кейін жүргізеді. Едәуір қашықтықта төгілгенде автоцистерна бензин төгілген шеттен кемінде 6 метр қашықтықта және дизелдік отын төгілген шеттен 3 метр төгілген жерді айналып өтіп, дереу шығарылады;
5) автоцистерна жабдығы жанғанда әрқайсысының көлемі кемінде 50 литр ұнтақты өрт сөндіргіштердің көмегімен және автоцистернаның штаттық өрт сөндіргіштерімен отты сөндіруге, ал отын жанғанда қосымша әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр ауа-көбікті өрт сөндіргіштермен кіріседі;
6) автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлап, аумақты келушілер мен көлік құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен отты сөндіруге кіріседі.
1546. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргізушілері өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта және өрт-техникалық минимумы сабақтары) тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтеді.
2-тарау. Автожанармай құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын ұстау тәртібі
1547. Автожанармай құю станцияларының аумағы жоспарланады және көріктендіріледі, жанғыш қоқыс пен төгілген мұнай өнімдерінен тұрақты тазартылады.
1548. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөліктерді әр түрлі заттар мен материалдарды жинау үшін, көлік құралдарын орналастыру және күрделі және уақытша объектілерді салу үшін пайдалануға болмайды.
1549. Автожанармай құю станцияларының аумағы арқылы көлік құралдарының қозғалысы бір жақты етіп қарастырылады. Бұл ретте бөлек кіру және шығу жолы қамтамасыз етіледі.
1550. Автожанармай құю станцияларының аумағына кіру алдында оның аумағында көліктің қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргізушілер мен жолаушылар үшін өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы талаптары бар стенд ілінеді.
1551. Автожанармай құю станцияларының аумағына өту жолдары, су көздеріне кіреберістер мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына бару жолдары әрқашан бос етіп ұсталады. Қысқы уақытта өту жолдары мен өтетін жерлер қардан тазартылады.
1552. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңіп кеткен құмды жинау үшін қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңіп кеткен құм аптасына кемінде бір рет автожанармай құю станцияларынан (бұдан әрі - АЖС) тыс шығарылады.
1553. АЖС аумағында темекі шегуге болмайды.
1554. АЖС барлық үй-жайларына кіретін есіктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жарылыс қаупі мен өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;
2) Электр қондырғыларын орнату қағидасы бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың сыныбы;
3) өртке қарсы жай-күй үшін жауапты жұмысшының тегі, аты-жөні;
4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефондарының нөмірлері көрсетілген жазбалар дайындалады.
1555. АЖС үшін мыналар әзірленеді және көрінетін жерлерде ілінеді:
1) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар;
2) қолда бар үй-жайлар, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндіру құралдары мен дабылды орналастыру орындары көрсетілген ғимараттардың жоспарлары.
1556. АЖС автожанармай құю станцияларының аумағынан жанып жатқан көлік құралын шұғыл эвакуациялау үшін ұзындығы кемінде 3 метрлік қатты буксирлеу штангісімен қамтамасыз етіледі.
1557. АЖС қауіпсіздік белгілерімен және жол белгілерімен қамтамасыз етіледі, оның қатарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылар мен жанармай құйылатын көліктің қозғалысын реттейтін белгілер болады.
1558. Автожанармай құю станциясында АЖС персоналы үшін мынадай қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады: оператор бөлмесі, әкімшілік, тамақ ішу, күзет қызметі, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киім, құрал, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдық үшін қойма. Көрсетілгендерден басқа, АЖС аумағында жер асты резервуарларымен қатар жолаушыларға, жүргізушілер мен олардың көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға болады.
Жолаушылар мен жүргізушілерге сервистік қызмет көрсетуге бөлінген үй-жайларда ілеспе тауарлардың дүкенін, дәмхана мен санитарлық тораптарды, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үшін – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу посттарын орналастыруға болады. Жер беті резервуарлары бар АЖС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залысыз ілеспе тауарлар дүкенінің үй-жайын орналастыруға болады.
1559. Бір ғимаратта:
1) көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үй-жайлары мен жүргізушілер мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үй-жайларын;
2) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сату қарастырылған дүкен үй-жайы мен қоғамдық тамақтану үй-жайын біріктіруге болмайды.
1560. АЖС ғимараты орталық жылу жүйесімен жабдықталады.
Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейінгі тиісті қашықтықты сақтай отырып орнатуға болады. Жылыту аспаптары мен әр түрлі құбырларға жанғыш материалдарды (арнайы киімді, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киім мен аяқ киімді кептіруге болмайды.
Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға болмайды.
1561. Қызмет көрсетуші персоналдың арнайы киімі металл шкафтарда ілінген күйде сақталады.
1562. Автожанармай құю станциясын жалынның таралуы мүмкін (дәнді дақылдар, мақта егісі) ауылшаруашылығы дақылдары егісіне немесе егістіктер мен дала алқаптарына іргелес дала алқаптары бойымен жақын орналастыру кезінде АЖС шекаралары ені кемінде 4 метр жыртылады.
3-тарау. Технологиялық жабдықты пайдалану тәртібі
1563. АЖС технологиялық жабдығы:
1) жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс;
2) бақылау және реттеу аспаптары жарамды болуы тиіс;
3) герметикалық болуы тиіс.
1564. Технологиялық жабдықты:
1) отынның ағуы болғанда;
2) бақылау және реттеу құралдары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;
3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға болмайды.
1565. Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесінен артық құрылымдық өзгерістер енгізуге болмайды.
1566. Бақылау-өлшеу аспаптарына пломба салынады және технологиялық жабдықтың өртке қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін анық белгіленген шекті рұқсат етілген өлшемдермен (қысым, температура, қосылым, құю деңгейі) белгіленеді.
Рұқсат етілген шектерден тым болмаса бір өлшемі ажыратылған болса, автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары беріледі.
1567. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерін дайындаушы зауыттың келісімінсіз аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерінің жұмыс істеу өлшемдерін өзгертуге болмайды.
1568. Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғағышпен қамтамасыз етіледі.
1569. Отын сақтауға арналған резервуарлар 90 %-ға дейін толғанда автоматты түрде сигнал (жарық немесе дыбыс) беруді, ал АЖС 95%-ға дейін ең жоғарғы рұқсат етілген дәрежеге дейін толтырғанда 5 секунд бұрын автоматты түрде резервуарды толтыруды тоқтатуды қамтамасыз ететін, олардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау жүйелерімен жабдықталады.
1570. Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдермен жабдықталады.
Пайдалану кезінде ашу үшін көзделген көрсетілген қақпақтар мен бітеуіштер ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
1571. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілерімен жабдықталады.
Деаэрация желілерінің құбырлары от бөгегіштермен немесе қосымша от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақталады.
4-тарау. Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу тәртібі
1572. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілуі мүмкін аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындалады.
1573. Бұрын пайдалануда болған резервуарларды отын толықтай шығарылғаннан, су буымен буландырғаннан, жылу сумен жуғаннан, инертті газбен үрлегеннен және газ талдағыштың көмегімен отын буының бар-жоғына тексерілгеннен кейін ғана тасымалдау, алаңда орындарын ауыстыру, орнату, жөндеу жүргізіледі.
Сыйымдылықтағы отын буы қосылымының төменгі тұтану қосылымы шегінен 20 % артуына жол берілмейді.
1574. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерінің герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалық емес екендігі анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.
1575. Қатты бөлшектерді (шламдарды) іске қосып, барлық резервуар түрлерінен тауар суын шығару жабық тәсілмен жүргізіледі. Осы мақсатта қолданылатын жабдық ұшқын шығармайтын материалдан жасалады және бензинмен және дизелдік отынмен жұмыс істеуге арналады. Қол сорғыштарды пайдалану кезінде шлам булану алаңы мүмкіндігінше ең аз ашылған, жабық сыйымдылыққа ғана ағызылады. Шламдарды шығару кезінде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға жапсарлас аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге қосылады. Бірнеше камералы резервуарлардан шламдарды шығару әр камера үшін бөлек-бөлек жүргізіледі.
Шлам шығару аяқталғаннан кейін шлам автожанармай құю станциясынан тыс шығарылады.
1576. От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесiн құбырының шығу жолында осы құбырды тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға болмайды. От бөгегiштiң түрі пайдалану аймағының климат жағдайларында оның қалыпты жұмыс істеу жағдайларына сәйкес орындалады.
1577. Технологиялық жүйенің құрылымында резервуарға көлік құралының отын багынан шығатын отын буын рециркуляциялау желісі болған жағдайда отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшін резервуарды деаэрация құбырын жабуға болмайды.
1578. Автожанармай құю кешендерінің жабдығына техникалық қызмет көрсету, аспап және сақтандыру жабдығын метрологиялық сынау қатаң түрде осы жұмыстардың кестесіне сәйкес жүргізіледі. Технологиялық жабдыққа техникалық пайдалану құжаттамасында көрсетілмеген қандай да бір регламенттік жұмыстарды жүргізуге болмайды. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргізіледі.
1579. Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсат ресімдейді.
5-тарау. Отын қабылдау мен беруге арналған жабдықты пайдалану тәртібі
1580. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларынан басқа, қоршаған ортаға отын буының шығуына жол берілмейді.
1581. Автоцистерналардан отын құймас бұрын резервуардағы отын деңгейі өлшенеді және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы тексеріледі. Құю үдерісін автожанармай құю станциясының жұмысшылары немесе автоцистерна жүргізушісі бақылайды.
1582. Резервуардағы отын түрін ауыстыру кезінде (бензин – дизелдік отын) соңғысы бұдан бұрын сақталған өнімнен мұқият тазартылуы және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрінетін жерлерінде сақталған отынның түрін көрсетілген жазба болады.
1583. Бірнеше камералы резервуарда егер технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасымен көзделген жағдайда бензин мен дизелдік отынды бір мезгілде сақтауға болады.
1584. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар өтерде оны аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдар шығарылады. Бір мезгілде екі және одан астам автоцистерналардың болуына жол берілмейді.
1585. Автоцистернадан отын құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмысшысы және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр жылжымалы ауа-көбікті өрт сөндіргіш орнатылады;
2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгіндісін авариялық резервуарға бұру құбыры ашылады;
3) автоцистерна жерге орнатылады, одан кейін автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кірісуге болады.
Автопойыздан мұнай өнімін құю кезінде әр цистерна оны әбден босатқанға дейін жеке-жеке жерге орнатылады.
1586. Иілгіш жерге қосатын мыс сым автоцистернаның корпусына тұрақты қосылады және ұшында жерге қосылатын құрылғыға қосуға арналған құрылғы (қысқыш, бұранда ұштығы) болады.
Жерге қосатын сымдарды автоцистернаның сырланған және ластанған металл бөліктеріне қосуға болмайды.
1587. Автожанармай құю станциясында көлік құралдарына жанармай құю кезінде:
1) мотоциклдер мен мотороллерлер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшіріліп беріледі, оларды іске қосу және тоқтату колонкалардан кемінде 15 метр қашықтықта жүргізіледі, автомобильдер өздігінен жүреді;
2) қозғалтқышты қосқанға дейін жүргізуші немесе автожанармай құю станциясының қызмет көрсетуші персоналы көліктің мұнай өнімдерімен ластанған бөліктерін құрғатып сүртеді;
3) жерге төгілген мұнай өнiмдерi құммен жабылады, ал былғанған құм мен май сүртілген материалдарды қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктерге жинау қажет және жұмыс күні аяқталғаннан кейін автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;
4) жанармай құятын жерде тұрған автомобильден бастап кезекте тұрған келесісіне дейінгі қашықтық кемінде 1 метр етіп қарастырылады.
1588. Автожанармай құю станциясында:
1) қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрған көлік құралдарына жанармай құюға;
2) егер белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген, қолданылатын технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне;
3) найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болуы қауіптілігі болғанда резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге;
4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне;
5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
6) жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға;
7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті бұйымдар мен материалдар артылған көлік құралдарының кіруіне болмайды.
6-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртібі
1589. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлінген алаңдарға орнатылады.
1590. Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен станциялардың герметикалығы тексеріледі;
2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге қосу құрылғысына қосылады;
3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;
4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады.
7-тарау. Электр жабдығын пайдалану тәртібі
1591. Автожанармай құю станцияларына қызмет көрсетуді осындай жұмыс түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
1592. Электр желілері мен электр жабдығындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтіріледі. Электр желілері мен электр жабдығының ақаулы учаскелері олар өртке қауіпсіз күйге келтірілгенге дейін ажыратылады.
1593. Электр жабдығының беті, электр шамшырақтары, электр сымдары, кабель желілері мен бөлу құрылғылары кірден, тозаңнан және мұнай өнімдерінен жүйелі түрде тазартылады.
1594. Электр жабдығы электр қондырғыларын орнату ережесі бойынша жарылыс қауіпті аймақтың сыныбына сәйкес таңдап алынады. Дайындаушы зауыттың жарылыстан қорғау таңбалауы жоқ электр жабдығы жарылыс қауіпті аймақта пайдалануға жіберілмейді.
1595. Жарылыс және өрт қауіпті аймақтарда:
1) қорғағыш жерге қосқыш (нөлдік сымға қосу) болмаған немесе ақаулы болған, бұғаттау құрылғылары жарамсыз, корпустың (қабықтың) бүтіндігі бұзылған жағдайда қондырғыларға электр кернеуін беруге;
2) ток өткізетін бөліктерде кернеу болғанда электр қондырғысының корпусын ашуға;
3) электр жабдығы автоматты түрде ажыратылғаннан кейін ажырау себебін анықтамастан, оны қосуға;
4) қысқа тұйықталу және асқын жүктеме тогынан қорғалмаған электр қондырғыларын қосуға болмайды.
1596. Жөндеу және регламенттік жұмыстар үшін қолданылатын жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштар үшін иілгіш кабельдер мен механикалық әсерге және мұнай өнімдеріне төзімді, қабығында мыстан желісі бар сымдар қолданылады.
1597. Жарылыс қауiптi аймақтары бар үй-жайларды, ашық технологиялық алаңдарды, аппаратура мен өзге де технологиялық жабдықты уақытша жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған аккумулятор фонарлары қолданылады.
Бұл ретте, жарамды және электр қондырғыларын орнату ережесінің талаптарына сәйкес келетін тасымал шамшырақтар қолданылады.
1598. Жылжымалы аккумулятор фонарлары жарылыс қауіпті аймақтан тыс іске қосылады және ажыратылады.
1599. Жұмыстан тыс уақытта қауіпсіздік жүйесінің электр жабдығынан басқа, барлық электр жабдығы токтан ажыратылады.
Ажырататын электр аппаратурасына бөгде адамдардың өтуіне болмайды.
1600. Шамдар мен қоректендіру көздерін шамшырақтар мен фонарлардың жарылыстан қорғағышының қалпына келтірілгенін ескере отырып жүргізіледі.
1601. Кабельдер мен сымдардың қысқа тұйықталуына, ұшқындауына, оқшаулағыштарының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару және қорғау жүйелерінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін электр желілері мен электр аппаратураларындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтіріледі.
1602. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру және жөндеу әзірленген регламентке сәйкес жүргізіледі.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру, сынау, сондай-ақ регламенттік және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижелері арнайы журналға жазылады.
8-тарау. Байланыс және өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау тәртібі
1603. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті дереу шақыру үшін телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесімен жарақталады.
1604. Автожанармай құю станциясының өндірістік және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндіргіш қабілетіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтау талаптарына және IV топтағы объектілер мен көлік құралдары үшін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшаына сәйкес өрттің ауданы мен сыныбына байланысты өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.
1605. Резервуарлардың электр пульттері мен жануын сөндіру үшін көмірқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндіргіштері қарастырылады.
1606. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бір ауа-көбікті өрт сөндіргішпен және сыйымдылығы 5 литр бір ұнтақты өрт сөндіргішпен жарақталады.
1607. Өрт сөндіргіштерді орналастыру орындары тиісті сілтеме белгілермен белгіленеді.
12-бөлім. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәртібі
1-тарау. Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын ұстау тәртібі
1608. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейін өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзылып алынады.
1609. Жанатын жылытқышы бар металл немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қорғалмаған көтергіш және қоршау құрылымдарымен ғимараттарды салу кезінде жұмыс істеу жобасында құрылыстың барлық кезеңіне өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар қарастырылады.
1610. Құрылыс аумағында өндірістік, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгіленген тәртіппен бекітілген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзірленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.
1611. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кіретін кемінде екі кіру жолы қарастырылады. Жолдар жылдың кез келген мезгілінде өрт сөндіру автомашиналарының өтуі үшін жарамды жабынмен қамтамасыз етіледі. Кіру жолына арналған қақпаның ені кемінде 4 метр етіп қарастырылады.
Құрылыс алаңына кіру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кіреберістер, су көздері, өрт сөндіру және байланыс құралдары көрсетілген жоспарлар қойылады (ілінеді).
1612. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның ішінде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Салынып жатқан ғимараттарға кіреберістер мен жолдар салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанға дейін аяқталады. Ғимараттардың бойымен ені 18 метрден астам өту жолдары екі жағынан бойлай, ал ені 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетінен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейінгі қашықтық 25 метрден аспайды.
1613. Ғимараттар мен өрт сөндіретін су көздеріне өту жолдары мен кіреберістер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткізу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөліктерді материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшін пайдалануға болмайды.
Теміржол арқылы өтетін барлық жолдар, өткелдер мен кіреберістер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндіру автомобилдерінің кедергісіз өтуі қамтамасыз етіледі.
Жолдар арқылы құбырлар немесе кабелдерді төсеу кезінде өткелдер, көпірлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жолдардың, өткелдердің уақытша жабылуы туралы бас мердігер жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлайды.
1614. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндірістік, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.
1615. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктерді сақтау кезінде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі бөліктер кемінде 24 метр етіп қабылданады.
1616. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етіп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейінгі қашықтық кемінде 18 метр етіп қабылданады.
Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемінде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.
1617. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлімнің талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндірістік үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат беріледі.
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды І типті тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типті далдалармен бөлінген ғимараттардың бөліктерінде орналастыруға болады.
Қорғалмаған көтергіш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панелдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелерді), шеберханалар мен әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.
1618. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.
1619. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетіне немесе тікелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
1620. Сөндірілмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың едені жердің деңгейінен кемінде 0,2 метр биік етіп көтеріледі. Сөндірілмеген әкті сақтау кезінде оған ылғалдың өтуіне жол берілмейді.
Әк сөндіруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемінде 5 метр және басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
1621. Объектілерді қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезінде алынып жатқан бөлігін қолданыстағы бөлігінен 1 типті уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3 типті далдалармен бөледі. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерінен қауіпсіз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берілмейді.
1622. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшін алғашқы өрт сөндіру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі (8-қосымша).
1623. Ішкі өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндіру жүйелері объектіні тұрғызумен қатар монтаждалады.
Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндіру жүйелері мен дабылы жүйелері іске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейін) жүргізгенде қолданысқа енгізіледі.
1624. Жобада көзделген өрт сөндіру депосы құрылыстың бірінші кезегінде тұрғызылады. Депо ғимаратын басқа қажеттілікке пайдалануға болмайды.
1625. Негізгі құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейін өртке қарсы қызметті немесе ерікті өртке қарсы құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшін арнайы жылытылған үй-жайлар қарастырылады.
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәртібі
1626. Биіктігі 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезінде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.
1627. Саты торларда ағаш басқыштар екі қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.
1628. Құрылыс кезінде жанғыш материалдармен зақымданудан қорғау үшін жанбайтын сатылар жабылады.
1629. Жобада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тіреушелер, жең жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергіш құрылымдарды монтаждағаннан кейін бірден орнатылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде ағаштар мен көпіршелерді салу эвакуациялау жолдарына қойылатын осы Қағиданың ережелеріне, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1630. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етіп салу кезінде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.
Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрінің әрбір 40 метр бір сатымен немесе басқышпен, бірақ барлық ғимаратқа кемінде екі сатымен (басқышпен) жабдықталады.
Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.
1631. Адамдарды биік ғимараттар мен құрылыстардан (түтін құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшін құрылыстың барлық кезеңіне жанбайтын материалдардан жасалған кемінде екі саты салынады.
1632. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бір мезгілде үш қабаттан аспайтындай етіп жасалады. Бетонның қажетті төзімділігіне қол жеткізгеннен кейін ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.
1633. Ғимараттар мен құрылыстардың ішінде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.
1634. Металл құрылымдардың отқа төзімділік шегін арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргізіледі.
1635. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен далдаларға (ішкі және сыртқы қабырғалардың және қабат аралық далдалардың жапсарларын герметизациялау, қажетті отқа төзімділік шектерін қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар өтетін орындарда тығыздау) өрттің таралуын болдырмау шаралары қабылданады.
1636. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берілетін және құрылыстың өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргізіледі.
Жұмыс жүргізу орындарында «Отқа қауіпті – тез тұтанатын жылытқыш» аншлагтар ілінеді.
1637. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидро оқшаулағыш кілемді орнату, тартқышты цемент-құм ерітіндісінен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып, ауданы 500 м 2 аспайтын учаскелермен және жануы қиын жылытқыштармен 1000 м 2 аспайтындай етіп жүргізіледі.
1638. Жанатын жылытқыштарды темір бетон плиталары бойымен пайдалану кезінде кемінде 30 миллиметр өндірістік ғимараттардың жабындарында тартқышты цемент-құм ерітіндісінен жасалады, темір бетон плиталары арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.
1639. Жұмыс жүргізу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттілігінен артуына жол берілмейді.
1640. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) ені кемінде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белбеулермен бөлінеді.
1641. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемінде 18 метр қашықтықта сақталады.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панелдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың ішінде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөліктерде қалдыруға болмайды.
1642. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бөліктер бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.
1643. Бөлікте жылу оқшаулағышты орнатқаннан кейін оның қалдықтары жиналады және дереу оттан қорғайтын қабатпен жабылады. Жұмыс істеу үдерісінде қорғалмаған жанатын жылу оқшаулағыштың ауданы 500 м2 аспайтын және жануы қиын жылу оқшаулағыш ауданы 1000 м2 етіп қабылданады.
1644. Өртке қарсы белбеулерді, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезінде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етіледі.
Өртке қарсы белбеулерде, аймақтарда бекітілмеген тесіктер қалдыруға болмайды. Кезекті бөліктің жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белбеулерін тексергеннен және қабылдағаннан кейін ғана орнатуға кірісуге болады.
1645. Жанатын жылытқыштары бар панелдердің металл қаптамаларын зақымдаған жағдайда механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегімен оларды жөндеу және қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
1646. Полимерлі жылытқыштары бар панелдерді монтаждауды, жабынға полимерлік жылытқыштарды төсеуді, жабындарды орнату ұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшін жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.
1647. Өрт сөндіру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргізу кезінде уақытша өртке қарсы су құбыры қарастырылады. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемінде екі ағыста су жабынның кез келген нүктесіне беру шартымен қабылданады.
1648. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панелдерді монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде электрлік дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізуге болмайды.
Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды бастағанға дейін жүргізіледі.
1649. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезінде кескінделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.
1650. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшін жабындарды темір бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.
1651. Жабындағы агрегаттарға отын құю екі өрт сөндіргішпен және құмы бар жәшікпен қамтамасыз етілген арнайы орында жүргізіледі. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берілмейді.
3-тарау. Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібі
1652. Жарылыс, өрт қауіпті бу бөлетін жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс істейтін үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғыш желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін ауа алмасу еселігі есепке сәйкес жұмыс істеу жобасымен анықталады.
1653. Жанғыш заттарды пайдалану кезінде оның мөлшерінің ауысым қажеттілігінен асуына жол берілмейді. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейін жабылып, қоймаға тапсырылады.
Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлінген орында сақталады.
1654. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлінген орынға шығарылады.
1655. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзі бар кезде осы жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғаның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жерді қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуір қашық орындардан, ал дәліздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейін басталады.
1656. Эпоксид шайырларды, желімдерді, мастикаларды, оның ішінде синтетикалық шайырлар негізіндегі лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкілікті сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
1657. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс істеу үшін ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс істеу кезінде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткіші бар үй-жайда жуылады.
1658. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауіпті заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтан өткен тұлғалар жүргізеді.
Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс істейтін үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екі өрт сөндіргіш және киіз есебінен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
1659. Жанғыш сұйықтар желдеткішпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.
1660. Өрт қауіпті заттармен және полимерлі материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйіне жауапты тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.
1661. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлігінен аспайтындай етіп толтырылады.
Битум қайнату қондырғысын тікелей жабында орналастыруға болмайды.
1662. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезінде олардың үстіне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнату қажет. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндіргіштер, күректер мен құрғақ құм) болуы тиіс. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биіктігі 0,3 метрден аспайтын білікпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесігі жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.
1663. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемінде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлінген алаңдардан бөледі және мынадай:
1) отқа төзімділігі V, IV, IVа дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 30 метр;
2) отқа төзімділігі III, IIIа, ІІІб дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 20 метр;
3) отқа төзімділігі I және II дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 10 метр қашықтықта орналастырады.
1664. Оттыққа мастиканың төгілуін және оның жануын болдырмау үшін қазандықты оның оттықтың үстінде орналасқан шеті қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етіп көлбеу орналастырылады.
1665. Жұмыс аяқталғаннан кейін қазандықтардың оттықтары сөндіріліп, су себіледі.
1666. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс істеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегі газ баллондары жұмыс істеп тұрған қазандықтардан кемінде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетілетін шкафтарда орнатылады.
1667. Көрсетілген шкафтар үнемі құлыппен жабылып ұсталады.
1668. Үй-жайлардың ішінде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшін ашық отты пайдалануға болмайды.
1669. Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде:
1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсілмен жеткізу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуін болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;
2) құрылыс құрылымдарына тігінен орнатылған учаскелерге бекітілген сорғышпен ағып кетуіне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелерде мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.
1670. Шлангіні болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигізіледі.
1671. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейін мастика құбырдан ағызылады.
1672. Араластыру кезінде қыздырылған битум еріткішке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.
1673. Битумды еріткіштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.
4-тарау. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
1674. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты басқа да отты жұмыстар осы бөлімнің ережелеріне сәйкес орындалады.
1675. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар орындары:
1) осы мақсаттарда арнайы жабдықталған цехтерде, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты;
2) отты жұмыстар тікелей салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсіпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс құрылымдарын монтаждау мақсатында уақытша етіп қарастырылады.
1676. Отты жұмыстарды тұрақты жүргізу орындарын 10 посттан (дәнекерлеу, кесетін шеберханалар) артық ұйымдастыру кезінде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау қарастырылады.
1677. Дәнекерлеу шеберханасында 10 аспайтын дәнекерлеу посттары болған жағдайда әрбір пост үшін оттегі және жанғыш газы бар бір қосалқы баллоннан болуға болады. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.
1678. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектерді алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргізілетін үй-жайларда жанбайтын негізде ағаш бөренелі едендер орнатуға болады.
1679. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды белгіленген тәртіппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білуі бойынша сынақ тапсырған тұлғалар жүргізіеді.
1680. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда отты жұмыстарды тұрақты жүргізу орындары кәсіпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.
1681. Уақытша электрмен дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды жүргізу орындары тек объект басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның жазбаша рұқсатымен (осы Қағидаларға 6-қосымша) ғана анықталады.
1682. Құрылыс алаңдарында және өртке қауіпсіз орындарда жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды тек өрт-техникалық минимумы бағдарламасы мен осы Қағидалардың ережелерін игерген тиісті біліктілік мамандары ғана жүргізе алады. Жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды дербес жүргізуге жіберілген мамандардың тізімін объектінің басшысы бекітеді.
1683. Уақытша (бір жолғы) отты жұмыстарды жүргізуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана беріледі. Егер бірдей жұмысты жүргізу кезінде олар бірнеше ауысым немесе күн бойы жүргізілетін болса, объектінің әкімшілігінен қайта рұқсат алу қажет емес.
Мұндай жағдайларда әрбір келесі жұмыс ауысымына көрсетілген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейін әкімшілік бұрын берілген рұқсатты растайды, ол жөнінде тиісті жазба жазады. Отты жұмыстардың жүргізілуін уақытылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкімшілігінен объектінің салалық өртке қарсы қызметіне, ал ол жоқ жерлерде оларды жүргізген күннің қарсаңында ерікті өртке қарсы құралымдарға келіп түсуі тиіс.
1684. Отты жұмыстарды жүргізу орындары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етіледі. Объектіде ішкі өртке қарсы су құбыры болған жағдайда отты жұмыстарды жүргізу орнына өрт крандарынан оқпандары бар өрт жеңдері төселеді. Отты жұмыстармен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі қажет.
1685. Отты жұмыстарды жүргізуге жауапты адам жұмыс орнында өрт сөндіру құралдарының болуын тексереді.
1686. Отты жұмыстарды тұрақты жүргізуге арналған орындарды өрт қауіпті және жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда орналастыруға болмайды.
1687. Отты жұмыстарды жүргізу қарастырылатын технологиялық жабдық:
1) жарылыс, өрт қауіпті заттардан босату;
2) қолданыстағы коммуникациялардан (отты жұмыстарды жүргізуге дайындық үшін қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;
3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы жарылыс, өрт қауіпсіз жай-күйіне келтіріледі.
1688. Технологиялық жабдықтың ішін буландыру үшін берілетін су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздігінен тұтану температурасының 80 % тең етіп қабылданады.
1689. Технологиялық жабдықтағы бу (газ) қосылымы олардың тұтану шегінен тыс немесе электр статистикалық қауіпсіз режимде болғанда ол жуу жүргізіледі.
1690. Отты жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды, сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауіпті бу және тозаң-ауа қоспаларының түзілуіне және тұтану көздерінің түзілуін болдырмайтындай тәсілдермен жүргізіледі.
1691. Металдың қызған бөліктерінің шектес үй-жайларға, көршілес қабаттарға түсуін болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткіш, монтаждау және отты жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардың далдаларындағы, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесіктер) жанбайтын материалдармен жабылады.
1692. Отты жұмыстарды жүргізу орны осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылаы.
1693. Көрсетілген радиустер шегіндегі құрылыс құрылымдары, еден төсемдері, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектері оларға ұшқынның түсуінен металл экрандармен, асбест кенебімен немесе басқа да жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.
1694. Отты жұмыстар орындалатын үй-жайларда көрсетілген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есіктер, оның ішінде тамбур шлюздердің есіктері тығыз жабылады. Терезе жыл мезгіліне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемі мен қауіптілік дәрежесіне байланысты мүмкіндігінше ашық болады.
1695. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкін үй-жайлар отты жұмысты жүргізбес бұрын желдетіледі.
1696. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргізуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биіктігі кемінде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метр етіп орындалады. Қыздырылған бөлшектердің ұшуын болдырмау үшін көрсетілген саңылауды ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.
1697. Отты жұмыстарды бастамас бұрын және оларды жүргізу барысында көрсетілген жұмыстар жүргізілетін технологиялық жабдықтағы және қауіпті аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйіне бақылау жүзеге асырылады.
Егер қауіпті аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатор қосылымы будың (газдың) шекті рұқсат етілген жарылысқа қауіпсіз қосылымдарының мәніне дейін төмендеген жағдайда отты жұмыстар дереу тоқтатылады.
1698. Отты жұмыстар жүргізіліп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебінен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуі мүмкін технологиялық жабдықтың люктері мен қақпақтарын ашуға, өнімдерді түсіруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргізуге болмайды.
1699. Жұмыстағы үзіліс кезінде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желісінен ажыратылады, шлангілер жанғыш сұйықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.
1700. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлінген үй-жайға (орынға) жиналады.
1701. Отты жұмыстарды жүргізу кезінде:
1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кірісуге;
2) жанғыш сырлармен (лактармен) жаңадан сырланған құрылымдар мен бұйымдарда отты жұмыстарды жүргізуге;
3) майлардың, бензиннің, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың іздері бар киім мен қолғаптарды пайдалануға;
4) дәнекерлеу кабиналарында киімді, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;
5) біліктілік куәлігі мен өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша талоны жоқ оқушыларды, сондай-ақ жұмыскерлерді дербес жұмыс істеуге жіберуге;
6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерітілген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;
7) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуі бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс істеуге;
8) жабынға гидро оқшаулағыш пен бу оқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панелдерді монтаждаумен, едендердің төсемдерін жапсырумен және жанғыш лактарды, желімдерді, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар отты жұмыстарды жүргізуге;
9) электр дәнекерлеушімен және газ дәнекерлеушімен (газ кескішпен) бір мезгілде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың ішінде жұмыс істеуіне болмайды.
1702. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңіл металл құрылымдарынан жасалған ғимараттардың элементтерінде отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
1703. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын тек жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергіштері) және өртке қарсы белдіктері бар камералар мен бөліктерде ғана жүргізіледі.
1704. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде отты жұмыстарды жанатын құрылымдардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейін орындау керек.
1705. Өндірісті тоқтатпай күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде және отты жұмыстарды жүргізу кезінде кәсіпорын әкімшілігі осы кезеңге өрт қауіпсіздігін күшейту жоспарын әзірлейді.
1706. Өрт шығу қаупі едәуір орындарда, отты жұмыстардың көлемі көп болғанда, сондай-ақ биікте жұмыс істеу кезінде өрт сөндіру посттары (қызмет көрсетуші персонал, ерікті өртке қарсы құралым санынан) қойылады.
Биікте жұмыс істейтін жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптар қарастырылады.
6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биікте отты жұмыстарды істеуге болмайды.
1707. Объект басшысы немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша отты жұмыстарды аяқтағаннан кейін 3-5 сағат ішінде оларды жүргізу орындарын тексеруді қамтамасыз етеді.
2-параграф. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
1708. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.
1709. Дәнекерлеу сымдары престеу, дәнекерлеу, пісіру немесе арнаулы қысқыштардың көмегімен жалғастырылады. Электр сымдары электр ұстағышқа, дәнекерленетін бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекітілген мыс кабель ұштықтарының көмегімен қосылады.
1710. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанынан және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенімді түрде оқшауланады және қажетті жерлерінде жоғары температураның әсерінен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.
1711. Электрмен дәнекерлеу машиналарының кабельдері (сымдары) оттегі құбырларынан кемінде 0,5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемінде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.
Кейбір жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетілген қашықтықтарды қысқартуға болады.
1712. Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз ететін болса, кез келген пішіндегі болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.
1713. Кері өткізгіш ретінде пайдаланылатын кейбір элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегімен орындалады.
1714. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде кері өткізгіш дәнекерленетін бұйымнан бастап ток көзіне дейін тек оқшауланған сыммен орындалады, әрі ол оқшаулау сапасы бойынша электр ұстағышқа қосылатын тікелей сымнан кем болмауы қажет.
1715. Кері өткізгіш ретінде ішкі теміржол жолдарын, жерге қосу немесе нөл сымына қосу желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл құрылымдарын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда екі сымды қолдану арқылы дәнекерленеді.
1716. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.
1717. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағышының құрылымы электродтарды берік ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыста уақытша үзіліс болғанда дәнекерленетін бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкіндігін болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлік және жылу оқшаулағыш материалдан қарастырылады.
1718. Дәнекерлеу кезінде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетін электродтар қолданылады.
Электродтарды ауыстыру кезінде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшіктерге орналастырылады.
1719. Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс істеу кезінде жерге қосылады. Негізгі электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге қосудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тікелей бұйымға өтетін (кері өткізгіш) өткізгіш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екінші орамына қосылады.
1720. Агрегат пен іске қосу тетігін тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуі кестеге сәйкес жүргізіледі.
1721. Атомды-сутекті дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендіру бөлек трансформатордан жүргізіледі. Доғаны тікелей бөлу қорабынан кез келген түрдегі реттегіш арқылы қоректендіруге жол берілмейді.
1722. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде шілтерде тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және су беруді тоқтату қарастырылады.
1723. Іске қосылған шілтерлерді қараусыз қалдыруға болмайды.
1724. Жарылыс, өрт қауіпі аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) тұрақты ток көздерін қоректендіру көздері немесе құрылымында импульсті генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезінде электрод пен дәнекерленуші бұйым арасындағы кернеуді көтеретін («разряд» түріндегі ток көзі) ауыспалы токтың арнайы көздері қолданылады;
2) П-II сыныптық өрт қауіпті аймақтарда тозаңнан тазарту үшін қол жеткізу қиын орындарды көбік түзгіштің екі пайыздық ерітіндісімен 1 м2 алаңға 1 литр ерітінді есебімен өңдеу ұсынылады;
3) тігінен және төбедегі жағдайдан дәнекерлеуді диаметрі 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден қарағанда 20% төмен етіп қарастырылады;
4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын іске қосу алдында электрод ұстағышта электродтың болмауы тексеріледі.
3-параграф. Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
1725. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын құрылымдары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегі баллондары мен дәнекерлеу бекеттері үшін оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлінген дәнекерлеу шеберханаларында жүргізіледі. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткішпен және жеңіл алынып тасталатын құрылымдармен қамтамасыз етіледі. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.
1726. Тасымал ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектінің әкімшілігі береді.
1727. Тасымал ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетілетін үй-жайларда уақытша қолдануға жол беріледі.
Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берілмейді.
1728. Ацетилен генераторларын отпен жұмыс істейтін жерден, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орнынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.
1729. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кіруге болмайды - отқа қауіпті», «Темекі шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» - деген аншлагтар (плакаттар) ілінеді.
1730. Жұмыс аяқталғаннан кейін жылжымалы генератордағы кальций карбиді шығарылуы қажет. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.
1731. Ашық лай шұңқырлары шарбақтармен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткішімен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.
1732. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнінде тиісті тыйым салу белгілері ілінеді.
1733. Газ өткізу шлангілері аппаратураның, жанарғылардың, кескіштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдеріне қамыттардың немесе ниппельдің ұзындығы бойымен кемінде екі жерінен жұмсақ күйдірілген (тоқылған) сымның көмегімен сенімді бекітіледі.
Су ысырмалары ниппельдеріне шлангілер тығыз кигізіледі, бірақ бекітілмейді.
1734. Кальций карбиді құрғақ, желдетілетін үй-жайларда сақталады.
Кальций карбидін сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төмен жерлерде орналастыруға болмайды.
Механикаландырылған қоймаларда кальций карбиді барабандарын тігінен үш қабат етіп, ал механизациясы болмаған жағдайда көлденеңінен үш қатардан аспайтындай етіп және тігінен екі қатардан аспайтындай етіп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселеді.
Қатарлап төселген кальций карбиді барабандары арасындағы өту жолдарының ені кемінде 1,5 метр етіп қарастырылады.
1735. Кальций карбидінің аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бір мезгілде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидін сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшерден тек бір барабан ғана ашық күйде болуы мүмкін.
1736. Кальций карбиді бар ашылған барабандар су өткізбейтін қақпақтармен қорғалады.
1737. Кальций карбиді бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.
1738. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезінде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу орындарына арнайы арбалармен, зембілдермен, шанамен жеткізіледі.
1739. Газы бар баллондарды сақтау кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде күн сәулесі мен басқа да жылу көздерінің әсерінен қорғалуы қажет.
1740. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемінде 1,5 метр, ал ашық отты жылу көздерінен кемінде 10 метр қашықтықта орналастырылады.
Жанарғылардан бастап (көлденеңінен) қайта іске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейінгі қашықтық кемінде 10 метр, ал оттегі немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейін кемінде 5 метр етіп қарастырылады.
Бір үй-жайда оттегі баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидін, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берілмейді.
1741. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегі және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.
Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.
1742. Оттегіден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс істеу кезінде толық баллондармен жұмыс істейтіндей қауіпсіздік шаралары сақталады.
1743. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерін ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;
2) оттегі баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлі майлармен, сондай-ақ май тиген киіммен және май сіңген шүберекпен жанасуына;
3) бір су ысырмасынан екі дәнекерлеушінің жұмыс істеуіне;
4) өте ірі түйіршікті кальций карбидін салуға немесе оны аппараттың шүмегіне темір шыбықтың және сымның көмегімен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс істеуге;
5) кальций карбидін тиейтін дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «су карбидке» генераторлары жұмыс істеген кезде көлемінің жартысынан артық карбид тиеуге;
6) жанғыш газдарға арналған шлангіні оттегімен және жанғыш газдардың оттегі шлангісін үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезінде шлангілерді өзара ауыстыруға;
7) ұзындығы 30 метрден артық, ал монтаждау кезінде 40 метрден артық шлангілерді пайдалануға;
8) газ өткізу шлангілерін бұрауға, сындыруға немесе қысуға;
9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;
10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейі жоғарылату немесе кальций карбидінің бір жолғы мөлшерін арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;
11) кальций карбиді бар барабандарды ашу үшін мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшін және ацетиленмен жанасуы мүмкін басқа да орындарда дәнекерлеу үшін мысты пайдалануға болмайды.
5-тарау. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі
1-параграф. Металл кесу тәртібі
1744. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезінде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезіндегідей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгілуіне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимін сақтауға және жанармайы бар бакты күтіп ұстауға ерекше назар аударылады.
1745. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта сақталады.
1746. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшін бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кішкентай бакты оның көлемінен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды.
1747. Кішкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етіп жасалады. Кішкентай бакта манометр, сондай-ақ кішкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтін сақтандыру клапаны қарастырылады.
10 атмосфералық қысымға сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғышы бар кішкентай бактарды пайдалануға болмайды.
1748. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегі шлангілер қосқыштарының тығыздығы, салмалы сомындар мен бастиектердегі бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексеріледі.
1749. Кескіштің буландырғышын жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы жылытуға болмайды.
1750. Жанармайы бар кішкентай бак оттекті баллон мен ашық от көзінен кемінде 5 метр және жұмыс орнынан кемінде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кішкентай бак жұмыс істеген кезде жалын мен ұшқын түспейтіндей орналастырылады.
1751. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескіштегі оттегінің жұмыс қысымынан артық болуына;
2) шие түсіне дейін қатты қыздыруға, сондай-ақ кескішті жұмыс кезінде басымен жоғары қаратып тігінен іліп қоюға;
3) кескішке оттегі немесе жанармай беретін шлангілерді қысуға, бұрауға немесе сындыруға;
4) бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегі шлангілерін кескіште пайдалануға болмайды.
2-параграф. Дәнекерлеу жұмыстары
1752. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемінде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе сумен бүркеледі.
1753. Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелері мен тексерген датасын арнайы журналға енгізе отырып, кемінде айына бір рет олардың төзімділігі мен герметикалығы тексеріледі. Бұдан басқа, жылына кемінде бір рет гидравликалық бақылау сынағы жүргізіледі.
1754. Әрбір дәнекер шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелері мен рұқсат етілген қысымы көрсетілген паспортпен қамтамасыз етіледі. Шамдар тиісті қысымда реттелген, серіппелі сақтандыру клапандарымен жарақталады.
1755. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезінде жанармайдың төгілуіне және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
1756. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшін шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.
1757. Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшін:
1) жанармай ретінде керосинмен жұмыс істейтін шамдар үшін бензин немесе бензиннің керосинмен қоспасын қолдануға;
2) ауа толтыру кезінде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетілген, рұқсат етілген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;
3) шамға оның резервуарының көлемінен артық жанармай құюға;
4) шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винті мен отын құю тығынын ашуға;
5) ашық оттың қасында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға жол берілмейді.
6-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
1758. Бірыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарға жылу беру үшін бу және су калориферлері, сондай-ақ зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.
1759. Киім-кешек пен аяқ киімді кептіру осы мақсатқа арнайы лайықталған, орталықтан сумен жылытылатын немесе су калориферлерін қолдана отырып, үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргізіледі.
1760. Кептіргіштерді тамбурларда және ғимараттардан шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.
1761. Полимер жылытқыштары бар металл құрылымдардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ғимараттардан тыс кемінде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейін оттық құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесі ғана қолданылады.
Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейінгі қашықтықтың 100 метр болуына жол берілмейді.
1762. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге және электр калориферлерін және инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын қолдануға болмайды.
2-параграф. Үй-жайларды инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларымен кептіру тәртібі
1763. Инфрақызыл сәулелі жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғы сөнген кезде газ беруді тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.
1764. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды арнайы бағдарлама бойынша газ ісі жөніндегі техникалық минимумнен өткен және газ жұмыстарына жіберу құқығымен біліктілік куәлігі бар персонал жүргізеді.
1765. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелі газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етіледі. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемінде 1,5 метр, ал электр есептегіштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемінде 1 метр қашықтықта орналасады.
Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейінгі қашықтық кемінде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейін кемінде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейін 0,4 метр етіп қарастырылады.
Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезінде шлангілердің ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей мүмкіндігінше қысқа етіп қарастырылады. Едәуір қашықтағы кептіру орнынан бастап қосу торабына дейінгі қашықтық 30 метрден аспайтындай етіп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселеді, ал оған жанарғылар иілгіш шлангілермен қосылады.
Иілгіш шлангілер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететін бұрандалары мен сомындары бар қамыттардың көмегімен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иілгіш шлангілерді олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемінде 2 метр биіктікте төселеді.
1766. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс істеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс істеуге болмайды.
1767. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын пайдалану кезінде:
1) жұмыс істеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;
2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;
3) егер үй-жайда газдың иісі шықса, қондырғыны пайдалануға;
4) жанарғылардың жылу сәулесін тікелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткізгіштері жағына бағыттауға;
5) газ қондырғыларын қатты отынмен жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға болмайды.
1768. Ашық алаңдарда жұмыс істегенде (жұмыс орындарын жылыту үшін және дымқыл жерлерді кептіру үшін) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.
3-параграф. Сұйық және газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін жылу генераторларын монтаждау және пайдалану тәртібі
1769. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемінде 5 метр қашықтықта орналастырылады.
Көлемі 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемінде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы беріледі.
Отын өткізгіштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткізгішінде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын беруді тоқтату үшін ысырма вентиль орнатылады.
1670. Газ отынымен жұмыс істейтін қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезінде:
1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар, стандартты жанарғылар орнатылады;
2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажеті реттеу шегінде оны жанарғыға өткізбей тұрақты жұмыс істеуі қажет;
3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткіш 1 сағатта үш еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі қажет.
1671. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезінде:
1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнімдерінің өтуіне ықпал ететін түтін мұржалары ақаулы, электр қозғалтқыштары мен іске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс істеуге;
2) форсунка ретке келтірілмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс істеуге;
3) отын құбырларын қосу үшін резина немесе полихлорвениль шлангілері мен муфталарын пайдалануға;
4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;
5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;
6) қысқа мерзімге тоқтағаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны іске қосуға;
7) жанғыш қоспаны бақылап қарау тесігі арқылы жағуға;
8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;
9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны іске қосуға болмайды.
4-параграф. Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану тәртібі
1772. Тек зауытта дайындалған, дабылы және желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздыру элементтеріне электр энергиясын беруді болдырмайтын бұғаттағышы мен электр және жылу қорғағышпен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы жарамды электр калориферлерін ғана пайдалануға және монтаждауға болады.
1773. Электр калориферді монтаждау, жұмысқа дайындау, іске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
1774. Электр калорифері корпусы мен желдеткіш арасына жұмсақ қыстырма үшін жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.
1775. Электр калориферлерін пайдалану кезінде:
1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндіруге;
2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгілеген ауа температурасын жоғарылатуға;
3) желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электр калориферді қосуға (бұғаттағышты қондырғыны әр іске қосар алдында тексереді);
4) электр калориферде немесе оның жанында киім немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге;
5) жұмыс істеп тұрған электр калорифері орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға болмайды.
7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндіру және байланыс құралдарын ұстау тәртібі
1776. Тұрақты сыртқы су өткізу желісін төсеу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндіретін су айдындары мен басқа да су көздерін салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанда оларды өрт сөндіру үшін пайдалана алатындай есеппен жүргізіледі.
1777. Тұрақты сумен жабдықтау көздерін салу негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырлары төселеді немесе өрт резервуарлары орнатылады.
1778. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынатын объектіде орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.
1779. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерінде бір көзді (оның ішінде бір ысырмада су алу кезінде сыртқысын) пайдалану кезінде сыйымдылықтарда өрт сөндіруге су көлемін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде және құрылыс нормаларында көрсетілгеннен екі есе артық қарастырылады.
1780. Құрылыс аумағында орналасқан жасанды су айдындары жылытылуы және өрт сөндіру автомобилдерін маневрлеу үшін ауданы 12х12 метр болатын кіреберістермен қамтамасыз етіледі. Су айдындарындағы судың деңгейі өрт сорғыштарымен су алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер құрылыс маңында табиғи су көздері (өзендер, көлдер, тоғандар) орналасқан болса, оларға өрт сөндіру автомобилдеріне арналған пирстер орнатылады. Қысқы уақытта оларға «қатып қалмайтын» ойықтар жасалады.
1781. Ішкі өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндіру жүйесі объектіні тұрғызумен қатар монтаждалады. Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанға дейін, ал автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелері іске қосу-реттеу жұмыстарына дейін (кабель құрылыстарында кабелдерді төсегенге дейін) қолданысқа енгізіледі.
1782. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру құралдарын тікелей мақсатынсыз қолдануға жол берілмейді.
1783. Негізгі құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейін өрт техникасы мен жеке құрамды орналастыруға арналған арнайы жылытылған үй-жайлар бөлінеді.
Өрт сөндіру депосы құрылыстың бірінші кезегінде тұрғызылады.
1784. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар дабылды ғимараттың (құрылыстың) қасбетіне немесе тәулік бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
Салынып жатқан әрбір объектіде өрт сөндіру бөлімдерін шақыруға арналған байланыс құралдары қарастырылады. Тәуліктің кез келген уақытында құрылыс аумағында байланыс құралдарына қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Әрбір телефонның (радиостанцияның) жанына өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі туралы тақтаны, жұмысшылардың өрт болған жағдайдағы іс-қимылдары туралы жадынаманы, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік есептерінің тізімін, өрт сөндіру үшін күштер мен құралдардың тәртібі ілінеді. Құрылыс аумағының көрінетін жерлерінде дабыл беру үшін дыбыстық дабылдар (қоңырау, сирена) қарастырылады, олардың жанында «Өрт дабылы» деген жазу ілінуі қажет.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
1-қосымша
Эвакуациялау жоспарын құру жөнінде ұсыныстар
1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді.
Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтін бөлімдерінен тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.
Мәтін бөлімінде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.
2. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі қарастырылады.
Эвакуациялау жоспарларының мәтін бөлімінде әрбір нұсқа бойынша мыналар:
- өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, хабарландыру зонасы мен хабарландыру әдістері, хабарландыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды);
- қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, зоналар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);
- эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері);
- эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандардың бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);
- көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіншілігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әр түрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану қарастырылады.
3. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдардың жаппай жиналғаны болса, жоспарларда бұл зоналарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолымен) көрсетіледі.
4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтін бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру посттары мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойлы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.
Графикалық бөлімдегі белгілердің шешімін эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерде беріледі.
5. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр зона (сектор, үй-жайлар тобы) зоналар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілерді болулары тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен (әр түрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.
Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.
Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, зонаның әр қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй-жай...» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолын бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетеді.
Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі.
Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндіні үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес.
Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі.
Үзіндінің мәтін бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.
Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтін бөлігі зонадан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын тұлғада болады.
Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді.
Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық көмекші күштер танысады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
2-қосымша
Дүңгіршектер мен павильондардың отқа төзімділік дәрежесі төмендегідей болғандағы қашықтық, метр |
I, II, III |
IIIa, IIIб, IV, IVa, V |
I, II, III |
6 |
8 |
IIIa, IIIб, IV, IVa, V |
8 |
10 |
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
3-қосымша
Операция жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың алдын алу жөніндегі қорғау шаралары
1. Есірткінің өздігінен тұтануын болдырмау үшін жұмыстан кейін оларды буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгіледі. Эфирді ақырын, шашыратпай төгіледі. Наркоздан кейін қалған эфирді раковинаға төгуге жол берілмейді.
Эфирді буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берілмейді. Ол үшін электр өткізгіш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге қосылады, май құйғыштың шеті ыдыстың түбіне жетуі тиіс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткізгіш арқылы ағуы үшін жерге қосылған өткізгіштің шетін май құйғыш арқылы ыдыстың түбіне жеткізу қажет.
2. Есірткіні төккеннен кейін буландырғышты, шлангтарды және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектерін жылы сумен шайылады.
3. Ингаляция наркозының аппараттарын зарасыздандыру және тазартуды (жууды) ведомстволық нормалар талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4. Операция жасау бөлмелерінде газдарды бір баллоннан екінші баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есірткілерді кіргізуге жол берілмейді. Бұл арнайы жабдықталған үй-жайда үйретілген персоналмен жүргізіледі.
5. Операциялық және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сіріңкелерді) қолдануға, темекі шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Баллонның вентилін жылыту үшін жылытқы қолданылады.
6. Наркоз және операция жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерінің температурасы 1200C аспайды.
7. Эндоскопиялық құралдарының шағын шамдарының қатты қызуына жол берілмейді.
8. Наркоз кезінде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берілмейді.
9. Қауіпті зоналарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиіс.
10. Наркоз кезінде термокаутердің тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, ЭН-57 типті электр хирургиялық аппараттарды және басқа жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берілмейді.
Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшу жағдайында жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол беріледі, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
11. Операция жасайтын бөлмелердің статикаға қарсы материалдан жасалған едендерін (лас шөгінділерінің негізінде) электр өткізгіш қасиетін жоғалта алатын өткізбейтін пленканың пайда болуын болдырмау үшін үнемі жуып тұру қажет. Еденнің бетін балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берілмейді.
12. Наркоз аппаратының бөлшектерін (бейөткізгіш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резинадан есірткі қоспаларын атмосфераға жою үшін шлангтарды пайдалануға, электр ткізгіш материалдың бұзылған бөлшектерін бейөткізгіштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол беріледі.
Ескертпе: Наркоз аппараттарының барлық бөлшектері электр өткізгіш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектері, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдері электр өткізгіш резинадан, ал өткізгіштер – түсті металлдан немесе электр өткізгіш пластмассадан жасалады.
13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектері арнайы майлаумен майлануы тиіс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.
14. Жабдықтың белдік берілістерін еденнен 0,25 метр қауіпті зоналар шегінде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдік берілістер қауіпті зонадан жоғары орнатылған жерлерде белдіктерді үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.
Белдіктерді шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берілмейді.
15. Қауіпті зоналарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиісті статикаға қарсы заттар сіңдіріледі. Бұндай маталарға жуылғаннан кейін қайтадан статикаға қарсы заттарды сіңдіру керек.
16. Жабдықтың барлық металл және электр өткізгіш металлды емес бөліктері статикалық электр зарядтарын шығару үшін жерге қосылады.
Жабдықтың металлды емес бөліктері егер олардың сыртқы және ішкі қабатының жерге қосу шинасына қатысты кез келген жерінің қарсылығы 107 Ом. асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Операцияның алдында наркоз аппаратының резинадан жасалған бөліктерін сумен сулау керек.
17. Қызмет көрсету персоналының электрленуін болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау керек:
1) Операция жасау бөлмедегі қызмет көрсету персоналының киімі мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, тым кептірілген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киім мен аяқ киімді ылғалдығы 80% асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.
Науқас мақта-матадан тігілген киімде болуы тиіс. Операция жасайтын бөлмеде және басқа жарылыс қауіпті үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетін, адамның денесінде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жібек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тігілген киімді киюге жол берілмейді.
2) Қызмет көрсету персоналының аяқ киімінің табаны былғарыдан немесе электр өткізгіш резинадан жасалған болады, ол аяқ киімнің үстінен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киіледі. Операция жасайтын бөлмеде табаны резинадан, пластиктан немесе басқа бейөткізгіштерден жасалған аяқ киімді киюге жол берілмейді.
3) Операция жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.
18. Операция жасайтын бөлменің персоналына білезік, жүзік және басқа да металлды заттарды тағуға жол берілмейді.
19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетінде майдың, помаданың іздері болмау керек.
20. Операция жасайтын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдықты гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Операция жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55% болса, наркоз үшін тез тұтанғыш есірткі қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берілмейді.
21. Тұтану мен жарылыстан кепілді сақтандыру – тез тұтанғыш есірткі заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс істегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептері мен көздерін жоюдан тұрады.
22. Желдеткіш жүйесінің жұмысқа қабілеттігін бақылау үшін операция кезінде, құрамында есірткі булары болуына ауаның сынамасын алу керек. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелері дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады. Анестетика буларының болуы белгіленген шекті рұқсат етілген деңгейден аспайды.
23. Ауаны тазартқыш сүзбелерінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау үшін аптасына бір реттен кем емес операция жасайтын бөлмеге жеткізілетін ауаның тазалығын, салынды бөлшектердің және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда оның себептері жойылғанша операция тоқтатылады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
4-қосымша
Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы кәсіпорындарға арналған алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажеттілік нормалары
Ғимараттардың, үй-жайлардың және өндірістік учаскелердің атаулары |
Қорғалатын аудан |
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер |
Көбікті өрт сөндіргіштер ОПХ-10 |
Ұнтақты өрт сөндіргіштер |
Құмы бар жәшік |
Көлемі 2 х 1,5м киіз немесе текемет |
||
ОУ-2 |
ОУ-5 немесе ОУ-8 |
ОП-5 немесе ОП-10 |
ОП-100 |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю алаңы |
- |
- |
- |
4 |
- |
- |
1 |
1 |
Бір жақты, екі жақты темір жол ағызып құю эстакадасы |
әрбір 50 метр ұзындығына |
- |
- |
2 |
1 |
- |
1 |
1 |
Мұнай өнімдерін айдайтын сорғыш бөлмелер |
50 м 2 |
- |
2 |
2 |
- |
- |
1 |
1 |
БӨА және А үй-жайлары |
50 м 2 |
- |
2 |
- |
- |
- |
- |
- |
Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасы |
200 м 2 |
- |
- |
1 |
2 |
- |
- |
- |
Мұнай өнімдерін шағын ыдыста өткізу орындары |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
Өзен және теңіз айлақтары |
әрбір 50 метрге |
- |
2 |
2 |
2 |
- |
1 |
1 |
Құйылмалы мұнай өнімдері |
50 м 2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
1 |
1 |
Манифольд ғимараттары |
50 м 2 |
2 |
- |
2 |
- |
- |
1 |
1 |
Айдау станциясының электр қозғалтқыш үй-жайлары |
әрбір электр қозғалтқышқа |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
- |
Қалқымалы сорғыш станциялары |
- |
2 |
4 |
- |
1 |
1 |
1 |
|
Ыдыстың ішіндегі мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар |
100 м 2 |
- |
- |
3 |
2 |
- |
1 |
1 |
Зертханалар |
50 м 2 |
1 |
- |
2 |
- |
- |
- |
- |
Газ электр дәнекерлеу үй-жайлары |
50 м 2 |
- |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
АГТС: |
Үй-жайға |
- |
1 |
- |
2 |
1 |
- |
- |
Регенерациялық қондырғылар |
100 м 2 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар |
200 м 2 |
- |
- |
1 |
- |
- |
- |
- |
Есептеу орталықтары, машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар, кітапханалар, Жобалық-конструкторлық бюро |
100 м 2 |
- |
1 |
1 |
||||
Көшіргіш-көбейткіш машиналар үй-жайы |
100 м 2 |
- |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
Материалдық қоймалар |
50 м 2 |
- |
- |
2 |
1 |
- |
- |
- |
Қазандықтар |
100 м 2 |
1 |
- |
2 |
1 |
- |
- |
- |
Су сорғыш |
әрбір электр қозғалтқышқа |
- |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
Авто гараждар |
100 м 2 |
- |
1 |
2 |
1 |
- |
1 |
- |
Электр станциялары мен шағын станциялар |
100 м 2 |
2 |
2 |
- |
1 |
- |
1 |
- |
Құрамында мұнай бар қалдықтардың канализациялық сорғы бөлмесі |
50 м 2 |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
- |
Биологиялық тазарту станциясы |
50 м 2 |
- |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
Озонаторлық бөлме |
25 м 2 |
- |
- |
1 |
1 |
- |
- |
- |
Басқа өндірістік үй-жайлар |
200 |
- |
- |
2 |
2 |
- |
1 |
1 |
Ескертпе:
1. Кәсіпорын аумағында әрбір 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндіргіштер – 2, құмы бар жәшіктер – 1, қалың төсем (асбест, киіз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.
2. Автоматты стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетілген санның 50% есебінен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндіру құралдарының саны көбейтілуі мүмкін.
4. Осы қағидада аталмаған қондырғыларды орнату үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауіптілігі ескеріліп қабылданады.
5. А, Б, В1-В4 санаттағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндіргіштердің саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бірақ 2-ден кем емес, әкімшілік, қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда – бір қабатқа 2-ден кем емес болуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
5-қосымша
Заттар мен материалдарды бірге сақтау жөніндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
(12.1.004-91 МЕМСТ-тен үзінді)
1. Жалпы ережелер
1. Талаптар заттар мен материалдарды сақтауға арналған қоймалары және базалары бар барлық кәсіпорындарда қолданылады.
2. Талаптар арнайы ережелер бойынша сақталуы және тасымалдануы тиіс жарылғыш және радиоактивті заттар мен материалдарға қолданылмайды.
3. Заттар мен материалдарды сақтағанда өрт қауіпсіздігін реттейтін ведомстволық құжаттар осы талаптармен сәйкестендіріледі.
4. Заттар мен материалдарды бірлесіп сақтау мүмкіндігі өрт сөндіру құралдарының өрт қауіптілігі, уыттылығы, химиялық белсенділігі, сондай-ақ біркелкілігі көрсеткіштерінің сандық есебі негізінде белгіленеді.
5. 4-тармақта аталған қасиеттердің үйлесуіне байланысты заттар мен материалдар сақтағанда бір-бірімен тіркесетін немесе тіркеспейтін болуы мүмкін.
6. Бірге сақтаған кезде (ыдыстардың немесе орамдардың қорғағыш қасиеттерін ескермей):
- қарастырылатын материалдар мен заттардың жеке-жеке әр қайсысының өрт қауіптілігін арттыратын;
- өрт сөндіру кезінде қосымша қиындықтар туғызатын;
- өрт кезінде экологиялық жағдайды қиындататын (тиісті мөлшерде алынған жекелеген заттар мен материалдардың өрттерімен салыстырғанда);
- қауіпті заттар түзіп, бір-бірімен өзара әсер реакциясына түсетін заттар мен материалдар сыйыспайтын деп аталады.
7. Өрт шығу, өрттің қауіпті факторларын күшейту, тұрғылықты ортаны (ауаны, суды, топырақты, флорды, фаунаны және басқаларын) уландыру, тікелей байланыс тері, тыныс алу жолдарының шырышты қабықшалары арқылы адамға тікелей байланыс арқылы немесе қалыпты жағдайларда да, өрт кезінде әсер ету ықтимал қауіптілігі бойынша заттар мен материалдар мынадай разрядтарға бөлінеді:
- қауіпсіз;
- қауіптілігі аз;
- қауіпті,
- аса қауіпті.
8. Қауіпсіз емес заттарға өрт кезінде қауіпті (жанғыш, улы, уытты) ыдырау немесе тотығу өнімдерін бөлмейтін, басқа заттармен жарылғыш немесе өрт қауіпті, улы, уытты, экзотермиялық қопалар түзбейтін, жанбайтын орамдағы жанғыш заттар мен материалдар жатады.
Қауіпті заттар мен материалдар кез келген типтегі үй-жайлар мен ашық алаңдарда (егер бұл затқа техникалық жағдайларға қарама-қайшы болмаса) сақталады.
9. Қауіптілігі аз заттарға қауіпті заттарға жатпайтын және МЕМСТ 19433-88 «Қауіпті жүктер. Жіктеу және таңбалау» талаптары қолданылмайтын жанғыш және қын жанатын заттар мен материалдар жатады.
Қауіптілігі аз заттар мынадай топтарға бөлінеді:
- тұтану температурасы 900С астам сұйық заттар;
- 120 және одан артық секунд ішінде газ жанарғысы әсерінен тұтанатын қатты заттар мен материалдар;
- МЕМСТ 12.1.044-89 бойынша сынақтар өткізгенде қоршаған орта температурасы 1400С болғанда 24 сағаттан астам уақыт ішінде 1500С жоғары температураға дейін өздігінен қызатын заттар мен материалдар;
- сумен әрекеттескенде қарқындылығы сағатына 0,5 текше дм/кг бөлетін тұтанғыш газдар бөлетін заттар мен материалдар;
- асқазанға түскен кезде орташа өлім мөлшері 500 мг/кг астам (егер олар сұйық болса) немесе 2000 мг/кг (егер олар қатты болса) теріге тигенде орташа өлім мөлшері 2500 мг/кг астам немесе дем алғанда орташа өлім мөлшері 20 мг/текше дм улы заттар мен материалдар;
- мынадай көрсеткіштері бар уытты және (немесе) коррозиялы заттар мен материалдар: 24 сағаттан астам жануарлардың (ақ егеуқұйрықтардың) тері жабындарының көрінетін некрозын тудыратын байланыс уақыты, жылына 1 миллиметрден кем болат (Ст3) немесе алюминий (А6) қабатының тотығу жылдамдығы;
- жанбайтын заттар мен материалдар 5-тармақ бойынша жанғыш орамда.
Қауіптілігі аз заттар мен материалдарды барлық отқа төзімдік дәрежесіндегі қоймаларда (V дәрежеден басқа) сақтауға болады.
10. Қауіпті заттарға жарылыстың, өрттің шығуына, өлімге, жарақаттануға, улануға, сәулеленуге, адамдар мен жануарлардың ауруына, құрылыстардың, көлік құралдарының зақымдануына әкелуі мүмкін қасиеттерге ие жанғыш және жанбайтын заттар мен материалдар жатады.
Қауіпті заттар мен материалдарды отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі қоймаларда сақталады.
11. Аса қауіпті заттарға МЕМСТ 19433 бойынша бірнеше қауіптілік түрлері бар заттар мен материалдар (10-тармақты қараңыз) жатады.
Аса қауіпті заттар мен материалдарды бөлек тұрған ғимараттарда, отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі қоймаларда сақталады.
12. МЕМСТ 19433-88 бойынша қауіпті және аса қауіпті заттар мен материалдар кластар мен кіші кластарға және санаттарға бөлінеді.
2. Заттар мен материалдарды бірге сақтау шарттары
13. Аса қауіпті разрядқа жататын заттар мен материалдарды сақтау кезінде 12.1.004-91 МЕМСТ-нің 15-кестесінде көрсетілгендей етіп орналастырылады.
14. Қауіпті разрядқа жататын заттар мен материалдарды сақтау кезінде 12.1.004-91 МЕМСТ-нің 16-кестесінде көрсетілгендей етіп орналастырылады.
15. Ерекшелік ретінде аса қауіпті және қауіпті заттар мен материалдарды бір қоймада сақтауға болады. Бұл ретте оларды 12.1.004-91 МЕМСТ-нің 17-кестесінде көрсетілгендей етіп орналастырылады.
16. Бір қоймада әр тектес өрт сөндіру құралдары бар заттар мен материалдарды сақтауға жол берілмейді.
МЕМСТ 12.1.004-91
15-кесте
Аса қауіпті заттар мен материалдарды сақтау кезінде бөлу
Класы |
Кіші класы |
Санат индексі |
МЕМСТ 19433 бойынша аса қауіпті жүктер санатының атауы |
212 |
|||||||||||||||||||
2 |
2.1 |
212 |
Тұтанбайтын, улы емес тотықтырғыш газдар |
1 |
222 |
||||||||||||||||||
2.2 |
222 |
Улы тотықтырғыш газдар |
1 |
1 |
224 |
||||||||||||||||||
224 |
Улы, тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
1 |
1 |
1 |
312 |
||||||||||||||||||
3 |
3.1 |
312 |
улы (tұшқ - 18 0С) ТТС |
4 |
4 |
4 |
1 |
314 |
|||||||||||||||
314 |
(tұшқ - 18 0С) уытты және (немесе) коррозиялы ТТС |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
322 |
||||||||||||||||
3.2 |
322 |
(-18 0С tұшқ < + 23 0С) улы ТТС |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
323 |
||||||||||||||
323 |
(-18 0С tұшқ < + 23 0С) уытты және (немесе) коррозиялы ТТС |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
324 |
||||||||||||||
324 |
(t -18 бастап + 23 0С дейін) уытты және (немесе) коррозиялы ТТС |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
412 |
|||||||||||||
4 |
4.1 |
412 |
улы ТТҚ |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
415 |
||||||||||
415 |
Орамды жару қауіптілігімен t > 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
416 |
|||||||||||
416 |
t < 50 0С кезде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
417 |
||||||||||
417 |
Орамды жару қауіптілігімен 50 0С кезде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
422 |
|||||||||
4.2 |
422 |
Өздігінен ыдырайтын улы заттар |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
433 |
|||||||
4.3 |
433 |
Н2О,ТЗ өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетін заттар |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
434 |
||||||
434 |
Н2О тұтанғыш газдар бөлетін, өздігінен тұтанатын және улы заттар |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
436 |
||||||
436 |
Н2О, ТЗ әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетін және уытты заттар |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
437 |
|||||
437 |
Тұтанғыш газдар бөлетін, өздігінен тұтанатын заттар |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
1 |
512 |
||||
5 |
5.1 |
512 |
тотықтырғыш, улы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
514 |
|
514 |
Тотықтырғыш, улы, коррозиялы, уытты заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
515 |
||
515 |
Тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
||
5.2 |
521 |
t < 50 0С кезіндегі органикалық, жарылыс қауіпті пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
|
522 |
t - 50 0С кезіндегі органикалық, өздігінен ыдырайтын пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
523 |
Органикалық жарылыс қауіпті пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
524 |
Қосымша қауіп түрі жоқ органикалық заттар |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
525 |
Көз үшін уытты органикалық пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
526 |
Тез тұтанғыш органикалық пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
527 |
Көз үшін уытты, тез тұтанғыш органикалық пероксидтер |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
6 |
6.1 |
611 |
Қосымша қауіптілік түрі жоқ ұшпалы улы заттар |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
612 |
Улы, ұшпалы заттар, ТЗ (tұшқ < 230С) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
||
613 |
Ұшпалы уытты заттар, ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0С) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
||
614 |
Улы, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
||
615 |
ұшпалы, улы уытты және (немесе) коррозиялы заттар ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
||
8 |
8.1 |
812 |
Уытты және (немесе) коррозиялы, (қышқыл) улы және тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
814 |
Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тез тұтанғыш заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
||
815 |
Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
||
816 |
Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), улы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
||
8.2 |
824 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар, негізгі ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
|
8.3 |
832 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы, улы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
|
833 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы заттар (tұшқ < 23 0С) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
||
834 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
Класы |
Кіші класы |
Санат индексі |
МЕМСТ 19433 бойынша аса қауіпті жүктер санатының атауы |
||||||||||||||||||||
2 |
2.1 |
212 |
Тұтанбайтын, улы емес, тотықтырғыш газдар |
||||||||||||||||||||
2.2 |
222 |
Улы тотықтырғыш газдар |
|||||||||||||||||||||
224 |
Улы, тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
||||||||||||||||||||||
3 |
3.1 |
312 |
улы ТТС (tұшқ - 18 0С) |
||||||||||||||||||||
314 |
уытты және (немесе) коррозиялы ТТС (tұшқ - 18 0С) |
||||||||||||||||||||||
3.2 |
322 |
Улы ТТС (-18 0С tұшқ < + 23 0С) |
|||||||||||||||||||||
323 |
Уытты және (немесе) коррозиялы ТТС (-18 0С tұшқ < + 23 0С) |
||||||||||||||||||||||
324 |
Уытты және (немесе) коррозиялы ТТС (t -18 бастап + 23 0С дейін) |
||||||||||||||||||||||
4 |
4.1 |
412 |
Улы ТТҚ |
||||||||||||||||||||
415 |
Орамды жару қауіптілігімен t > 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
||||||||||||||||||||||
416 |
t < 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
||||||||||||||||||||||
417 |
Орамды жару қауіптілігімен 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
||||||||||||||||||||||
4.2 |
422 |
Өздігінен ыдырайтын улы заттар |
|||||||||||||||||||||
4.3 |
433 |
Н2О, өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетін заттар, ТЗ |
|||||||||||||||||||||
434 |
Н2О тұтанғыш газдар бөлетін, өздігінен ыдырайтын және улы заттар |
||||||||||||||||||||||
436 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетін заттар және уытты ТЗ |
||||||||||||||||||||||
437 |
Тұтанғыш газдар бөлетін, өздігінен тұтанатын заттар |
||||||||||||||||||||||
5 |
5.1 |
512 |
Тотықтырғыш, улы заттар |
||||||||||||||||||||
514 |
Тотықтырғыш, улы, коррозиялы, уытты заттар |
||||||||||||||||||||||
515 |
Тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
||||||||||||||||||||||
5.2 |
521 |
t < 50 0С кезіндегі органикалық, жарылыс қауіпті пероксидтер |
522 |
||||||||||||||||||||
522 |
t - 50 0С кезіндегі органикалық, өздігінен ыдырайтын пероксидтер |
1 |
523 |
||||||||||||||||||||
523 |
Органикалық жарылыс қауіпті пероксидтер |
1 |
1 |
524 |
|||||||||||||||||||
524 |
Қосымша қауіп түрі жоқ органикалық заттар |
2 |
2 |
1 |
525 |
||||||||||||||||||
525 |
Көз үшін уытты органикалық пероксидтер |
1 |
1 |
1 |
1 |
526 |
|||||||||||||||||
526 |
Тез тұтанғыш органикалық пероксидтер |
3 |
3 |
2 |
2 |
1 |
527 |
||||||||||||||||
527 |
Көз үшін уытты, тез тұтанғыш органикалық пероксидтер |
3 |
3 |
2 |
2 |
1 |
1 |
611 |
|||||||||||||||
6 |
6.1 |
611 |
Қосымша қауіптілік түрі жоқ ұшпалы улы заттар |
2 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
612 |
||||||||||||
612 |
Улы, ұшпалы заттар, ТЗ (tұшқ < 23 0С) |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
613 |
|||||||||||||
613 |
Ұшпалы уытты заттар, ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0С) |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
614 |
||||||||||||
614 |
Улы, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
615 |
|||||||||||
615 |
ұшпалы, улы уытты және (немесе) коррозиялы заттар ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
812 |
||||||||||
8 |
8.1 |
812 |
Уытты және (немесе) коррозиялы, (қышқыл) улы және тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
2 |
3 |
1 |
814 |
|||||||
814 |
Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тез тұтанғыш заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
1 |
815 |
||||||||
815 |
Уытты және (немесе) коррозиялы (қышқыл), тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
1 |
816 |
|||||||
816 |
Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), улы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
2 |
1 |
1 |
824 |
||||||
8.2 |
824 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар, негізгі ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
832 |
||||
8.3 |
832 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы, улы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
2 |
3 |
2 |
3 |
2 |
2 |
2 |
1 |
833 |
|||
833 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы заттар (tұшқ < 23 0С) |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
||||
834 |
Әр түрлі уытты және (немесе) коррозиялы заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C) |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
Ескертпелер:
1. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы, бірақ кемінде 5 м болуы қажет.
2. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бірақ кемінде 10 м болуы қажет.
3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлі бөліктерінде болуы қажет (яғни 1-типтік өртке қарсы далдалармен бөлінуі немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет).
4. Заттар мен материалдар әр түрлі қоймаларда немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет.
ТТС – тез тұтанғыш сұйықтықтар;
ТТҚ – тез тұтанғыш қатты заттар;
ТЗ – тез тұтанғыш заттар;
УЗ – улы заттар;
Tұшқ – жабық тигельдегі ұшқын температурасы;
t - температура
МЕМСТ 12.1.004-91
16-кесте
Қауіпті заттар мен материалдарды сақтау кезінде бөлу
Класы |
Кіші класы |
Санат индексі |
Қауіпті жүктер санатының атауы |
211 |
|||||||||||||||||
2 |
2.1 |
211 |
Қосымша қауіптілік түрі жоқ, тұтанбайтын, улы емес газдар |
+ |
221 |
||||||||||||||||
2.2 |
221 |
Қосымша қауіп түрі жоқ улы газдар |
1 |
+ |
223 |
||||||||||||||||
223 |
Улы, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
1 |
+ |
+ |
231 |
||||||||||||||||
2.3 |
231 |
Қосымша қауіп түрі жоқ тұтанғыш газдар |
1 |
2 |
3 |
+ |
232 |
||||||||||||||
232 |
Тұтанғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
1 |
2 |
3 |
+ |
+ |
241 |
||||||||||||||
2.4 |
241 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, улы және тұтанғыш газдар |
1 |
1 |
2 |
+ |
+ |
+ |
311 |
||||||||||||
3 |
3.1 |
311 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС (t < -180С) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
315 |
||||||||||
315 |
Улылығы аз ТТС (t < -18 0С) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
324 |
|||||||||||
3.2 |
321 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС (t -18 бастап + 23 0С дейін) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
+ |
325 |
|||||||||
325 |
Улылығы аз ТТС (t 18 бастап + 23 0С дейін) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
+ |
+ |
331 |
|||||||||
3.3 |
331 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС ( 23 бастап 61 0С дейін) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
335 |
|||||||
335 |
Улылығы аз ТТС (23 бастап 61 0С дейін) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
411 |
|||||||
4 |
4.1 |
411 |
қосымша қауіп түрі жоқ ТТҚ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
413 |
||||
413 |
Улылығы аз ТТҚ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
418 |
|||||
418 |
t < 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
+ |
421 |
||||
4.2 |
421 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
423 |
||
423 |
Улылығы аз, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
424 |
||
424 |
Уытты және (немесе) коррозиялы, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
||
425 |
Н2О өзара әсер еткен кезде тұтанғыш газдар бөлетін өздігінен қатты заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
||
4.3 |
431 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, қосымша қауіп түрі жоқ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
|
432 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, улы |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
||
435 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, улылығы аз заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
||
5 |
5.1 |
511 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
513 |
Тотықтырғыш, улылығы аз заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
||
6 |
6.1 |
616 |
Ұшпайтын, қосымша қауіп түрі жоқ улы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
617 |
Ұшпайтын, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
||
618 |
Ұшпайтын, тез тұтанғыш, қатты, улы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
2 |
3 |
3 |
3 |
||
8 |
8.1 |
811 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), қосымша қауіптілік түрі жоқ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
817 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), улылығы аз |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
818 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), аз тотықтырғыштар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
||
8.2 |
821 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), қосымша қауіптілік түрі жоқ |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
826 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), улы |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
827 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), улылығы аз |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
828 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), аз тотықтырғыштар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
||
8.3 |
831 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш, қосымша қауіптілік түрісіз заттар, аз тотықтырғыштар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
836 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш, улы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
837 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, улылығы аз |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
838 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, аз тотықтырғыштар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
||
9 |
9.1 |
911 |
1-8 - топтарға жатпайтын, аэрозоль орамындағы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
912 |
Жанғыш қатты заттар (tұшқ 61 бастап 90 0С дейін) |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
2 |
2 |
2 |
3 |
||
913 |
1-8- топтарға жатпайтын, өздігінен немесе Н2О өзара әсер еткенде тұтанатын заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
||
914 |
1-8- топтарға жатпайтын аз тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
||
915 |
1-8- топтарға жатпайтын, қауіптілігі аз, уытты заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
916 |
1-8- топтарға жатпайтын, уыттылығы аз және (немесе) заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
917 |
1-8- топтарға жатпайтын, магнитті заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
9.2 |
921 |
Н2О өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөлетін, үйіп сақтау кезінде қауіпті заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
922 |
Үйіп сақтау кезінде қауіпті улы заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
923 |
Үйіп сақтау кезінде қауіпті уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||
924 |
Үйіп сақтау кезінде О2 ауасын сіңіруші қауіпті заттар |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Класы |
Кіші класы |
Санат индексі |
Қауіпті жүктер санатының атауы |
||||||||||||||||||
2 |
2.1 |
211 |
Қосымша қауіптілік түрі жоқ, тұтанбайтын, улы емес газдар |
||||||||||||||||||
2.2 |
221 |
Қосымша қауіп түрі жоқ улы газдар |
|||||||||||||||||||
223 |
Улы, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
||||||||||||||||||||
2.3 |
231 |
Қосымша қауіп түрі жоқ тұтанғыш газдар |
|||||||||||||||||||
232 |
Тұтанғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар |
||||||||||||||||||||
2.4 |
241 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, улы және тұтанғыш газдар |
|||||||||||||||||||
3 |
3.1 |
311 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС (t < -18 0С) |
||||||||||||||||||
315 |
Улылығы аз ТТС (t < -18 0С) |
||||||||||||||||||||
3.2 |
321 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС (t -18 бастап + 23 0С дейін) |
|||||||||||||||||||
325 |
Улылығы аз ТТС (t 18 бастап + 23 0С дейін) |
||||||||||||||||||||
3.3 |
331 |
Қосымша қауіп түрі жоқ ТТС ( 23 бастап 61 0С дейін) |
|||||||||||||||||||
335 |
Улылығы аз ТТС (23 бастап 61 0С дейін) |
||||||||||||||||||||
4 |
4.1 |
411 |
қосымша қауіп түрі жоқ ТТҚ |
||||||||||||||||||
413 |
Улылығы аз ТТҚ |
||||||||||||||||||||
418 |
t < 50 0С кезінде өздігінен ыдырайтын ТТҚ |
||||||||||||||||||||
4.2 |
421 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
|||||||||||||||||||
423 |
Улылығы аз, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
||||||||||||||||||||
424 |
Уытты және (немесе) коррозиялы, өздігінен тұтанатын қатты заттар |
||||||||||||||||||||
425 |
Н2О өзара әсер еткен кезде тұтанғыш газдар бөлетін өздігінен қатты заттар |
||||||||||||||||||||
4.3 |
431 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, қосымша қауіп түрі жоқ |
|||||||||||||||||||
432 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, улы |
||||||||||||||||||||
435 |
Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетін, улылығы аз заттар |
||||||||||||||||||||
5 |
5.1 |
511 |
Қосымша қауіп түрі жоқ, тотықтырғыш заттар |
||||||||||||||||||
513 |
Тотықтырғыш, улылығы аз заттар |
||||||||||||||||||||
6 |
6.1 |
616 |
Ұшпайтын, қосымша қауіп түрі жоқ улы заттар |
617 |
|||||||||||||||||
617 |
Ұшпайтын, уытты және (немесе) коррозиялы заттар |
+ |
618 |
||||||||||||||||||
618 |
Ұшпайтын, тез тұтанғыш, қатты, улы заттар |
+ |
+ |
811 |
|||||||||||||||||
8 |
8.1 |
811 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), қосымша қауіптілік түрі жоқ |
+ |
1 |
+ |
817 |
||||||||||||||
817 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), улылығы аз |
+ |
+ |
+ |
+ |
818 |
|||||||||||||||
818 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), аз тотықтырғыштар |
1 |
3 |
+ |
+ |
+ |
821 |
||||||||||||||
8.2 |
821 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), қосымша қауіптілік түрі жоқ |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
+ |
826 |
||||||||||||
826 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), улы |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
+ |
+ |
827 |
||||||||||||
827 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), улылығы аз |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
+ |
+ |
+ |
828 |
|||||||||||
828 |
Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негізгі), аз тотықтырғыштар |
1 |
3 |
1 |
1 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
831 |
||||||||||
8.3 |
831 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш, қосымша қауіптілік түрісіз заттар, аз тотықтырғыштар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
836 |
||||||||
836 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш, улы заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
837 |
||||||||
837 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, улылығы аз |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
838 |
|||||||
838 |
Әр түрлі уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, аз тотықтырғыштар |
1 |
3 |
1 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
911 |
||||||
9 |
9.1 |
911 |
1-8- топтарға жатпайтын, аэрозоль орамындағы заттар |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
+ |
||||
912 |
Жанғыш қатты заттар (tұшқ 61 бастап 90 0С дейін) |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
1 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
||||||
913 |
1-8- топтарға жатпайтын, өздігінен немесе Н2О өзара әсер еткенде тұтанатын заттар |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
||||||
914 |
1-8- топтарға жатпайтын аз тотықтырғыш заттар |
+ |
3 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
||||||
915 |
1-8- топтарға жатпайтын, қауіптілігі аз, уытты заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
916 |
|||||
916 |
1-8- топтарға жатпайтын, уыттылығы аз және (немесе) заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
+ |
917 |
||||
917 |
1-8- топтарға жатпайтын, магнитті заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
+ |
+ |
921 |
|||
9.2 |
921 |
Н2О өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөлетін, үйіп сақтау кезінде қауіпті заттар |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
+ |
+ |
+ |
||
922 |
Үйіп сақтау кезінде қауіпті улы заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
+ |
+ |
+ |
|||
923 |
Үйіп сақтау кезінде қауіпті уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
3 |
+ |
+ |
+ |
|||
924 |
Үйіп сақтау кезінде О2 ауасын сіңіруші қауіпті заттар |
+ |
+ |
+ |
+ |
1 |
+ |
+ |
+ |
1 |
+ |
+ |
+ |
1 |
3 |
+ |
+ |
+ |
Ескертпелер:
+ Заттар мен материалдарды бірге сақтауға болады.
1. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бірақ кемінде 5 м болуы қажет.
2. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бірақ кемінде 10 м болуы қажет.
3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлі бөліктерінде болуы қажет (яғни 1-типтік өртке қарсы далдалармен бөлінуі немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет).
4. Заттар мен материалдар әр түрлі қоймаларда немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет.
ТТС – тез тұтанғыш сұйықтықтар;
ТТҚ – тез тұтанғыш қатты заттар;
ТЗ – тез тұтанғыш заттар;
УЗ – улы заттар;
Tұшқ – жабық тигельдегі ұшқын температурасы;
t - температура
МЕМСТ 12.1.004-91
17-кесте
Қауіпті және аса қауіпті заттар мен материалдарды сақтау кезінде бөлу
Өрт қауіптілігінің негізгі түрі |
Агрегаттық жай-күйі |
Қосымша қауіптілік түрлері |
ГОСТ 19433 бойынша қауіптілік санаттары |
р/с № |
1 |
|||||||||||||
Тотықтырушы заттар |
Жанбайтын немесе қиын жанатын |
Газдар |
Улы емес және улы және (немесе) тотықтырғыш, уытты |
212, 222, 224 * |
1 |
1 |
2 |
|||||||||||
Қатты және сұйық |
қосымша қауіптілік түрісіз немесе улылығы аз |
511, 513 |
2 |
1 |
+ |
3 |
||||||||||||
Улы және (немесе) тотықтырғыш |
512, 514, 515 * |
3 |
1 |
1 |
1 |
4 |
||||||||||||
Уытты, тотықтырғыш қышқылдар, аз тотықтырғыштар |
812, 815 * |
4 |
2 |
1 |
1 |
1 |
5 |
|||||||||||
Уытты, тотықтырушы қышқылдар, аз тотықтырғыштар |
818 |
5 |
2 |
1 |
1 |
1 |
+ |
6 |
||||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, негіздер |
828 |
6 |
2 |
+ |
1 |
2 |
2 |
+ |
7 |
|||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, улы |
832 * |
7 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
8 |
||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, улы емес |
838, 914 |
8 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
+ |
9 |
|||||||
Жанғыш органикалық пероксидтер |
Жарылыс қауіпті немесе өздігінен ыдырайтын |
521, 522, 523 * |
9 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
10 |
|||||
Тез тұтанғыш |
524, 525, 526, 527* |
10 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
11 |
|||||
Тез тұтанғыш және өздігінен тұтанғыш заттар |
Газдар |
Аэрозоль орамындағы, сығылған немесе сұйытылған |
231, 232, 241, 911 |
11 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
+ |
12 |
||
Сұйық |
Улылығы аз |
311, 315, 321, 325, 331, 335 |
12 |
4 |
4 |
4 |
3 |
2 |
2 |
3 |
2 |
4 |
3 |
4 |
+ |
13 |
||
Улы, тотығушы |
312, 314, 322, 323, 324 * |
13 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
3 |
4 |
1 |
1 |
|||
Күшті әсер ететін улы заттар |
612, 613, 615 * |
14 |
4 |
4 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
1 |
2 |
|||
Қышқылдар |
814 * |
15 |
4 |
4 |
4 |
3 |
2 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
1 |
2 |
|||
Негіздер |
824 * |
16 |
4 |
4 |
4 |
2 |
3 |
2 |
2 |
3 |
4 |
3 |
4 |
1 |
2 |
|||
Әр түрлі уытты |
833, 834 * |
17 |
4 |
4 |
4 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
4 |
3 |
4 |
1 |
2 |
|||
Қатты |
Улы емес және улылығы аз |
411, 413, 912 |
18 |
4 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
3 |
2 |
3 |
3 |
4 |
1 |
2 |
||
Өздігінен ыдырайтын және (немесе) улы |
412, 415, 416, 417, 422 * |
19 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
3 |
4 |
|||
Өздігінен ыдырайтын |
418 |
20 |
4 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
3 |
2 |
3 |
3 |
4 |
1 |
2 |
|||
Улы ұшпайтын |
618 |
21 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
1 |
2 |
|||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
431, 432, 435, 913 |
22 |
4 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
3 |
2 |
3 |
3 |
4 |
2 |
2 |
|||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
433, 434, 436, 437* |
23 |
4 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
3 |
3 |
|||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
921 |
24 |
4 |
3 |
3 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
4 |
1 |
1 |
|||
Өздігінен тұтанатын |
421, 423, 424, 425 |
25 |
4 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
3 |
2 |
3 |
3 |
4 |
3 |
3 |
|||
Өзге де қауіпті жанғыш және жанбайтын заттар |
Газдар |
Жанбайтын, улы емес |
211 |
26 |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
Улы, уытты, тотығушы |
221, 223 |
27 |
1 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
3 |
3 |
|||
Сұйық және қатты |
Күшті әсер ететін улы заттар |
611, 614 * |
28 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
3 |
2 |
4 |
1 |
2 |
||
Улы |
616, 915 |
29 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
+ |
1 |
+ |
3 |
3 |
4 |
+ |
1 |
|||
Улы және уытты |
617 |
30 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
4 |
1 |
2 |
|||
Үйіп сақтау кезінде қауіпті |
922, 923 |
31 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
+ |
1 |
+ |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
|||
Әр түрлі уытты |
831, 836, 837 |
32 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
+ |
1 |
+ |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
|||
Улылығы шамалы оттегілер |
811, 817, 916 |
33 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
|||
Улы оттегілер |
816 * |
34 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
3 |
3 |
4 |
1 |
3 |
|||
Улы негіздер |
821, 826, 827 |
35 |
2 |
1 |
1 |
2 |
1 |
+ |
1 |
+ |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
|||
Магнитті |
917 |
36 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
4 |
+ |
+ |
|||
Сіңіруші оттегі |
924 |
37 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
1 |
1 |
|||
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
17-кестенің жалғасы
Өрт қауіптілігінің негізгі түрі |
Агрегаттық жай- күйі |
Қосымша қауіптілік түрлері |
ГОСТ 19433 бойынша қауіптілік санаттары |
р/с № |
|||||||||||||||
Тотықтырушы заттар |
Жанбайтын немесе қиын жанатын |
Газдар |
Улы емес және улы және (немесе) тотықтырғыш, уытты |
212, 222, 224 * |
1 |
||||||||||||||
Қатты және сұйық |
қосымша қауіптілік түрісіз немесе улылығы аз |
511, 513 |
2 |
||||||||||||||||
Улы және (немесе) тотықтырғыш |
512, 514, 515 * |
3 |
|||||||||||||||||
Уытты, тотықтырғыш қышқылдар, аз тотықтырғыштар |
812, 815 * |
4 |
|||||||||||||||||
Уытты, тотықтырушы қышқылдар, аз тотықтырғыштар |
818 |
5 |
|||||||||||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, негіздер |
828 |
6 |
|||||||||||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, улы |
832 * |
7 |
|||||||||||||||||
Әр түрлі уытты және тотықтырғыш, улы емес |
838, 914 |
8 |
|||||||||||||||||
Жанғыш органикалық |
Жарылыс қауіпті немесе өздігінен ыдырайтын |
521, 522, 523 * |
9 |
||||||||||||||||
пероксидтер |
Тез тұтанғыш |
524, 525, 526, 527* |
10 |
||||||||||||||||
Тез тұтанғыш және өздігінен тұтанғыш заттар |
Газдар |
Аэрозоль орамындағы, сығылған немесе сұйытылған |
231, 232, 241, 911 |
11 |
|||||||||||||||
Сұйық |
Улылығы аз |
311, 315, 321, 325, 331, 335 |
12 |
||||||||||||||||
Улы, тотығушы |
312, 314, 322, 323, 324 * |
13 |
|||||||||||||||||
Күшті әсер ететін улы заттар |
612, 613, 615 * |
14 |
|||||||||||||||||
Қышқылдар |
814 * |
15 |
|||||||||||||||||
Негіздер |
824 * |
16 |
|||||||||||||||||
Әр түрлі уытты |
833, 834 * |
17 |
|||||||||||||||||
Қатты |
Улы емес және улылығы аз |
411, 413, 912 |
18 |
||||||||||||||||
Өздігінен ыдырайтын және (немесе) улы |
412, 415, 416, 417, 422 * |
19 |
20 |
||||||||||||||||
Өздігінен ыдырайтын |
418 |
20 |
+ |
21 |
|||||||||||||||
Улы ұшпайтын |
618 |
21 |
2 |
+ |
22 |
||||||||||||||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
431, 432, 435, 913 |
22 |
2 |
2 |
+ |
23 |
|||||||||||||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
433, 434, 436, 437* |
23 |
2 |
2 |
1 |
1 |
24 |
||||||||||||
Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледі |
921 |
24 |
1 |
1 |
+ |
1 |
+ |
25 |
|||||||||||
Өздігінен тұтанатын |
421, 423, 424, 425 |
25 |
3 |
3 |
3 |
3 |
1 |
+ |
26 |
||||||||||
Өзге де қауіпті жанғыш және жанбайтын заттар |
Газдар |
Жанбайтын, улы емес |
211 |
26 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
+ |
27 |
|||||||
Сұйық және қатты |
Улы, уытты, тотығушы |
221, 223 |
27 |
3 |
3 |
3 |
3 |
2 |
3 |
1 |
+ |
28 |
|||||||
Күшті әсер ететін улы заттар |
611, 614 * |
28 |
2 |
1 |
2 |
2 |
1 |
1 |
2 |
2 |
1 |
29 |
|||||||
Улы |
616, 915 |
29 |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
1 |
+ |
30 |
||||||
Улы және уытты |
617 |
30 |
+ |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
1 |
+ |
+ |
31 |
|||||
Үйіп сақтау кезінде қауіпті |
922, 923 |
31 |
1 |
+ |
1 |
1 |
+ |
1 |
2 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
32 |
||||
Әр түрлі уытты |
831, 836, 837 |
32 |
1 |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
33 |
|||
Улылығы шамалы оттегілер |
811, 817, 916 |
33 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||
Улы оттегілер |
816 * |
34 |
2 |
2 |
2 |
3 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|||
Улы негіздер |
821, 826, 827 |
35 |
1 |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
+ |
1 |
1 |
1 |
1 |
|||
Магнитті |
917 |
36 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
2 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||
Сіңіруші оттегі |
924 |
37 |
1 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
2 |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||
№ п/п |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
Ескертпелер:
+ Заттар мен материалдарды бірге сақтауға болады.
1. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бірақ кемінде 5 метр болуы қажет.
2. Заттар мен материалдар қойманың бір бөлігінде немесе бір алаңында болуы мүмкін. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бірақ кемінде 10 метр болуы қажет.
3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлі бөліктерінде болуы қажет (яғни 1-типтік өртке қарсы далдалармен бөлінуі немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет).
4. Заттар мен материалдар әр түрлі қоймаларда немесе әр түрлі алаңдарда болуы қажет.
* Аса қауіпті заттар мен материалдар.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
6-қосымша
Отты жұмыстарды жүргізуге рұқсат
«___» ________ 20____ ж.
Объект ___________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
(нақты қандай өрт жұмыстары және өткізу орнын көрсету)
өндіруге рұқсат берілді.
Жұмыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесі іс-шараларды орындағаннан кейін:
__________________________________________________________________
Шынымен рұқсат берілді:
20__ ж «___» ___________ сағ. «___» бастап,
20_ ж. «___» ___________ сағ. «___» дейін.
Бас инженер __________________
(қолы)
Рұқсат мерзімі ұзартылды
20__ ж. «___» _______ сағ. «___» бастап,
20__ ж. «___» ___________ сағ. «___» дейін.
Бас инженер __________________
(қолы)
Өндіріс ______________________________________________________
(қандай жұмыс көрсетілсін)
Жұмыстар келесі өрт қауіпсіздігі талаптары орындалған жағдайда атқарылады.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сағ. «___» бастап, 20__ж. «___»_________ дейін
__________________________________________
(өртке қарсы қызмет өкілінің қолы)
Рұқсат мерзімі ұзартылды:
Сағ. «___» бастап, 20__ж. «___»_________ дейін.
____________________________________________
(өртке қарсы қызмет өкілінің қолы)
Өрт қауіпсіздігі шаралары мен рұқсатта ұсынылған іс-шараларды орындау туралы нұсқама алдым:
___________________________________________
(жұмысты орындаған адамның қолы)
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
7-қосымша
Еден немесе іргелес аумақ деңгейінің үстіндегі дәнекерлеу нүктесінің биіктігі, метр |
Тазалау аймағының ең төменгі радиусы, метр |
0 |
5 |
2 |
8 |
3 |
9 |
4 |
10 |
6 |
11 |
8 |
12 |
10 |
13 |
10-нан жоғары |
14 |
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
8-қосымша
Салынып жатқан және қайта құрылып жатқан ғимараттарға, құрылыстармен қосалқы үй-жайларға арналған бастапқы өрт сөндіру нормалары
Ғимараттар, үй-жайлар, қоймалар мен құрылыстар |
Өлшем бірліктері |
Бастапқы өрт сөндіру құралдарының саны |
|||
Өрт сөндіргіштер |
Құммен күрегі бар, көлемі 0,5 м2 жәшіктер |
Сыйымдылығы 250 л және 2 шелек, суы бар күбілер |
Киіз асбестті көрпе немесе киіз 2х2м |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Салынып жатқан және қайта құрылып жатқан ғимараттар |
200 м2 еден ауданына |
1* |
1 |
1 |
- |
Құрылыс ормандары |
(әр қабат бойынша) Ормандардың әрбір 20 м ұзындығына |
1* |
- |
- |
- |
(әр қабат бойынша) Ормандардың әрбір 100 м ұзындығына |
- |
- |
1** |
- |
|
Кеңселер үй-жайы |
200 м2 еден ауданына |
1* |
- |
- |
- |
Балташы және ағаш өңдеу цехтерінің, шеберханаларының үй-жайы |
100 м2 |
1*** |
1 |
1 |
- |
Жанғыш және орман материалдарының жабық қоймалары |
100 м2 |
1*** |
- |
1 |
- |
Жанғыш материалдар болған жағдайда шаруашылық қоймалары |
100 м2 |
1** |
1 |
1 |
- |
Ашық орман материалдар қоймалары |
300 м2 қойма ауданына |
1**** |
- |
- |
- |
Жылытқышы жанғыш немесе жанғыш шатырлары бар жабындар |
200 м2 қойма ауданы |
1 |
1 |
1 |
- |
Ашық дөңгелек орман қоймалары |
500 м2 қойма ауданына |
1**** |
- |
- |
- |
Жабық өртенбейтін материалдар қоймалары |
400 м2 қойма ауданына |
1*** |
- |
1 |
- |
Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар ыдыстарының қоймалары |
50 м2 еден ауданына |
1**** |
1*** |
- |
- |
Карбид кальций қоймалары |
100 м2 еден ауданына |
- |
1 |
- |
- |
Сығымдалған, сұйылтылған және ерітілген газдары бар баллондар қоймасы |
200 м2 еден ауданына |
- |
1 |
- |
- |
Биік темір бетонды құбырларының оқпандарын бетондауға арналған жұмыс алаңшасы |
200 м2 еден ауданына |
1 |
- |
- |
- |
Салынып жатқан құрылыстың ішіндегі қорғау жабындысы |
200 м2 еден ауданына |
3 |
1 |
1 |
- |
Градирен құрылысына арналған агрегаттың бесікшесі |
200 м2 еден ауданына |
8 |
- |
- |
- |
Коррозияға қарсы және гидро оқшаулағыш материалдарының жұмыс құрамдарын дайындауға арналған үй-жай |
200 м2 еден ауданы |
3 |
1 |
- |
3 |
Жылу генераторлары мен калориферлерді орнату орындары |
Агрегат |
2 |
1 |
- |
- |
Ашық автомашина тұрақтары |
100 м2 |
1 |
1 |
- |
1 |
Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу цезтері |
200 м2 |
1 |
1 |
- |
- |
Аула алаңшасы |
200 м2 |
1 |
- |
1 |
- |
* Бірақ бір қабатқа екі өрт сөндіргіштен кем емес.
** Бір қабатқа екі күбіден кем емес.
*** Бірақ шеберханаға немесе әрбір жеке қоймаға екі өрт сөндіргіштен кем емес.
**** Бірақ екі өрт сөндіргіш пен құмы бар бір жәшіктен кем емес. Құмы бар жәшікте көлемі 1,5x1,5м киіз болуы тиіс.
Ескертпе:
1. Осы кестеде көрсетілмеген қоймалар мен құрылыстардың бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны тиісті министрліктермен бекітіліген тиістілік нормаларына сәйкес белгіленеді.
2. Осы Қағидада қарастырылған өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалар, өртке қарсы қызмет органдарымен белгіленген уақытша ғимараттар аумағы өрт сөндіру жабдығының (құрал-сайман) мынадай тіке жиынтығы бар өрт сөндіру пункттері (шкафтары, қалқандары) орналастырылады, балта – 2 дана; сүймен және күрек – 2 дана; темір ырғақ – 2;
қызыл түске боялған шелек – 2 дана; өрт сөндіргіш – 2.