Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 181/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-ІV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 30 шілдеде № 644 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 тамыздағы № 85 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 7 тамыздағы № 90 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесінде:
22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"22. Тұрғын үй-пайдалану шығындарына және үй-жайларды (пәтерлерді) және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға тұтынған коммуналдық қызметтерге төлемді тұрғын үйді жалға алушылар жасасқан шарттарға сәйкес үй-жайды (пәтерді) қабылдап алу-тапсыру актісіне уәкілетті орган қол қойған датасынан бастап жүзеге асырады".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Б. Исабаев |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасы | |
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық | |
шаруашылығы істері агенттігінің | |
(ҚжТКШІА) төрағасы | С. Нокин |