Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14723 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.12.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.12.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі осы қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 26 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
  2016 жылғы 22 желтоқсандағы
  № 342 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қағида мен шарттардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.12.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілері, жұмыскерлері (бұдан әрі – жұмыскерлер) үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.12.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;

      2) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер.

2-тарау. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Еңбек өтіліне жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, Кодексіне сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер кіреді.

      4. Жұмыскердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі мамандық бойынша еңбек қызметінің басынан бастап мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған ұйыммен (бұдан әрі - мемлекеттік ұйым) құрылатын, соның ішінде мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның хаттамаға қол қойғанға дейін есептеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.12.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мына құжаттардың кез келгені:

      1) еңбек кітапшасы;

      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;

      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актiлерiненүзiндi көшірмелер;

      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшірмелер;

      5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәлiметтер тiзбесi);

      6) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi-көшiрмелер;

      7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

      8) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

      6. Мамандығы және ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн ұйым басшысы бекiтетiн комиссия анықтайды, оның құрамын тиісті мемлекеттік ұйымның басшысы бекітеді.

      7. Мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу туралы комиссия ай сайын жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін осы Қағидаларға және Кодекске сәйкес анықтайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiн белгілеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ол мемлекеттік ұйымның кадр қызметінде қалады. Шешімнен көшірме мемлекеттік ұйымның кадр қызметімен бухгалтерияға берiледi.

      9. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне жұмыскердің білімі туралы құжатында көрсетілген мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда еңбек міндеттерін атқаруға жұмсаған уақыты кіреді, сондай-ақ:

      1) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, міндетті әскери қызмет атқаруы, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы Кеңес Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитеті және Кеңес Социалистік Республикасы, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитеті ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттік Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұлттық гвардиясындағы мерзімдері, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы кіреді;

      2) оқу демалысы, жалақы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстар;

      3) жұмыстан қол үзіп оқитын кадрларды қайта даярлау және біліктілікті көтеретін кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарында, білім беру ұйымдарында оқыту;

      4) Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде қатысқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты, мәслихат депутаты ретінде лауазымында өкілеттігін тұрақты негізде жүзеге асырғанда;

      5) жұмыс берушінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде, егер екі ай ішінде шет елден қайтып келгеннен кейін жолға кеткен уақытын есептемегенде, бұрынғы жұмыс орнына оралса;

      6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;

      7) білім беру және (немесе) ғылым ұйымдарында келесі: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; тілдерді дамыту; архив ісі және құжаттама; дене шынықтыру және спорт салаларының бірі (мемлекеттік ұйым қызметіне байланысты) бойынша ғылыми, педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша еңбек міндеттерін орындау;

      8) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;

      9) ұқсас мамандықтар бойынша еңбек міндеттемелерін атқарған және заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан өткен еңбек қызметі;

      10) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болуы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 20.09.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 342 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің және Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 15 наурызда № 01-01-07/43 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6172 болып енгізілген, "Заң газеті" 2010 жылғы 19 мамырдағы № 70 (1692) болып жарияланған).

      2. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашада № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8238 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 22 (27961) жарияланған).

      3. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8401, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 27 сәуірде № 116 (28055) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады