Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Тулеутаев |
Астана қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жүнісов |
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 181/21-VI шішіміне қосымша |
Астана қаласы мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі
1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-IV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау Қағидасы туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 644 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
2. "Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-ІV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 73/9-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 750 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қарашада "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. "Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 367/49-IV "Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 257/36-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 825 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).