Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8238 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2016 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Заң департаментi осы бұйрықтың:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Д. Мыңбай


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 194 бұйрығымен
бекiтiлген

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар,
мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық
ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тіл саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртiбiн реттейдi.

      2. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс өтілі күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.

      3. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған кезінде жұмысшылардың лауазымдық жалақысын есептеу үшін осы құқығы туындаған күннен бастап жұмыс өтiлi есепке алынады.

      4. Мамандығын және ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтілі, мемлекеттік ұйымдар басшыларымен бекітілген еңбек өтілін белгiлеу туралы комиссия құрамымен анықталады.

      5. Қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеуге арналған еңбек қызметiн растайтын құжаттар еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

      6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұйымның кадр қызметінде сақталады.

2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы
бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі

      7. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік мәдениет ұйымдарында және басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз ұйымдардағы жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:

      1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;

      2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;

      3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;

      4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;

      5) егер жұмысшы шетелдегі жұмыстарға мамандығы бойынша мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жіберіліп, екі ай ішінде мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жұмысқа тұрған болса, көшу уақытын есептемегенде, шетелдегі жұмысы кіреді;

      6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;

      7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарға мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;

      8) ұйымдарда мамандығы бойынша ғылыми жұмыстары;

      9) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;

      10) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;

      11) мәдениет ұйымдарындағы жұмыс бағытына сәйкес келетін білім және ғылым саласындағы лауазымдарда мамандықтары бойынша жұмыс уақыты кіреді.

3. Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерінің мамандығы бойынша
жұмыс өтілін есептеу тәртібі

      8. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік, арнаулы, жеке және ведомстволық мұрағаттардағы жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:

      1) мұрағаттану, археография, құжаттану саласындағы ұйымдардағы ғылыми жұмыстар;

      2) әр түрлі жеткізгіштердегі мұрағат, мұражай, кітапхана және тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;

      3) шағынфильмдеу, ақпараттық жүйелер, бағдарламамен қамтамасыз ету және фотоға түсіруде мұрағат пен кітапхана саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;

      4) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;

      5) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;

      6) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;

      7) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;

      8) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;

      9) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;

      10) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;

      10-1) мұрағат ісі бағытындағы жұмысқа сәйкес келетін білім беру саласындағы педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;

      11) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.03.2013 № 55 Бұйрығымен (ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

4. Мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар
қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі

      9. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі тілдерді дамыту саласындағы ұйымдарда, білім ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:

      1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;

      2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;

      3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;

      4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдарда депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;

      5) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;

      6) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардан тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар мен білім ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;

      7) ғылыми жұмыстар мамандықтың бағыттары бойынша ұйымдарда;

      8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;

      9) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.

5. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдары
қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі

      10. Бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының мамандығы бойынша қызметкерлерінің жұмыс стажына бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында, теле-, радиоарналарда, білім ұйымдарындағы журналистика мамандығы бойынша педагогикалық жұмыс уақыты кiредi, сонымен қатар:

      1) режиссерлық қойылымында және теле-, радиоарналардың студияларындағы басқа да көмекші қызметкерлер құрамында, кинематография ұйымдарында, кинофикация және кинопрокат қызметкерлер құрамында жұмыс уақыты;

      2) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;

      3) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;

      4) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;

      5) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;

      6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;

      7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;

      8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;

      9) ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс уақыты кіреді.

Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных организаций культуры, государственных архивов, государственных организаций в сфере развития языков и средств массовой информации

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 26 ноября 2012 года № 194. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2012 года № 8238. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2016 года № 342 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 22.12.2016 № 342 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 3) пункта 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила исчисления стажа работы по специальности для работников государственных организаций культуры, государственных архивов, государственных организаций в сфере развития языков и средств массовой информации.

      2. Юридическому департаменту Министерства культуры и информации Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Министр

Д. Мынбай


  Утверждены
приказом Министра культуры и информации
Республики Казахстан
от 26 ноября 2012 года № 194

Правила
исчисления стажа работы по специальности для работников
государственных организаций культуры, государственных архивов,
государственных организаций в сфере развития языков и
средств массовой информации
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила исчисления стажа работы по специальности для работников государственных организаций культуры, государственных архивов, государственных организаций в сфере развития языков и средств массовой информации (далее - Правила) определяют порядок исчисления стажа работы по специальности для работников государственных организаций культуры, государственных архивов, государственных организаций в сфере развития языков и средств массовой информации.

      2. Стаж работы по специальности, засчитываемый в соответствии с настоящими Правилами, учитывается в календарном исчислении.

      3. Работникам, у которых в течение календарного месяца возникло право на повышение должностного оклада, исчисление должностного оклада с учетом стажа осуществляется со дня возникновения такого права.

      4. Стаж работы по специальности и идентичность специальностей определяется комиссией по установлению трудового стажа, состав которой утверждается руководителем соответствующей государственной организации.

      5. Документы, подтверждающие трудовую деятельность работника для определения стажа работы по специальности, определяются в соответствии с трудовым законодательством.

      6. Решение комиссии об установлении стажа работы по специальности оформляется протоколом и хранится в кадровой службе организации.

2. Порядок исчисления стажа работы по специальности
работников государственных организаций культуры

      7. В стаж работы по специальности засчитывается все время работы по той же специальности в государственных организациях культуры и других организациях, а также включается время:

      1) пребывания на государственной службе по той же специальности;

      2) прохождения действительной воинской службы, а также выполнения интернационального долга, в том числе нахождения военнослужащих в плену, лицами офицерского состава, прапорщиками, мичманами, военнослужащими сверхсрочной службы в Вооруженных Силах, внутренних, пограничных войсках, органах управления и частях гражданской обороны Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в системе органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитета государственной безопасности СССР, в Службе охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных со службы по отрицательным мотивам;

      3) отпуска по беременности и родам, а также время дополнительного отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, предоставленного в соответствии с трудовым законодательством;

      4) осуществления полномочий депутатов Парламента Республики Казахстан, местных представительных органов Республики Казахстан;

      5) работы за границей, если перед направлением за границу работник работал по специальности в государственной организации культуры и в течение двух месяцев со дня возвращения из-за границы, не считая времени переезда, поступил на работу в государственную организацию культуры;

      6) вынужденного прогула при незаконном увольнении и последующем восстановлении на работе;

      7) обучения по направлению государственной организации культуры на курсах по подготовке, переподготовке и повышения квалификации кадров с отрывом от работы;

      8) научной работы в организациях по профилю специальности;

      9) работы на должностях по идентичным специальностям независимо от сферы деятельности (организационно-правовой формы), в которой протекала его трудовая деятельность;

      10) работы на выборных и других ответственных должностях в партийных, профсоюзных и комсомольских органах Казахской ССР и Республики Казахстан до 1 января 1992 года;

      11) время работы в сфере образования и науки на должностях по специальностям, соответствующих профилю работы в организациях культуры.

3. Порядок исчисления стажа работы по специальности
работников государственных архивов

      8. В стаж работы по специальности засчитывается все время работы в государственных архивах, в том числе специальных и ведомственных архивах, а также включается время:

      1) научной работы в организациях в сфере архивоведения, археографии, документоведения;

      2) работы в организациях, связанных с реставрацией архивных, музейных, библиотечных и исторических документов на любых носителях;

      3) работы в организациях, связанных с микрофильмированием, информационными системами, программным обеспечением и фотографированием в области архивного и библиотечного дела;

      4) пребывания на государственной службе по той же специальности;

      5) прохождения действительной воинской службы, а также выполнения интернационального долга, в том числе нахождения военнослужащих в плену, лицами офицерского состава, прапорщиками, мичманами, военнослужащими сверхсрочной службы в Вооруженных Силах, внутренних, пограничных войсках, органах управления и частях гражданской обороны Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в системе органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитета государственной безопасности СССР, в Службе охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных со службы по отрицательным мотивам;

      6) отпуска по беременности и родам, а также время дополнительного отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, предоставленного в соответствии с трудовым законодательством;

      7) осуществления полномочий депутатов Парламента Республики Казахстан, местных представительных органов Республики Казахстан;

      8) вынужденного прогула при незаконном увольнении и последующем восстановлении на работе;

      9) обучения по направлению государственного архива на курсах по подготовке, переподготовке и повышения квалификации кадров с отрывом от работы;

      10) работы на должностях по идентичным специальностям независимо от сферы деятельности (организационно-правовой формы), в которой протекала его трудовая деятельность;

      10-1) время работы в сфере образования на должностях по педагогическим специальностям, соответствующих профилю работы в области архивного дела;

      11) работы на выборных и других ответственных должностях в партийных, профсоюзных и комсомольских органах Казахской ССР и Республики Казахстан до 1 января 1992 года.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными приказом Министра культуры и информации РК от 15.03.2013 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

4. Порядок исчисления стажа работы по специальности работников
государственных организаций в сфере развития языков

      9. В стаж работы по специальности засчитывается все время работы в организациях сфере развития языков, педагогической работы в организациях образования, а также включается время:

      1) пребывания на государственной службе по той же специальности;

      2) прохождения действительной воинской службы, а также выполнения интернационального долга, в том числе нахождения военнослужащих в плену, лицами офицерского состава, прапорщиками, мичманами, военнослужащими сверхсрочной службы в Вооруженных Силах, внутренних, пограничных войсках, органах управления и частях гражданской обороны Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в системе органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитета государственной безопасности СССР, в Службе охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных со службы по отрицательным мотивам;

      3) отпуска по беременности и родам, а также время дополнительного отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, предоставленного в соответствии с трудовым законодательством;

      4) осуществления полномочий депутатов Парламента Республики Казахстан, местных представительных органов Республики Казахстан;

      5) вынужденного прогула при незаконном увольнении и последующем восстановлении на работе;

      6) обучения по направлению организаций в сфере развития языков, организаций образования на курсах по подготовке, переподготовке и повышения квалификации кадров с отрывом от работы;

      7) научной работы в организациях по профилю специальности;

      8) работы на должностях по идентичным специальностям независимо от сферы деятельности (организационно-правовой формы), в которой протекала его трудовая деятельность;

      9) работы на выборных и других ответственных должностях в партийных, профсоюзных и комсомольских органах Казахской ССР и Республики Казахстан до 1 января 1992 года.

5. Порядок исчисления стажа работы по специальности работников
государственных организаций средств массовой информации

      10. В стаж работы по специальности засчитывается работа в редакциях средств массовой информации, на теле-, радиоканале, педагогическая работа в организациях образования по специальности журналистика, а также включается время:

      1) работы режиссерско-постановочного и другого вспомогательного персонала на студиях теле-, радиоканала, в организациях кинематографии, кинофикации и кинопроката при наличии высшего или средне-специального образования, либо образования, дающего право на занятие режиссерской, постановочной, операторской и однородной деятельностью;

      2) пребывания на государственной службе по той же специальности;

      3) прохождения действительной воинской службы, а также выполнения интернационального долга, в том числе нахождения военнослужащих в плену, лицами офицерского состава, прапорщиками, мичманами, военнослужащими сверхсрочной службы в Вооруженных Силах, внутренних, пограничных войсках, органах управления и частях гражданской обороны Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в системе органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитета государственной безопасности СССР, в Службе охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных со службы по отрицательным мотивам;

      4) отпуска по беременности и родам, а также время дополнительного отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, предоставленного в соответствии с трудовым законодательством;

      5) осуществления полномочий депутатов Парламента Республики Казахстан, местных представительных органов Республики Казахстан;

      6) вынужденного прогула при незаконном увольнении и последующем восстановлении на работе;

      7) обучения по направлению организаций средств массовой информаций на курсах по подготовке, переподготовке и повышения квалификации кадров с отрывом от работы;

      8) работы на должностях по идентичным специальностям независимо от сферы деятельности (организационно-правовой формы), в которой протекала его трудовая деятельность;

      9) работы в сфере информационных технологий.