2012 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету олардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № А-1/24 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 қаңтарда № 1-1-164 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 01-33-282 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы және 7 бабына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіліп олардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
      2) 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
      3) 50 (елу) жастан асқан тұлғалар
      4) орта арнаулы (техникалық) және бастапқы кәсіби білім ұйымдарының бітірушілері.
      2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды қосымша әлеуметтік қорғау және жұмыс бастылығына жәрдемдесу бойынша шаралармен уақытылы қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Қакпеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                       М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады