"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 55 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8401 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2016 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8238 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiнде:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) мұрағат ісі бағытындағы жұмысқа сәйкес келетін білім беру саласындағы педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Заң департаментi осы бұйрықтың:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

М. Құл-Мұхаммед


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады