Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы және 7 бабына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіліп олардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
2) 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
3) 50 (елу) жастан асқан тұлғалар
4) орта арнаулы (техникалық) және бастапқы кәсіби білім ұйымдарының бітірушілері.
2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды қосымша әлеуметтік қорғау және жұмыс бастылығына жәрдемдесу бойынша шаралармен уақытылы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Қакпеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов