Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 06.01.2015 № А-1/8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қалалық бюджет қаражатынан ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-150 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 шілдеде «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Жылқыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов