Аршалы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 3/2 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 1-4-206 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 наурыздағы № 14/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 12/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Жеңіс Күні мемлекеттік мерекесіне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әр алушыға 15000 теңге мөлшерінде;
      басқа мемлекет аумағында әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, 1986-1989 жылдары Чернобыль апаттары атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, бұрынғы Ленинград блокадасы тұрғындарына 5 000 теңге мөлшерінде;
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушыларының мүгедектігі бар және қайта некеге тұрмаған әйелдеріне 3 000 теңге мөлшерінде;
      2) төменгі мөлшелерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қарттар күніне орай 2 000 теңге мөлшерінде;
      3) 1, 2 топтардың мүгедектеріне және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мүгедектер күніне арналған сайыстарға қатысқандары үшін барлық санаттардың мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мақсатты ағымды трансферттер есебінен коммуналдық қызметтер төлемақысы бойынша шығынды өтеуге ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерьлер тұтқындарына коммуналдық төлемдер бойынша шығындарын өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) туберкулезбен ауратындарға әр алушыға өтініш бойынша біржолғы төлем 15 000 теңге мөлшерінде бір рет;
      7) ауылдық (селолық) жердегі аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың колледждердің күндізгі бөлімшелерінде оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған келісім-шарт негізінде оқыту бағасы мөлшерінде жылына бір рет;
      8) сәулет және химиялы терапияны қабылдаған III-IV дәрежедегі онкологиялық науқас адамдарға медициналық мекемелерде емделуге табыстары есепке алынбай, «Аршалы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның берілген медициналық қорытындысы негізінде 30 000 теңге мөлшерінде, жылына бір рет;
      9) белгілі жағдай себебінен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) «Аршалы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық қорытындысы негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет;
      10) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініш бойынша, төтенше жағдай мен табиғат апаттары келтірген зиянның мөлшерінде, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін 1 тармақтың 1, 2, 3, 4, 5 тармақшаларында көрсетілген мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына Ақмола облыстық «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Аршалы аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдер негізінде беріледі.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Аршалы аудандық мәслихаттың «Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 15 наурыздағы № 36/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-189 тіркелген, 2011 жылғы 22 сәуірде аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2011 жылғы 23 сәуірде аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       И.Слободянюк

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Е.Маржықпаев

Аршалы аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 3/2 шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті
құжаттардың тізімі

      1. Туберкулезбен ауыратындарға:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
      3) дәрігерлік комиссия қорытындысы;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) өтініш берушінің есеп-шоты.
      2. Ауылдық (селолық) жердегі аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың колледждердің күндізгі бөлімшелерінде оқитын студенттеріне оқу үшін төлемге:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
      3) оқу орындарымен келісім-шарттың көшірмесі;
      4) оқу орнында оқитын жерін растайтын анықтама;
      5) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын Аршалы аудандық «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы;
      6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      7) өтініш берушінің есеп-шоты.
      3. Сәулелі және химиялы терапияны қабылдаған III-IV кезеңдегі онкологиялық науқас адамдарға медициналық мекемелерде емделуге:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
      3) дәрігерлік комиссия қорытындысы;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) өтініш берушінің есеп - шоты.
      4. Белгілі жағдай себебінен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
      3) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болу туралы дәрігерлік комиссиясының қорытындысы;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) өтініш берушінің есеп-шоты.
      5. Төтенше жағдай мен табиғат апаттары нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға):
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
      3) отбасына (азаматқа) табиғаттық немесе техногендік сипаттағы апат келтірген зияны туралы актісі немесе өрт сөндіру қызметі берген өрт туралы актісі;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) өтініш берушінің есеп-шоты.
      6. Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады, одан кейін өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аршалынского района

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 27 марта 2012 года № 3/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Аршалынского района Акмолинской области 24 апреля 2012 года № 1-4-206. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 4 марта 2013 года № 14/2

      Сноска. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 04.03.2013 № 14/2.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Аршалынского района:
      1) к государственному празднику Дню Победы:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 15 000 тенге на каждого получателя;
      участникам боевых действий на территории других государств, участникам ликвидации последствий аварии на Чернобыльской атомной электростанции в период с 1986-1989 годы, бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, бывшим жителям блокадного Ленинграда в размере 5 000 тенге;
      женам умерших участников Великой Отечественной войны, имеющих инвалидность и не вступивших в повторный брак в размере 3 000 тенге;
      2) ко дню пожилых пенсионерам с минимальной пенсией в размере 2 000 тенге;
      3) ко дню инвалидов - инвалидам 1, 2 группы и детям-инвалидам до 18 лет в размере 1 месячного расчетного показателя; за участие в соревнованиях, посвященных дню инвалидов, инвалидам всех категорий в размере 1 месячного расчетного показателя;
      4) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ежемесячно на возмещение расходов по оплате коммунальных услуг за счет целевых текущих трансфертов в размере 2,5 месячного расчетного показателя;
      5) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей ежемесячно на возмещение расходов по оплате коммунальных услуг в размере 1 месячного расчетного показателя;
      6) больным туберкулезом единовременная выплата в размере 15 000 тенге на каждого получателя по заявлению, один раз в год;
      7) студентам из малообеспеченных семей, многодетных семей аульной (сельской) местности, обучающимся на очном отделении в колледжах на основании договора с учебным заведением в размере стоимости обучения один раз в год;
      8) онкологическим больным III-IV стадии и больным, получающим лучевую и химиотерапию на лечение в медицинских учреждениях без учета доходов, на основании медицинского заключения государственного коммунального казенного предприятия «Аршалынская центральная районная больница» в размере 30 000 тенге, один в раз в год;
      9) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной медицинской помощи на основании медицинского заключения государственного коммунального казенного предприятия «Аршалынская центральная районная больница» в размере 10 месячных расчетных показателей, один раз в год;
      10) семьям, пострадавшим в результате чрезвычайных обстоятельств и стихийных бедствий, по заявлению, в размере ущерба, причиненного чрезвычайными обстоятельствами и стихийным бедствием, но не превышающую 50 месячных расчетных показателей.
      2. Социальная помощь категориям, указанным в подпунктах 1, 2, 3, 4, 5 пункта 1 предоставляется на основании списков Аршалынского районного отделения Акмолинского областного филиала Республиканского государственного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий».
      3. Определить перечень необходимых документов для получения социальной помощи согласно приложению.
      4. Признать утратившим силу решение Аршалынского районного маслихата от 15 марта 2011 года № 36/3 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аршалынского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1-4-189, опубликовано 22 апреля 2011 года в районной газете «Аршалы айнасы» и 23 апреля 2011 года в газете «Вперед»)
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        И.Слободянюк

      Секретарь районного
      маслихата                                  Ю.Сериков

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Аршалынского района                   Е.Маржикпаев

Приложение к решению
Аршалынского районного
маслихата от 27 марта
2012 года № 3/2

Перечень необходимых документов для
получения социальной помощи

      1. Больным туберкулезом:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) заключение врачебной комиссии;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      5) расчетный счет заявителя.
      2. Студентам из малообеспеченных семей, многодетных семей аульной (сельской) местности, обучающимся на очной форме обучения в колледжах на оплату за обучение:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия договора с учебным заведением;
      4) справка с учебного заведения, подтверждающая место обучения;
      5) справка, подтверждающая статус многодетной семьи Аршалынским районным отделением «Государственный Центр по выплате пенсий» либо справка, подтверждающая статус малообеспеченной семьи с государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Аршалынского района»;
      6) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      7) расчетный счет заявителя.
      3. Онкологическим больным III-IV стадии и больным, получающим лучевую и химиотерапию на лечение в медицинских учреждениях:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) заключение врачебной комиссии;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      5) расчетный счет заявителя.
      4. Семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной медицинской помощи:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) заключение врачебной комиссии, о нуждаемости в экстренной медицинской помощи;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      5) расчетный счет заявителя.
      5. Семьям (гражданам), пострадавшим в результате чрезвычайных обстоятельств и стихийных бедствий:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) акт о причинении ущерба семье (гражданину) стихийным бедствием природного и техногенного характера либо акт о пожаре, выданный противопожарной службой;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      5) расчетный счет заявителя.
      6. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего возвращаются заявителю в день подачи заявления.