Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-ІV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 73/9-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 750 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 181/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 181/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-ІV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 30 шілдеде № 644 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 тамыздағы № 85 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 7 тамыздағы № 90 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесінде:

      22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "22. Тұрғын үй-пайдалану шығындарына және үй-жайларды (пәтерлерді) және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға тұтынған коммуналдық қызметтерге төлемді тұрғын үйді жалға алушылар жасасқан шарттарға сәйкес үй-жайды (пәтерді) қабылдап алу-тапсыру актісіне уәкілетті орган қол қойған датасынан бастап жүзеге асырады".

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

Б. Исабаев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов

КЕЛІСІЛДІ:


Қазақстан Республикасы


Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық


шаруашылығы істері агенттігінің


(ҚжТКШІА) төрағасы

С. Нокин


О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 17 июня 2010 года №367/49-IV "О Правилах содержания зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникации в городе Астане"

Решение маслихата города Астаны от 25 сентября 2012 года № 73/9-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 7 ноября 2012 года № 750. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 181/21-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата г. Астаны от 20.07.2017 № 181/21-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 17 июня 2010 года № 367/49-IV "О Правилах содержания зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникаций в городе Астане" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 30 июля 2010 года за № 644, опубликовано в газетах "Астана акшамы" № 85 от 7 августа 2010 года, "Вечерняя Астана" № 90 от 7 августа 2010 года) следующее изменение:

      в Правилах содержания зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникаций в городе Астане, утвержденных указанным решением:

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Оплата жилищно - эксплуатационных расходов и коммунальных услуг, потребленных на содержание помещений (квартир) и общего имущества, осуществляется нанимателями жилья с даты подписания уполномоченным органом акта приема - передачи помещения (квартиры) в соответствии с заключенными договорами".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии


маслихата города Астаны

Б. Исабаев

Секретарь маслихата


города Астаны

С. Есилов

СОГЛАСОВАНО:


Председатель Агентства


Республики Казахстан


по делам строительства


и жилищно-коммунального


хозяйства (АРКДСиЖКХ)

С. Нокин